Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 40страница 41страница 42страница 43страница 44


7. Сотталушылардың кейбiрiнiң алқабиге кандидаттарға қарсылық бiлдiру құқығынан бас тартуы басқа сотталушылардың алқабиге кандидаттардың кемiнде он екiсi қалғанға дейiн оларға қарсылық бiлдiру құқықтарына қандай да бiр шек қоюға әкеп соқпайды.

8. Мемлекеттiк айыптаушы, сотталушы немесе оның қорғаушысы алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттерге дәлелдерiн көрсетпей-ақ, қолдары қойылған "қарсылық бiлдiру" деген жазу арқылы алқабиге кандидаттарға қарсылық бiлдiруi мүмкiн.

9. Сотталушы өзiнiң қорғаушысына алқабиге кандидаттарға қарсылық бiлдiру құқығын жүзеге асыруды тапсыруға құқылы. Егер сотталушы өзiнiң алқабиге кандидаттарға қарсылық бiлдiру құқығынан бас тартса, онда қорғаушы оның келiсiмiнсiз алқабиге кандидаттарға қарсылық бiлдiруге өз бетiнше қатысуға құқылы емес.

10. Сотталушы немесе, егер iске бiрнеше сотталушы қатысса, барлық сотталушы өзiнiң қарсылық бiлдiру құқығынан бас тартқан жағдайда алқабиге кандидаттарға қарсылық бiлдiру жеребе тастау арқылы жүргiзiледi, оның барысында төрағалық етушi не сот отырысының хатшысы қанша алқабиге кандидатқа қарсылық бiлдiрiлуi мүмкiн болса, сонша қарсылық бiлдiрiлмеген алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттердi жәшiктен алып тастайды.

11. Тараптар дәлелсiз қарсылық бiлдiрген алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiле отырып, билеттер iстiң материалдарына тiгiледi.
644-бап. Жеребе тастау арқылы алқабилер алқасын құру

1. Сотта iстi қарайтын алқабилер алқасы негiзгi құрамның (алқабилер алқасының құрамын құрайтын) он және екi қосалқы алқаби құрамында жеребе тастау арқылы құрылады.

2. Алқабилер алқасын құру үшiн төрағалық етушi қарсылық бiлдiрiлмеген алқабиге кандидаттардың тегiн көрсете отырып, билеттердi жәшiкке салады, оларды араластырады және бiр-бiрлеп он екi билеттi алады, әр алған сайын билетте көрсетiлген алқабиге кандидаттың тегiн жариялайды. Егер жәшiктен алынған және қалған билеттер қарсылық бiлдiрiлмеген алқабиге кандидаттардың жалпы санын құраса, сондай-ақ, егер алқабилер алқасын құрудың дұрыстығына әсер ететiн қандай да бiр бұзушылыққа жол берiлмесе, онда алқабилер алқасы құрылды деп танылады. Бұл ретте, жеребе тастау арқылы iрiктелген алғашқы он алқаби - негiзгi құрамның алқабиi, ал соңғы екеуi қосалқы алқаби деп есептеледi.

3. Қарсылық бiлдiру туралы мәселенi шешу кезiнде немесе алқабилер алқасын құру кезiнде оның құрылуының дұрыстығына әсер еткен қандай да бiр бұзушылыққа жол берiлсе, сондай-ақ бiр немесе одан да көп алқабиге мемлекеттiк құпияға рұқсат етуден бас тартылған жағдайда, төрағалық етушi алқабилер алқасының құрылуын жарамсыз немесе ол құрылған жоқ деп жариялайды және алқабиге кандидаттарға толық көлемiнде қайта iрiктеy жүргiзедi.

4. Сот отырысының хатшысы жеребе тастау арқылы iрiктелген он екi алқабидiң тегiн жәшiктен билеттер қалай алынса, сол тәртiппен сот отырысының хаттамасына енгiзедi. Жеребе тастау арқылы iрiктелген алқабилердiң тегi көрсетiле отырып, билеттер iс материалдарына тiгiледi.
645-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары

1. Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейiн төрағалық етушi алқабилердiң негiзгi құрамына, жеребе тастау арқылы анықталған тәртiпке сәйкес, оларға бөлiнген алқабилер орындығынан орын алуды ұсынады. Алқабилердiң орындығы сот отырысы залында қатысып отырғандардан бөлек болуы және әдетте сотталушылар орындығына қарама-қарсы орналасуға тиiс. Қосалқы екi алқаби олар үшiн арнайы бөлiнген алқаби орындығына орналасады.

2. Алқабилер және қосалқы алқабилер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сот отырысының залында сот талқылауы кезiнде тұрақты қатысады.

3. Егер сот талқылауы барысында, бiрақ алқабилер мен судья шешiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн, алқабилердiң бiреуiнiң сот отырысына одан әрi қатыса алмайтындығы немесе төрағалық етушi оны сот отырысына қатысудан шеттеткенi анықталса, онда ол қосалқы алқабилердiң тегi көрсетiлген билет жәшiктен қандай тәртiппен алынса, сол тәртiппен қосалқы алқабимен ауыстырылады. Егер шығып қалған алқабилердi қосалқы алқабилермен ауыстыру мүмкiндiгi таусылған болса, төрағалық етушi өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын, осы Кодекстiң 620-бабына сәйкес, алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңiне қайтарады.

4. Егер алқабилердiң бiреуiнiң сот отырысына қатысу мүмкiндiгiнiң жоқтығы кеңесу бөлмесiне кеткеннен кейiн анықталса, онда судья мен алқабилер сот отырысы залына кiрiп, алқабидi ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесiне кетуге тиiс. Егер шығып қалған алқабиді басқасымен ауыстыру мүмкін болмаса, төрағалық етуші болып өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және осы Кодекстің ...-бабына сәйкес алқабилерге кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі сот талқылауына қайта оралады.

5. Кез келген алқаби, осы Кодекстiң 629-бабының төртiншi бөлiгiмен белгiленген шектеулердi сақтамаған жағдайда, iстi қараудың кез келген кезеңiнде iске одан әрi қатысудан шеттетiлуi мүмкiн.

6. Алқабидi шеттетудi тараптардың қатысуымен төрағалық етушi жүзеге асырады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады.
646-бап. Алқабилердiң ант қабылдауы

1. Алқабилер алқасы құрылып болғаннан кейiн төрағалық етушi немесе сот отырысының хатшысы сот отырысының залында қатысып отырғандардың барлығына орындарынан тұруды ұсынады. Төрағалық етушi алқабилерге ант қабылдау ұсынысымен өтiнiш жасайды.

2. Алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен iрiктелiп алынған адам мынадай мазмұнда ант қабылдайды: "Алқабидiң мiндеттерiн атқаруға кiрiсе отырып, өз мiндеттерiмдi адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелердi, дәлелдердi, iстiң мән-жайын назарыма алуға, ерiктi азамат және әдiл адам ретiнде iстi өзiмнiң iшкi нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемiн".

4. Алқабилердiң ант қабылдағаны туралы сот отырысының хаттамасына жазба жасалады.
67-тарау. Алқабилердiң қатысуымен соттың iстi талқылау ерекшелiктерi
647-бап. Алқабилердiң құқықтары, мiндеттерi және iстi қарауға байланысты iс-әрекеттерiндегi шектеулер

1. Төрағалық етушi алқабилерге олардың құқықтарын, мiндеттерiн және iстi қарауға байланысты iс-әрекеттерiне шектеулердi түсiндiредi, сондай-ақ мiндеттердi бұзу және шектеулердi сақтамаудың салдарлары туралы ескертедi.

2.Алқаби:

1) өзiнiң iшкi нанымы бойынша iстiң мән-жайын өз бетiнше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға;

2) процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға;

3) заттай дәлелдемелердi, құжаттарды тексерiп қарауға, жердi және үй-жайларды тексерiп қарау iсiне, сот тергеуiндегi барлық басқа да iс-әрекеттерге қатысуға;

4) төрағалық етушiге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етiлген құжаттардың мазмұнын және iске қатысты, өзiне түсiнiксiз басқа да мәселелердi түсiндiрудi сұрап өтiнiш жасауға;

5) сот отырысы кезiнде жазбалар жасауға құқылы.

3.Алқаби:

1) сот отырысында тәртiп сақтауға және төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;

2) алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн, сондай-ақ, егер сот отырысында үзiлiс жарияланған немесе iстi тыңдау кейiнге қалдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшiн сот көрсеткен уақытта келуге;

3) сотқа келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, төрағалық етушiге келмеудiң себептерi туралы алдын ала хабарлауға мiндеттi.

4.Алқаби:

1) iстi тыңдау кезiнде сот отырысының залынан кетуге;

2) iстi тыңдау кезiнде сот құрамына кiрмейтiн адамдармен төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз iс бойынша сөйлесуге;

3) iстi қарау барысында мәлiметтердi сот отырысынан тыс жинауға;

4) жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесiнiң құпиясын бұзуға құқылы емес.

5. Алқабидiң өз мiндеттерiн атқармауы, сондай-ақ осы бапта көзделген шектеулердi сақтамауы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушiнiң алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттету мүмкiндiгiне әкеп соғады.

648-бап. Алқабилер қатысатын соттың құзыретi

1. Алқабилердiң қатысуымен соттың iстi талқылауы кезiнде осы Кодекстiң 393-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-8), 14) тармақтарында көзделген мәселелер шешiледi.

2. Судья алқабилердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейтiн iс жүзiндегi деректермен таныстыруға тиiс емес. Егер сот талқылауы барысында осы Кодекстiң 103-бабына сәйкес дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейтiн iс жүзiндегi деректер анықталатын болса, төрағалық етушi оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастау туралы мәселенi шешуге, ал мұндай дәлелдемелер зерттелген жағдайда олардың заңды күшi жоқ деп тануға, ал оларға жасалған зерттеулердi жарамсыз деп тануға мiндеттi.

3. Тараптар төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз алқабилер қатысатын сотта iстiң талқылануынан алып тасталған дәлелдемелердiң бар екенi туралы еске салуға, өздерiнiң ұстанымдарына негiздеме үшiн оларға сiлтеме жасауға құқылы емес. Көрсетілген талаптарды бұзған кезде төрағалық етуші процеске қатысушының сөзін бөлуге және оған істен алып тасталған дәлелдемелер туралы еске салуға жол беруге болмайтынын ескертуге және алқабилерге процеске қатысушылар айтқанды қабылдамау керектігін түсіндіруге міндетті. Төрағалық етушінің билігіне бағынбаған жағдайда процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай жаза белгіленуі мүмкін.
649-бап. Алқабилер қатысатын сотта iстiң тоқтатылуы

Төрағалық етушi iстi соттың алқабилердiң қатысуымен талқылауының кез келген кезеңiнде, егер сот талқылауы кезiнде осы Кодекстiң 275-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ мемлекеттiк айыптаушы осы Кодекстiң 340-бабының жетiншi бөлiгiне сәйкес айыптаудан бас тартқан кезде тоқтатылады.
650-бап. Алқабилер қатысатын сотта сот тергеуiнiң ерекшелiктерi

1. Алқабилер қатысатын соттың сот тергеуi осы Кодекстiң 367-381,384-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлiгiн жариялаған кезде сотталушының сотталғандығы туралы фактiлердi еске салуға құқылы емес.

3. Тараптар сотталушыдан, жәбiрленушiден, куәлардан және сарапшылардан жауап алғаннан кейiн алқабилер төрағалық етушi арқылы осы адамдарға сұрақтар қоя алады. Алқабилер сұрақтарды жазбаша түрде жасап, төрағалық етушiге бередi.

4. Төрағалық етушi сұрақ қойған алқабиге өзiнiң бас тарту себебiн жариялай отырып, iске қатысы жоқ, сондай-ақ мегзеу немесе тiл тигiзу сипатында деп есептеген сұрақтарды қабылдамай тастауға құқылы.

5. Тараптар алқабилер алқасының қатысуынсыз, судья бұрын iс талқылауынан алып тастаған дәлелдемелердi, бұл ретте олардың мәнiн баяндамай-ақ, зерттеу туралы өтiнiш беруi мүмкiн. Осындай өтiнiшке байланысты iс бойынша сот талқылауына қатысушылардың пiкiрiн тыңдауды судья жүргiзедi.

6. Сотталушының бұрынғы сотталғандығына байланысты, оны құнықпа маскүнем немесе нашақор деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердiң сотталушыға қатысты терiс түсiнiгiн туғызатын мән-жайлар зерттелуге жатпайды.

7. Осы бапта көзделген тәртіп бұзылған кезде төрағалық етуші процеске тиісті қатысушыға мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтіндігі туралы ескертуге және алқабилерге процеске қатысулар айтқанға мән бермеуді түсіндіреді. Төрағалық етушінің билігіне бағынбаған кезде процеске қатысушыға қабылдамау керектігін түсіндіруге міндетті. Төрағалық етушінің билігіне бағынбаған жағдайда процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай жаза белгіленуі мүмкін.
651-бап. Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссөздерi

1. Сот тергеуi аяқталғаннан кейiн алқабилердiң қатысуымен сот тараптардың жарыссөздерiн тыңдауға көшедi. Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөздерi екi бөлiктен тұрады.

2. Жарыссөздердiң бiрiншi бөлiгi мемлекеттiк айыптаушының, жәбiрленушiнiң, қорғаушының және сотталушының сөздерiнен тұрады, олар сотталушының бұрынғы сотталғандығын еске салмай оның кiнәсiнiң дәлелденуi немесе дәлелденбеуi жөнiндегi өз ұстанымдарын баяндайды.

3. Тараптар алқабилер қатысқан соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды еске салмауға және сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасамауға тиiс. Төрағалық етушi мұндай сөздердi үзiп тастайды және алқабилердiң үкiм шығару кезiнде осы мән-жайларды есепке алмауға тиiс екендiгiн оларға түсiндiредi. Төрағалық етушінің билігіне бағынбаған жағдайда процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай жаза белгіленуі мүмкін.

4. Жарыссөздердiң екiншi бөлiгi мемлекеттiк айыптаушының, сондай-ақ жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының және сотталушының сөздерiнен тұрады, оларда сотталушының iс-әрекетiн дәрежелеу, жаза тағайындау, азаматтық талап мәселелерi бойынша ұстанымдары баяндалады. Жарыссөздердiң екiншi бөлiгi алқабилердiң қатысуынсыз өткiзiледi.
652-бап. Алқабилер қатысатын соттағы репликалар және сотталушының соңғы сөзi

1. Алқабилер қатысатын сотта жарыссөздiң әрбiр бөлiгiнде сөздер сөйленiп болған соң тараптар жарыссөзiне қатысушылардың бәрiнiң реплика айтуға құқығы бар. Соңғы реплика айту құқығы қорғаушыға тиесiлi.

2. Сотталушыға осы Кодекстiң 387-бабына сәйкес соңғы сөз берiледi.
653-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың қойылуы

1. Төрағалық етушi сот тергеуiнiң нәтижелерiн, тараптардың жарыссөздерiн ескере отырып, алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдайды, оларды оқиды және тараптарға бередi.

2. Тараптар сұрақтардың мазмұны мен тұжырымдалуы бойынша өздерiнiң ескертпелерiн айтуға және жаңа сұрақтар қою туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.

3. Сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi.

4. Тараптардың ескертпелерi мен ұсыныстарын ескере отырып, төрағалық етушi кеңесу бөлмесiнде алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтарды түпкiлiктi тұжырымдайды, оларды сұрақ парағына енгiзедi және оған қол қояды.

5. Сұрақ парағы алқабилер мен тараптар қатысып отырған кезде дауыстап оқылады. Бұдан кейін сұрақтардың тұжырымдалуын өзгертуге, сұрақтарды сұрақ парағынан алып тастауға, оған жаңа сұрақтар енгізуге жол берілмейді.
654-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың мазмұны

1. Сотталушы жасаған деп айыпталатын әрекеттердiң әрқайсысы бойынша:

1) әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме;

2) бұл әрекеттi сотталушының жасағаны дәлелдендi ме;

3) бұл әрекеттiң жасалуына сотталушы кiнәлi ме деген үш негiзгi сұрақ қойылады.

2. Сотталушының кiнәлiлiгi туралы негiзгi сұрақтан кейiн кiнәлiлiк дәрежесiн арттыратын немесе төмендететiн не оның сипатын өзгертетiн, сотталушыны жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар туралы жеке сұрақтар қойылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайларда қылмыстық ниеттiң жүзеге асырылу дәрежесi, әрекеттiң соңына дейiн жеткiзiлмеуiне әсер еткен себептер, сотталушылардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына қатысу дәрежесi мен сипаты туралы сұрақтар да жеке қойылады. Егер қойылатын сұрақтар сотталушының қорғану құқығын бұзбаса, сотталушының онша ауыр емес қылмыс жасаудағы кiнәсiн анықтауға мүмкiндiк беретiн сұрақтар қоюға жол берiледi.

3. Шешуге жататын сұрақтар әрбiр сотталушыға қатысты жеке қойылады.
655-бап. Алқабилер кеңесiнiң құпиясы

1. Жарыссөздер аяқталғаннан кейiн судья және негiзгi алқабилер үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi.

2. Судья мен алқабилерден басқа, кеңесу бөлмесiнде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күнi iшiнде төрағалық етушi кеңесу бөлмесiнен шығып, демалу үшiн үзiлiс жасауға құқылы.
656-бап. Кеңесу бөлмесiнде кеңесу мен дауыс берудi жүргiзу тәртiбi

1. Төрағалық етушi алқабилер кеңесiне басшылық етедi, шешiлуге жататын мәселелердi рет-ретiмен талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс берудi және дауыстардың есебiн жүргiзедi.

2. Кеңесу бөлмесiнде алқабилер қойылған мәселелерге байланысты өздерiнде туындаған түсiнбеушiлiктер бойынша төрағалық етушiден түсiнiктер алуға құқылы.

3. Негiзгi мәселелер бойынша дауыс беру жазбаша жүргiзiледi. Судья мен алқабилердiң дауыс беру кезiнде қалыс қалуға құқықтары жоқ. Судья мен алқабилердiң дауыстары тең.

4. Судья мен алқабилер сотталушылардың саны бойынша соттың мөртабаны басылып, дауыс беруге арналған: "Өзiмнiң ар-намысым, ар-ожданым бойынша және iшкi нанымым бойынша менiң қорытындым..." деген сөздер жазылған, таза бюллетеньдi алады. Олардың әрқайсысы құпияны қамтамасыз ете отырып, бюллетеньге сұрақ парағында қойылған және шешiлуге жататын сұрақтардың әрқайсысына жауап жазады. Сұрақ парағында қойылған сұрақтардың ретi бойынша жауап мақұлдаған "иә" немесе құптамаған "жоқ" деген немесе жауаптың мәнiн ашатын ("иә, дәлелдендi", "жоқ, дәлелденген жоқ", "иә, кiнәлi", "жоқ, кiнәсiз") мiндеттi түсiндiрме сөзден немесе сөз тiркестерiнен тұруға тиiс. Судья мен алқабилер өздерiнiң бюллетеньдерiн дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

5. Дауыс беру аяқталғаннан кейiн төрағалық етушi алқабилердiң қатысуымен жәшiктi ашады және әрбiр бюллетеньдегi дауыстарды санайды, дауыстарды санау нәтижесiн сұрақ парағында көрсетiлген негiзгi үш сұрақтың әрқайсысының тұсына дереу жазады.

6. Алқабилер мен судьяның жауаптары бар бюллетеньдер қылмыстық iсте сақталатын конвертке салынып, желiмделедi.

7. Егер алдыңғы сұраққа берiлген жауап кейiнгi сұраққа жауап берудiң қажеттiлiгiн жойса, төрағалық етушi алқабилердiң көпшiлiгiнiң келiсiмiмен сол кейiнгi сұрақтың тұсына "жауап берiлмейдi" деген сөздердi жазады.

8. Егер осы Кодекстiң 636-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген үш сұрақтың әрқайсысына мақұлдаған жауаптарға дауыс берушiлердiң көпшiлiгi дауыс берсе, айыптау шешiмi қабылданған болып есептеледi.

9. Егер қойылған негiзгi сұрақтардың кез келгенiне берiлген құпталмаған жауапқа дауыс берушiлердiң алтауы және одан да көбi дауыс берсе, ақтау шешiмi қабылданған болып есептеледi.

10. Егер сотталушының кiнәлiлiгi туралы мәселе оң шешiлсе, онда судья бұл әрекет қылмыс болып табыла ма деген және оның нақ қандай қылмыстық заңда көзделгенi (бабы, бөлiгi, тармағы) туралы мәселенi шешедi, сондай-ақ осы әрекеттер үшiн қандай жазалау шарасы көзделгенiн алқабилерге түсiндiредi.

11. Судья алқабилердiң қатысуымен соттың әрекеттi дәрежелеу мәселесiн шешкеннен кейiн осы Кодекстiң 393-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5)-8) және 14) тармақтарында көзделген, шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданатын мәселелер үзiлiс жасалмай шешiледi. Егер оған дауыс берушiлердiң көпшiлiгi жақтап дауыс берсе, шешiм қабылданған деп есептеледi.

Осы Кодекстiң 393-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 9) – 13), 15) – 18) тармақтарында және бесiншi бөлiгiнде көзделген мәселелердi судья дербес қарайды.

12. Он бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза, егер осындай шешiмге дауыс берушiлердiң сегiзi және одан да көбi дауыс берсе, тағайындалуы мүмкiн.

13. Айрықша жазалау шарасы - өлiм жазасы судья мен алқабилер бiрауыздан шешiм шығарған кезде ғана тағайындалуы мүмкiн.

14. Судья мен алқабилердiң жауаптары бар сұрақ парағына судья мен алқабилер қол қояды және ол iс материалдарына қоса тiгiледi.
657-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешiмдердiң түрлерi

Алқабилердiң қатысуымен сотта қылмыстық iстi талқылау мына шешiмдердiң бiрiн:

1) осы Кодекстiң 324-бабында көзделген жағдайларда, iстi қысқарту туралы қаулыны;

2) алқабилердiң қатысуымен сот осы Кодекстiң 636-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiзгi үш сұрақтың кем дегенде бiреуiне терiс жауап берген жағдайларда, ақтау үкiмiн;

3) осы Кодекстiң 396-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес айыптау үкiмiн қабылдаумен аяқталады.
658-бап. Үкiмнiң қаулысы

1. Үкiмге осы Кодекстiң 42-тарауында белгiленген тәртiппен төрағалық етушiнiң мынадай ерекшелiктермен қаулысы шығарылады:

1) үкiмнiң кiрiспе бөлiмiнде алқабилердiң тегi көрсетiлмейдi;

2) ақтау үкiмiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде алқабилердiң қатысуымен сот ақтау шешiмiн шығарған айыптаудың мәнi баяндалады және шешiмге не мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тартуына сiлтеме қамтылады;

3) айыптау үкiмiнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде сотталушы жасағаны үшiн кiнәлi деп танылған қылмыстық әрекеттiң сипаттамасы, жасалған әрекеттiң дәрежеленуi, жаза тағайындау себептерi және азаматтық талапқа қатысты сот шешiмiнiң негiздемесi қамтылуға тиiс;

4) үкiмнiң қарар бөлiгiнде апелляциялық сатыға үкiмге шағым жасау және наразылық бiлдiру тәртiбi туралы түсiнiк қамтылуға тиiс.

2. Yкiмге iс бойынша төрағалық етушi қол қояды.
659-бап. Сотталушының есi дұрыс емес екендiгiнiң анықталуына байланысты қылмыстық iстi қарауды тоқтату

1. Егер алқабилердiң қатысуымен соттың iстi талқылау барысында сотталушы өзiнiң психикалық жағдайы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн емес не оны өз iс-әрекеттерiне есеп беру немесе оларды басшылыққа алып жүру мүмкiндiгiнен айыратын, сот-психиатриялық сараптаманың тиiстi қорытындысымен расталған, жан күйзелiсi ауруына шалдықты деп есептеуге негiз болатын мән-жайлар анықталса, төрағалық етушi алқабилер қатысқан соттың қылмыстық iстi қарауды тоқтатуы туралы қаулы шығарады және оны осы Кодекстiң 12-бөлiмiнде көзделген тәртiппен соттың қарауына жiбередi.

2. Төрағалық етушiнiң алқабилер қатысқан соттың iстi қарауды тоқтатуы және оны осы Кодексте көзделген жалпы тәртiппен соттың қарауына жiберуi туралы қаулысы түпкiлiктi болып табылады және апелляциялық тәртiппен шағым жасауға, наразылық бiлдiруге жатпайды.
660-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргiзу ерекшелiктерi

1. Сот отырысының хаттамасы, осы Кодекстiң 350-бабының талаптарына сәйкес, осы бапта көзделген ерекшелiктермен жүргiзiледi.

2. Хаттамада сот отырысына шақырылған алқабиге кандидаттар құрамы және алқабилер алқасын құру барысы мiндеттi түрде көрсетiледi.

3. Төрағалық етушiнiң жүгiнуi сот отырысының хаттамасына жазылады немесе оның мәтiнi қылмыстық iс материалдарына тiркелiп, бұл туралы хаттамада көрсетiледi.

4. Сот отырысының хаттамасында соттың iс қарауының бүкiл барысы оның өтуiнiң дұрыстығын куәландыратындай етiп көрсетуге тиiс.

<предыдущая страница | следующая страница>


Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығының қолданылуы

6736.28kb.

14 12 2014
44 стр.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

Азақстан республикасының заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнің МӘтінін қараңЫЗ

1954.44kb.

25 12 2014
13 стр.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

Республикасының Заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің мәтінін қара

3273.08kb.

14 09 2014
22 стр.


Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі

Жалпы ережелер (1 135 баптар) 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық (1 4 баптар)

2700.5kb.

10 10 2014
18 стр.


Қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталғандар үшін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың объектілерін және түрлерін белгілеу туралы

Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

58.33kb.

25 12 2014
1 стр.


Қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталғандар үшін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың объектілерін және түрлерін белгілеу туралы

Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

57.3kb.

12 10 2014
1 стр.


«Азаматтық және еңбек құқығы» кафедрасы

«мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Қылмыстық құқық», «Қр азаматтық құқық», «ҚР қылмыстық іс жүргізу», «ҚР азаматтық іс жүргізу» пәндерінен 050301- заңтану мамандығы бойынша типтік

534.29kb.

11 10 2014
2 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының

Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде заңды және жеке тұлғалармен кассалық

58.54kb.

23 09 2014
1 стр.