Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА!

Қалалық жас туристер стансасында 2012 жылдың 20-21 қазан күні сағат 09.00-де мұғалімдер күніне арналған қала мектептерінің білім саласы қызметкерлері арасындағы қалалық туриада өтеді.



Мекен жайымыз: Жанқожа батыр көшесі 62, тел: 90-80-32, 90-79-19.

Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша
Б Ұ Й Р Ы Қ
Ақтөбе қаласы № 703 «09» қазан 2012 жыл


Қалалық байқау өткізу туралы
Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Үйлестіру жоспарына, «Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің» 2012-2013 оқу жылына арналған жылдық жоспарына және қала мектептерінің оқушылары арасында өткізілетін жас күйшілер мен суретшілер байқауының Ережесіне сәйкес
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:


  1. 2012 жылдың 27 қазанында қала мектептерінің оқушылары арасында қалалық жас күйшілер мен суретшілер байқауы өткізілсін.

  2. Байқауды ұйымдастырып өткізу Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің директоры С.Аймағамбетоваға жүктелсін.

  3. Мектеп директорларына: оқушылардың байқауға қатысуын қамтамасыз ету және оқушылардың жола жүру өмір қауіпсіздігі жүктеледі.

  4. Байқауды өткізу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау мен ұйымдастыру Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің директоры С.Аймағамбетоваға жүктелсін.

  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ақтөбе қаласының білім бөлімі бастығының орынбасары Р.Тастанбаеваға жүктелсін.



Ақтөбе қаласының

білім бөлімі бастығы /қол қойылды/ Л.Уразбаева

Орынд.: Имангалиев Қ.С.

тел.: 21 40 96

2012-2013 оқу жылында Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде өтетін қалалық «Күй құдіреті» атты Құрманғазы Сағырбайұлының 194 жылдық мерейтойына арналған

жас күйшілер мен суретшілер байқауының

ЕРЕЖЕСІ
Құрманғазы Сағырбайұлының асқақ шығармашылығын дәріптеп, насихаттау мақсатында Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі «Күй құдіреті» атты жас күйшілер мен суретшілер байқауын өткізілетінін жариялайды. Байқауға қаладағы қосымша білім беретін мекемелердің оқушылары қатыса алады.

Байқау 2012 жылдың қазан айының 27-ші жұлдызында сағат 9:00-14:00 дейін Қазанғап атындағы балалр өнер мектебінде өткізіледі.


Байқаудың мақсаты

  • балалардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу.

  • балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың орындаушылық мәдениетімен кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал ету.

  • мектеп жасындағы мекемелердегі өнерге қабілетті дарынды балаларды анықтау.


Байқауды өткізу шарттары.

Байқау төмендегі номинациялар бойынша өтеді:



1.ұлттық аспапта ойнау(домбыра)

- орта топ - 10-13 жас,

- жоғары топ - 14-17 жас.

Әр мектептен қатысушылар саны 4 адамнан (әр жас категориясынан екі оқушы) артық болмау керек.

2.бейнелеу өнері

- орта топ - 10-13 жас,

- жоғары топ - 14 -17 жас.

Әр мектептен екі жетекші (бір жетекшіден-әр жас категориясы бойынша екі оқушы) 8 оқушы жұмысын ұсына алады.

«Ұлттық аспапта ойнау» номинациясына қатысушылар


  • Құрманғазының бір күйі.

  • өз қалауы бойынша бір күй.

Шығармаларды орындау уақыты 5-8 минут.

«Бейнелеу өнері» номинациясы 2–кезеңнен тұрады. Екінші кезеңге іріктелген оқушылар өтеді.

Қатысушылар I-кезеңде


  • «Көк тудың желбірегені—Қазақтың асқақ беделі!» тақырыбындағы жұмыстарын өз қалауындағы техникамен (акварель, гуашь, тушь, түрлі-түсті карандаштар, қаламұштармен) А-3 форматында орындап қазан айының 20-шы жұлдызына дейін тапсырады.

Іріктелген қатысушылар II-кезеңде

  • арнайы конкурстық тапсырманы графика техникасында орындауы тиіс Жұмыстар міндетті түрде паспартумен безендіріледі, алайда жұмыстың композициясы бұзылмаған болу қажет және автордың аты-жөні, туған жылы, мектебі, класы.жетекшісінің аты-жөні жазылуы тиіс.


Байқауды қорытындылау.

Қазылар алқасының құрамында жоғарғы білікті мамандар жұмыс жасайды. Байқауды бағалау 5 баллдық жүйемен және келесі талаптарды ескере отырып жүргізіледі:


1.ұлттық аспапта ойнау(домбыра) 2.бейнелеу өнері

  • дыбыс тазалығы - ұқыптылық

  • орындаушылық деңгейі - орындаушылық шеберлік

  • әртістік қабілеті - тапсырылған тақырыпты сақтау

  • сахна мәдениеті - шығармашылық қабілеті



Жеңімпаздарды марапаттау.

Төмендегідей жүлделер тағайындалады:

- Бас жүлде-Гран-при иегері (байқау номинациясы бойынша )

- І дәрежелі лауреат дипломы (әрбір номинация және жас деңгейіне орай)

- ІІ дәрежелі лауреат дипломы (әрбір номинация және жас деңгейіне орай)

- ІІІ дәрежелі лауреат дипломы (әрбір номинация және жас деңгейіне орай)

- Байқауда ерекше өнер көрсеткен сайыскерлерге Алғыс хаттар беріледі.
Байқауға қатысушы үміткерлер өтінішін ұйымдастыру алқасына қазан айының 20 жұлдызына дейін жіберу тиіс

Өтініш түрі




Қатысушы оқушының аты-жөні

мектебі

Туған жылы

Байқау

номинациясы




Жасына қарай тобы

Орындалатын шығарма.

Жұмысының атауы және техникасы



1



















2


















Оқытушының аты-жөні: __________________________________________



Байланыс телефоны:______________________________________________
Өтініштер келесі мекен-жай бойынша қабылданады:Ақтөбе қаласы, 101 Атқыштар дивизиясы 10А МКҚК «Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі»

Тел(факс): 8(7132) 52 35 61, 95 39 57

Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ Ақтөбе қаласы №703 «09» қазан 2012 жыл

Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Үйлестіру жоспарына, «Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің» 2012-2013 оқу жылына арналған жылдық жоспарына және қала мектептерінің оқушылары а

58.53kb.

09 10 2014
1 стр.


Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша Бұйрық Ақтөбе қаласы №536 24. 10. 2008 жыл Алматы қаласына

Ақтөбе облысының білім басқармасының 23. 10. 2008 жылғы №444 бұйрығы және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2008 жылғы 20 қазандағы №2087 өтініші негізінде Бұйырамын

17.14kb.

23 09 2014
1 стр.


АҚТӨбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ Ақтөбе қаласы №729 «7» желтоқсан 2010 жыл Астана қаласына саяхатқа

Ақтөбе облысының білім басқармасы бастығының 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №991 бұйрығы негізінде

32.79kb.

15 10 2014
1 стр.


Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша БҰйрық Ақтөбе қаласы №1 «03» қаңтар 2013 жыл

«Қалалық техникалық шығармашылық Орталығының» 2012-2013 оқу жылына арналған жылдық жоспарына және қаланың жалпы орта білім беретін мектептері және қосымша білім беру ұйымдарының оқ

319.64kb.

11 10 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігі АҚТӨбе қаласының

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің қорғаншы және қамқоршы органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 13. 10. 2010 ж. №12-3-02/31

542.61kb.

25 12 2014
3 стр.


Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша Бұйрық Ақтөбе қаласы №229 «30» наурыз 2010ж

Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында, мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында

43.53kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы ақТӨбе облысы ақТӨбе қаласының Әкімдігі ақТӨбе қаласының

«АҚТӨбе қаласының білім бөлімі\ мм республика казахстан актюбинская область акимат города актобе гу «отдел образования города актобе»

29.21kb.

02 10 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы ақТӨбе облысы ақТӨбе қаласының Әкімдігі ақТӨбе қаласының

«АҚТӨбе қаласының білім бөлімі\ мм республика казахстан актюбинская область акимат города актобе гу «отдел образования города актобе»

137.86kb.

11 10 2014
1 стр.