Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Тексеру калибрлеу, салыстыру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтiлетiн нормативтiк құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi алып өткенi үшiн кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келiсiмдi бекiту туралы

--> Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы N 183 Заңы


      1995 жылғы 10 ақпанда Алматыда Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түрiкменстан, Өзбекстан Республикасы, Украина үкiметтерiнiң басшылары қол қойған Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтiлетiн нормативтiк құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi алып өткенi үшiн кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келiсiм бекiтiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Тексеру калибрлеу, салыстыру және метрологиялық аттестациялау


мақсатында алып өтiлетiн нормативтiк құжаттарды, эталондарды,
өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi алып өткенi үшiн
кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы
рұқсат беруден босату туралы
келiсiм

       Ескерту. Келiсiмнiң атауына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.07.01  N 52-IV  Заңымен.

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Үкiметтерi,
      1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келiсiлген саясат жүргiзу туралы келiсiмдi негiзге ала отырып,
      Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында қалыптасқан метрологиялық база және өлшеу құралдары мен стандарттық үлгiлердi өндiру, тексеру калибрлеу, салыстыру және метрологиялық аттестациялау жөнiндегi кәсiпорындарды мамандандыруды ескере отырып,
      өлшемдер бiрлiктерi мен технологиялық дайындықтарды және эталондар, стандарттық үлгiлер, бекiтiлген типтердi өлшеу құралдары және қолданылып жүрген нормативтiк құжаттар туралы ғылыми-техникалық ақпараттарды алмасуды қамтамасыз етудiң келiсiлген метрологиясын сақтаудың, сондай-ақ халықаралық заң метрологиясы ұйымы (ХЗМҰ) мен Стандарттау жөнiндегi Халықаралық ұйымның (СХҰ) шеңберiнде тиiстi халықаралық мiндеттемелердi орындаудың қажеттiлiгiн түсiне отырып,
      мыналар туралы келiстi:
       Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.07.01  N 52-IV  Заңымен.

  1-бап


      Осы Келiсiмнiң объектiсi стандарттар, метрология және сертификаттау жүйесiнде қолданылатын нормативтiк құжаттар, эталондар, өлшеу құралдары және бұдан әрi "тауарлар" деп аталатын стандарттық үлгiлер болып табылады.

  2-бап


      Тексеру калибрлеу, салыстыру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтiлетiн тауарлар кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсаттар беруден босатылады.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.07.01  N 52-IV  Заңымен.

  3-бап


      Алып өтуге жататын тауарлардың тiзбелерiн (номенклатурасын) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi ұлттық органдар белгiлейдi.

  4-бап


      Осы Келiсiмдi түсiнуге немесе қолдануға қатысты даулар мен келiспеушiлiктер мүдделi Тараптардың арасында консультациялар (келiссөздер) жүргiзу жолымен шешiледi.

  5-бап


      Осы Келiсiм оған 1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келiсiлген саясат жүргiзу туралы келiсiмге қатысатын басқа мемлекеттердiң депозитарийге - Тәуелсiз Мемлекеттер Достығының Атқарушы комитетiне осындай қосылу туралы құжаттарды беру жолымен қосылуы үшiн ашық.
       Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.07.01  N 52-IV  Заңымен.

  6-бап


      Осы Келiсiм шектеусiз мерзiмге жасалады.
      Әрбiр Тараптың депозитарийге өзiнiң шешiмi туралы ұйғарып отырған шығуына дейiн кемiнде 12 ай бұрын жазбаша нысанда хабарлап, осы Келiсiмнен шығуға құқығы бар.

7-бап


      Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
       Ескерту. 7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.01  N 52-IV  Заңымен.

  8-бап


      Осы Келiсiм мемлекеттердiң оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы үшiншi хабарлауы депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.
      1995 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жолдайтын Беларусь Республикасы Үкiметiнiң Архивiнде сақталады.

       Әзiрбайжан Республикасының      Молдова Республикасының


      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Армения Республикасының         Ресей Федерациясының


      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Беларусь Республикасының        Тәжiкстан Республикасының


      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Грузия Республикасының          Түрiкменстан


      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының       Өзбекстан Республикасының


      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының          Украина


      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Алматы - 10.02.95.



      






-->

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы n 183 Заңы

Тексеру калибрлеу, салыстыру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтiлетiн нормативтiк құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi алып өткенi

34.82kb.

11 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 28 қазандағы n 170

Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмдi бекiту туралы

95.1kb.

17 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 5 наурыз n 81-1

Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы (Жай операциялар) (Жолды қалпына келтiру жобасы) 1996 жылғы 18 қазандағы келiсiмдi бекiту жөнiнде

249.01kb.

14 12 2014
1 стр.


Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 Қазақстан Республикасының Заңы

Р 2012 жылғы 13 ақпандағы №553-iv заңы қараңыз

1514.22kb.

14 12 2014
9 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 31 қазандағы n 181

Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының арасындағы БҰҰ аясында ұжымдық бiтiмгершiлiк батальонын ұйымдастыру және құру туралы келiсiмдi бекiту туралы

63.45kb.

25 12 2014
1 стр.


Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94-1 Қазақстан Республикасының Заңы

Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен

1124.33kb.

25 12 2014
7 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 12 мамыр n 103

Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертiс өзенiне салынатын көпiр құрылысының жобасы бойынша Қарыз туралы 1997 жылғы 12 нау

198.69kb.

14 12 2014
1 стр.


Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-1 Заңы
1358.84kb.

15 10 2014
8 стр.