Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты ұйымдастыру мен жүргізу туралы ақпарат

Павлодар облысы әкімдігі «Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Екібастұз қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында Байқау кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу шаруашылық жүргізу құқығындағы «Екібастұз қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында Байқау кеңесі мүшелері (одан әрі – Комиссия) лауазымдарын орналастыруға кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстық комиссия іске асырады.

Конкурс 10 жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдап алғаннан кейін мына мекенжай бойынша өткізіледі: 140003, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2, 3–қабат, конференц–зал.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Екібастұз қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны осы мекенжай бойынша орналасқан: 141 201 Екібастұз қаласы, Торайғыров көшесі, 32 үй, тел. 372966

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі ересек адамдарға және балаларға тәулік бойы медициналық бақылау жасай отыырып, мамандандырылған арнаулы және жоғары мамандандырылған көмек көрсету, халық денсаулығын сақтау бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:


  • Жоғары білім;

  • Білім немесе денсаулық сақтау салаларында еңбек өтілі 10 жылдан кем емес;

  • Басқару жұмыс өтілі (заңды тұлғалы басқарушы немесе оның орынбасары) білім немесе денсаулық сақтау салаларында 5 жылдан кем емес;

  • Білім немесе денсаулық сақтау салаларында қоғам бірлестіктерінің мүшесі болып табылу керек.

Бақылау кеңесі мүшесі ретінде мына тұлғалар бола алмайды:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша өтелмеген немесе кешірілмеген сотталғандығы бар тұлға;

  • Шаруашылық жүргізу құқығындағы белгілі мемлекеттік кәсіпорынның белгілі заңды тұлғаны борышкер деп есептеу туралы шешім қабылданғанына дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болып табылатын тұлға;

  • Бұрын сыбайлас құқық бұзушылықты жасаған;

  • Бақылау кеңесі мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынаста болған тұлға.

Әңгімелесуді өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласында қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативті–құқықтық актілер туралы білімі, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымы қызметінің өзгешелігі туралы білімі тексеріледі.

Конкурсқа қатысу ықыласын білдірген тұлғалар үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жариялау туралы хабарламаны орналастырған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өткізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жариялау туралы хабарлама шыққан күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурс жариялау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде конкурсқа қатысу ықыласын білдірген тұлға Комиссияға мына құжаттарды ұсынады:


  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

  3. еркін түрде жазылған өмірбаян;

  4. кандидаттың жеке куәлігі құжатының көшірмесі;

  5. жоғары білім туралы құжатының көшірмесі;

  6. еңбек кітапшасынан (оның болған жағдайыда), еңбек шарты, жұмысқа қабылдау және соңғы жұмыс орнынан жұмыс шарты бұзылғаны туралы бұйрықтарының көшірмелері;

  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен берілген сотталғандық пен сыбайластық құқық бұзушылық жоқтығын растайтын құжаттар.

Қатысушы өзінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби деңгейіне байланысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар тағайындау туралы құжаттар көшірмелері, ғылыми басылымдар, бұрыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хаттар).

Кандидат конкурстық мәлімдеме түпнұсқасын конвертке жапсырып, «Түпнұсқа» деп белгілеп қояды. Бұл конвертте кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетілуі керек. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып жапсырылады.

Ішкі және сыртқы конверттер:


  1. Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасына мына мекенжай бойынша бағытталуы тиіс: Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі 151/2, 3–қабат, «Ұйымдастыру–құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімі» кабинеті, анықтама үшін телефон: 8 (7182) 65-38-82, 8 (7187) 37-29-66.

  2. «Мемлекеттік кәсіпорын бақылау кеңесінің мүшелері – Бақылау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жариялау туралы хабарлама бергеннен кейін 30 күнтізбелік күн аяқталғанға дейін алуға болмайды» деген сөздер болуы керек.

  3. Конкурстық мәлімдеме бір дана бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберіледі.

Конкурстық комиссия конкурстық мәлімдемелері бар конверттерді ашу күндерінен кейін бес жұмыс күндері ішінде кандидатпен ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген талаптарға сай кандидат бағалауын қарастырады.

Берілген баға нәтижелері бойынша конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген талаптарға сай әңгімелесуге кандидаттарды іріктеуді өткізеді, оларға күні, уақыты және оның өткізіліу мекенжайы көрсетілген шақыруды жібереді.



Комиссия өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласында қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативті–құқықтық актілері, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ерекшеліктері туралы білімдері тексеріледі.

Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты ұйымдастыру мен жүргізу туралы ақпарат Павлодар облысы әкімдігі «Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мм

Влодар облысы әкімдігі «Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мм павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Екіб

41.76kb.

01 10 2014
1 стр.


Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы»

Көлемі белгілі газ бойынша, онымен әрекеттесуші екінші газдың көлемін анықтауға есеп

44.07kb.

25 12 2014
1 стр.


Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы»

Адамның және сүтқоректі жануарлардың қанайналым мүшелері, олардың организмнің тіршілік әрекетіндегі рөлі. Қан, оның құрылысы мен қызметі

65.06kb.

25 12 2014
1 стр.


Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы
43.79kb.

25 12 2014
1 стр.


Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы»

Жасушаның химиялық құрамы. Жасушаның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар

53.96kb.

25 12 2014
1 стр.


Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы»

Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы. Периодтық жүйенің құрылысы. Периодтық жүйеде көрінетін заңдылықтар. Периодтық заңның маңызы

66.77kb.

25 12 2014
1 стр.


Қашыр аудандық филиалында мини атсты құру мемлекеттік сатып алуды іске асыру туралы жарнама Тапсырушы: 140000 Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48 үй, «Павлодар облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы»

Тапсырушы: 140000 Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48 үй, «Павлодар облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы» Мемлекеттік мекемесі

32.91kb.

25 12 2014
1 стр.


Павлодар облысы Железин ауданы Железинка селосындағы кәсіпкерлік объектерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құру бойынша бір дерек тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы жөнінде хаттама

Лекеттік мекеме, 140400, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квитков көшесі,7, «Павлодар облысы Железини ауданы Железинка селосындағы кәсіпкерлік объектерге инженерл

25.9kb.

25 12 2014
1 стр.