Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 41страница 42страница 43страница 44

68-тарау. Алқабилердiң қатысуымен қаралған iстер бойынша заңды күшiне енбеген үкiмдердi, қаулыларды қайта қарау жөнiндегi iс жүргiзу ерекшелiктерi
661-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдер мен қаулыларға шағымдану және наразылық келтiру

Алқабилер қатысуымен соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына шағымдану, наразылық келтiру тәртiбi, осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодекстiң 45-тарауында көзделген қағидалармен айқындалады.
662-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi

1. Апелляциялық сатыдағы сот алқабилердің қатысуымен үкімдерге, қаулыларға шағымдарды, наразылықтарды қараған кезде үкім (қаулы) шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтауын тексереді және осы негізде үкімнің (қаулының) заңдылығын, негізділігін және әділеттілігін тексереді.

2. Апелляциялық сатыда сот шешiмдерiнiң күшiн жоюға немесе оларды өзгертуге:

1) iстi аяқтау үшiн айтарлықтай маңызы болуы мүмкiн жол берiлетiн дәлелдемелердi талқылаудан негiзсiз алып тастау;

2) iстi аяқтау үшiн айтарлықтай маңызы болуы мүмкiн дәлелдемелердi тараптың зерттеуiнен негiзсiз бас тарту;

3) iстiң аяқталуына әсер еткен дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтын iс жүзiндегi деректердi сот отырысында зерттеу;

4) осы Кодексте көзделген қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi түрде бұзу;

5) төрағалық етушi:

алқабилер алқасын қалыптастырған кезде;

алқабилердiң қатысуымен талқылануға жатпайтын мәселелердi талқылаған кезде;

алқабилердiң шешуiне жататын мәселелердi тұжырымдаған кезде;

сот жарыссөздерiн жүргiзген кезде;

төрағалық етушiнiң алқабилерге арнаған сөзiнде жiберген, сот төрелiгi үкiмiнiң шығарылуына ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн бұзушылықтар негiз болып табылады.

3. Апелляциялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттiң өзгертiлген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы. Бұл ретте, кассациялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқығы жоқ.

4. Қылмыстық iс жүргiзу заңын прокурордың, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң дәлелдемелердi ұсыну құқығын шектеген бұзушылықтар, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармағында көзделген, оның iшiнде жол берiлетiн дәлелдемелер негiзсiз алып тасталған жағдайларды қоспағанда, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкiмi апелляциялық сатыда күшiн жоймауға тиiс.
663-бап. Істі жаңа сот талқылауына жібере отырып алқабилердің қатысуымен үкімді жою

1. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкім осы Кодекстің 644-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша толық немесе істі жаңа сот талқылауына жіберу бөлігінде, бірақ өзге сот құрамында жоюға жатады.

2. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қайсыбір дәлелдемелердің анықтығы немесе анық еместігі туралы, бір дәлелдемелердің екіншісінен артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қайсыбір қылмыстық заңды және жазалау шарасын қолданғаны туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот айтуға тиіс тұжырымды алдын ала шешуге құқылы емес.
69-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
664-бап. Алқабилердің қатысуымен заңды күшіне енген соттың үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта қайта қарау

1. Егер сот талқылауы барысында қылмыстық іс жүргізу заңын айтарлықтай бұзу орын алса, ол:

1) алқабилер алқасының заңсыз құрамымен үкім шығаруға әкеп соқса;

2) жәбірленушіні сотта қорғанудан айырса алқабилердің қатысуымен соттың ақтау үкімін және апелляциялық алқаның қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарауға жол беріледі.

2. Сондай-ақ:

1)қылмыстың қайталану түрін және түзеу колониясының режим түрін дұрыс айқындамау;

2) талапты қарамау жағдайларынан басқа, азаматтық талапты дұрыс шешпеу қайта қарауға жатады.

3. Кассациялық саты сотталушыға ауыр қылмысының аздығы туралы қылмыстық заңды қолдануға және әрекетті саралаудың өзгеруіне сәйкес жазаны азайтуға құқылы, бірақ қылмысының ауырлығы немесе жазаны күшейту туралы заңды қолдана алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, іс алдын ала тыңдау сатысынан немесе басты сот талқылауынан бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберіледі.
665-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау

Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша шығарылған үкімдерді, қаулыларды қадағалау тәртібімен қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы осы Кодекстің 487-бабының бірінші бөлігінің 1), 1-4) тармақтарында және екінші бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген негіздемелер бойынша іс кассациялық сатыда қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырады.
666-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың заңды күшіне енген үкімдерін, қаулыларын қайта қарау кезінде сотталушының жағдайын нашарлатуға жол бермеу

Сотталушының жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын жазаның жұмсақтығына орай немесе өзге де негіздемелер бойынша қылмыстық заңды қолдану қажеттігіне байланысты соттың айыптау үкімін, сондай-ақ қаулысын қайта қарауға, сондай-ақ қылмыстық істі тоқтату туралы соттың ақтау үкімін не қаулысын қайта қарауға жол берілмейді.
15-бөлім. Үкім шығарылғанға дейін тәркілеу ісін жүргізу
70-тарау. Үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі туралы
667-бап. Үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау («in rem» тәркілеуі)

1. Сезікті (айыпталушы) қылмыстық қудалау органынан жасырынып қалған не оған қатысты қылмыстық қудалау осы Кодекстің 35-бабының 1-бөлігінің 15) тармақшасы негізінде тоқтатылған не басқа да негіздемелер бойынша қылмыстық қудалау мүмкін болмаған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам, заңсыз жолмен алынған мүлік туралы мәліметтер болған кезде, осы тарауда белгіленген тәртіппен Қылмыстық кодекстің 53-бабының негізінде мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғайды.

2. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамның тәркілеу туралы іс жүргізуі үшін материалдар бөлу туралы қаулы шығарылады, оған тәркілеу үшін негіз болған қылмыстар туралы қылмыстық іс материалдарының көшірмесі, оның ішінде осы Кодекстің 111-бабының 3-бөлігімен көзделген мән-жайларды растайтын материалдарының көшірмесі тігіледі.
668-бап. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу

1. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады.

2. Қосымша тергеу іс-әрекеттерін жүргізу жолымен дәлелдемелерді жинау оысы Кодексте белгіленген негіделер мен тәртіпте жүзеге асырылады.

Осы Кодекстің 111-бабының 3-бөлігінде көзделген мән-жайлардан басқа, мыналар дәлелдейге жатады:

1) мүліктің сезіктіге (айыпталушыға) немесе үшінші адамға тиесілілігі;

2) мүліктің тәркілеу қолдану үшін негіз болып табылатын қылмыспен байланысы;

3) мүлікті үшінші тұлғаның сатып алуының не мүлік құқық бұзушылық нәтижесінде сатып алынған деп болжауға негіз болатын мән-жайлар.

3. Сезіктінің (айыпталушының) мүлікті үшінші адамға қайта ресімдеу жолымен жасырғаны туралы куәландыратын мән-жайлар анықталған жағдайда, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен мәмілелерді (сатып алу-сатуды, сыйға тартуды, жалға, сенімгерлік басқаруға беруді және т.б.) жарамсыз деп тану туралы талаппен қылмыстық іс бойынша мемлекеттің немесе жәбірленушінің мүддесіне сотқа өтініш жасау туралы мәселені шешу туралы өтінішпен прокурорға жүгінеді.

4. Тәркілеу туралы іс жүргізуде заңсыз жолмен алынған мүлік туралы жеткілікті дәлелдемелер жиналғанын тани отырып, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адам қорытынды жасайды, онда:

1) сезіктінің (айыпталушының) аты, тұрғылықты немесе орналасқан жері мен мекенжайы, туған жылы, айы, күні;

2) тәркілеуді қолдану үшін негіз болып табылатын қылмыс туралы мәлімет, оны жасаудың мән-жайы, қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;

3) тәркілеуге жататын мүліктің сипаты мен орналасқан жері;

4) осы баптың екінші бөлігімен көзделген мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

5) тәркілеу туралы өтнішпен сотқа жүгінудің қажеттігі туралы тұжырым көрсетіледі.

5. Тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша қорытынды материалдарымен бірге прокурорға жіберіледі.

6. Прокурор, қорытындыны қарап, қылмыстық қудалау органы тергейтін қылмыс туралы қылмыстық іс сотта қаралатын тәркілеу туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

Тәркілеу туралы өтініште:

1) өтініштің жасалған уақыты мен орыны;

2) өтінішті жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні;

3) тәркілеуді қолдану үшін негіз болып табылатын қылмыс туралы мәлімет, қылмысты саралау, оны жасаудың мән-жайы;

4) айыпталушының аты, тұрғылықты жері мен мекенжайы, туған жылы, айы, күні;

5) қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;

6) тәркіленуге жататын мүлікке тыйым салу туралы мәлімет;

7) тәркіленуге жататын мүлікті сипаттау және оның орналасқан жері;

8) осы баптың екінші бөлігінде көзделген мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тізбесі;

9) тәркілеу туралы өтінішпен сотқа жүгінуге негіз болатын дәлелдер көрсетіледі.

Өтініштің жіберілгендігі туралы сезіктіге (айыпталушыға), егер орналасқан жері белгілі болса, қорғаушыға, жәбірленушіге, оның өкіліне хабарланады.

7. Өтінішпен сотқа жүгінуге негіз болмаған жағдайда, прокурор қосымша дәлелдемелер жинау немесе тәркілеу туралы іс жүргізуді тоқтату қажеттігі туралы көрсете отырып, қорытынды мен материалдарды, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамға қайтарады.
669-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуді соттың қарауы

1. Тәркілеуді қолдану туралы мәселені судья жеке-дара шешеді.

2. Сот талқылауы осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің ережелерін сақтаумен жүргізіледі.

Сот отырысына өтінішпен жүгінген прокурор қатысады.

Сот отырысына сезікті (айыпталушы), егер орналасқан жері белгілі болса, қорғаушы, жәбірленуші, оның өкілі шақырылады. Көрсетілген адамдардың келмеуі сот талқылауына және тәркілеу туралы өтінішті қарауға кедергі болмайды.

Сезікті (айыпталушы), оның қорғаушысы прокуратураға немесе сотқа өзінің мүлкін тәркілеуге қатысты қарсылығының жоқ екендігі туралы жазбаша өтініш берген жағдайда оның келмеуі тәркілеу туралы өтінішті қарауға кедергі болмайды.
670-бап. Тәркілеу бойынша іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері

1. Тәркілеу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша сот қаулы шығарады.

2. Сот қаулы шығарған кезде мынадай мәселелер шешіледі:

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында көзделген жағдайларда, тәркілеу үшін негіз болып табылатын қылмыспен сезіктінің (айыпталушының) мүкі байланысты ма;

2) үшінші адамның мүлкі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында көзделген тәсілмен сатып алынған ба;

3)тәркілеу қолдануға жата ма және ол мүліктің қай бөлігіне қолданылуға тиіс;

4) оларға қатысты тәркілеу қолданылмайтын тыйым салынған немесе алып қойылған мүлікті не істеу керек;

5) тәркілеу туралы іс жүргізудің шығыс мөлшері қандай және ол кімге жүктеледі.
671-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі

1. Сот:

1) өтінішті қанағаттандыру және мүлікті тәркілеу туралы;

2) тәркілеу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыны кеңесу бөлмесінде шығарады.

2. Қаулының көшірмесі прокурорға және басқа да процеске қатысушыларға беріледі не тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша сот талқылауына қатыспағандарға почтамен жіберіледі.

Қаулының көшірмесі мүлкі тәркіленетін адаға беріледі.
672-бап. Тәркілеу туралы қаулыға шағымдану, наразылық келтіру

Соттың тәркілеу туралы қаулысына осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы не наразылық келтірілуі мүмкін.

<предыдущая страница


Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығының қолданылуы

6736.28kb.

14 12 2014
44 стр.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

Азақстан республикасының заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнің МӘтінін қараңЫЗ

1954.44kb.

25 12 2014
13 стр.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

Республикасының Заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің мәтінін қара

3273.08kb.

14 09 2014
22 стр.


Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі

Жалпы ережелер (1 135 баптар) 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық (1 4 баптар)

2700.5kb.

10 10 2014
18 стр.


Қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталғандар үшін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың объектілерін және түрлерін белгілеу туралы

Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

58.33kb.

25 12 2014
1 стр.


Қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталғандар үшін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың объектілерін және түрлерін белгілеу туралы

Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

57.3kb.

12 10 2014
1 стр.


«Азаматтық және еңбек құқығы» кафедрасы

«мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Қылмыстық құқық», «Қр азаматтық құқық», «ҚР қылмыстық іс жүргізу», «ҚР азаматтық іс жүргізу» пәндерінен 050301- заңтану мамандығы бойынша типтік

534.29kb.

11 10 2014
2 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының

Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде заңды және жеке тұлғалармен кассалық

58.54kb.

23 09 2014
1 стр.