Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Астана қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «__» _________

№ _____ қаулысына

қосымша

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


  1. Негізгі ұғымдар

1. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1) сараптау комиссиясы – элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүзеге асыратын, жергілікті атқарушы органмен құрылатын (комиссия төрағасы және төрт мүшесі) құрамы кем дегенде бес адамнан тұратын комиссия;

2) Басқарма – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

3) аттестаттау туралы куәлік – тұқым шаруашылығы саласында аттестаттаудан өткен субъектілердің қызметін мемлекеттің мойындауы туралы куәландыратын жергілікті атқарушы органның құзыреті шеңберінде берілетін құжат;

4) регламент - «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ішкі тәртіпті реттейтін нормативтік құқықтық акт;

5) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар өндіруші (бұдан әрі - тұқым өсіру шаруашылығы) - жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізуші субъект;

6) элиталық тұқымдар өндіруші (бұдан әрі - элиталық тұқым өсіру шаруашылығы) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізуші субъект;

7) тұтынушы – бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру
шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым
өткізуші мәртебесін алуға үміткер жеке тұлға.


  1. Жалпы ережелер

2. Осы «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік

рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы

Заңы 9-1 – бабының 4- тармағына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет:

«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының;

«Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысының;

«Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбір субъектілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) көрсетеді.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген нысан бойынша қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлікті беру немесе оны беруден дәлелді жазбаша бас тарту болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет сағат 9.00–ден 18.00–ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 –ден 14.00.-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, жұмыс күндері көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz интернет-ресурсында, Әкімдіктің www.astana.kz веб сайтында орналастырылған.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету барысына қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ):

1. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кеңсесі (бұдан әрі – Кеңсе)

2. Басқарма басшысы;

3. Басқарманың жауапты маманы;

4. сараптау комиссиясы;

11. Әкімшілік іс-қимылы (тәртіптемелер) тармағын орындау мерзімі көрсетілген, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылының (тәртіптемелерінің) дәйектілігі мен өзара қарым-қатынасының мәтінділік кесте сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі осы Регламенттің 15-тармағында белгіленген тұтынушымен қажетті құжаттарды тапсыру кезінен бастап

күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс;

2) тұтынушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің барынша ықтимал уақыты – 30 минуттан аспауы тиіс;

3) құжаттарды алу кезіндегі күтудің барынша ықтимал уақыты – 30 минуттан аспауы тиіс.

13. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады.

1) тұтынушының осы Регламенттің 15 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы.

2) тұтынушының осы Регламенттің 3-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеуі.

14. Аттестаттау туралы куәлікті алу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1-кезең - Кеңседе тұтынушының қосымша құжаттарымен бірге өтіншін қабылдау және тіркеу, оларды кейіннен жұмыс органы – Басқармаға жіберу. Тұтынушыға құжаттарды қабылдаған күні мен нөмірі, сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі, қосымша құжаттардың саны мен атаулары, мемлекеттік қызмет көрсетілген уақыты (мерзімі) және құжаттарды берген, өтінішін қабылдаған жауапты лауазымды тұлғаның аты-жөні, тегі көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі, келіп түскен өтінішті қосымша құжаттармен бірге Әкімдіктің жұмыс органы – Басқармаға жіберу;

2-кезең – Басқарма басшысының жауапты маманды белгілеуі;

3-кезең – Басқарманың жауапты маманының аттестаттау комиссияның қарауына тұтынушының құжаттарын ұсыну;

4-кезең – сараптау комиссиясы жеке немесе заңды тұлғадан аттестаттауға өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық-тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сай болу дәрежесін орындарға барып анықтайды. Сараптау комиссиясы зерттемесінің негізінде жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушілерге, таңдаулы-тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сай болуы туралы зерттеу актісі Осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

5-кезең – сараптау комиссиясы көпшілік дауыспен және жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық-тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сай болуы немесе сай болмауы туралы шешім қабылдайды. Сараптау комиссияның шешімі хаттама түрінде рәсімделеді, оған аттестаттау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды;

6-кезең – Басқарманың жауапты маманының тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті рәсімдеу мен беру бойынша ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде іс - қимылдар (өзара қарым-қатынастар) тәртібінің сипаттамасы
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін Тұтынушы Әкімдікке мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

3) жер учаскесіне бірегейлендіру құжатының нотариалды расталған көшірмесі (тұқым өткізушілер ұсынбайды). Бұл ретте, жер учаскесін жалға алу шарты бойынша жалға алу мерзімі 10 жылдан кем болмауы тиіс;

4) жарғының нотариалдық расталған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

5) жеке немесе заңды тұлғаның осы Регламентке 3-қосымшада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

6) тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, жұмыс өтілі).

16. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.


5. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында шешім және әрекет (әрекетсіздік) қабылдағаны үшін мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен белгіленеді.
_____________________________

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші репродукциядағы

тұқым өндірушілерді және тұқым

өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

5-қосымша

_____________________________________________________________________________________________


      (облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының атауы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________________________________
       (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
ӨТІНІШ
      Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткізуді және______________________________

________________________________________________________________________________________________


       (ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы, сорттардың саны (бірегей тұқым
            өндірушілерге сорттардың саны көрсетілмейді) көрсетіледі)
 
тұқымдарын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін - тек тұқым сату) жөніндегі
_________________________________________________________________мәртебесін беруді сұраймын.
                 (берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
    

  Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:


      1. Меншік нысаны _____________________________________________________________________
      2. Құрылған жылы _____________________________________________________________________
      3. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе жеке
тұлғаның жеке куәлігі _____________________________________________________________________
                               (нөмірі, кім және қашан берген)
      Мекенжайы: _____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
     (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің нөмірі, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы)
      5. Басшының аты-жөні:________________________________________________________________
                               (тегі, аты, әкесінің аты)
      6. Банктік деректемелері ______________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
    (СТН, БАА, шот №, банкінің атауы және тұрған жері)

      7. Қоса беріліп отырған құжаттар: ___________________________________________________


________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
                        (біліктілік талаптарына сәйкестігі)
      Басшы ________________________________________ ________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты)              (қолы)
20 ___ жылғы «___» _______________

М.О.


Өтініш қарауға 20 ___ жылғы «__» ___________ қабылданды
_____________________________________________________________________
          (өтінішті қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
____________ (қолы)
«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші репродукциядағы

тұқым өндірушілерді және тұқым

өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

4-қосымша
Жеке және заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушілерге,
элиталық тұқым шаруашылығына, тұқым шаруашылығына, тұқым
өткізушіге қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актісі
20 __ жылғы «__» ___________ № _______
Астана қаласы әкімдігінің 20 ___ жылғы «___» ________ № ____ қаулысымен құрылған сараптау комиссиясы __________________________________________________ __________
________________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі)
_______________________________________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы, сорттардың саны (бірегей тұқым өндірушілер үшін сорттардың саны көрсетілмейді) көрсетіледі)
 
тұқымдарын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін - тек тұқым сату) жөніндегі
________________________________________________________________________________________________
            (берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
мәртебесіне сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы осы актіні жасады.
Зерттеу нәтижесінде белгілі болғаны:
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
(талаптардың әрбір тармағы бойынша сәйкестік дәрежесі көрсетіледі)
      Қорытынды:

__________________________________________________________________________________________________________________________



Комиссия төрағасы ______________ __________________________
                               (қолы)        (Т.А.Ә., лауазымы)
Комиссия мүшелері _____________   ______________________________
                              (қолы)        (Т.А.Ә., лауазымы)
                      ________________    _________________________________________
                              (қолы)       (Т.А.Ә., лауазымы)
                     _________________ ________________________________________

(қолы)       (Т.А.Ә. лауазымы)


________________  _________________________________________
                              (қолы)       (Т.А.Ә., лауазымы)

__________________


«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші репродукциядағы

тұқым өндірушілерді және тұқым

өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

1-қосымша
№__________ аттестаттау туралы куәлік
Астана қаласы әкімдігінің 20 ___ жылғы «___» ____________ № ____ қаулысының негізінде _________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
(мәртебе түрлерінің атауы көрсетіледі)

тұқым өндіруші және тұқым өткізуші (тұқым өткізушілер үшін тек тұқым өткізу)

_____________________________________________________мәртебесі берілді
         (ауыл шаруашылығы дақылының атауы, сортық)

Басшы____________________________          _______________________


                        (тегі, аты, әкесінің аты)                         (қолы)

Лауазымы _______________________________________________________


Берілген күні 20 ___ жылғы «___» ___________

М.О.

20__ жылғы «___» __________ дейін күші бар.


_______________________________
«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші репродукциядағы

тұқым өндірушілерді және тұқым

өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

3-қосымша
Бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық-тұқым өсіру

шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына,

тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Бірегей тұқым өндірушілер қойылатын біліктілік талаптарына мыналар енеді:

1) бірегей тұқым өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндіруді жүргізу үшін жеткілікті егістік алқаптың (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістігінің) болуы;

2) бірегей тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған және бірден кем емес айналымнан өткен игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістердің болуы;
3) соңғы үш жылдағы егістік құрылымындағы сүрі жерлердің (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне бұл талап қолданылмайды; астық үшін жыртылған ауыспалы егісті көпжылдық шөптердің жер қыртысымен алмастыруға жол беріледі):

шаруашылық бойынша орташа есеппен - кемінде 20 пайыз;

тұқым шаруашылығы бастапқы звеноларының учаскелерінде (іріктеу, көбейту питомниктері) - кемінде 50 пайыз көлемінде болуы;

4) тұқым шаруашылығының егістіктерінің жалпы егістік алқапта 30 пайыздан кем болмауы;

5) бірегей тұқым өндірісі (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша жұмыс тәжірибесі 6 жылдан кем болмауы;

6) жоғары деңгейлі сорттық агротехниканық болуы;

7) бірегей тұқым өндірушілердің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқым өндірушілердің аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңде де болмауы тиіс;

8) бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар дақыл жөніндегі селекционер мамандардың болуы немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірегей тұқым өндіру жөніндегі бірлескен жұмысты жүзеге асыруға жасалған шарттың болуы;

9) әрбір дақыл бойынша кемінде бір агроном-тұқымшының және маманның, сондай-ақ дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстың ерекше әдістерін білетін техникалық персоналдық кемінде үш адамының болуы;

10) дақыл мен сорттық биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін схемаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқым өндіруді қамтамасыз ету;

11) элиталық тұқым өндірісін қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті түрлерде және көлемде сорттың негізгі тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің тұқымын өндірушілер үшін аналық екпелердің) болуы;

12) қажеттілікке қарай тұқым сақтандыру қорларының болуы:

бастапқы буындардың негізін қалау үшін - 100 пайыз;

суперэлита үшін - 50 пайыз;

13) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлерінің бірегей тұқымын өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығында, лизингте немесе мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;

14) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, қойма бөлмелерінің (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көміп қою алаңдарының), тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін арнайы ыдыстың жеткілікті болуы;

15) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша жүргізілетін бірегей тұқым өндірісіне, өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (егіс, сұрыптаулықтар, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар) актілері, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізуге, бірегей тұқымды жинауға, кіріске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті), тұқымның талапқа сай екендігі туралы куәлігіне, тұқым аттестатына) есеп жүргізу;

16) сортты шығару әдісі, ата-аналық нысандары мен сорт белгілерінің ерекше сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсететін сорт бойынша құжаттаманы жүргізу;

17) тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының сақталуын алты жылдан кем емес мерзім ішінде қамтамасыз ету;

18) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалдың-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық- эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроґнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.

2. Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

1) соңғы үш жылда жыртылған жер құрылымындағы сүр жерлер алқабының болуы (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне талап қойылмайды; ауыспалы егісті астық алқабына сүр жерді көпжылдық шөптер егілген топырақ қабатымен алмастыруға рұқсат етіледі) - 20 пайыздан аспайды;

2) элиталы тұқым өндіру жүргізілетін және кемінде бір айналымнан өткен ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;

3) жоғары деңгейлі сорттық агротехниканың болуы;

4) жалпы егіс алқабындағы тұқымдық егістік жер көлемінің болуы - 25 пайыздан кем емес;

5) соңғы үш жылдағы өнімділік - орташа облыстық көрсеткіштен жоғары;

6) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы - төрт жылдан кем емес;

7) жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз етуі - 25 пайыздан кем емес;

8) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақыл саны - 4-ден аспайды;

9) аттестаттау талабына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны - 3-ден аспайды;

10) суперэлиталық тұқымды егуге қажетті тұқымның сақтандыру қорының болуы - 50 пайыз;

11) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;

12) аудандастырылған сорттар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;

13) тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізу және есепке алуды ұйымдастыру;

14) аудандастырылған және перспективті сорттардың негізгі тұқым материалдары (бірегей тұқым) элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіруге қажетті түр мен көлемде болуы;

15) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жылда элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін қажетті түр және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушілермен жасалған шарттың болуы;

16) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалармен элиталық тұқым өндірісі ілеспесіне келісімнің болуы;

17) элиталық тұқым өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығында, лизингте немесе мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілейтін техниканы қоса алғанда, арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;

18) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін қойма бөлмелерінің болуы;

19) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (егіс актілері, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізуге, бірегей тұқымды жинауға, кіріске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымның талапқа сай екендігі туралы куәлігіне, тұқым аттестатына тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті) есеп жүргізу;

20) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыру;

21) жоспарланған жұмыс көлемін білікті атқару үшін тиісті білімі бар штат кестесінде көзделген арнайы мамандар санының, оның ішінде кемінде бір тұқым өсіруші-агроном болуы;

22) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроґнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.

3. Тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

1) тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыс тәжірибесі - екі жылдан кем болмауы;

2) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндіруді жүргізу үшін жеткілікті егістік алқаптың (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістігінің) болуы;

3) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған тұқым шаруашылығы ауыспалы егістердің болуы;

4) соңғы үш жылда жыртылған жер құрылымындағы сүр жерлер алқабының болуы (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне талап қойылмайды; ауыспалы егісті астық алқабына сүр жерді көпжылдық шөптер егілген топырақ қабатымен алмастыруға рұқсат етіледі) орта есеппен шаруашылықта -16 пайыздан аспайды;

5) жалпы егістік көлеміндегі тұқым шаруашылығы егістіктері 20 пайыздан кем емес;

6) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақыл саны 3-ден аспайды;

7) аттестаттау талабына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны - 3-ден аспайды;

8) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде үш жылда тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өндіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы;

9) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндірудегі ғылыми сәйемелдеу туралы жеке және заңды тұлғамен ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыратын шарттың болуы;

10) нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өңдеу агротехнологиясын сақтау;

11) тұқым шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым шаруашылығы аумағында сонымен қатар аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл болмауы тиіс;

12) кемінде бір тұқым өсіруші агрономның болуы;

13) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;

14) сорттық тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өсіру жөніндегі схеманың болуы;

15) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясының жоспарланған көлемін өндіруге қажетті түрлерде және көлемде сорттың негізгі тұқымдық материалының болуы;

16) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясының жоспарланған көлемін өндіру жөніндегі жұмыстардың кешенін қамтамасыз етуге арналған меншік құқығында, лизингте немесе мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілейтін  техниканы қоса алғанда, арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;

17) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін қойма бөлмелерінің болуы;

18) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (егіс актілері, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізуге, бірегей тұқымды жинауға, кіріске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымның талапқа сай екендігі туралы куәлігіне, тұқым аттестатына тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті) есеп жүргізу;

19) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде үш жыл сақталуын ұйымдастыру;

20) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.

4. Тұқым сатушыларына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

1) тұқым сату бойынша жоспарланған жұмыс көлемін орындау үшін штат кестесінде көзделген тиісті білімі бар мамандардың, оның ішінде кемінде бір тұқым өсіруші агрономның болуы;

2) әрі қарай тұқым сату үшін тұқым өндірушілермен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы (тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда тұқым жеткізушілермен) жыл сайынғы келісімнің болуы;

3) жабық асфальтталєан алаңдардың, қойма бөлмелерінің (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көміп қою алаңдарының), тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін арнайы ыдыстың болуы;

4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өңдеу, сақтау және сату жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығында, лизингте немесе  мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;

5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр тұқым партиясы бойынша сатылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне, тұқымды құжаттау, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті тұқымдарды есепке алу журналына есеп жүргізу;

6) тұқымдарды сақтау және сату материалдарының кемінде үш жыл сақталуын ұйымдастыру;

7) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда тұқым өткізушіде (лицензиатта) патент иесі (лицензиар) берген селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығының болуы;

8) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлың-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.
________________________

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші

және үшінші репродукциядағы тұқым

өндірушілерді және тұқым өткізушілерді

аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

2-қосымша

ҚФБ қимылдарының сипаттамасы





Негізді үрдістің іс-қимылы (барысы, жұмыс ағыны)




1.

Іс-қимылдың № (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

6

2.

ҚФБ атауы

Кеңсе

Басқарма басшысы

Басқарманың жауапты маманы

Аттестаттау комиссиясы

Аттестаттау комиссиясы

Басқарманың жауапты маманы

3.

Іс-қимылдардың атауы (үдерістер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы

Кеңседе тұтынушының қоса берілген құжаттарымен бірге өтінішін қабылдау және тіркеу, оларды кейіннен Басқармаға жіберу

Басқарма басшысының жауапты маманды белгілеуі

Сараптау комиссиясының қарауына тұтынушыдан келіп түсетін құжаттарын ұсыну

Сараптау комиссиясының ұсынылған құжаттарды зерделейді және жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық-тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестік дәрежесін орындарға барып анықтайды.


Жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық-тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сай болуы немесе сай болмауы туралы шешім қабылдайды.

Тұтынушыға аттестаттау туралы куәлікті рәсімдеу мен беру бойынша ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру

4

Аяқтау түрі (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік ету шешімі)

Өтінішті тіркеу, тиісті құжаттарды қабылданғандығы туралы тұтынушыға қолхат беру

Жауапты маманды белгілеу

Аттестаттауды ұйымдастыру бойынша іс – шараларды өткізу

Зерттеу актісі

Сараптау комиссияның хаттамасы



Арнайы журналда аттестаттау куәлігін бергені туралы жазба

5.

Орындау мерзімі

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушымен қажетті құжаттарды тапсыру сәтінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс;

2) тұтынушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің барынша ықтимал уақыты – 30 минуттан аспауы тиіс;



3) құжаттарды алу кезіндегі күтудің барынша ықтимал уақыты –30 минуттан аспауы тиіс.




6.

Келесі іс- қимыл нөмірі

2

3

4

5

6

-


_____________________________________

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсандағы №105-1928 қаулысына

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасыны

95.49kb.

25 12 2014
1 стр.


Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы № қаулысына

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

227.02kb.

15 10 2014
1 стр.


Жоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»

Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу тур

141.84kb.

16 12 2014
1 стр.


Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы № қаулысының

Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі

359.67kb.

15 10 2014
1 стр.


Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы № қаулысының

Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі

362.46kb.

15 10 2014
1 стр.


Аудан әкімдігінің 2012 жылғы «20» қарашадағы №370 қаулысына 1 қосымша

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

418.32kb.

25 12 2014
4 стр.


Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы № қаулысына қосымша
76.7kb.

17 12 2014
1 стр.


Ақтөбе облыстық әкімдігінің бірлескен Қаулысы және мәслихатының шешімі ақтөбе қаласы №2013 жылғы

«Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» 2011 жылғы 12 қазандағы №328/415 Ақтөбе облысы әкімдіг

17.43kb.

25 12 2014
1 стр.