Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Филолгия және журналистика институты

Қазақ филологиясы кафедрасы


ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ пәні бойынша

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ мамандығына арналған

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Өскемен, 2005


Құрастырған Қ.С.Дүсіпбаева ОӘК қазақ филологиясы

доцент, ф.ғ.к кафедрасы мәжілісінде

талқыланды.

2Хаттама «2»ақпан 2005ж.

ОӘК Филология және

журналистика институтының

кеңесінде мақұлданды

№3Хаттама «7» ақпан 2005ж.

ОӘК-ді баспаға әдістемелік

бөлім ұсынған

« » ақпан 2005ж.

Аннотация «Тіл біліміне кіріспе» пәнінің оқу бағдарламасы мен тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері, оның ғылыми негіздері мен құрылымдық жүйелері толық, әрі қысқа түрде баяндалған. Тіл білімінің басты-басты қағидалары мен тұжырымдары дүниежүзі тілдерінің негізінде сөз етіледі және олардың бәрі тіл білімінің соңғы кездердегі қол жеткізген жетістіктерімен ұштастырылады.

ОӘК қазақ тілі мен әдебиетінде оқитын студенттерге арналған.




Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешен. / Құрас.Қ.С.Дүсіпбаева. -Өскемен: ШҚМУ баспасы,2005. -45 б.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2005


ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)
1.Жалпы түсінік:

1.1 Пәннің аты Тіл біліміне кіріспе

1.2 Қазақ филологиясы кафедрасы

1.3 Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы

1.4 Ақпараттық қатынас: тел., кафедрада болуы, электрондық мекен-жайы: .25-23-07 кафедра;

1.5 Сабақ өткізетін орны мен уақыты №9 ғимарат,сабақ кестесі бойынша.

1.6 Кредит саны 2

1.7 Оқу жоспарынан көшірме



Курс

Семе

стр


Кре

дит


Дәріс

Семи

нар


ОСӨЖ

СӨЖ

Бар

лы

ғы



Бақы

лау түрі


1

1

2

15

15

30

30

90

Емти

хан


1.8 Курстың алғы шарттары

Бұл курсты меңгермес бұрын студенттің тіл білімі туралы яғни тіл білімінің салалары фонетика, лексика, морфология, синтаксис туралы мағлұматтары болып, конспект, реферат, пікір жаза білу, әдебиеттермен жұмыс істей алу дағдысы болуы керек, сондай-ақ, тест әдістерін білуі шарт.

1.9 Постпреквизиттері

Бұл пәнде алынған білім қазіргі қазақ тілінің салалары фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксисті жалпы тіл білімімен байланысты пәндерді оқу барысында пайдаланылады..



2. Курстың қысқаша сипаттамасы:

2.1 Курстың мақсаты

Студенттерді тіл білімінің негізгі ұғымдарымен, терминдерімен таныстырып, оның басты – басты теориялық мәселелерінен хабардар ету .

Дәрістің мақсаты – тіл білімінің негізгі тұжырымдары мен топшылауларын ,соңғы зерттеулердің нәтижелерін , тіл біліміндегі бағыттар мен тілдің онтологиясын баяндап беру .

Семинар сабақтарының мақсаты – дәрісте алған білімдерін бекітіп, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру .



2.2Курстың міндеті

Мамандарды даярлаудың талаптарына сәйкес, тыңдаушы пәнді оқуда мынандай дағдыларды қалыптастыруы керек :

-тіл теориясын меңгеру;

- тіл терминдерін білу;

- тіл философиясын білу;

2.3 Курстың мазмұны

Тіл біліміне кіріспе пәні – жоғары оқу орындарының филология мамандығында өтілетін теориялық пән. Пәннің негізгі мақсаты мен міндеті тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдерін қарастырып, оның басты- басты теориялық мәселелерін баяндап беру. Тіл білімінің зерттеу нысаны мен тілдің анықтамасы; тілдің шығуы мен даму; тіл мен ойлау; тілдің құрылымдық, жүйелілік сипаты, тілдің қызиеттері; тілдердің жіктелуі; жазудың шығуы мен дамуы қарастырылады.



3. Пән бойынша орындалатын және өткізілетін тапсырмалардың кестесі



Жұмыс

тың түрі


Тапсырма ның мазмұны

мен


мақсаты

Ұсы

ны латын әдеб.



Орын

далу уақыт көлемі



Балда

ры (рей


тинг-шкала бой.

П.3.7,3.8.)



Бақы лау тү

рі


Өт

кізетін уа

қы

ты


1

2

3

4

5

6

7

8

1

Бақы

лау жұмы


сы

1-модуль бойынша студенттердің білімін жүйелеу және бақылау.

1,2,6.

2 апта




тест

7-ап

та

2


Коллок

виум


Лингвист ғалымдарының еңбектерін білу және ғылыми әдебиеттер жұмыс істеуге баулу.

1,2,6,3.

3 апта




Рефе

рат


9-ап

та


3

Ғылы

ми жоба


Теориялық білімін бекіту және өзіндік пікір қалыптастыру.

1,2,5,6.

5апта




Баян

дама


13-ап

та


4

Бақылау жұмысы

2-модуль бойынша студенттердің білімін жүйелеу және бақылау.

1,2,3,4,5,6.

2 апта




тест

15-ап та

3.6 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002.

  2. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М.,1996

  3. Дүсіпбаева Қ. Тіл біліміне кіріспе. Өскемен,2004

  4. Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

  5. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

  6. Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002

ҚОСЫМША ӘДЕБИТТЕР

  1. 1.Абаев В.И.. О языковом субстрате. -Алматы,1956

  2. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы А.,1996

  3. Аманжолов С., Әбілқаев АҰйықбаев., И.. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы,1957

  4. Андреев И. Д.. Наука и общественный прогресс . –М,1972

  5. Аханов К..Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы .Қазақстан мектебі. 1964,№8

  6. Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясы негіздері . –Алматы.,2002

  7. Байтұрсынов А. Тіл тарихы А.,1992

  8. Байтұрсынов А.. Тіл тағлымы. –Алматы,1991

  9. Балақаев М.,.Сыздықов Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы – Алматы: Мектеп, 1968

  10. Бейсенбаева Қ.. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы . - Алматы: РБЖ, 1995.

  11. Бияров Б.. Өр Алтайдың жер-су аттары /Б.Бияров. - Алматы, 2002

  12. Болғанбаев Ә.. Қазақ тілінің лексикологиясы /Ә.Болғанбаев. - Алматы, 1988

  13. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А.,1998

  14. Будагов Р.А.. Система языка в связи с разграничением его истории и современного состояния. –М.,1958

  15. Вопросы языкознание. №1, Б

  16. Головин Б. Н. Введение в языкознание. М.,1973,1977,1980

  17. Гумбольдт В.Фон. Труды по язкознанию. - Москва: «Прогресс», 1984

  18. Жақиев Б.,Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1961

  19. Жұбанов Қ.. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . –Алматы,1966

  20. Исаев С.. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар - Алматы, 1992

  21. Кеңесбаев І., Мұсабеков.Қазіргі қазақ тілі: фонетика, лексика . - Алматы,1985

  22. Қазақ тілінің грамматикасы А.,2001

  23. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. Синтаксис. - Алматы, 1967.

  24. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. - Алматы, 1959

  25. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселесі. А.,1998

  26. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе -Алматы: Қазақ университеті, 1992

  27. Қашқари М.. Түрік сөздігі - Алматы,1998

  28. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу даму кезеңдері. А.,1989 Т.Қордабаев. Тарихи синтаксис мәселелері. А., 1969

  29. Леонтьев А.Н. Языкознание и психология .-М.,1966

  30. Лингвистикалық география. А.,1968

  31. Малбақов. М.Қазақ сөздіктері /М.Малбақов. - Алматы, 1995

  32. Марр Н... Язык и мышление. – Ленинград, 1991

  33. Материалы к конференции «Язык как языковая система особого рода». - Москва,1967

  34. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А.,1993

  35. Мышление и язык/Сб. М.,1957

  36. Павлов И.П.. Физиология высшей древней деятельности. - Москва-Ленинград, 1951

  37. Реформатский. Агглютинация и фузия как две тенденции граматического строенияслова - Москва-Ленинград: Наука, 1980.

  38. Сайранбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1991

  39. Сайранбаев Т.Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. А., 1981

  40. Салқынбай А., Абақан Е Лингвистикалық терминдер сөздік. –Алматы: Сөздік- Словарь,1998.-304б

  41. Семиотика и восточные языки. - Москва, 1967

  42. Соссюр Ф. де Курс общего языкознание. М.,1933

  43. Томанов М. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1987

  44. Төлеуов Ә.. Сөз таптары - Алматы, 1982

  45. Уәлиұлы Н.. Фразеология және тілдік норма /Н.Уәлиұлы. - Алматы, 1998

  46. Хасанов Б. Языки народов Казахстсна и их взаимодействие. А.,1970

  47. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А.,1990

  48. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. А.,1985

  49. Шендельс Е.М. Связь языкознание с другими науками. М.,1962

  50. Ысқақов А.. Қазіргі қазақ тілі . - Алматы, 1991

  51. Энгельс Ф.. Анти- Дюринг, Қазақша басылуы.-Алматы,1957

  52. Ярцев В.Н.. Теория субстрата в истории языкознания. –« Доклады и сообщения Института языкознания» вып. 9.1956

3.7 Рейтинг-шкала

Бақылау түрі

Балдары

Ағымдық (дәріс, семинар,СОӨЖ,СӨЖ реферат)

40

Аралық (коллоквиум, бақылау жұмысы)

20

Қорытынды

40

Барлығы

100

3.8 Әр түрлі жұмыс түрлерін бағалау шкаласы:

1. Дәріс – 5 бал ( дәріске қатысу-2, конспектілеу-1, өзіндік ойын айту-2)

2. Семинар сабақтары – 5 бал (семинар жауптарын жазып келу-2, айту-2, пысықтау сұрақтарын қою-1)

3. Ғылыми жоба – 5 бал (СӨЖ бойынша)

4. Конспект – 5 бал(СӨЖ бойынша)

5. Қысқа тест – 5 бал

6. Бақылау жұмысы – 15 бал

7. Реферат – 10 бал (жазу-5, безендіру-1,қорғау-4)



8. Үй тапсырмасы – 10 бал

Барлығы: 60 бал

4.Курстың саясаты

  • сабаққа кешікпеу;

  • сабақта ұялы телефонды өшіріп қою;

  • босатқан сабақтарды өтеу;

  • уақытында орындалмаған тапсырмалар үшін қорытынды бақылаудың бағасы кемітіледі;

  • оқу үрдісіне белсенді араласу;

  • дебат сабақтарға қатысу міндетті;

  • әр сабаққа дайындалу міндетті;

  • емтиханда көшіруге тиым салынады;

  • крустастары мен оқытушыларға тілеулес болу;

  • студенттің ар кодексін сақтау;

  • кітапханаға міндетті түрде бару;

  • сабақтан сұранғанда пән оқытушысына міндетті түрде ескерту;

  • емтиханға қатыспауы 0 балға саналады;

2.ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1Курстың тақырыптық жоспары

Тақырыптың аты













Дәріс

Семи

нар

ОСӨЖ

СӨЖ

Тіл білімі туралы жалпы түсінік

1

1

2

2

Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны . Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні

2

2

4

4

Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі Тіл мен ойлау

2

2

4

4

Тілдің таңбалық , құрылымдық және жүйелік сипаты . Синхрония және диахрония .

1

2

3

3

Тілдің дыбыстық жүйесі Фонология туралы жалпы түсінік .

1

1

3

3

Тілдің лексика жүйесі мен құрамы

1

1

2

2

Грамматикалық ұғымдар .

1

1

3

1

Грамматиканың салалары .Морфология, синтаксис.

2


2


2


2


Тілдің дамуы .

Тілдердің өзара әсері



2


2


3


3


Жазу және оның даму кезеңдері.

1

1

2

4

Дүние жүзі тілдері және оларға

классификация



1

1

2

2

Қорытынды

15

15

30

30

2.2 Дәріс сабақтарының тезис түрі

1-ДӘРІС

Тақырыбы: Тіл білімі туралы жалпы түсінік

Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.

Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.

Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.

Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінң пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды.

Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.



Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі:4,14,33,51

2 –ДӘРІС

Тақырыбы: тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны

Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары .Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.

Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.

Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.

Тіл білімінің теориялық мәні – тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категорилар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым қатынасы анықталады.Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар жасалады. Сол қорытындылар мен топшылаулардың негізін оқулықтар жазылып, сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық жағы дегеніміз осы.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 3,4,5, 29, 30,36, 45,48,49.

3 –ДӘРІС

Тақырыбы: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі

Тілді биологиялық құбылыс деп қарағандар: Франц Бопп, А.Шлейхер. Олардың пайымдауынша құдай жаратқан. Демек олар «тілді туады, өседі, өледі» деп санайды. Бұл дұрыс емес. Себебі тіл бір ұрпақтан екіші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніпп отыратын құбылыс.Сонымен қатар кейбір ғалымдар тілді психологиялық құбылыстарға жатқызады.Ол «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады.», - деген түсінік туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да дұрыс емес.Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауыда ғана дамиды. Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл , тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.

Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу – коммуникативті, ойды жарыққа шығару қызметі – экспрессивті, адамның көңі-күйді білдіруі – эмоционалды, таным құралы болуы - когнитивті,белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы - номинативті және т.б.

Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да адамға тән құбылыс. Біріншіден, тіл де , ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де , ойлау да – қоғамдық құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде туып, бірге дамып келеді.Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар.(Ф.Шлейермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас жақын құбылыстар.(В.фон Гумбольд,Л.Леви-Брюль) Тіл мен ойлаудың ұқсастығы жоқ деп қарастырушылар да болды. Олар ойлауға көңіл бөлмеді.(Ф. Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен ойлау диалектикалық бірлікте.Диалектикалық материалистер тіл мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.



Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі: 4,14,15 ,17, 29,32, 37.


следующая страница>


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»

12466.61kb.

25 12 2014
76 стр.


Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №41/07 қаулысы «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы»

Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын

200.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1743.16kb.

13 10 2014
12 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1838.96kb.

11 10 2014
10 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1652.88kb.

15 10 2014
9 стр.


Ф. 06. 32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1926.73kb.

15 10 2014
13 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
612.2kb.

05 09 2014
3 стр.


Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
202.62kb.

30 09 2014
1 стр.