Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін білдіруде ымыраға барынша қол жеткізу;
елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асырудағы ынтымақты жауапкершілік және оның жер-жерлерде нақты жүзеге асырылуына ықпал ету;
әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу;
лайықты еңбек ету үшін жағдайларды қамтамасыз ету ісінде сындарлы өзара іс-қимыл мен қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделері, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
2013 − 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын және оны іске асырудың бірлескен іс-қимылдарын айқындайтын 2013 − 2015 жылдарға арналған осы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
І. Экономикалық саясат
Тараптар алдағы кезеңде аймақтың экономикалық саясаты экономиканы жаңғырту және Үдемелі индустриалық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, тарифтік саясатты жетілдіру, бәсекеге қабілеттілікті қорғау және облысымыздағы бизнес климатты жақсарту негізінде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған болуға тиіс деп есептейді.
Осыған байланысты Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1.1. Экономиканың ықтимал даму нұсқалары кезінде қатерлерді азайтуға бағытталған макроэкономикалық саясатты жүргізу негізінде 2013 − 2015 жылдары теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.
1.2. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын;
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 − 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны;
Білім беруді дамытудың 2011 − 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын;
Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану және дамытудың 2011 − 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 − 2020 жылдарға арналған бағдарламасын;
2011 − 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын;
Қазақстан Республикасының агрокәсіптік кешенін 2010 − 2014 жылдарға арналған дамыту бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады.
1.3. Өндірісті жаңғыртуда және дамытуда инвестицияларды жүзеге асыратын ұйымдарды ынталандыру жүйесі мен тетіктерін жетілдіреді.
1.4. Экономикалық өсуді ынталандыруға және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етуге бағытталған бюджет параметрлерін қалыптастыруға ықпал ету бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттырады.
1.5. Қызмет өндірушілер және тұтынушылар арасындағы мүдделерді тең сақтау қажеттілігіне сүйене отырып, тариф саясаты шараларын жүзеге асырады.
1.6. Табиғи монополиялар субъектілерін тариф деңгейінің болжануын және тұрақтылығын қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік реттеу жөніндегі жұмысты жалғастырады.
1.7. Өндірісті ұйымдастырудың, менеджмент жүйесінің жаңа әдістерін, жаңа технологиялар мен техниканы енгізу, жалақыны арттыру есебінен еңбек өнімділігі мен сапасын арттырады.
Бұл үдерістер халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту саласында әлеуметтік әріптестердің тиімді өзара іс-қимылымен қолдауға ие болуға тиіс. Осы мақсаттарда Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
2.1. Мынадай:
ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық деректер базасын қалыптастыру;
қызметкерлерді фирмаішілік даярлау және қайта даярлауды ынталандыру;
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және ақпараттық ресурстардың, оның ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық порталы шеңберінде қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін (бұдан әрі − ӘЕСБАЖ) енгізуге ықпал ету;
әйелдердің барынша жұмыспен қамтылуына ықпал ету;
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына жіберілген адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету;
Масылдықтың деңгейін төмендету үшін, облыс азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын іске асыруды қамтамасыз етеді.
2.2. Мынадай:
ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, кәсіптік стандарттарды әзірлеу, жұмысшылар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және басшылардың, мамандардың және қызметшілер лауазымдарының бірыңғай біліктілік анықтамалығын жаңарту;
экономиканың инновациялық даму қажеттілігіне кәсіптік білім беру жүйесін бейімдеу;
халыққа кәсіптік бағдар беру, оның ішінде мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту;
ірі жүйеқұрайтын өндірістік кәсіпорындардағы жұмыс берушілерді өзінің оқу-материалдық базасын дамытуға, бейінді кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық базасын және білім беру үдерісін жаңғыртуға және басқаруға, қызметкерлердің қажетті дағдыларды үйренуіне және білім алуына жағдайлар жасауға қатысуға тарту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
2.3.Жалдамалы жұмысшыларға еңбек заңнамасының негіздерін жалпы құқықтық оқытуды ұйымдастырады;
2.4. Ұлттық еңбек нарығын қорғау, жоғары білікті жұмыс күшін тарту үшін жағдайлар жасау бөлігінде халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
2.5. Тараптар бұл ретте:
қиын ахуалдар туындаған жағдайларда еңбек нарығындағы шиеленісті төмендетуге бағытталған шараларды қабылдайды;
қалалар мен елді мекендерде экономикаға қайта құрылымдау жүргізгенде, жұмыспен қамту құрылымының түр-түрін көбейткен кезде халықты жұмыспен қамтуды қолдау тетіктерін жетілдіреді;
жұмысынан айырылған немесе толық емес жұмыспен қамтылған жағдайда азаматтарды қолдау және материалдық кепілдік беру жолдарын жетілдіреді.
ІІІ. Тұрғындардың еңбекақысы, табысы мен өмір сүру деңгейі
Тараптар алдағы кезеңде қызметкердің лайықты еңбекке құқығын, жалақысының деңгейін арттыруды, табыс саясатын жетілдіру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру қажет деп есептейді.
Осы мақсаттарда Тараптар еңбекті ұйымдастыруды және жалақыны жетілдіруге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, экономиканы тұрақты дамыту мақсатында еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
3.1. Салалық келісімдермен келісім шарттарда тиісті саладағы ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін арттырушы салалық коэффициенттер мөлшерін қосылуын қарайды.
3.2. Ұқсас жұмыстарды орындау кезінде және бірдей біліктілікке сәйкес келетін шетелдік және отандық қызметкерлер арасындағы еңбекақы төлеу саласында кемсітушілікке жол бермеуге ықпал етеді.
3.3. ҚР құқықтық актілерімен тиісті кезеңге нақтыланған, құнсыздану деңгейінен шығатын еңбек ақы индексация міндеттемесін ұжымдық шартқа қосуға мүмкіндік туғызады.
3.4. Ауданы көлемінде еңбек ақыны уақытылы және толық төленуіне мониторинг жүргізеді.
IV. Әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау, тең мүмкіндіктер беру саясаты
Әлеуметтік саланы жаңарту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді және тұрақты жүйесін дамыту, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
4.1. Әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік стандарттары жүйесін оларды халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкестікке келтіру мақсатында жетілдіру жұмыстарын жалғастырады.
4.2. Сақтандыру қағидаттары негізінде әлеуметтік қатерлерден қызметкерлерді барабар қорғауды қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
4.3. Тегін медициналық көмектің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асырады.
4.4. Жұмыс орнында, әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасын қоса алғанда, денсаулықты сақтауға бағытталған корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру тәжірибесін таратуға ықпал етеді.
4.5. Өңірде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады.
4.6. Тараптар мынадай мәселелер:
тұрғын үй және коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерін мемлекеттік реттеу, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру бойынша консультациялар жүргізу туралы уағдаласады.
4.7. Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдіктің стратегиясын іске асыру жөнінде:
ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында гендерлік проблемаларды шешу;
балалардың күтімімен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді тең құқықтар негізінде қолдау;
әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігін арттыруға бағытталған шараларын жүзеге асырады.
4.8. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларды іске асыруға, жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін өздігінен іске асыру үшін жағдай жасауға, жастардың қоғамдық оң бастамаларын ынталандыруға қатысады.
4.9. Ұйымдарда салалық келісімдер және ұжымдық шарттар жасаған кезде әйелдерге, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға негізгі құқықтар мен кепілдіктерді көздейді.
5.1. Кәсіптік қатерлер мен еңбекті қорғауды басқарудың кешенді әдістерін басқару жүйесін енгізуді қамтамасыз ететін заңнаманы, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қауіпсіз техника және технологияларды енгізу мақсатында еңбек жағдайлары сараптамасының рөлін арттыруды жетілдіру мәселелеріне қатысады.
5.2. Еңбекті қорғауға, өндірістік жарақаттарды және кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын қаржыландыру жөнінде шаралар қабылдайды.
5.3. Кәсіподақ тарапынан қоғамдық инспектордың қатысуымен, өндірістік жарақаттану салдарынан өлім-жітімді азайту және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту шараларын іске асыруды қамтамасыз етеді.
5.4. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтайды және оны іске асыруға ықпал етеді.
5.5. ХЕҰ-ның АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы бойынша (№ 200) ұсынымдарын жылжыту шараларын қабылдайды.
5.6. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, еңбекті қорғау жөнінде қызметкерлерді кешенді даярлауды жетілдіреді.
5.7. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіреді.
6.1. Тараптардың мүдделерін келісудегі Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) рөлін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру және:
әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұдайы консультациялар жүргізуді;
әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және талқылауға Комиссияның қатысуына қатысты және олармен байланысты экономикалық қатынастарды, Комиссияның олар бойынша пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын орындауды қамтамасыз етеді.
6.2. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеудің құқықтық базасын жетілдіруге және ұжымдық еңбек дауларын шешудің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастырады.
6.3. Мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету:
салалық, өңірлік деңгейлерде консультациялар, мониторинг және келісімдер жасау тәжірибесіне талдау жүргізу, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік органдарының жұмыс тәжірибесін және комиссия отырыстарында талдау нәтижелерін қарайды;
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік әріптестік жүйесін және оның салалық және өңірлік деңгейлердегі институттарын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі үш жақты комиссиялардың халықаралық тәжірибесін зерттейді және таратады.
6.4. Халықаралық еңбек ұйымының «Қауымдастықтардың бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы» № 87, «Кәсіпорындардағы еңбекшілер өкілдерінің құқықтарын қорғау және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы» № 135 конвенцияларына сәйкес ұйымдарда қызметкерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
6.5. Ауданда кәсіпорындармен мекемелерде ұжымдық- келісімдік қатынас орнатуына ықпал етеді.
6.6. Тараптар:
өздеріне байланысты ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың барлық шараларын қабылдауға;
жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің бар тәжірибесін зерттеу және еңбек дауларын болдырмау рәсімдерін жетілдіру, қолданыстағылардың тиімділігін және қол жетімділігін арттыру және жаңа дамыту тетіктерін және оларды шешудің нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында ымыраға қол жеткізу жөнінде бірлескен оқыту тренингтерін өткізуге міндеттенеді.
6.7. Тараптар:
жұмыс берушілер бірлестіктерінің бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы бастамаларын одан әрі дамыту, ұйымдардың әлеуметтік (қаржылық емес) есептерді дайындау тәжірибесін, Халықаралық стандарттау ұйымы қабылдаған Халықаралық әлеуметтік жауапкершілік стандартын тарату қажеттігін қолдауға;
БАҚ-тармен бизнестің әлеуметтік инвестицияларына және табысты әлеуметтік әріптестік үлгілеріне қатысты қоғамдық пікірін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға;
қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараларды қабылдауға міндеттенеді.
6.8. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізуге, конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қарау нәтижелеріне, сондай-ақ оның лауреаттарын айқындау және марапаттауға қатысты материалдарды қарау жұмыстарына қатысуды қамтамасыз етеді.
6.9. Заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормалар мен кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері бір-бірінің қызметіне араласпау туралы қағидаларды сақтауы, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер ұйымдарын құруға және жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді.
Тараптар Келісімді Қазақстан Республикасының 2013 − 2015 жылдарға арналған келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу бойынша басым бағыттар мен қажетті іс-қимылдарды белгілейтін, әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде таниды.
7.1. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
7.2. Келісім келіссөздер және салалық (салааралық) келісімдер жасау, облыстық, аумақтық (қалалық, аудандық) келісімдер және ұйымдарда ұжымдық шарттар жасау үшін негіз болады.
7.3. Келісім бойынша Тараптардың міндеттемелері және Комиссия ұсынымдары (шешімдері) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық), салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасаған кезде ескерілуге тиіс.
7.4. Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері ұжымдық шарттар жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды тиісті жылдың наурыз айынан кешіктірмей қабылдайтын болады.
7.5. Осы Келісімнің қолдану кезеңінде және міндеттемелерін орындаған жағдайда Келісімге қол қойған қызметкерлердің республикалық бірлестіктері Тараптар арасындағы даулы жағдайларды тиісті деңгейлерде және Комиссияда алдын-ала қарамай және шешпей наразылық акцияларын өткізбейді.
7.6. Тараптар нақты орындау мерзімі мен орындауға жауапты Комиссия мүшелерін көрсете отырып, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
7.7. Комиссия ұсынымдары (шешімдері) осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.
7.8. Бас келісімнің орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссия туралы ережеге және Бас келісімді әзірлеу және жасау жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
7.9. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Комиссия жыл сайын Келісім ережелерінің орындалу барысын қарайды.
7.10. Аудандық үш жақты комиссияның қызметін және Келісімнің іске асырылу барысын жариялау мақсатында Тараптар ауданда әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына ұдайы жариялап отыруды және өздерінің веб-сайттарына материалдарды енгізуді қамтамасыз етеді.
7.11. Осы Келісім қол қойған күннен бастап күшіне енеді және жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады.
7.12. Тараптар Келісімде көрсетілген өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7.13. Келісімнің мәтіні екі апта мерзімде, қол қойылған күннен бастап «Жұлдыз-Звезда» Алға аудандық газеті басылымдарында жарияланады.
7.14. Аудан әкімдігі келісімді жариялағаннан кейін Келісім жасауға қатыспаған жұмыс берушілер бірлестіктеріне, жұмыс берушілерге, жұмысшылар бірлестіктеріне қосылу туралы ұсыныс ресми түрде жасайды.
Осы ұсыныс ресми түрде жариялануы тисті, оны аудан әкімдігі қамтамасыз етеді.
7.15. Егер жұмыс берушілер бірлестіктері, жұмыс берушілер, жұмысшылар бірлестіктері келісімге қосылу туралы ұсыныс жарияланған күннен бастап 30 күнтізбе күн ішінде әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi аудандық үшжақты комиссияның үйлестірушісіне («Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) оған қосылу туралы жазбаша түрде дәлелді қарсылық көрсетпесе, онда ұсыныс оларға ресми түрде жарияланған күннен бастап таратылды деп есептеледі.
7.16. Дәлелді бас тартуды 7.15 тармағына сәйкес ұсынбаған жағдайда, аудандық келісім меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің барлығына қолданылады.
2013 жылғы 1 наурызда Алға қаласында 4 данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір-бір данасы бар.
Осы Келісімге қол қойды:
Алға ауданы әкімдігінен:
Аудан әкімі
Білім,ғылым қызметкерлері кәсіподағының
төрайымы
Р. ЕРКУСИМОВА _______________________
Жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктерінен:
«Алға аудандық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер
Атқарушы билiк мүддесiн көздейтiн аудан әкiмдігі, қызметкерлердiң мүддесiн көздейтiн аудандық кәсiподақтар кеңесi және кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлердiң мүдделерін көздейтiн «Алға
25 12 2014
1 стр.
Көздейтiн облыстық кәсiподақтар кеңесi және кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлердiң мүдделерін көздейтiн «Ақтөбе облысының кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлер одағы» қоғамдық бiрлестiгi жән
17 12 2014
1 стр.
16 12 2014
6 стр.
Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және Алматының өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер Одағы арасындағы 2008 2010 жылдарға
25 12 2014
1 стр.
Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихаттың «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77
25 12 2014
1 стр.
Республикасы дамыту болжамын және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2011-2015 жылдарға арналған макроэкономикалық
15 10 2014
1 стр.
Аудандық «Арай» мәдениет үйі жанында 3 «халықтық» атағы бар ұжым жұмыс жасайды
17 12 2014
1 стр.
Орғау министрлігі атынан Министр Г. Н. Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атынан А. С. Таспихов, Қазақстан Республикасының Мұнай
04 09 2014
1 стр.