|
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
|
Баспасөз-хабарламасы
|
№ 288
2012 жылғы 19 желтоқсан
|
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі туралы
2012 жылдың қаңтар-қарашасында облыстың ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорын-дарымен 313643,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі 106,0% құрады.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу. Ағымдағы жылдың он бір айында саланың кәсіпорындарымен 93804,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, шағыл, малта тас және шақпақтасты өндірудің – 12,2%, табиғи барий сульфатының – 69,8% артуы есебінен 2011 жылдың қаңтар-қарашасынан 13,9% жоғары болды.
Өңдеу өнеркәсібінде 2012 жылдың қаңтар-қарашасында 185049,1 млн. теңгенің өнімі өндірілген, ал нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзіміне 104,7% құрады.
2012 жылдың қаңтар-қарашасында тамақ өнімдері өндірісінде 45464,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді, алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі 111,1% құрады. Бұл тазартылған күнбағыс майының – 35,0%, тазартылмаған өсімдік майының – 2,9 есеге, жеміс және көкөніс шырындарының – 10,4%, ұсақ тартылған бидай немесе суржик ұны – 11,4% және нан; торттар мен кондитерлік өнімдерінің – 62,6% өндіріс көлемдерінің өсуіне байланысты болды.
Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндірісінде 20574,2 млн. теңгенің өнімі шығарылып, өткен жылдың қаңтар-қарашаның деңгейіне 114,7% құрады. Бұл негізінен портландцемент – 21,7% және отқа төзімсіз құрылыс кірпіштері – 9,0% өндіру көлемінің артуы есебінен орын алды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласы бойынша өндіріс көлемі 30837,8 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңінен 6,8% жоғары.
Орындаған:
|
Департамент бастығы
|
Баспа қызметі:
|
Мекен-жайы:
|
Комарова Е.В.
|
_А.А. Әбілдабеков___
|
Көпжасарова Ж.
|
160012, Шымкент қ.
|
тел. 8(7252) 39-01-66
|
тел. 8(7252) 39-01-71
|
Телефон: 8(7252) 39-01-66
|
Желтоқсан көшесі 30а
|
e-mail [email protected]
|
|
e-mail
G.Kuntuganova @statbase.kz
|
[email protected]
|
© Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика Департаменті