ҚРӘМ № 4479 08.12.2006ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН
ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН
ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы
|
2006 жылғы 27 қазан
|
№222
|
өзгерістер мен толық:
1.ҚҚА № 40 23.02.2007ж.
2.ҚҚА № 271 24.12.2007ж.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
|
|
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық кесімдер күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген) «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы № 412 қаулысымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3995 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы № 132 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4299 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақ алып тасталсын.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметтер көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
6. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға А. Дунаев
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 2006 жылғы 27 қазан № 222 қаулысына
1-қосымша
|
следующая страница>