Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық

істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы « »

№ _____ бұйрығымен

бекітілген




Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық саласы мамандарының біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес әзірленді және Біліктіліктердің ұлттық шеңберінің (бұдан әрі - БҰШ) және Біліктіліктердің салалық шеңберінің (бұдан әрі - БСШ) деңгейлеріне сай келетін мамандықтар/кәсіп бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық саласы мамандарының біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру тәртібін реттейді.

2. Қағидалар біліктілік деңгейін жоғарлатуды ұйымдастыру рәсімдерін реттеу, еңбекке ақыны төлеуді саралау арқылы нарықтық қатынастар жағдайында жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық саласы қызметкерлерінің қызмет деңгейін жоғарлатуға, абыройы мен беделін арттыруға, жемісті еңбегі үшін моральдық және материалдық көтермелеу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етуге арналған.

3. Қағидалар Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген шетелдік мамандарға қолданылады. Оның ішінде:

техникалық және кәсіби жоғары білім ұйымдарын, оқу орталықтарын, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын тәмамдаған адамдар;

біліктілігін (біліктілік дәреже/санат) арттырғысы келетін кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметкерлері;

тиісті кәсібі (мамандығы/біліктілігі) бойынша бір жылдан кем емес еңбек стажы бар, өздігінен кәсібін (мамандығын/біліктілігін) игерген адамдар.

4. Қағидалар:

1) мамандық бойынша базалық білім мен құзыреттің (кәсіби біліктілік) БҰШ-тың және БСШ-тың тиісті деңгейлеріне сәйкестігін растау;

2) құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында тиісті лауазымда жұмыс істеу үшін біліктілік (біліктілік дәреже/санат) алуға ниет білдірген тұлғаларға біліктілік беру тәртібін белгілейді.

5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) апелляция – сертификаттаудан өткен үміткердің немесе тұлғаның жазбаша өтініші, онда мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жөніндегі орган қабылдаған шешімді қайта қарау туралы дәлелденген сұрау салынады;

2) біліктілік – білімге, дайындыққа және/немесе жұмыс өтіліне қойылатын талап;

3) біліктілік емтиханы – үміткердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бағалау нысаны, ол сертификат алу үшін қажетті шарт болып табылады;

4) біліктілік сәйкестігін растау – нәтижесінде біліктілік талаптарына, кәсіби қызметтің нақты саласына арналған белгіленген стандартарға сәйкестігі туралы сертификат түрінде құжаттамалық куәлік болып табылатын рәсім;

5) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілік беру сертификаты – нормативтік құқықтық актілермен, стандарттардың немесе өзге құжаттардың ережелерімен белгіленген белгілі талаптарға маманның сәйкес келуін растайтын құжат;

6) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жөніндегі ұйым – мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидалары жөніндегі жұмыстарды (қызметтерді) орындау үшін белгіленген тәртіпте аккредитациядан өткен заңды тұлға;

7) емтихан – үміткердің құзыреттілігі дәрежесін бір немесе бірнеше тәсілдермен, мысалы, жазбаша, ауызша, практикалық, бақылау арқылы, сондай-ақ кәсіптің ерекшеліктерін ескеретін басқа қосымша тәсілдермен анықтайтын бағалаудың бөлігі болып табылатын тетік;

8) емтихан алушы – тиісті қызмет саласында кәсіби білімдері бар, емтихан өткізуге және/немесе бағалауға құқығы бар, жеткілікті практикалық қызмет тәжірибесі бар тұлға;

9) кәсіби дайындықты бағалау – кәсіби қызметтің тиісті түрінің шеңберінде жұмысты орындауға техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілігінің (қабілетінің) сәйкес келу деңгейін анықтау;

10) қайта сертификаттау - біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беретін сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін сертификаттау рәсімін қайта өту;

11) құзырет – маманның білімін және/немесе дағдыларын қолдану барысында көрсеткен қабілеті және қажет болған жағдайда сәйкестікті растау және біліктілік беру үшін көрсеткен жеке қасиеттері;

12) мамандықтардың жіктегіші – жіктегіштің және техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты код берудің бірыңғай жүйесінің құрайтын бөлігі, бұл жерде жіктегіштің объектілері білім беру ұйымдарында мамандарды оқыту және даярлау жүргізіліп жатқан мамандықтар болып табылады;

13) мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру схемасы – тиісті қызмет салаларындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға мамандардың сай келуін анықтау және осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін сипаттай отырып, біліктілігін белгілеу тәсілі;

14) сертификаттау – рәсім, ол арқылы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жөніндегі ұйым тұлға біліктілік және құзыреттілік деңгейіне қойылатын белгілі талаптарға сай екенін белгілейді, тиісті сертификат береді;

15) үміткер – сертификат алу процесіне қатысу үшін барлық алдын ала шарттарды орындаған өтініш беруші.

2-бөлім. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау

және біліктілігін беру тәртібі
6. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растауды және біліктілігін беруді Еңбек кодексінің 138-5-бабына сәйкес бекітілген кәсіби стандарттардың негізінде БҰШ-қа сәйкес келетін БСШ-тың біліктілік деңгейлері бойынша біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру жөніндегі ұйымдар (бұдан әрі - БСРжББҰ) жүзеге асырады.

7. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру ерікті түрде және құрылыс пен құрылыс индустриясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа аралас салаларда жұмыс істейтін тұлғалардың немесе жұмысқа орналасу немесе тиісті лауазымды атқару үшін тиісті біліктілікті алуға (немесе құзыретті растауға) ниет білдіргендердің бастамасы/ниеті бойынша жүргізіледі. Сертификат алу міндетті болып табылатын, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті қызмет түрлерімен айналысатын мамандар жоғарыда аталған тұлғалардың қатарына жатпайды.

8. Біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру білім берудің барлық деңгейлерінің қолданыстағы жіктегішіне және тиісті мамандықтар үшін жіктегіш тізбелеріне сәйкес жүргізіледі.

9. Біліктілік сәйкестігін растауға және біліктілігін беруге үміткерлерден өтініштер жыл бойы қабылданады және түскен күннен бастап 30 күн ішінде қаралады.

10. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру рәсімдерін өткізу мақсатында БСРжББҰ-дың жанынан бір күнтізбелік жыл өкілеттік мерзімі бар тәуелсіз біліктілік комиссиялары құрылады.
3-бөлім. Тәуелсіз біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі
11. Біліктілік комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) БСРжББҰ-дың бұйрығымен құрылады және осы Қағидаларға сәйкес әзірленген және бекітілген Біліктілік комиссиясы туралы ереженің негізінде жұмыс істейді.

12. Комиссия мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру схемасына сәйкес сертификаттау процессін әзірлеуді, енгізуді және сертификат беру процесін схемаға сәйкестігін жүзеге асырады.

13. Комиссия БСРжББҰ-ға сертификаттау жөнінде шешімдер қабылдау үшін емтихандардың нәтижелерін ұсынады.

14. Комиссия біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру схемасына сәйкес емтихан алушылардың кәсіби құзыретіне талдау және бағалау жүргізеді.

15. Комиссия өз қызметі барысында алатын барлық ақпараттың құпиялығын сақтайды.

16. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, комиссияның мүшелері (кәсіп бойынша үшеуден кем емес) және хатшы кіреді.

Комиссияның төрағасы cалалық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, кәсіби қызметтің тиісті салалары ұйымдарының өкілдері санынан тағайындалады.

Комиссияның мүшелері кәсіби қызметтің тиісті салалары ұйымдарының, білім беретін ұйымдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері санынан тағайындалуы мүмкін.

17. Комиссияның функциялары:

1) Комиссия жұмысының тәртібін, рәсімін және әдістерін анықтау;

2) ұсынылған өтініштерді қарау;

3) отырыстарды өткізу күні мен уақыты туралы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық салаларының тиісті органдарының мәліметіне жеткізу;

4) біліктілік емтихандарды қабылдау;

5) емтиханның қорытындысы бойынша біліктілікті растау немесе растамау туралы қорытынды дайындау;

6) біліктілікті тағайындауға үміткердің одан әрі кәсіби дайындығы бойынша ұсыным беру.

18. Комиссияның төрағасы:

1) Комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

2) Комиссияның отырыстарын өткізеді;

3) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру рәсімінің әділдігін және ашықтығын қамтамасыз етеді;

4) біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру жөніндегі органға Комиссия жұмысы нәтижелерінің талдауын ұсынады және оның жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

19. Комиссияның хатшысы:

1) Комиссия мүшелеріне отырыстардың күні мен уақытын хабарлайды;

2) Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;

3) Комиссия жұмысының материалдарын ресімдейді және белгіленген тәртіпте біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру жөніндегі ұйымға бекітуге жолдайды.

20. Біліктіліктердің әр түрлі деңгейлері бойынша кәсіби қызметтің барлық мүмкін түрлерін қамту мақсатында Комиссияның құрылымында бірнеше біліктілік кіші комиссиялар құрылуы мүмкін, олардың жұмысының мазмұны мамандықтардың бейініне және біліктілікті беруге үміткерлердің кәсіби құрамына байланысты.

21. Біліктілік сәйкестікті растау немесе тиісті біліктілік беру туралы Комиссияның қорытындысы бойынша хаттама жасалады, ол еркін түрде ресімделеді және шешім қабылдау үшін БСРжББҰ-ға жолданады.

22. Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) кәсібі бойынша біліктілігі расталды (расталған жоқ) және біліктілігі туралы Сертификат берілсін (берілмесін);

2) мамандығы бойынша білім деңгейіне сәйкес біліктілік берілсін (берілмесін) және біліктілігі туралы Сертификат берілсін (берілмесін).

4-бөлім. Емтихан алушыларға қойылатын біліктілік талаптары
23. Біліктілік емтихандарын өткізумен оның нәтижелерін бағалауға тартылған емтихан алушылардың жеткілікті практикалық тәжірибесі және сертификат беріліп жатқан маманның деңгейінен төмен емес тиісті қызмет саласында кәсіби білімі болуға тиіс.

24. Әрбір емтихан алушыға оның құзыреттілігін растайтын барлық құжаттары бар дерекнама ашылады, оған ерекше сипат беріледі және біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жөніндегі ұйымда сақталады.

25. Емтихан алушылар өзінің кәсіби қызметіне қатысты барлық өзгерістер туралы ақпаратты БСРжББҰ-ға ұсынуға тиіс.

26. Емтихан алушылар өз құзыреттілігін деңгейін үнемі көтермелеуге және жоғарлатуға тиіс.

27. Емтихан алушылар өз қызметі барысында алатын барлық ақпараттың құпиялығын сақтауға тиіс.
5-бөлім. Біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру тәртібі
28. Біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру тәртібі мынаны қамтиды:

1) үміткерден өтініш қабылдау;

2) Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жоспарына сәйкес өтінішті қарау;

3) БСРжББҰ және үміткер арасында тараптардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып, біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге (рәсімдерге қатысу) шарт жасау;

4) біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру схемасына сәйкес емтихан, бағалаудың құжаттамалық нәтижелерін өткізу;

5) сертификаттау туралы шешім қабылдау;

6) Сертификат беру;

7) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілік беру схемасына сәйкес қайта сертификат беру. Жаңа мерзімге қайта сертификат беру және Сертификатты ұзарту БСРжББҰ-ға берілген өтініштің негізінде жүргізіледі.


6-бөлім. Апелляциялық комиссия қызметінің тәртібі
29. Апелляциялық комиссия біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру жөніндегі ұйым басшысының бұйрығымен құрылады. Апелляциялық комиссия салалық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері, кәсіби қызметтің тиісті салалардың ұйымдары өкілдерінің қатарынан қалыптасады.

30. Үміткер келіспеген жағдайда емтихан өткеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру жөніндегі ұйымның шешіміне аппеляция беруге құқылы.

31. Апелляциялық комиссия үміткердің БСРжББҰ-дың шешіміне берген шағымын қабылдауға және 15 күнтізбелік күннің ішінде қарауға тиіс.

32. Апелляциялық комиссия қабылданған шешімдердің дұрыстығын, емтихандардың нәтижелерін бағалау процесін, заңнама талаптарының сақталуын тексереді.

33. Апелляциялық комиссия келіп түскен апелляцияларға есеп жүргізеді, біліктілік сәйкестікті растау және біліктілікті беру схемасын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді.

34. Апелляциялық комиссия БСРжББҰ қабылданған шешімдердің әділдігі және дұрыстығы туралы жазбаша қорытынды береді.

35. Апелляциялық комиссия өз қызметі барысында алатын барлық ақпараттың құпиялығын сақтауға тиіс.
7-бөлім. Қорытынды ережелер
36. Біліктілік емтихандарын сәтті тапсырған адамдарға Сертификат беріледі.

Сертификат мынадай ақпарат қамтуға тиіс:

1) сертификат алған адамның тегі, аты және сертификаттың нөмірі;

2) біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру жөніндегі ұйымның атауы;

3) емтихандардың қорытынды бағасы (немесе балы);

4) Сертификат беруге негіз болған стандарттың немесе басқа ресми құжаттың атауы;

5) сертификаттау саласы (аясы);

6) Сертификатты қолдану мерзімі.

37. Сертификат екі түрде беріледі: шұғыл (мерзімін көрсете отырып) және мерзімсіз (қызметтің саласына және ерекшелігіне байланысты).

38. Сертификатты БСРжББҰ басшысы ресімдейді, қол қояды және растайды.

39. Біліктілік сәйкестікті растау және біліктілік беру туралы құжаттарды сақтау мерзімі бес жыл.

40. Сертификат жоғалған (жарамсыз болған) жағдайда, Сертификаттың иесі болған адам:

1) нөмірін, берілген күні мен қолдану мерзімін көрсете отырып, жоғалған Сертификаттың күші жойылды деп тану туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

2) БСРжББҰ-ға жоғалған немесе жарамсыз болған Сертификаттың күші жойылғаны туралы және нөмірін, берілген күнін, қолдану мерзімін көрсете отырып, оның телқұжатын беру туралы өтініш беру қажет; өтінішпен сертификат жоғалғаны туралы мәліметтердің жарияланғанын растайтын құжатты қоса беру қажет.



41. БСРжББҰ түскен күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде сертификатты жоғалту (жарамсыз болу) жөніндегі өтінішті қарайды; жарамсыз болған жағдайда жарамсыз Сертификат комиссиялық түрде жойылады және «Телқұжат» деген белгімен бұрынғы нөмірін, берілген күнін және қолдану мерзімін көрсете отырып, Сертификаттың телқұжаты беріледі.

______________________________________________________

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау деп

179.61kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау деп

166.44kb.

25 12 2014
1 стр.


34 от 10. 08. 2009 г. Құрылыс-монтаж жұмыстарын

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Құрыл

19.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын

Біліктіліктердің ұлттық шеңберінің (бұдан әрі БҰШ) және Біліктіліктердің салалық шеңберінің (бұдан әрі бсш) деңгейлеріне сай келетін мамандықтар/кәсіп бойынша құрылыс және тұрғын ү

105kb.

17 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар

Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттігі арасындағы

158.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Кейбір шет елдердегі құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік сарапатама жүргізу тәжірибесі туралы

Рады. Ақпарат әдебиеттер мен өзге де ақпараттық материалдарда келтірілген, сондай-ақ тәжірибе алмасу тәртібімен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және

179.96kb.

17 12 2014
1 стр.


Правила технической эксплуатации котельных с установленной мощностью до 100 гкал/час ресми басылым Издание официальное Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын

«Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы

1106.28kb.

25 12 2014
6 стр.


Бюджеттік бағдарламаның атауы

«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі»

46.31kb.

25 12 2014
1 стр.