Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік) басқармасының
төртінші отырысының
ХАТТАМАСЫ
2011 жылғы «____» __________ № _______
Өткізілген орны: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) мәжіліс залы (Астана қаласы, Министрліктер үйі, № 4 кіреберіс).
Өткізілген күні және уақыты: 2011 жылғы 17 наурыз, сағат 12.00.
Отырысқа қатысқандар: тізім бойынша.
Күн тәртібі:
1. Агенттікке экономикалық шоғырлануға келіп түскен өтінішхаттар бойынша қорытындыларды қарау туралы:
1) «DIGITAL TV» ЖШС;
2) «Нирсия» ЖШС;
3) «ЭПК-forfait» («ЭПК-форфайт») ЖШС;
4) «БӨ ҚазМұнайГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы Cooperative KMG EP U.A.;
5) «Қамқор Вагон» ЖШС;
6) HARAD OPERATION UK LIMITED компаниясы.
2. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша қорытындыларды бекіту туралы:
-
«АтырауЭнергосату» ЖШС;
-
«ХазарИнформ» ЖШС;
-
«Тарлан Сервис плюс» ЖШС;
-
«Нижфарм - Қазақстан» еншілес ұйымы» ЖШС;
-
«Теплотранзит Караганда» ЖШС;
-
«KOST impex» ЖШС;
-
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің Қостанай қаласы әкімдігінің «Тазалық-2000» МКК;
-
«Қазмұнайгаз өнімдері» АҚ;
-
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС.
3. «Адал» АӨК» АҚ, «Компания ФудМастер-Трэйд» ЖШС, «Компания ФудМастер» АҚ, «Вимм-Билль-Данн-ЦА-Алматы» ЖШС, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «АГРОПРОДУКТ АЗИЯ» ЖШС, «Danone Berkut» ЖШС, «Raimbek Agro» ЖШС-ға
қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу жүргізу мерзімін ұзарту туралы.
4. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтату туралы «Danone Berkut» ЖШС-ның өтінішін қарау туралы
5. Әр түрлі мәселелер
Монополияға қарсы орган басқармасының 5-ші отырысын өткізу күні туралы
I. Агенттікке экономикалық шоғырлануға келіп түскен өтінішхаттарды қарау туралы
(Есенбаев, Тұрғанов, Парсегов, Әбсаттарова)
1. Тауар нарықтарының мониторингі және талдау департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. Мынадай заңды және жеке тұлғалардың:
1) «DIGITAL TV» ЖШС Жезқазған қаласында кабельдік теледидар желілері бойынша телевизия бағдарламаларын қайта тарату және деректер беру нарықтарында үстем жағдайды теріс пайдалануға жол бермеген жағдайда, «PERSON» ЖШC-ның негізгі өндірістік құрал-жабдықтарын және (немесе) материалдық емес активтерін сатып алу бойынша «DIGITAL TV» ЖШС-ның;
2) Бәсекелестікті шектеуге жол бермеген жағдайда, «Теллири» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 99,99 %-ын сатып алу бойынша «Нирсия» ЖШС-ның;
3) Электр энергиясын сату нарығында бәсекелестікті шектеуге жол бермеген, электр желілеріне еркін қол жеткізген, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген баға белгілеу тәртібін сақтаған жағдайда, «Межрегионэнерготранзит» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ын сатып алу бойынша «ЭПК-forfait» («ЭПК-форфайт») ЖШС-ның;
4) Бәсекелестікті шектеуге жол бермеген жағдайда, Ural Group Limited-тің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ын сатып алу бойынша «БӨ ҚазМұнайГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы Cooperative KMG EP U.A.-ның;
5) «Қамқор Вагон» ЖШС және онымен бір тұлғалар тобына кіретін тұлғалар тарапынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттерге, оның ішінде жылжымалы құрамды жөндеу нарығында үстем жағдайын теріс пайдалануға жол берілмеген жағдайда, «Алматы ВКМ Сервис» ЖШС-дан қатысу үлесінің 100 %-ын сатып алу бойынша «Қамқор Вагон» ЖШС-ның өтінішхаттары бойынша экономикалық шоғырлануға келісім берілсін.
3. «Қамқор Менеджмент» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 40 %-ын, «MAXX Management» ЖШС, «MCM Consulting» ЖШС, «Mercury HLG Holding» ЖШС-дағы қатысу үлестерінің 100 %-ын сатып алу бойынша HARAD OPERATION UK LIMITED компаниясының өтінішхаты қосымша зерделенсін.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Қ.Қ. Нұрпейісов - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
II. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша қорытындыларды бекіту туралы
________________________________________________________________
(Есенбаев, Тұрғанов, Құсайынов, Парсегов, Нұрпейісов, Хатиев)
1. Тергеу департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша:
1) «АтырауЭнергосату» ЖШС-ның лауазымды тұлғасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
2) «ХазарИнформ» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
3) «Тарлан Сервис плюс» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
4) «Нижфарм - Қазақстан» еншілес ұйымы» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
5) «Теплотранзит Караганда» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
6) «KOST impex» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
7) «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің Қостанай қаласы әкімдігінің «Тазалық-2000» МКК-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
8) «Қазмұнайгаз өнімдері» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
9) «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша қорытындылар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне және «ҚазМұнайгаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ға «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС мен «Қазмұнайгаз өнімдері» АҚ-ның іс-әрекеттерінде анықталған бұзушылықтарға қатысты хат жіберілсін.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Қ.Қ. Нұрпейісов - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
III. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу
мерзімдерін ұзарту туралы
(Есенбаев, Парсегов, Хатиев)
1. Тергеу департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. «Адал» АӨК» АҚ, «Компания ФудМастер-Трэйд» ЖШС, «Компания ФудМастер» АҚ, «Вимм-Билль-Данн-ЦА-Алматы» ЖШС, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «АГРОПРОДУКТ АЗИЯ» ЖШС, «Danone Berkut» ЖШС, «Raimbek Agro» ЖШС-ға қатысты тергеу мерзімі екі айға дейін ұзартылсын.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Қ.Қ. Нұрпейісов - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
VI. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтату туралы «Danone Berkut» ЖШС-ның өтінішін қарау туралы
________________________________________________________________
(Есенбаев, Парсегов, Хатиев
1. Тергеу департаменті директорының ақпараты назарға алынсын.
2. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері туралы қорытындыға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтату туралы «Danone Berkut» ЖШС-ның өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Қ.Қ. Нұрпейісов - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
V. Әр түрлі мәселелер
________________________________________________________________
(Есенбаев, Тұрғанов, Нұрпейісов, Парсегов)
Монополияға қарсы орган басқармасының кезекті отырысын өткізу күні 2011 жылғы сәуір айы болып айқындалсын.
Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша:
М.Т. Есенбаев - жақтап;
Қ.Қ. Нұрпейісов - жақтап;
Б.А. Парсегов - жақтап;
М.Ә. Құсайынов - жақтап;
Д.Н. Тұрғанов - жақтап дауыс берді.
Басқарма төрағасы,
Агенттік Төрағасы __________________ М. Есенбаев
Басқарма мүшелері _________________ Қ. Нұрпейісов
_________________ Б. Парсегов
_________________ М. Құсайынов
_________________ Д. Тұрғанов
Басқарма хатшысы _________________ Ә. Асаубаева