Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
1

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы

14 ақпандағы №40

қаулысымен бекітілген



«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1.Жалпы ережелер

     


1. Осы «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы  2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес жасалған.

2. «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi (бұдан әрi – уәкілетті орган).

Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі) тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды және уәкілетті органға жібереді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет орталығы (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету түрi: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - Стандарт).

5. Мемлекеттік қызмет тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің, орталықтың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Клышев көшесі 91, [email protected], телефоны: 8(71137)33147.

Селолық округ әкімі аппараттарының мекен-жайлары осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

Орталықтың мекен-жайі: Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Тайманов көшесі 95, телефоны: 8(71137)34420.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не мемлекеттік қызметінен бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) Тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

уәкілетті органда – он жұмыс күн ішінде;

тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне – он бес жұмыс күні ішінде;

орталықта – он жұмыс күні ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді);

тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты (талон алғанға дейін) – 30 минуттан аспайды;

тұтынушыға өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызметіне жол берілетін ең көп уақыты – 30 минут.

9. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

10. Уәкілетті орган мен селолық округтер әкімдері аппараттарының жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерiн қоспағанда күн сайын, сағат 9-00 -ден бастап 18-30-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00-ден бастап 14-30-ге дейiн.

2

Орталықтың жұмыс кестесі демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскi үзiлiс сағат 13-00-ден бастап 14-00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.



11. Мемлекеттік қызмет:

тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызметі үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайында;

залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызметі үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.

Уәкілетті органның, селолық округ әкімінің және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.

13. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:

уәкілетті органда немесе селолық округтің әкімінде – тұтынушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;

орталықта:

өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні;

сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған жауапты инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) селолық округ әкімі;

2) орталық инспекторы;

3) уәкілетті органның қызметкері;

4) уәкілетті органның бастығы.

16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 3-қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі


18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.     

3

«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентінің

1-қосымшасы

     
Шыңғырлау ауданы бойынша селолық округтер әкімі аппараттарының тiзбесі


Р/с №

Шыңғырлау ауданындағы селолық округ әкімі аппараттарының атаулары

Орналасқан мекен - жайы

Байланыс деректерi

1.

«Шыңғырлау селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы Тайманов көшесі 90а

871137-33-750

871137-34-245



2.

«Белогор селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091205, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Белогор ауылы Садовая көшесі 102

871137-25-103

871137-25-156



3.

«Полтава селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091208, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Полтава ауылы Жастар көшесі 12

871137-25-310

871137-25-340



4.

«Алмаз селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091202, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылы Рахимова көшесі 69

871137-51-475

871137-51-702



5.

«Лубен селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091206, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Лубен ауылы Мұхамбетов көшесі 52

871137-23-233

871137-51-294



6.

«Қарағаш селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091207, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылы Абай көшесі 18

871137-51-574

871137-51-579



7.

«Ақбұлақ селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091210, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылы Сагирбаев көшесі 230

871137-33-790

871137-33-860



8.

«Қызылкөл селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы Клышев көшесі 87а

871137-33-790

871137-33-262



9.

«Ащысай селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091204, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылы Бейбітшілік көшесі 22

871137-25-544

871137-50-600





«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына

отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау»

мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша
ҚФБ әс-әрекетін сипаттау


іс -әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1

Селолық округінің әкімі

ҚФБ-2

Орталық инспекторы



ҚФБ -3

Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ -4

Уәкілетті органның бастығы

1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды

тексереді, тіркейді және талон береді.


1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды

тексереді, тіркейді және қолхат береді.


1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және талон береді.


1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметтің қорытындыларына қол қою және уәкілетті органның маманына жіберу



2 іс-әрекет

Құжаттарды уәкілетті

органға жібереді


2 іс-әрекет

Құжаттарды уәкілетті

органға жібереді

2 іс-әрекет

Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның бастығына жіберу және дайындау

3 іс-әрекет

Тұтынушыға уәкілетті органнан алынған хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді


3 іс-әрекет

Тұтынушыға уәкілетті алынған хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді



3 іс-әрекет

Тұтынушыға хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты беру


Орындау мерзімі уәкілетті орган – он жұмыс күн ішінде;

тұрғылықты жері бойынша селолық округ әкім – он бес жұмыс күні ішінде;

орталықта – он жұмыс күні ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет мерзіміне

кірмейді);





«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3 қосымшасы
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба
Уәкілетті орган мен селолық округ әкіміне жолыққанда


Орталыққа жолыққанда


2013 жылғы 14 ақпандағы №23 аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

99.08kb.

17 12 2014
1 стр.


Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №40

Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27

109.6kb.

17 12 2014
1 стр.


Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №40

«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

108.58kb.

17 12 2014
1 стр.


Ақтөбе облысы әкімдігінің 31. 01. 2013 жылғы №15 қаулысы 27. 02. 2013 жылы әділет департаментінде тіркелген Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 ақпандағы

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2000

502.79kb.

25 12 2014
2 стр.


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 наурыздағы №61 қаулысы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2887 шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № дмб-2-351

125.23kb.

17 12 2014
1 стр.


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 наурыздағы №59 қаулысы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 ақпандағы №10/112-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2887 шешіміне сәйкес Шығыс Қ

39.84kb.

17 12 2014
1 стр.


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 наурыздағы №58 қаулысы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 ақпандағы №10/112-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2887 шешіміне сәйкес Шығыс Қ

33.45kb.

17 12 2014
1 стр.


Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы

Осы «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1

88.3kb.

25 12 2014
1 стр.