Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрлігі
2012 жылғы «24» қазандағы
№ 295
Астана қаласы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
2012 жылғы «10» тамыздағы
№ 366
Астана қаласы
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
2012 жылғы «01» қарашадағы
№ 102 н/қ
Астана қаласы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Баланың құқықтарын қорғау
саласындағы жеке кәсіпкерлік
аясындағы тексерілетін субъектілерді
тексеру мәселелері жөніндегі
міндетті ведомстволық есептіліктің
нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 14-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысаны бекітілсін.
2. «Білім беруді басқару органдары мен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды тексеру бойынша міндетті ведомстволық статистикалық есеп беру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 наурыздағы №102, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 11 наурыздағы №130 және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2010 жылғы 17 наурыздағы №58 н/қ бірлескен бұйрығы жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін;
2) осы бірлескен бұйрықты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен өңірлік органдарының, облыстардың, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының назарына жеткізсін;
3) ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне және есептік жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай жүргізілген тексерулер және олардың қорытындылары туралы ведомстволық есептіліктің жиынтық, сондай-ақ облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бөлінісіндегі деректерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жарияласын.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органның бірі неғұрлым кеш қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақтан Республикасының
Білім және ғылым министрінің Экономикалық даму және
міндетін атқарушы сауда министрі
_______________ М. Орынханов ______________ Е. Досаев
2012 жылғы «____»_________ 2012 жылғы «___» ________
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің
төрайымы
_________________С. Айтпаева
2012 жылғы «____» ___________