Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:


      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 304-құжат);
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 414-құжат).

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы          


Үкiметiнiң               
1998 жылғы 21 сәуiрдегi         
N 367 қаулысымен             
бекiтiлген                

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк терминология комиссиясы
(Мемтерминком) туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

     1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады.


      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
      4. Комиссия өз қызметiнде:
      байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану;
      басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану;
      халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады;
      ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады.

2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi

      5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi:


      отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекiту;
      экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң түрлi салалары бойынша комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектiлiгiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тiлiнiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту;
      экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2004.02.20 N 208, 2005.04.01 N 295, 2008.06.11 N 577 Қаулыларымен.

3. Жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi.


      Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады.
      7. Комиссияның хатшысы отырыстың жұмыс жоспарын, күн тәртiбiн жасайды, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарының жүргiзiлуiне жауап бередi.
      7-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Тiл комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. Тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.06.11 N 577 Қаулысымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 N 1113 Қаулысымен.
      8. Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы мүшелердiң санының көпшiлiк даусымен ашық дауыспен қабылданады.
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2004.02.20. N 208 қаулысымен.
      10. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2004.02.20. N 208 қаулысымен.
      11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бередi. 

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
1998 жылғы 21 сәуiрдегi 
N 367 қаулысына      
қосымша         

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2000.10.27 N 1621, 2002.04.03 N 397, 2002.10.09 N 1099, 2003.05.23 N 486, 2004.02.20 N 208, 2005.04.01 N 295, 2006.06.27 N 588, 2007.10.04 N 897, 2008.06.11 N 577, 2008.12.31. N 1338, 2009.11.13 N 1834, 2010.10.26 N 1113 Қаулыларымен.



Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк терминология комиссиясы мүшелерiнiң
ҚҰРАМЫ

Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасының Мәдениет


Мұхтар Абрарұлы            министрi, төраға
 
Төлебаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы          вице-министрi, төрағаның орынбасары

Щегорцова                - Қазақстан Республикасы Мәдениет


Анастасия Геннадьевна      министрлiгi Тiл комитетi төрағасының
                           орынбасары, хатшы

                     Комиссия мүшелерi:

Әбдiрәсiлов              - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Ербол Құралбайұлы          министрлiгi «Л.Н. Гумилев атындағы
                           Еуразия ұлттық университетi»
                           республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
                           профессоры, филология ғылымдарының
                           докторы

Абдрахманов              - "Егемен Қазақстан" республикалық газетi"


Сауытбек                   акционерлiк қоғамының президентi
                           (келiсiм бойынша)

Әбуов                    - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым


Жұмағали Әбуұлы            министрлiгi «Қазақ гуманитарлық заң
                           университетi» республикалық мемлекеттiк
                           кәсiпорнының кафедра меңгерушiсi,
                           филология ғылымдарының докторы,
                           профессор

Айтбайұлы                - "Қазақ тiлi" халықаралық қоғамының


Өмiрзақ                    президентi, Қазақстан Республикасы Ұлттық
                           ғылым академиясының академигi, филология
                           ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша)

Айымбетов                - Қазақстан Республикасының Парламентi


Мәди                       Сенатының Аппараты Редакциялау,
                           аударма және актiлер шығару
                           бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм
                           бойынша)

Әлiсжанов                - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым


Сарқыт Қалымұлы            министрлiгi «Л.Н. Гумилев атындағы
                           Еуразия ұлттық университетi»
                           республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
                           кафедра меңгерушiсi, филология
                           ғылымдарының докторы, профессор

Бейсенбайұлы             - "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық


Жарылқап                   компаниясын акционерлiк қоғамының
                           бас редакторы (келiсiм бойынша)

Ибраим                   - "Ана тiлi" ұлт газетiнiң бас редакторы


Самат Бектенұлы            (келiсiм бойынша)

Кекiлбаев                - Қазақстанның халық жазушысы


Әбiш                       (келiсiм бойынша)

Құрманәлиев              - «Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары


Кәрiмбек Арыстанбекұлы     академиясы» акционерлiк қоғамының
                           вице-президентi, филология ғылымдарының
                           докторы, профессор (келiсiм бойынша)

Құрманбайұлы             - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым


Шерубай                    министрлiгi "А. Байтұрсынов атындағы Тiл
                           бiлiмi институты" республикалық
                           мемлекеттiк кәсiпорнының директоры,
                           профессор, филология ғылымдарының докторы

Омаров                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет


Бауыржан Жұмаханұлы        министрлiгi Тiл комитетiнiң төрағасы

Омашұлы Дәуiтәлi         - Қазақстан Республикасы


                           Парламентiнiң Мәжiлiсi      
                           Аппаратының редакциялау және
                           аударма бөлiмнiң меңгерушiсi
                           (келiсiм бойынша)

Юсуп                     - Қазақстан Республикасы Президентi-


Кеңес Сләмханұлы           нiң Әкiмшiлiгi Баспасөз қызметiнiң
                           бас сарапшысы (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы

Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн

55.89kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы жұмысының бірінші отырысын өткізуге көлікті жалға алуға қызмет көрсетудің баға

Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы жұмысының бірінші отырысын өткізуге көлікті жалға алуға қызмет көрсетудің баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен мем

23.33kb.

12 10 2014
1 стр.


"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту

Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үк

167.62kb.

17 12 2014
1 стр.


"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту

Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үк

209.54kb.

17 12 2014
1 стр.


"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту

Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үк

769.41kb.

14 12 2014
3 стр.


"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту

Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үк

637.29kb.

16 12 2014
2 стр.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттеста

41.94kb.

25 12 2014
1 стр.


Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

Конституциялық заңының 12-бабы 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы №3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комис

194.12kb.

25 12 2014
1 стр.