Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жоғарғы білім алудан кейінгі білім беру (магистратура)

БЕКІТЕМІН

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ

оқу және оқу-әдістемесі

жөніндегі проректоры, профессор

__________________ Жакупова А.Д.

«____» ______________ 2012 ж.
«Тарих» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге

арналған бақылау сұрақтарының

ТІЗІМІ

Мамандығы: «6М020300 -Тарих»


Тарих және заңтану факультеті

Көкшетау - 2012 жыл
1 бөлімнің сұрақтары. Дүние жүзі тарихы


  1. Адамзаттың пайда болуы. Адамзаттың пайда болуының қазіргі теориясы. Ертедегі адамдардың Қазақстан териториясындағы қоныстануы.

  2. Рулық қауымдастықтың ыдырауы, мемлекет пен билік институттарының құрылуы.

  3. Шумер – Аккад өркениеті.

  4. Алғашқы қауымдық құрлыс және Ніл, Қосөзен аңғарындағы (б.д.д. IV-III мың жылдықтар) ертедегі мемлекеттердің пайда болуы.

  5. Б.д.д. III-II мыңжылдықтардағы Вавилон. Ертедегі Ассирия.

  6. Ертедегі Египет өркениеті. Ертедегі Египет тарихының кезеңдері.

  7. Цинь және Хань империясы кезіндегі Қытай.

  8. Грек-Рим демократиясы. Республика ( б.д.д. VI-I ғғ.) кезіндегі Рим.

  9. Ерте және кейінгі империя кезіндегі Рим.

  10. Батыс Рим империясындағы құлиеленушілік құрылыстың дағдарысы және феодалдық қатынастардың пайда болуы.

  11. Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы құлиеленушілік мемлекеттер. Скифтер мен киммериліктер.

  12. Ерте дәуірдегі Иран және Орта Азия.

  13. Ерте дәуірдегі Алдыңғы Азия және Аравия түбегіндегі жерорталық теңіздегі мемлекеттер.

  14. XIV-XVI ғғ. Осман империясы.

  15. Батыс Европа елдеріндегі Реформация. М. Лютер, Т. Мюнцер.

  16. Токугава Сегунаты кезіндегі Жапония.

  17. XVII ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы.

  18. XVIII ғ. Ұлы Француз революцясы.

  19. Батыс Европадағы XVIII ғ.ғ. халықаралық қатынастар.

  20. Жаңа дәуір басындағы Азия және Африка саяси картасындағы өзгерістер мен қоғамдық құрлыстары.

  21. Жаңа дәуір кезеңіндегі Африканы отарлау тарихы.

  22. XVII – XIX ғғ. Үндістанның ағылшын отарына айналуы.

  23. Қытайдың дамыған мемлекеттердің жартылай колониясына айналуы.

  24. Солтүстік американдық отарлардағы тәуелсіздік үшін соғыстар. АҚШ-ның құрылуы.

  25. Наполеон соғысы жылдарындағы Батыс Европа.

  26. АҚШ-ғы Азамат соғысы және Оңтүстіктегі реконструкция.

  27. XIX ғ. соңғы ширегіндегі Батыс Европа елдері.

  28. Османдар империясының ыдырауы. Шығыс мәселесі.

  29. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңдері. Негізгі саяси оқиғалары. 1-ші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.

  30. 1917 жылғы Ақпан революциясы. Қазан төңкерісі және ТМД елдерінің аумағында Кеңес өкіметінің орнауы.

  31. Батыс елдеріндегі ХХ ғ. 20-шы жылдарындағы капиталистік тұрақтану әрекеттері. АҚШ-ы «Гүлдену дәуірі».

  32. Қазіргі заман дәуірінің басындағы Жапония. Шығыстағы империалистік мемлекеттің қалыптасуы.

  33. 1918-1922 жж. Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуі. М. Гандидің идеялық-саяси көзқарастары және оның антиколоннияльдық қозғалыстағы рөлі.

  34. Үнді Одағы және Пакистан доминиондарының құрылуы: Үнді мұсылман бірлігінің мәселелері.

  35. Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыстың жеңісі (1917-1923 жж.) Кемализм.

  36. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Елтанушылық ерекшеліктері.

  37. АҚШ-дағы Ф. Рузвельттің «жаңа курс» саясаты.

  38. Екінші дүниежүзілік соғыс. Кезеңделуі. Негізгі оқиғалары.

  39. «Қырғи-қабақ соғысы». Дүние жүзіндегі биполярлық жүйенің қалыптасуы.

  40. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Германия. ГФР-ң құрылуы.

  41. XX ғ. 60-шы жылдарындағы Жапония. Экономикалық дамудың қарқынды өсуі («экономикалық ғажайып»).

  42. Индира Ганди және оның Үнді Ұлттық Конгресс партиясындағы және мемлекет басшылығындағы рөлі.

  43. Ауғанстандағы «Сәуір революциясы».

  44. Социалистік жүйенің күйреуі. Шығыс Европадағы қайта өзгерістер.

  45. XX ғ. - ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар. Терроризм мәселесі.



2 бөлімнің сұрақтары: Қазақстан тарихы және тарихнамасы


  1. Қазақстан тарихы пәні, және міндеттері. Қазақстан тарихының кезеңдері.

  2. Тарихтағы ғылыми таным принциптері мен әдістері.

  3. Тарихи дерек. Дерек көздерінің жіктелуі: оқып үйренудің методикасы мен жаңғыртылуы.

  4. Әлеуметтік тарихтың жүйелілік принципі. Адамзат қоғамы дамуының тарихын зертеудегі формациялық көзқарас.

  5. Ертедегі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихын археологиялық ескерткіштер негізінде зерттеу.

  6. Қазақстанның ертедегі және ортағасырдағы тарихын жазба дерек көздері бойынша зерттеу.

  7. Тас дәуірі кезіндегі Қазақстан: кезендері, археологиялық ескерткіштері.

  8. Қола дәуірі кезендегі Қазақстан. Кезеңдері, археологиялық ескерткіштері: Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

  9. Қазақстан территориясындағы ертедегі темір дәуірі кезендегі тайпалық одақтар. Олардың қоныстануы туралы жазба деректер. Ерте дүние өркениетімен байланыстары.

  10. Еуразиядағы номадтар өркениеті. Тарих ғылымындағы көшпенділер өркениетінің мәселелері.

  11. Түркі тілдес тайпалардың тарихи аренаға шығуы. Түрік, Батыс Түрік, Түркештер қағанаты: саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.

  12. Қарлұқтар қағанаты және Оғыздар конфедерациясының әлеуметтік-саяси тарихы. Қарахандар мемлекеті. Исламның қабылдануы.

  13. Қимақ қағанатының этносаяси тарихы. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар, олардың Хорезмшах мемлекетімен қарым-қатынастары.

  14. Орта Азия мен Қазақстандағы моңғол жаулап алушылығы. Алтын Орда. Саяси тарихы және мемлекеттік-әкімшілік құрлысы.

  15. Қазақстан және қазақтар туралы ортағасырлық батыс авторларының ой-пікірлері: Марко Поло, Плано Карпини, Гильом Рубрук.

  16. Мұхаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и-Рашиди» еңбегі.

  17. Қадырғали Жалайри және оның «Шежірелер жинағы» еңбегі.

  18. Қазақстан тарихы туралы ортағасырлық авторлардың шығармалары. Әбілғазы Бахадур хан және оның еңбектері. «Шаджара-ий-тюрк» («түркілер шежіресі») және «Шаджара-ий- таракима» («түркмендер шежіресі»).

  19. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы және нығаюы. Қазақ хандығы саяси тарихының дерек көздері мен тарихнамасы.

  20. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Қазақ жүздерінің құрылуы.

  21. XVII ғ. 2-ші жартысы – XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы. Мемлекеттік құрылысы және қоғамның әлеуметтік құрылымы. Тәуке ханның саяси реформалары.

  22. XVII-XX ғғ. басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы және оның тарихи маңызы.

  23. XVIII ғ. Қазақстан тарихын зерттеуші орыс зерттеушілері Г.Ф. Миллер, П.И. Рычков, П.С. Паллас, И.Г. Георги, П.И. Фальк, Г.И. Андреев.

  24. XVIII ғ. 2-ші жартысындағы Қазақстан. Абылай хан. Ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

  25. XVII-XVIII ғ. алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының халықаралық қатынастары және ішкі саяси жағдайы. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.

  26. XVII-XVIII ғғ. басындағы қазақ-орыс қатынастары. Қазақстаның Ресейге қосылуы, мәселенің тарихнамасы.

  27. XIX ғ. Қазақстан тарихын зерттеуші орыс ғалымдары. В.В. Григорьев, П.И. Лерх, Н.И. Березин, В.В. Вельяминов-Зернов, В.В. Радлов, Н.А. Аристов.

  28. Қазақстан туралы алғашқы монографиялық еңбек. А.И. Левшин «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей».

  29. 1822 – 1824 жж. реформалар. Хандық биліктің жойылуы және жаңа әкімшілік-территориялық бірліктердің құрылуы. Көкшетау округінің құрылуы.

  30. Қазақстандағы казактар әскерилері және олардың аймақтағы патша саясатын жүргізудегі рөлі мен міндеттері.

  31. Қазақстаның Ресейге қосылуының аяқталуы. XIX ғ. 2-ші жартысындағы патша өкіметінің Қазақстандағы әкімшілік-саяси реформалары.

  32. XIX ғ. 2-ші жартысы - XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Қоныстану саясаты және оның салдары.

  33. Ш.Ш. Уәлиханов - алғашқы қазақ ғалымы және оның еңбектері.

  34. XX ғ. басындағы қазақ ұлттық интеллегенциясы. I-II Мемлекеттік Думадаға қазақ депутаттарының іс-қызметі. Алаш және Алаш-Орда.

  35. 1917 жылғы Ақпан революциясы. Қазан төңкерісі және Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнатылуы. Қазақстан 1918-1920 жж. азамат соғысы жылдарында.

  36. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан тарих ғылымының қалыптасып дамуы.

  37. Көрнекті шығыстанушы В.В. Бартольдтің Қазақстан және Орталық Азия тарихы туралы еңбектерінің маңызы.

  38. 1920-30 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси хал-жағдай. 1930-50 жж. саяси репрессия және Қазақстандағы ГУЛАГ жүйесі. «Бекмаханов ісі».

  39. 1950 – 1960 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. «Хрущевтік жылымық». Тың және тынайған жерлерді игеру: нәтижелері мен зардаптары.

  40. 1960 – 1970 жылдардағы Қазақстан. Экономиканы реформалау әрекеттері.

  41. 1970 – 1980 жж. Қазақстан: саяси және әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары. Д.А. Қонаев – көрнекті мемлекеттік қайраткер.

  42. Қайта құру жылдарындағы КСРО. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық саласындағы (1985-1991 жж.) дағдарысты жағдайлар. Алматыдағы Желтоқсан (1986ж.) оқиғасы және оған берілген саяси баға.

  43. КСРО-нің құлауы және ТМД-нің құрылуы. ТМД құрамындағы Қазақстан. Н.Ә. Назарбаевтың интеграциялық бастамалары.

  44. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы: Әнұран, Елтаңба, Ту. Астана – Тәуелсіз Қазақстаның жаңа астанасы.

  45. Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы. ҚР-нің қазіргі саяси партиялары.

  46. Қазіргі таңдағы тарихты оқып үйренудегі әдіснамалық ұстаным. Қоғам дамуындағы өркениетті-мәдениеттанушылық ұстаным.

  47. Қазіргі замандағы Қазақстан тарих ғылымы. ҚР тарихи сананың қалыптасу концепциясы.

  48. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті және оның «Тарих толқынында», «Қазақстандық жол» атты тарихи еңбектері.

  49. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары. Халықаралық ұйымдардағы іс- қызметі. Қазақстаның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы.

  50. 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы. ҚР мемлекеттік құрылысының негіздері.

  51. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы. Қазақстандағы әлеуметтік- экономикалық реформалар. 1991- 2011жж. ішкі саяси дамудың негізгі бағыттары.

  52. «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағыттары. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауы. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» (28. 01. 2011 жыл)



3 бөлімнің сұрақтары: Ұғымдар, терминдер, анықтамалар


  1. Топонимдерге анықтама беріңіз: Сары-арқа, Жетісу, Шығыс Түркістан, Мавереннахр, Тұран.

  2. Аталған жылдардағы қазақ хандарын атаңыз: 1511-1523 жж., 1538-1580 жж., 1580-1582 жж., 1582 -1598 жж., 1598 -1628 жж.

  3. Терминдерге анықтама беріңіз: методология, империализм, жекешелендіру, құқықтық мемлекет, охлократия.

  4. Терминдерге анықтама беріңіз: тарихилық, республика, РСДЖП, өркениет, инфляция.

  5. Мынау есімдер қандай тарихи оқиғалармен байланысты: Рашид-ад-дин, Л. Хамиди, С.С. Пестковский, Ж. Шаяхметов, Г.В. Колбин.

  6. Терминдерге анықтама беріңіз: оброк, конфедерация, коммунизм, суверенитет, обьективтілік.

  7. Терминдерге анықтама беріңіз: абсолютизм, ұлтшылдық, азамат соғысы, Варшава шарты, ұжымдастыру.

  8. Терминдерге анықтама беріңіз: экспроприация, унитарлық мемлекет, Версалдық жүйе, консерватизм, бүлік.

  9. Терминдерге анықтама беріңіз. деректану, фракция, экономикалық дағдарыс, азаматтық қоғам, жаһандану.

  10. Мынау есімдер қандай тарихи оқиғалармен байланысты: Ә. Қастеев, Л.И. Мирзоян, Ж. Ташенов, П.К. Пономаренко, Ш. Қалдаяқов.

  11. Терминдерге анықтама беріңіз: базис, қондырма, кооперация, конституция, диаспора.

  12. Терминдерге анықтама беріңіз: буддизм, пәнаралық байланыс, мәдениет, реставрация, Еуразиялық одақ.

  13. Терминдерге анықтама беріңіз: диалектика, плюрализм, капитализм, Экономикалық Өзара-Көмек Кеңесі (СЭВ).

  14. Терминдерге анықтама беріңіз: протестантизм, революция, волюнтаризм, жаңа экономикалық саясат, геосаясат.

  15. Терминдерге анықтама беріңіз: православие, национализация, жеке басқа табыну, электорат, синергетика.

  16. Терминдерге анықтама берініз: партия, сеператизм, еуразиялық идея, жариялылық, тарихнама.

  17. Терминдерге анықтама беріңіз: иудаизм, таптар, автономия, демография, инвестиция.

  18. Терминдерге анықтама беріңіз: католиктік, «өндірістің азиаттық әдісі», анархия, социализм, инаугурация.

  19. Терминдерге анықтама берініз: христиандық, еуропоцентризм, пролетариат диктатурасы, шаруашылық есеп, конвергенция теориясы.

  20. Терминдерге анықтама беріңіз: матриархат, көшпенді мал шаруашылығы, үшір, урбанизация, диссиденство.

  21. Терминдерге анықтама беріңіз: султандар, конфуциандық, мемлекет, бюрократия, геосаясат.

  22. Терминдерге анықтама беріңіз: харадж, цитадель, мәслихат, социал-демократия, интеллигенция.

  23. Терминдерге анықтама беріңіз: тенденция, патриархат, этноним, петроглиф, индустриализация.

  24. Терминдерге анықтама беріңіз: ориенталистика, топоним, концепция, этнос, конфедерация.

  25. Терминдерге анықтама беріңіз: суфизм, диуандық, барщина, большевизм, геноцид.

Қазақстан тарихы кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент м.а. Каженова Г.Т.


Тарих және заңтану

факультет деканы т. ғ.к., доцент Бексеитова А.Т.

Қр білім және ғылым Министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Закирова Дильнара Икрамхановнаның «Адамгершілік потенциал – бұл Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы»

15.93kb.

06 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»

12466.61kb.

25 12 2014
76 стр.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
91.8kb.

05 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
666.08kb.

05 09 2014
9 стр.


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Тас дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстан тарихының ежелгі кезеңінің шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы

69.18kb.

15 09 2014
1 стр.


Ф 7-007-03 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
1429.48kb.

18 12 2014
6 стр.


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Есеп және қаржы»
414.91kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе қаласының білім бөлімі

Республикасының аумағында Ұлттық дербес халық санағы өткізілетіндігін хабарлайды

91.81kb.

14 12 2014
1 стр.