Источник: ИС ПАРАГРАФ, 03.02.2012 15:35:30
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің 2011 жылы механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне техникалық байқау жүргізуді ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығы
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің 2011 жылы механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне техникалық байқау жүргізуді ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
|
С. Баймағанбетов
|
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
|
Ә. Құсайынов
|
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрінің
2011 жылғы 10 ақпандағы № 62
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің
2011 жылғы 10 ақпандағы № 65
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің 2011 жылы механикалық көлік құралдарына және олардың
тіркемелеріне техникалық байқау жүргізуді ұйымдастыру бойынша өзара
іс-қимыл қағидасы
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің 2011 жылы механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне техникалық байқау жүргізуді ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрілігі Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі -Көліктік бақылау комитеті) мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің (бұдан әрі - Жол полициясы комитеті) 2011 жылы механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне техникалық байқау жүргізуді ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді және «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Көліктік бақылау комитеті техникалық байқаудың өткізілуін қамтамасыз ету үшін куәлік бланкілерін әзірлеу бойынша шараларды қабылдайды.
3. Жол полициясы комитеті жазбаша өтінімін беру арқылы Көліктік бақылау комитетіне техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерін әзірлеу үшін қажетті санды белгілейді.
4. Көліктік бақылау комитеті Жол полициясы комитетіне осы Қағиданың 2-тармағында көзделген куәлік бланкілерін қабылдау-беру актісінің негізінде береді.
5. Қабылдау-беру актісіне Көліктік бақылау комитеті мен Жол полициясы комитетінің бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушылар қол қояды.
6. Жол полициясы комитеті ай сайын 3-не дейінгі мерзімде Көліктік бақылау комитетіне осы Қағиданың 1-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес алынған көлік құралдарының техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерін жұмсау бойынша ақпаратты ұсынады.
7. Көліктік бақылау комитеті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерінің және техникалық байқаудан өткен көлік құралдарының бірыңғай есебін жүргізуді қамтамасыз етеді.
8. Көліктік бақылау комитеті ай сайын 5-не дейінгі мерзімде Жол полициясы комитетіне осы Қағиданың 2-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес міндетті техникалық байқаудан өткен көлік құралдары бойынша ақпаратты ұсынады.
9. Жол полициясы комитеті ағымдағы жылдың 1 наурызға дейінгі мерзімде бағдарламалық қамсыздандыруды, сонымен бірге «Технадзор» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің тиісті нормативтік (регламенттер), техникалық (техникалық тапсырмалар, ерекшеліктер) және пайдалану (нұсқаулықтар және басшылықтар) құжаттаманы қағаз және электронды түрде, маркирленген шағын-дискілерде, қабылдау-өткізу актісі бойынша өткізеді, Көліктік бақылау комитеті қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі Көліктік
бақылау комитеті мен Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол
полициясы комитетінің 2011 жылы
механикалық көлік құралдарына
және олардың тіркемелеріне техникалық
байқау жүргізуді ұйымдастыру
бойынша өзара іс-қимыл қағидасына
1-қосымша
Алынған көлік құралдарының техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерін жұмсау бойынша есеп
Реттік саны №
|
Техникалық байқаудан өткені туралы куәлігін алған АКҚ иесінің аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы
|
Техникалық байқаудан өткен автокөлік маркасы мен мемлекеттік нөмірі
|
Техникалық байқаудан өткен күні
|
Техникалық байқаудан өткені туралы куәлігінің қолданылу мерзімі
|
Техникалық байқаудан өткені туралы куәлігін берген аумақтық жол полициясының; органы
|
Ескертпе
|
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі Көліктік
бақылау комитеті мен Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол
полициясы комитетінің 2011 жылы
механикалық көлік құралдарына
және олардың тіркемелеріне техникалық
байқау жүргізуді ұйымдастыру
бойынша өзара іс-қимыл қағидасына
2-қосымша
Міндетті тежникалық байқаудан өткен көлік құралдары бойынша есеп
Реттік саны №
|
Міндетті техникалық байқаудан өткен АКҚ иесінің аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы
|
Міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік маркасы мен мемлекеттік нөмірі
|
Міндетті техникалық байқаудан өткен күні
|
Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлігінің қолданылу мерзімі
|
Ескертпе
|