Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірі 32-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу».
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
«Миссионерлерді және заңды тұлға белгілері жоқ аз діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 13, 166-құжат);
«Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 8-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында, Департаменттердің ақпараттық стенділерінде орналастырылған.
5. Миссионерді тіркеу және қайта тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Куәлік осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде қағаз жеткізгіште ресімделеді.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
тұтынушы осы стандарттың 15-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік отыз күн;
тұтынушы ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін діни сараптама жүргізу кезінде тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Сараптама Департаменттерге сараптама объектісі келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн.
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 40 минуттан аспайды;
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
4) куәлікті алу кезіндегі күту уақыты – 1 сағаттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет күн сайын осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Департаменттердің жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет Департамент ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру есігі бөлек рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсаттама Департаменттің тікелей қызмет көрсетуші лауазымды адамының телефон арқылы берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқық тәртібін сақтау үшін ғимаратта тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары көзделген. Кіреберістің алды мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
11. Тұтынушы (не сенімхат бойынша өкіл) мемлекеттік қызметті алу үшін департаменттерге мынадай құжаттарды:
1) паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесін;
2) миссионерлік қызмет аумағы мен мерзімі көрсетілген өтінішті;
3) діни бірлестік берген діни бірлестіктің атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжатты;
4) миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестіктің Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің және оның жарғысының көшірмелерін;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар миссионер ретінде тіркелу үшін Департаменттерге қосымша мынадай құжаттарды:
миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжатын ұсынады.
Шет мемлекеттер берген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде табыс етіледі.
Тұтынушы көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде паспортын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетеді.
12. Өтініш үлгісі Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz интернет ресурсында және осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген Департаменттердің ақпараттық стенділеріне орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген департаменттерге тапсырылады.
14. Департаменттің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған тұтынушы өтінішінің көшірмесі құжаттар мен заттардың өткізілгендігін растау болып табылады.
15. Тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкілге) куәлік осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайларға жеке өзі келгенде беріледі.
Куәліктің берілуі берілген куәліктер журналында тіркеледі.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі:
1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбау;
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда дұрыс емес мәліметтер ұсыну;
3) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы болып табылады сондай-ақ егер миссионерлік қызмет конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса.
Тіркеуден бас тартылған не тіркеу мерзімі үзілген жағдайда Департамент мамандары өтініш берушіге 16-тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тиісті заңның баптарына сілтеме жасай отырып, 3 жұмыс күні ішінде дәлелді жауапты табыс етеді.
19. Департаменттердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Агенттік басшысының бұйрығымен бекітіледі.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының тиісті Департаментке шағымдануға құқығы бар.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не Департаменттердің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі арқылы қолма-қол беріледі.
23. Шағымды тиісті Департаменттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тіркейді. Шағым беруші адамға өтініштің тіркелген уақыты мен күні, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат беріледі.
Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
1-қосымша
р/с №
|
Атауы |
Мекенжайы |
Телефон нөмірлері |
Электрондық пошта мекенжайы |
Жұмыс кестесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Акмола облыстық Дін істері департаменті |
Көкшетау қ., Сәтпаев көш., 1 «б» |
8-7162-401603 |
akmola@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: Сенбі – жексенбі |
2. |
Актөбе облысының Дін істері департаменті |
Ақтөбе қ., Әбiлқайыр хан даңғ., 40 |
8-7132-52343, 8-7132-46006 |
aktobe@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
3. |
Алматы облысының Дін істері департаменті |
Талдықорған қ., Тәуелсiздiк көш., 38 |
8-7282-270638 |
zhetysu@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
4. |
Атырау облысының Дін істері департаменті |
Атырау қ., Әйтеке би көш., 77 |
8-7122-357464 |
atyrau@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
5. |
Батыс Қазақстан облысының Дін істері департаменті
|
Орал қ., Молдағалиев көш., 19 |
8-7112-506395 |
batys@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
6. |
Жамбыл облысының Дін істері департаменті |
Тараз қ., Достық даңғылы, 1 |
8-7262-438006 |
zhambyl@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
7. |
Қарағанды облысының Дін істері департаменті
|
Қарағанды қ., Бейбiтшiлiк көш., 39 |
8-7212-20752, 8-7212-413410 |
karaganda@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
8. |
Қостанай облысының Дін істері департаменті
|
Қостанай қ., Әл-Фараби көш., 66 |
8-7142-500633 |
kostanay@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
9. |
Қызылорда облысының Дін істері департаменті
|
Қызылорда қ., Жақаев көш., 76 |
8-7242-263874 |
kyzylorda@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
10. |
Маңғыстау облысының Дін істері департаменті
|
Ақтау қ., 14 шағын ауданы, 1 үй |
8-7292-430332 |
mangystau@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
11. |
Оңтүстік Қазақстан облысының Дін істері департаменті |
Шымкент қ., Бейбiтшiлiк көш., 3 |
8-7252-231640 |
ontustik@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
12. |
Павлодар облысының Дін істері департаменті |
Павлодар қ., Жеңiс алаңы, 15 |
8-7182-327325 |
pavlodar@ din.gov.kz |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
13. |
Солтүстік Қазақстан облысының Дін істері департаменті
|
Петропавл қ., Конституция көш., 58 |
8-7152-463025 |
[email protected] |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
14. |
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаменті |
Өскемен қ., М. Горький көш., 40 |
8-7232-55024 |
[email protected] |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
15. |
Астана қаласының Дін істері департаменті |
Астана қ., Бейбiтшiлiк көш., 11 |
8-7172-327421 |
[email protected] |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
16 |
Алматы қаласының Дін істері департаменті |
Алматы қ., Республика алаңы, 4 |
8-727-668603, 8-727-2672366 |
[email protected] |
Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс:13.00-ден 14.00-ге дейін Демалыс: сенбі – жексенбі
|
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
(алғашқы тіркелген күні 20___ж. «___» __________ )
Паспорт: _____________________________________________________________________
Азаматтығы:__________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ (діни сенімі, діни бірлестікке тиесілілігі)
Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі:__________________________________________ _____________________________________________________________________________
Осы куәлік 20___ ж.«___» ________ дейін жарамды.
Орган басшысы Қолы
Мөр
_________________________
3-қосымша
___________________________________________________________ (өтінішті тіркеуші органның атауы және мекенжайы)
Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге)
өтініш
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты: _________________________________________
Орналасқан (тұратын) мекенжайы: _____________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат
(күні, нөмірі, құжатты берген орган)
_____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________
Азаматтығы:__________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ (діни сенімі, діни бірлестікке тиесілілігі)
Миссионерлік қызмет мерзімі: __________________________________________________
Визаның қолданылу мерзімі _____________________________________________________
Қызметті жүзеге асыру аумағы: __________________________________________________
Мен, ____________________________________________________ миссионерлер қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын __________________(қолы).
Өтініш берушінің қолы ____________
Өтініш берілген күн ____________
_________________________
«Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы | |||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) |
|
|
|
2. Сапасы | |||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы(үлесі) |
|
|
|
3. Қолжетімділік | |||
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
3.3. Электрондық форматта ақпарат алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі | |||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы(үлесі) |
|
|
|
5. Сыпайылық | |||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|
|
|
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгеріс енгізу т
25 12 2014
1 стр.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Заңының 11-бабына және «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Р
25 12 2014
3 стр.
«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1
16 12 2014
5 стр.
«Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді
25 12 2014
1 стр.
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер енгіз
25 12 2014
12 стр.
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер енгіз
25 12 2014
2 стр.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
25 12 2014
1 стр.