2011 жылғы 13 тамыздағы № 244
«Қызмет көрсету статистикасы
бойынша жалпымемлекеттік
статистикалық байқаулардың
статистикалық нысандары мен
оларды толтыру жөніндегі
нұсқаулықтарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі Төрағасының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 264
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6570 болып тіркелген, 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 154-155 (26557) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Кино көрсетуді және кинофильмдерді шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0591104, индексі 1-кино, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;»
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Кино көрсетуді және кинофильмдерді шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
(коды 0591104, индексі 1-кино, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;»
1, 2, 5, 6-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Агенттіктің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Байланыс және ақпарат министрi
А. Жұмағалиев ______________
2011 жылғы «____» ____________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет министрi
М. Құл-Мұхаммед ______________
2011 жылғы «____» ____________