
|
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Ақтөбе облысының статистика департаменті
|
Баспасөз хабарламасы
|
№12-10/92
2011 ж 14 желтоқсан
|
Ақтөбе облысының қой шаруашылығының дамуы
Облыста қой шаруашылығы мал шаруашылығындағы дәстүрлі саланың бірі болып саналады. Қой шаруашылығының дамуына табиғи-климат жағдайы және экономикалық қолайлы жағдайлар, сонымен қатар ұлттық дәстүрлер қолайлы әсер етеді.
2011 жылдың 1 желтоқсанына облыстағы қой мен ешкінің саны 1286,6 мың басқа жетті. Мал шаруашылығының басты саласының бірі болып саналатын қой шаруашылығындағы қой мен ешкінің ең көп саны, облыстың оңтүстік аудандарында шоғырланған.
Облыс аудандары бойынша қой мен ешкі басының құрылымы

облыстық көлемге пайызбен
Қой шаруашылығы ет, жүн және былғары-тері шикі заттарын өндірудің бірден-бір көзі болып саналады.
Үстіміздегі жылдың 11 айында шаруашылықтың барлық санаттарында 8,7 мың тонна қой мен ешкі еті (сойыс салмақта) өндіріліп, 2405,2 тонна жүн қырқылды,520 мың дана тері алынды.
Қойлардың өнімділігін арттырып және олардың тұқымдық құрамын жақсарту мақсатында облыста асыл тұқымды қой шаруашылығы кең қөлемде дамытылуда. Онымен «Көптоғай» ЖШС, «Алтын Әсел» ЖШС, «Са-Нұр» ЖШС, «Тоқмансай» ЖШС, «Кұмжарған» ЖШС, сонымен қатар «Жапақ» және «Шыңғыс» шаруа қожалықтары сияқты аса ірі асыл тұқымды шаруашылықтар айналысады.
Орындаушы:
|
Департамент бастығы
|
Мекен жайы:
|
М.Сембаева
|
Ә.О.Боранбаева
|
030020, Актөбе қ.
|
тел. (7132) 552-254
|
тел. (7132) 544-347
|
Әбілқайыр хан даңғ, 25
|
© Ақтөбе облысының статистика департаменті