ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
2013 жылдың 7 маусымы күні «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың аясында «
Латын әліпбиіне көшу: тәжірибе және ықпалдастық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Жиынға тіл саласының мамандары және қоғам қайраткерлерімен қатар, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Молдова елшіліктерінің өкілдері шақырылады.
Конференцияның күн тәртібіндегі басты мәселелер:
-
«Қазақстан-2050» Стратегиясы және латын әліпбиіне көшуге дайындық;
-
Кеңестік кезеңде латын әліпбиінің енгізілу және қолданылу тарихы;
-
Тәуелсіз түркі мемлекеттерінің жаңа тарихи кезеңде латын әліпбиін енгізу тәжірибелері;
-
Латын әліпбиін енгізу мәселесі және оның қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен байланысы;
-
Латын әліпбиі және мемлекеттік тілдің даму перспективалары.
Конференция ауқымында ЕҰУ ғалымдары жасап шығарған жаңа қазақ әліпбиінің жобасымен таныстыру жоспарланып отыр.
Ғылыми жинақта жариялау үшін мақала (баяндама) мәтінін (міндетті түрде электрондық нұсқасымен қоса) 2013 жылдың 25 мамырына дейін: 080000, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Отырар кітапханасы», 306-бөлме, «Алаш» мәдениет және рухани даму институты мекен-жайына жеткізу немесе [email protected]; [email protected] электронды пошталарына жолдау қажет.
Мақаланы (баяндаманы) рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Көлемі 5-7 бет, форматы – А4, қарпі – Times New Roman, өлшемі – 14, жоларалық интервалы – 1, мәтіннің барлық жағынан басылым қашықтығы – 20 мм. Мақаланың аты ортада жуан бас әріптермен жазылады. Одан бір интервал төмен автордың толық аты-жөні, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жұмыс орны, қызметі, тұрғылықты қаласы, электрондық поштасы курсивпен көрсетіледі. Оның астына, азат жолдан бастап мақала (баяндама) мәтіні орналасады. Әдебиеттер тізімі және орыс, ағылшын тілдеріндегі аннотациялар мақала (баяндама) соңында беріледі. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшаға алынып, үтірден кейін сілтеме беті көрсетіледі.
Мақаланың (баяндаманың) жинақта жарық көру бағасы – 3000 (үш мың) теңге.
Келесі банк реквизиттері бойынша төлемақы (міндетті түрде конференция атауы көрсетіле отырып) жасалғаны жөніндегі квитанция түбіртегінің көшірмесі алдын-ала ұсынылады: ҚР БҒМ «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, 010008, Астана қ., Мұңайтпасов к., 5, тел. 8 (7172) 70-95-00, 70-94-57, ИИК KZ37 998B TB00 0000 3106, АО «Цеснабанк», БИК TSES KZ KA, КБЕ 16, БИН 010140003594.
Конференцияға қатысушылар іссапар шығынын өз есебінен көтереді.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің үйлестірушісі – Мақсат Хабаров. Байланыс телефоны: 87014260929.
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Евразийский национальный университет им.Л.Н.Гумилева
ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО
В рамках реализации Стратегии «Казахстан-2050», 7 июня 2013 года Евразийский национальный университет им.Л.Н.Гумилева проводит международную научно-практическую конференцию
«Переход к латинице: опыт и интеграция». На форум приглашаются вместе со специалистами языкознания и общественными деятелями, также представители посольств Турции, Азербайджана, Узбекистана, Туркмении, Молдовы.
На повестку дня для обсуждения предлагаются следующие вопросы:
-
Стратегия «Казахстан-2050» и подготовка к переходу к латинице;
-
История внедрения и применения латинской графики в советский период;
-
Опыт внедрения латиницы в независимых тюркских государствах в контексте новой исторической эпохи;
-
Вопросы внедрения латиницы и их связь с современными информационными технологиями;
-
Переход к латинице и перспективы развития государственного языка.
В рамках конференции планируется презентация проекта нового казахского алфавита, разработанного учеными ЕНУ.
Для публикации в научном сборнике текст статьи (обязательно с электронной версией) должен быть доставлен до 25 мая 2013 года по следующему адресу: 080000, город Астана, ул.Мунайтпасова, 5, ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, «Отырар кітапханасы», 306-кабинет, Институт культуры и духовного развития «Алаш» или отправлен в следующие электронные почты: [email protected]; [email protected].
Требования к оформлению статьи (доклада):
Обьем текста на 5-7 страниц, формат – А4, шрифт – Times New Roman, кегль – 14, межстрочный интервал – 1, поля: левое, правое, верхнее, нижнее – 20 мм. Название статьи пишется жирными заглавными буквами в середине страницы. Ниже, через один интервал печатаются курсивом полное Ф.И.О., ученая или академическая степень, место работы, должность, город проживания, адрес электронной почты автора. Еще через интервал, с абзаца располагается текст статьи (доклада). Список литературы, аннотации на казахском и английском языках даются в конце статьи (доклада). Ссылка в тексте располагается в прямых скобках, после запятой указывается страница цитаты.
Стоимость публикации статьи (доклада) в сборнике – 3000 (три тысячи) тенге.
Копия квитанции (с обязательным указанием названия конференции) об оплате по следующим банковским реквизитам предоставляется заранее: РГП на ПХВ «ЕНУ имени Л.Н. Гумилева» МОН РК,010008, г. Астана, ул. Мунайтпасова, 5, тел. 8 (7172) 70-95-00, 70-94-57, ИИК KZ37 998B TB00 0000 3106, АО «Цеснабанк», БИК TSES KZ KA, КБЕ 16, БИН 010140003594.
Командировочные расходы за счет участников конференции.
Координатор организационного комитета конференции – Максат Хабаров. Контактный телефон: 87014260929.