Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Н.4.02- 05
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ

оқу және оқу-әдістемесі

жөніндегі проректоры, профессор

__________________ Жакупова А.Д.

«____» ______________ 2012 ж.


«Тарих» емес мамандығы студенттеріне

арналаған мемлекеттік емтихан сұрақтарының

ТІЗІМІ

Көкшетау - 2012 жыл
Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары

(тарих емес факультеттерге арналған)


1. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстан тарихының ежелгі кезеңінің шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.

2. Қазақстан қола дәуірінде. Дәуірдің ерекшелігі, шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.

3. Сақ-скиф дәуірі. Дәуірдің ерекшелігі, шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.

4. Үйсіндер мен қаңлылар мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.

5. Ғұн мемлекеті: «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» және оның дүниежүзілік тарихтан алатын орны.

6. Ерте түрік дәуірі. Түрік және Батыс Түрік қағанаттары

7. Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.

8. Оғыз конфедерациясы. Қимақ қағанаты.

9. Қарахандар мемлекеті. Ислам дінін қабылдау.

10. Қазақстанның ортағасырлық тарихындағы қыпшақтардың рөлі.

11. Қазақстанның түрік дәуіріндегі материалдық және рухани мәдениеті (VI-XII ғғ.)

12. Көне түрік руникалық жазба ескерткіштері. Х-ХІІ ғғ. түркі тілдес әдебиетінің дамуы.

13. Ұлы Жібек жолы және оның көне түрік мемлекеттерінің экономикалық және саяси дамуындағы алатын орны.

14. Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуы. Қазақстанның моңғол ұлыстарының құрамына енуі.

15. Қазақстан Алтын Орда құрамында. Оның ерекшеліктері, шаруашылығы мен қоғамдық ұйымдасуы.

16. Алтын Орданың ыдырауы. Ақ Орда.

17. Көшпелі өзбектер мемлекеті. Өзбек ұлысының құрамына кірген этникалық компоненттер.

18. Моғолстан мен Ноғай Ордасы: этникалық құрамы және саяси тарихы.

19. Сібір хандығының этникалық құрамы және саяси тарихы. Көшім хан.

20. Әмір Темір империясының құрылуы. Әмір Темірдің Дешті Қыпшақ және Моғолстан жеріне жорықтары.

21. XIII ғ. мен XV ғ. ортасындағы Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті

22. Қазақ халқының этногенезі. «Қазақ» сөзінің этимологиясы. Оның әлеуметтік және этникалық мазмұны.

23. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек.

24. Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының нығаюы. Оның ішкі және сыртқы саясаты.

25. Қазақ жүздерінің құрылуы. Оның этникалық құрамы мен территориясы.

26. XVI ғ. 2-ші жартысы мен XVII ғ. басындағы Қазақ хандығы. Хақназар, Тәуекел және Есім хандардың қызметі.

27. XVII ғ. қазақ-жоңғар қарым-қатынастары. Жәңгір хан. Орбұлақ шайқасы.

28. Тәуке хан кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.

29. XVII-XVIII ғғ. қазақ-жоңғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары. 1726 жылғы мәслихат. Аңырақай шайқасы.

30. XVI ғ. аяғы ­– XVIII ғ. басындағы қазақ-орыс қарым-қатынастары. Дипломатиялық елшіліктер.

31. XVI-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы. Қазақ қоғамындағы феодалдық қатынастардың ерекшеліктері.

32. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.

33. XVI-XVIII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.

34. XVI-XVIIІ ғғ. Қазақстан материалдық және рухани мәдениеті.

35. Қазақ билері. XVII-XVIII ғғ. қазақтардың қоғамдық өміріндегі олардың рөлі. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

36. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы. Оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

37. Қазақтардың Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы (1773-1775 жж.)

38. 1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.

39. 1822-1824 жж. реформалар. Хандық билікті жою және патша үкіметінің жаңа әкімшілік-территориялық бірліктерді құруы. Көкшетау аймағының ашылуы.

40. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей Ордасындағы (Ішкі Орда) қазақтардың көтерілісі (1836-1838 жж.)

41. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж.)

42. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстанның оңтүстігінің жаулап алынуы. Оның әлеуметтік-экономикалық салдары.

43. 1867-1868 жж. «Уақытша ереже». Оның Қазақстанға әсер етуі.

44. 1868-1869 жж. Торғай мен Орал облыстары қазақтарының бас көтеруі. 1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліс.

45. Ресейдегі аграрлық дағдарыс. ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстанға қоныс аудару саясаты және оның салдары.

46. Қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХ ғ. басында ұлттық зиялы қауымның қалыптасуы.

47. ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер.

48. ХІХ ғ.-ң екінші жартысында Қазақстанға орыс капиталының енуі.

49. Шоқан Уәлихановтың ғылыми және қоғамдық қызметі.

50. ХІХ ғ. 2-ші жартысындағы қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуы. Абай Құнанбайұлы (1845-1904 жж.) шығармашылығы.

51. ХІХ ғ. Қазақстандағы білім беру мен ағарту ісінің дамуы. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.

52. 1905-1907 жж. орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан. ІІ Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қызметі.

53. Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның тарихи маңызы.

54. ХХ ғ. басындағы қазақ ұлттық интеллигенциясы. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті.

55. 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және Қазақстан.

56. 1917 ж. «Алаш» партиясының құрылуы, оның бағдарламасы мен лидерлері.

57. 1917 ж. Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

58. 1918-1920 жж. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. «Әскери коммунизм» саясаты және оның зардаптары.

59. 1920 ж. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-ң» құрылуы, оның тарихи маңызы.

60. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан. Жер-су реформалары.

61. Қазақстандағы 1920-1940 жж. индустрияландыру саясаты. Оның ерекшеліктері.

62. ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы ұжымдастыру саясаты және оның салдары.

63. «Кіші Қазан» идеясының жүзеге асырылуы. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы.

64. 1920-1930 жж. Қазақстан мәдениеті. Сауатсыздықпен күрес.

65. 1930 ж. қоғамдық-саяси өмір. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы (1936 жыл, 5 желтоқсан).

66. ХХ ғ. 30-50 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Ұлттық зиялы қауым өкілдеріне қарсы репрессиялар.

67. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанға депортацияланған халықтар (1937-1953 жж.).

68. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (1941-1945 жж.). Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.

69. Қазақстан – майдан арсеналы. Көкшетаулықтардың Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлестері.

70. ХХ ғ. 40-60 жж. Қазақстан мәдениетінің дамуы.

71. Тың және тыңайған жерлерді игеру: қортындылары мен зардаптары.

72. Қазақстан «хрущевтік жылымық» кезеңінде: реформа жасау әрекеттері мен демократиялық идеяларды жаңғырту (1953-1964 жж.)

73. 1960-70 жж. Қазақстан. Экономиканы реформалау әрекеттері.

74. ХХ ғ. 60-80 жж. Қазақстан мәдениетінің дамуы.

75. Қазақстан «тоқырау» кезеңінде (1970-1985 жж.)

76. Қазақстан қайта құру жылдарында. 1985-1991 жж. ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі дағдарыс.

77. Қазақстанда қайта құрудың басталуы. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы. Жастардың қоғамды демократиялық жаңғырту жолындағы күресі.

78. КСРО-ң ыдырауы. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау.

79. 1990 ж. басында Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі.

80. Қазақстанның 1991 ж. тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы. Ішкі саясаттың негізгі бағыттары.

81. Қазақстан ТМД құрамында. Н.Ә. Назарбаевтің интеграциялық бастамалары. Еуразиялық Одақ құру идеясы.

82. Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін қабылдау (Елтаңба, Ту, Әнұран).

83. 1995 ж. 30 тамызындағы Қазақстан Республикасының Конституциясы.

84. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа мүше болып кіруі. Республиканың қазіргі таңдағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары және халықаралық ұйымдардағы қызметі.

85. «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы (1997 ж. Президент жолдауы).

86. Қазақстандағы қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар.

87. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы» кітаптары.

88. Қазақстанның қазіргі таңдағы саяси партиялары және олардың қызметі.



89. 1991-2011 жж. Қазақстанның ғылымының, мәдениетінің және білім беру жүйесінің даму деңгейі. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы.

90. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халыққа жолдауы: «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» (27 қаңтар, 2011 жыл).

Қр білім және ғылым Министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Закирова Дильнара Икрамхановнаның «Адамгершілік потенциал – бұл Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы»

15.93kb.

06 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»

12466.61kb.

25 12 2014
76 стр.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
91.8kb.

05 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
666.08kb.

05 09 2014
9 стр.


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Тас дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстан тарихының ежелгі кезеңінің шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы

69.18kb.

15 09 2014
1 стр.


Ф 7-007-03 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
1429.48kb.

18 12 2014
6 стр.


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Есеп және қаржы»
414.91kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе қаласының білім бөлімі

Республикасының аумағында Ұлттық дербес халық санағы өткізілетіндігін хабарлайды

91.81kb.

14 12 2014
1 стр.