Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3





“Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 800/6 қаулысымен бекітілді

Ақсу қаласы әкімінің аппараты”

мемлекеттік мекемесінің

2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Ақсу қаласы

2009 жыл

Мазмұны


1.

Миссия және пайымдау-------------------------------------------

3 бет










2.

Ағымдағы ахуалды талдау-----------------------------------------

4 бет










3.

Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері

9 бет










4.

Функционалдық мүмкіндіктері ------------------------------

12 бет










5.

Ықтимал қатерлер---------------------------------------------------

17 бет










6.

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарға сәйкестігі ---------------------------------------------------------

19 бет


7.

Бюджеттік бағдарламалар--------------------------------------- --

24 бет



  1. Миссия және пайымдау

Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің миссиясы (бұдан әрі - қала әкімінің аппараты) халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын жақсарту мақсатында Ақсу өңірінің аумағында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету, қала әкімдігінің, әкімінің және оның орынбасарларының қызметін сапалы ақпараттық-аналитикалық қолдауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету, әкімдіктің инфрақұрылымын және мемлекеттік электрондық қызметті дамыту үшін ең оңтайлы және қолайлы жағдайлар жасау.


Қала әкімі аппаратының пайымдауы:

- өңірдің стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудың негізгі бағыттарын қалыптастыру;

- мемлекет Басшысы, Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыс әкімі қойған міндеттерді іске асыру үшін менеджменттің қазіргі талаптарына жауап беретін және қажетті әлеуетке ие қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметінің жоғару білікті персоналын дамыту;

- құжаттармен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді енгізу: құжат айналымын қысқарту, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, “электронды әкімдікті” дамыту шеңберінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеуді жақсарту, әкімнің қала тұрғындарымен кездесулерін жиі ұйымдастыру, интернет конференциялар өткізу шеңберінде жұмыс істеу;

- қызметті ұйымдастыруды жетілдіруге жағдай жасау, құқықтарды, бостандықты қамтамасыз етуге, заңды мүдделерді қорғауға және жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оларды сақтауға бағытталған мемлекеттік қызмет көрсету үшін жағдай жасау, мемлекеттік мүдделерді қорғау, алдыңғы қатардағы практика және оң тәжірибе негізінде әлеуметтік маңызды қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу;

- жаһанды ақпараттық қауымдастыққа біріккен және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару сапасын арттыруға жағдай жасайтын электронды әкімдіктің дамыған және қол жетімді ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы.


2. Ағымдағы ахуалды талдау

Кадр саясаты

Мемлекеттік орган жұмысының табысы біріншіден кадрлардың кәсіби даярлығына тәуелді.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудағы, мемлекеттік қызметті кәсіби кадрлармен қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың сұранысын қанағаттандыру жөніндегі бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы” № 1457 Жарлығы шығарылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің осы Жарлығы жоспарлы тәртіпте, мақсатты түрде барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Оны іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2008 жылы қала әкімі аппаратының 2 мемлекеттік қызметшісі, 2009 жылы - 2 мемлекеттік қызметшісі, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Павлодар өңірлік орталығында 2008 жылы - 6, 2009 жылы – 14 біліктілігін арттырудан өтті.

Алға қойған міндеттердің барлық кешенін тиісті деңгейде шешуге қабілетті кәсіби кадрларды таңдау мен орналастыруға аса көңіл бөлінеді.

2009 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақсу қаласы әкімі аппаратының штаттық саны 32 бірлікті құрайды, нақты 32 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 20 немесе 63 % әйелдер. Ұлты бойынша 29 мемлекеттік қызметші – қазақ, 3 – орыс, 30 мемлекеттік қызметшінің жоғары білімі бар, 2 - орташа арнайы, 7 мемлекеттік қызметшінің біреуден көп жоғары білімі бар, 1 – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ұзақ мерзімді оқуда.

Мемлекеттік қызметшінің орташа жасы 37,5 жасты құрайды.

Мемлекеттік қызметшінің орташа өтілі 9,4 жас, атқаратын лауазымда 0,8 жыл.

Басқа мемлекеттік органдардан ауысып 6 адам қабылданды. Мансаптық ауысым – 2 адам жоғары лауазымға, тең лауазымға – 18 адам, алмасушылық: басқа мемлекеттік органға ауысуға байланысты – 7 адам, штаттың қысқаруы – 1, әсери қызметке шақыруға байланысты – 1, өз еркі бойынша -1.

2008 жылы 8 мемлекеттік қызметші аттестациядан өтті. Аттестация нәтижелері бойынша олардың барлығы атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келеді.

Сонымен қатар қала әкімі аппаратының кадрларымен жұмыс одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау негізігі міндет болып табылатын жаңа көзқарасты мемлекеттік қызметшілерді, жоғары үлгідегі мамандарды, компьютер мен басқа техниканы жеткілікті игеретін, шығармашылық және ілгері ойлай алатын өз ісінің кәсіпқойын, іскер және сындарлы адамдарды, өз отанының патриоттарын тәрбиелеуге аса маңызды назар аудару қажет.

Мемлекеттік қызметшілер үшін аса маңызды міндет мемлекеттік тілді жетік игеру және шетел тілді оқу болуы керек.

Басты мақсат – атқарушылық және еңбек тәртібін, жұмыс сапасын қажетті деңгейге шығару, ұжымда күшті рухани-психологиялық климатты қамтамасыз ету, басшы мен қызметкердің өзара құрметтеуі мен сенімділігіне негізделген басқарудың қазіргі нысандары мен әдістерін енгізу керек, осы негізде аппараттың тиімді қызметіне қол жеткізу керек.


Құжаттамалық қамтамасыз ету

Қала әкімінің аппаратында 2009 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы құжатайналымы 7877 бірлікті құрайды, оның ішінде:

- кіріс хат-хабарлар – 5087;

- шығыс хат-хабарлар – 1494;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері – 1296, соның ішінде жеке тұлғалар – 1226, заңды – 70. Өтініштердің жалпы санының ішінде 68-і қала әкімінің ресми сайтына келіп түсті.

Ағымдағы жылдың көрсетілген кезеңі ішінде қала әкімдігі мен әкімінің 1096 нормативтік құқықтық және құқықтық актілері қабылданды, оның ішінде 780 – қала әкімдігінің қаулылары, 16- қала әкімінің шешімдері, 303 – қала әкімінің өкімдері.







2009 жы

2008 жыл

% (көп)

Жалпы құжатайналымы

6581

4006

39

НҚА және ҚА

1096

1065

3

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

1296

764

41

Жиыны

8973

5835

35



Құқықтық қамтамасыз ету

Құқықтық ақпараттылықты және құқықтық мәдениетті қалыптастыру және арттыру, сапалы заң шығарушылық қызмет, қала әкімі мен әкімдігінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінде заңның сақталуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттің құқықтық мәдениетінің жағдайы оның құқықтық жүйесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі құралы заң шығарушылық қызмет болып табылады. Заң шығарушылық саласындағы негізгі міндет әзірленетін жобалардың сапасы болып табылады. Бұл құқық қатынастарының заңды әзірлеуіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар мәселенің әлеуметтік, экономикалық, қаржылық жасалуын шешудің өңделуіне, статистикалық мәліметтерді зерттеуге, құқық қолдану практикасының талдауына, басқа өңірдің оң тәжірибелерін қолдануға тәуелді.

Осыған байланысты заң шығарушылық қызметтің сапасын арттыру стратегиялық бағытпен белгіленеді. Стратегиялық жоспардағы сапаны арттыру үшін әзірленген актілердің заңды өңделуіне, сонымен қатар қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу бойынша жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын уақытында орындауға бірнеше талаптар қаралған.

Электронды әкімдік

Ақсу қаласында “электронды әкімдікті” құру бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

Электронды үкіметтің (бұдан әрі – ЭҮ) негізгі компоненттері, “Мекенжай тіркелімі” ақпараттық жүйесі құрылды.

Қала әкімі аппаратының жұмысына электронды құжатайналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) енгізілді, “Lotus Notes” IBM компаниясының бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылды. ЭҚЖ 44 жұмыс орнында енгізілді.

Мемлекеттік мекемелер мен қаланың электронды қызмет көрсетуіне кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 6 қоғамдық қол жеткізу пункті орнатылды.

ЭҮ ақпараттық кезеңін іске асыру аяқталды, қала әкімінің www.aksu.pavlodar.gov.kz. Web-порталы арқылы ұсынылатын ақпараттық қызмет көрсетулерді тұрақты жариялау қамтамасыз етіледі. Сайт кірушілер үшін ақпараттық сипаттағы мәліметтерді, жаңалық блогы қалада өтіп жатқан іс-шаралар мен уақиғалар туралы ұсынады, интерактивті блоктар: қала әкімдігінің виртуалды қабылдауы және қонақ кітабы жұмыс істейді.

Сайлаушылар тізімін қалыптастыру мақсатында қалада жеке тұлғаларды есептеу дерекқоры – “Избиратель” ААЖ құрылды. Қала сайлаушылары дерекқорының нақтылы 99,0% құрайды.

Кіріс және шығыс хат-хабарлардың электронды мұрахаты құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар өткізілді. Осы мақсатпен халықты (мемлекеттік қызметшілерді, бюджет сааласындағы қызметкерлерді, балалар үйлерінің, мектеп интернаттары мен жастар үйлерінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлерін, бюджеттен тыс саладағы жұмыскерлерді) оқыту үшін 7 компьютер сыныбы ашылды. 2008 жылы барлығы 2126 адам, соның ішінде 356 мемлекеттік қызметші оқытылды.
Бюджеттік жоспарлау

2008 жылы қала әкімінің қызметін қамтамасыз етуге қалалық бюджетпен 60612,0 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар жергілікті органдардың аппараттарына 53843,0 мың теңге, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға 138,0 мың теңге, мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жасақтауға 6631,0 мың теңге, мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға 1367,0 мың теңге, жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындау шеңберіндегі іс-шараларға 9653,0 мың теңге.

2009 жылы қала әкімінің қызметін қамтамасыз етуге қалалық бюджетпен 57053,0 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар жергілікті органдардың аппараттарына 53974,0 мың теңге, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға 2174,0 мың теңге, мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жасақтауға 905,0 мың теңге, жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындау шеңберіндегі іс-шараларға 10585,0 мың теңге, аудандық (қалалық) деңгейдегі дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттерді алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларға 288,0 мың теңге.

2010 жылға арналған болжам бойынша қала әкімінің қызметін қамтамасыз етуге 45202 мың теңге, жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындау шеңберіндегі іс-шараларға 7529 мың теңге.

2011 жылға арналған болжам бойынша қала әкімінің қызметін қамтамасыз етуге 51445 мың теңге, жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындау шеңберіндегі іс-шараларға 9641 мың теңге.

2012 жылға арналған болжам бойынша қала әкімінің қызметін қамтамасыз етуге 54557 мың теңге, жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындау шеңберіндегі іс-шараларға 10541 мың теңге.




3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері




1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтің қызметшілерін одан әрі дамыту және жетілдіру.




1.1-мақсат. Қызметкерлердің жұмыс сапасын және кәсіпқойлығын арттыру




Нысаналы индикатор: Жеке және заңды тұлғалардың аппарат жұмысының сапасымен қанағаттану деңгейін 2009 жылы кемінде 80%, 2010 жылы кемінде 85% , 2011 жылы кемінде 90% ұлғайту.




1.1.1-міндет. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстарын бағалауда тетіктерін жетілдіру, ынталандыру әдістері:

- Аппарат қызметкерлерін іріктеу және одан әрі мансаптық өсу белгілерін әзірлеу.

- Қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

- РОО базасында мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың негізгі аспектілерін оқыту бойынша оқыту курстарын, семинарлар, практикалық сабақтар әзірлеу.






2-стратегиялық бағыт. Электрондық құжатайналымын одан әрі дамыту және жетілдіру.




2.1-мақсат. Жергілікті атқарушы органдар үшін құжаттармен жұмыс істеуде “Lotus Domino” бағдарламасын электрондық түрде енгізу.




Нысаналы индикатор: Қағаз құжатайналымын 30% қысқарту.




2.1.1-міндет. “Lotus Domino” бағдарламасына сәйкес кіріс және шығыс хат-хабарлардың жылжуын жетілдіру.




Көрсеткіштер:

1. Кіріс және шығыс хат-хабарларды мұқият зерделеу.

2. Қарарды нақты құрастыру.

3. “Lotus Domino” бағдарламасымен жұмыс істеудің негізгі ережелерін оқу бойынша практикалық сабақтар, семинарлар өткізу.

4. Екі рет тіркеуге жол бермеу.





2.1.2-міндет. Құжаттардың орындалу мерзімін бақылауды жүзеге асыру




Көрсеткіштер:

1. Кіріс хат-хабарларды бақылауға алу.

2. Күн сайын және апта сайын мерзімдер туралы ескерту.

3. Қала әкімі аппаратының басшылығына ескертулерді беру.

4. Мерзімдері бұзылып орындалған құжаттарды талдау.





2.2-мақсат. Іс номенклатурасына сәйкес жұмысты ұйымдастыру.




Нысаналы индикатор: Құжаттарды реттеу.




2.2.1-міндет. 1. Құжаттарды белгіленген тәртіпте сақтау мерзімдерін белгілей отырып ресімдеу.

2. Істерде біліктілікті анық ұйымдастыру






Көрсеткіштер:

1. Кіріс және шығыс хат-хабарларды толық көлемде салу

2. Номенклатураға сәйкес құжаттарды реттеу.

3. Сақтауды қамтамасыз ету.






2.2.2-міндет. Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету




Көрсеткіштер: 1. Қызметкерлердің электронды цифрлық қол таңбаларын енгізу







3-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруды қамтамасыз ету




3.1-мақсат Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін оңтайландыру, олардың ашықтығы мен қол жетерлігін қамтамасыз ету




Нысаналы индикатор: Тұтынушылардың жергілікті мемлекеттік басқару органдары көрсететін қызметтің сапасымен және қол жетерлігімен қанағаттануы 2010 жылы кемінде 85%, 2011 жылы кемінде 90%, 2012 жылы кемінде 95%.




3.1.1-міндет Қала әкімдігінің сайтын үнемі жаңарту




3.2-мақсат. Заң шығарушылық қызметтің сапасын арттыру




Нысаналы индикатор:

Қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын сапалы сараптамалау






3.2.1-міндет Қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілері жобаларының жоғары деңгейде тұрған актілерге сәйкес келуіне заңды сараптама жүргізу, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу

4-стратегиялық бағыт. Халық пен ұйымдарға мемлекеттік ақпараттық-интерактивті автоматтандырылған қызмет ұсыну




4.1-мақсат Үкіметтің Web ресурсы және облыс әкімдігінің Web порталы арқылы әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің айқындығын, сапасын және нәтижелігін арттыру




Нысанылы индикатор: Мемлекеттік қызметтің (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 710 қаулысы) тізбесіне сәйкес мемлекеттік электронды қызмет көрсетудің санын 15-20% дейін ұлғайту




4.1.1-міндет Азаматтар мен ұйымдар үшін мемлекеттік электронды қызметті әзірлеу




Көрсеткіштер: 1. Облыс әкімдігінің порталы арқылы электронды қызмет көрсету тетіктерінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту.

2. Мемлекеттік электронды қызметтерді ұсынатын жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізу;

3. Қазақстан Республикасының Орталық органдардың бірыңғай ақпараттық жүйесіне “электрондық үкіметті” шлюз есебінен интеграциялау

4. Қаланың мемлекеттік мекемелерінің сайттарын дамыту







4. Функционалдық мүмкіндіктер мен ықтимал қатерлер
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу мақсатында қала әкімінің аппараты мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

- қала әкімдігі мен әкімінің жұмысын жоспарлау;

- қала әкімдігі мен әкімінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қызметін қамтамасыз ету;

- Елбасы қойған міндеттерді, Үкімет пен облыс әкімінің тапсырмаларын іске асыруды және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

- ҚР Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Үкіметінің, облыс әкімінің бағытын іске асыруды қамтамасыз ету;

- ҚР заңнамасын орындау бойынша ауыл әкімдерінің, жергілікті мемлекеттік басқарудың өзге де органдарының жұмыс практикасын зерделеу және жалпылау, қала экономикасын тұрақтандыру және көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік-саяси климатты жақсарту, қалалық бағдарламаларды іске асыру;

- қызметтің соңғы нәтижелерін көрсете отырып қызметкерлердің функционалды міндеттерін әзірлеу;

- қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, қайта даярлау және біліктілігнін арттыру Павлодар өңірлік орталығында оқуын ұйымдастыру;

- қала әкімі аппаратында мемлекеттік тілді терең оқу бойынша курстарды өткізу;

- электронды құжатайналымы жүйесін, құжаттарды ресімдеуді және іс номенклатурасын ұйымдастыруды, мемлекеттік тілде құжаттарды ресімдеуді үйрену;

- азаматтармен және ұйымдармен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының, заңдарының, Президент актілерінің, халықаралық шарттардың және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына жәрдемдесу;

- тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдау және жазбаша талап ету, анықталған бұзушылықтарды жою, Қазақстан Республикасы заңдарының және Президент актілерінің сақталмауы бойынша шаралар қолдану;

- сапаны одан әрі жетілдіру және жақсарту үшін жергілікті мемлекеттік басқару органдар қызметінің бағыттарын талдау;

- өңірдегі электронды әкімдіктің инфрақұрылымын көлік ортасы ретінде құру және дамыту, электронды-цифрлық қолтаңбаны, Web-порталды қолдана отырып электонды құжатайналымын, салалардың ақпараттық жүйелерін жетілдіру, ақпараттандыру және компьютерлендіру саласында әртүрлі технологияларды енгізу;

- органдарды ақпараттандыру саласында өз кезегінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға мүмкіндік беретін рухани ескірген компьютер техникаларын ауыстыру;

- компьютер сауаттылығын арттыру арқылы адам капиталын дамытуды қамтамасыз ету;


Аппарат құрылымын оның бөлімшелері (ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімі) құрайды.
- ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу үшін қалалық мәслихаттың аппаратымен, әртүрлі партиялармен, қозғалыстармен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа ұйымдармен өзара әрекет етеді;

Қазақстан Республикасы Президенттінің, Парламенттінің, жергілікті өкілетті органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының референдумдары мен сайлауына дайындалуға және өткізуге қатысады, осы кампаниялардың ұйымдастыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

бөлімге түскен азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарайды;

бөлім жұмысының бағыты бойынша қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге де өкілдіктерді іске асырады;

қала әкімдігінің мәжілістерінде апта сайынғы және ай сайынғы аппараттық кеңестерде, жергілікті өкілетті органдар өткізетін мәжілістерде, сондай-ақ қала әкімі өткізетін кеңестерде қарауға арналған мәселелер тізбесін дайындайды;

бөлім қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда осы жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етеді;

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді;

өңір азаматтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, Құрмет грамоталарымен марапаттауға, құрмет белгілерін беруге, Ақсу қаласы әкімінің мадақтауларына байланысты қажетті материалдарды дайындайды, қолмен наградтауларды ұйымдастырады, жергілікті баспасөззде жариялайды;


-құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі хат-хабарларды жедел есепке алу, өткізу, қарау мен оларды тарату жөнінде жұмысты ұйымдастырады;

қала әкімдігімен және әкімімен шығарылатын нормативтік-өкімдік құжаттардың түпнұсқасын ресімдеуді, шығаруды және сақтауды қамтамасыз етеді, стенограммалау, стенограммалардың мағынасын ашу, магнитофондық пен диктофондық жазуларды, хаттамаларды жүргізу мен тиісінше ресімдеуді және сақтауды жүзеге асырады;

келіп түсетін хаттарды, өтініштер мен шағымдарды белгіленген тәртіпте есепке алуды жүзеге асырады, қала әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс істеуде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;

берілген өкілеттіктер шегінде мекемелер мен ұйымдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау бойынша істердің жай-күйін тексереді, қолда бар кемшіліктерді жою жөніндегі тексерістердің нәтижелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

қала әкімімен, оның орынбасарларымен және аппарат басшысымен бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;

мекемелермен және азаматтармен мемлекеттік және ресми тілдерде қызметтік хат жазысуларды жүргізуге бақылау жасайды;

қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілері жобаларының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерді дәлме-дәл сәйкестігіне келіседі;

қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде бағдарламалық құжаттардың орындалуын жәнеосы жұмыс бағыты бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара әрекет етуді қамтамасыз ету;

тиісті құжатайналымын қамтамасыз етеді және құжаттардың өту үрдісін талдайды, жұмысты жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады.
-қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі – қала әкімі мен қала әкімі аппаратының қызметін қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қала әкімінің қатысуымен іс-шараларды, сондай-ақ оның орынбасарларымен және аппарат басшысымен дайындалған іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету;

қала әкімін, оның орынбасарларын және аппарат басшысын әлеуметтік-тұрмыстық және көліктік қамтамасыз ету;

бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

қала әкімінің, әкімі аппараты қызметкерлерінің қызметі үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

бюджетпен бекітілген лимиттердің шегінде стратегиялық жоспарлардың, қаржыландыру жоспарларының жобаларын әзірлейді, оның нысаналы мақсаты бойынша бюджет қаражаттарын үнемді және тиімді жұмсау үшін қажетті шараларды қолданады;

бухгалтерлік, салық есебін жүзеге асырады;

бухгалтерлік, салық және статистикалық есеп пен есеп берушілік жөніндегі құжаттарды белгіленген тәртіпте қаржылық, салық және басқа органдарға ұсынады;

тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулердің номенклатурасын жоспарлауды, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу мен бекітуді, жеткізушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауды, мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды жүзеге асырады;

қажетті тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуды, оны қала әкімі аппаратының балансына қоюды және баланстан жарамсыз жабдықтарды және мүлікті есептен шығаруды жүзеге асырады;

үздіксіз энергия-, жылу-, сумен жабдықтауды, өртке қарсы қауіпсіздікті және қала әкімі аппаратының балансында тұрған ғимараттарды қорғауды және олардың қысқы және жазғы кезеңде жұмыс істеуіне дайындығын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

қала әкімі аппаратының атынан материалдар мен жабдықтарды жеткізу, эксплуатациялық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша келісім жұмыстарды жүргізеді;

қала әкімдігі мен әкімінің қарауына қала әкімі мен оның аппаратының қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізеді;

ұсыныстарды, шағымсдарды және өтініштерді қарайды;

кезекті шақыруды өткізуге шақыру орнын қаржыландырудың есебін жүргізеді, әскер қатарына шақырушылардың медициналық куәландыруын, әскер қатарына шақырушыларды іздеуді және шақыру орнына жеткізуді, әскер қатарына шақырушыларды тіркеуді жүргізу, шақыру орнының коммуналдық төлемдерін төлеу, шақыру орнын материалдық-техникалық құралдармен жасақтау, автокөлікті жалдау.


- азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімі жұмыс барысында Павлодар облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасы мен Павлодар облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің тапсырмаларын орындайды, бөлім ескірген және қараусыз қалған ғимараттарға зерттеу жүргізеді. Бөлім жұмыс барсында “Ақсу қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесімен, ауыл, кент және селолық округтер әкімдерімен тығыз байланыста болады;

Бөлім қала әкімінің орынбасарларымен қадағаланатын төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, эвакуациялық комиссияның және жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі комиссияның жұмысын жүргізеді.

Бөлім жеке қорғау құралдарын (противогаз) сақтау және ұстау орындарын бақылайды, сақтау кепілдік қағаздарын жаңарта отырып, олардың бар болуына жыл сайын тексеру жүргізеді.

Қазіргі уақытта бөлім “Ақсу қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып қаланың, ауыл өңірінің мектептерінде, мейрамханаларында, кафеларында және табы басқа жерлерде өрт болған кезде көшіруге тәжірибелік жаттығулар жүргізеді.

ҚР ТЖМ ұйымдастырушылық көрсеткіштеріне сәйкес қалалық қызметтерді Республикалық командалық-штабтық оқуларға жыл сайын дайындау жүргізіледі, “Террорға қарсы”, “Қыс – 2009”, “Жер – 2009” және т.б. оқулар жүргізілді, сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы “Облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің мәселелері туралы” № 4 шешіміне енгізілген өзгерістерге байланысты Ақсу қаласы әкімінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы “Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың қалалық қызметтері туралы” № 27 шешіміне өзгерістер енгізілді.

Қысқы кезеңде бөлімнің тұрақты бақылауында автомобиль жолдарының жанында орналасқан жылыту пунктері тұрады.

Сонымен қатар кіріс хат-хабарлармен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізіледі.


следующая страница>


Ақсу қаласы әкімінің аппараты

Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №800/6 қаулысыме

535.83kb.

25 12 2014
3 стр.


Ақсу қаласы Қалқаман ауылы әкімінің аппараты

Ақсу қаласы Қалқаман ауылы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”Ақсу қаласы әкімдігінің

466.67kb.

25 12 2014
4 стр.


Ақсу қаласы Үштерек ауылы әкімінің аппараты

Ақсу қаласы Үштерек ауылы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”

406.82kb.

25 12 2014
1 стр.


Ақсу қаласы Айнакөл селолық округі әкімінің аппараты

Пайымдау. “Ақсу қаласы Айнакөл селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі – бұл мемлекеттік саясат шеңберінде селолық округті дамытумен байланысты қызметті Қазақстан Ре

471.9kb.

25 12 2014
3 стр.


Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты

Пайымдау. “Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі – бұл мемлекеттік саясат шеңберінде селолық округті дамытумен байланысты қызметті Қазақстан Р

473.55kb.

25 12 2014
3 стр.


Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округі

Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы

512.24kb.

25 12 2014
4 стр.


Ақсу қаласы Құркөл селолық округі

Ақсу қаласы Құркөл селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің миссиясы – селолық округ халқының өмір сүру деңгейінің сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саяса

433.23kb.

25 12 2014
3 стр.


«Қызылсай селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Қызылсай селосы әкімінің аппараты»

«Қызылсай селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) село әкімінің қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан

38.6kb.

25 12 2014
1 стр.