Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының

2003 ж. 27 қазандағы № 379 қаулысы

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтердің мынадай түрлерін қоса атқаруға рұқсат етіледі деп айқындалсын:

1) брокерлік және/немесе дилерлік кастодиандық қызметпен, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен, сондай-ақ Ұлттық почта және банктердің операторы үшін трансфер-агенттік қызметпен;

2) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі - трансфер-агенттік қызметпен;

3) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі - брокерлік және/немесе дилерлік қызмет;

4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жинақтаушы зейнетақы қорлары дербес жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен, сондай-ақ брокерлік және/немесе дилерлік қызметпен клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз;

5) кастодиандық - брокерлік және/немесе дилерлік қызмет;

6) депозитарлық - бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметпен.

1-1. ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.09. № 238 қаулысымен 1-1 тармақ алынып тасталды

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 133 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 мамырда № 2302 тіркелген, 2003 жылғы маусымда "Вестник Национального Банка Казахстана" журналының № 11 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының және «Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға, сондай-ақ сауда-саттық ұйымдастырушыға, орталық депозитарийге, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, «Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, «Активтерді Басқарушылар Қауымдастығы» Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.



6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 ж. 27 қазандағы №379 қаулысы

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

26.41kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 17 қаңтардағы n 1 қаулысы

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы

19.64kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы» 2000 жылғы 26 ақпандағы №70 қаулысы

Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері

24.99kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы

Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын қызметке қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

26.9kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан республикасыныңҒ Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы

«Сақтандыру төлемдерiне кепілдiк беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қа

38.3kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы n 341 қаулысы

Кастодиан-банктер орындайтын операциялардың есебін жүргізуді және бақылауды ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді

135.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі №249 қаулысы

Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы

181.95kb.

09 10 2014
1 стр.


2011 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1244 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы №943 қаулысына толықтыру енгізу турал

8.56kb.

25 12 2014
1 стр.