
|
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
|
Баспасөз-хабарламасы
|
№ 21
2010ж._25 ақпаны
|
2009 жылы облыс халқының саны 48,0 мың адамға немесе 2,0% артты.
Алдын ала деректер бойынша, 2010 жылдың 1 қаңтарына облыс халқының саны 2429,5 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық елді мекендерде халық саны – 912,0 мың адам (37,5%), ауылдық елді мекендерде – 1517,5 мың адамды (62,5%) құрады.
2009 жылғы халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 57,8 мың адам болып (2008 жылға - 97,7%), 73,0 мың туу (96,6%) және 15,3 мың - өлім оқиғасы (92,7%) орын алды.
2009 жылы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 30,4 туылғанды құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 1,7 туылғанға кеміді.
1000 адамға шаққанда өлім коэффициенті 2008 жылмен салыстырғанда 0,6-ға кеміп, 6,4 өлгенді құрады.
Халық өлімінің негізгі себептері: қан айналым жүйесінің ауруынан 44,1%, уланудан және жарақаттан 11,7% болды.
Халықтың табиғи қозғалысы
|
адам
|
1000 адамға
|
2008ж.
|
2009ж.
|
2008ж.
|
2009ж.
|
|
|
|
|
|
туылғандар
|
75 596
|
73 029
|
32,08
|
30,36
|
|
|
|
|
|
өлгендер
|
16 476
|
15 276
|
6,99
|
6,35
|
|
|
|
|
|
табиғи өсім
|
59 120
|
57 753
|
25,09
|
24,01
|
|
|
|
|
|
некелесу
|
20 003
|
20 958
|
8,49
|
8,71
|
|
|
|
|
|
ажырасу
|
2 219
|
2 618
|
0,94
|
1,09
|
|
|
|
|
|
2009 жылы 1581 нәресте шетінеп, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 289 нәрестеге төмен болды.
Осы кезеңде 20,4 мың некелесу және 2,6 мың ажырасу тіркелді.
Көші-қонмен 2009 жылы облысқа 13,3 мың адам келген (облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда) ал 23,0 мың адам облыстан шетке кеткен, бұл 2008 жылмен салыстырғанда, тиісінше 16,1% және 14,1% көп.
Орындаған:
|
Департамент бастығы
|
Баспа қызметі:
|
Мекен-жайы:
|
Мансурова А.Р.
|
_Б.Ш. Шайманов___
|
Өтебаева К.Т.
|
160012, Шымкент қ.
|
тел. 8(7252) 30-03-04
|
тел. 8(7252) 30-03-53
|
Телефон: 8(7252) 30-03-37
|
Желтоқсан көшесі 30а
|
|
|
e-mail [email protected]
|
[email protected]
|
© Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті