Перейти на главную страницу
№ 393 қаулысымен
ҚР Үкіметінің 2012.17.08. № 1059 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 4-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесі 2-тарауының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
6. Мемлекеттік қызмет бала тууға және (немесе) бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға және оралмандарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) орталық уәкілетті ұйым бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі уәкілетті ұйымның бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушының өтініші немесе мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі бала тууға және (немесе) баланың күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде алушыны немесе орталықты хабардар етеді.
Порталда бала тууға және (немесе) баланың күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу - уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сауал түскен сәттен бастап - 30 минуттан аспайды.
2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін (тіркеу, талон алу кезінде) мемлекеттік қызмет алғанға дейін күтудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті ұйым бөлімшелерінде: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.
Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
2) орталықта - мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес.
3) порталда: тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет мыналарда көрсетіледі:
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін:
13. Құжаттарды қабылдау тікелей:
14. Мемлекеттік қызмет алушыға барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
15. Бала тууға және (немесе) баланың күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама беру тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесіне, орталыққа алушы жеке өзі келген кезде жүзеге асырылады.
16. Егер осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
17. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша:
22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті ұйым бөлімшесі не орталық басшысының атына, сондай-ақ мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысының атына беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды адамға жолдануы керек.
25. Қабылданған шағым Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Өтініш берушіге күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Өтініш берушінің шағымын қарау нәтижелері туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А, телефоны: 8 (7172) 94 99 95, интернет-ресурсы: https://www.con.gov.kz.
«Бала тууға және бала күтімі бойынша
Ақмола облысы бойынша уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелері
Р/с №
|
Уәкілетті ұйым бөлімшесінің атауы |
Уәкілетті ұйым бөлімшесінің орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) нөмері), электронды поштаның мекенжайы |
Қала коды және телефон нөмірі |
Жұмыс кестесі |
1 |
Ақмола облыстық филиалы |
Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 73 [email protected] |
8-71622 5-26-49 |
Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңымен бекітілген мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін |
2 |
Ақкөл аудандық бөлімшесі |
Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 116 [email protected] |
8-71638 2-16-54 | |
3 |
Астраханка аудандық бөлімшесі |
Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 49 [email protected] |
8-71641 2-22-66 | |
4 |
Атбасар аудандық бөлімшесі |
Атбасар қаласы, Сейфуллин көшесі, 2 а [email protected] |
8-71643 4-12-40 | |
5 |
Аршалы аудандық бөлімшесі |
Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 31/12 [email protected] |
8-71644 2-12-36 | |
6 |
Бұланды аудандық бөлімшесі |
Макинск қаласы, Бөгенбай көшесі, 21 [email protected] |
8-71646 2-16-34 | |
7 |
Бурабай аудандық бөлімшесі |
Щучинск қаласы, Толкунова көшесі, 72 [email protected] |
8-71636 4-42-58 | |
8 |
Егіндікөл аудандық бөлімшесі |
Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 1/1 [email protected] |
8-71642 2-13-00 | |
9 |
Ерейментау аудандық бөлімшесі |
Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесі, 41 [email protected] |
8-71633 2-15-42 |
Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңымен бекітілген мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін |
10 |
Есіл аудандық бөлімшесі |
Есіл қаласы, Достық көшесі, 1 [email protected] |
8-71647 2-19-49 | |
11 |
Еңбекшілдер аудандық бөлімшесі |
Степняк қаласы, Уәлиханов көшесі, 2 [email protected] |
8-71639 2-18-71 | |
12 |
Жақсы аудандық бөлімшесі |
Жақсы ауылы, Достық көшесі, 14 [email protected] |
8-71635 2-17-02 | |
13 |
Жарқайың аудандық бөлімшесі |
Державин қаласы, Ғабдуллин көшесі, 102 [email protected] |
8-71648 9-15-53 | |
14 |
Зеренді аудандық бөлімшесі |
Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 48 [email protected] |
8-71632 2-13-79 | |
15 |
Қорғалжын аудандық бөлімшесі |
Қорғалжын ауылы, Т. Әубәкіров көшесі, 4 [email protected] |
8-71637 2-14-75 | |
16 |
Сандықтау аудандық бөлімшесі |
Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 121 [email protected] |
8-71640 9-23-46 | |
17 |
Степногор аудандық бөлімшесі |
Степногор қаласы, 3-шағын аудан, 1 [email protected] |
8-71645 6-14-74 | |
18 |
Шортанды аудандық бөлімшесі |
Шортанды ауылы, Лермонтов көшесі, 16а [email protected] |
8-71631 2-16-86 | |
19 |
Целиноград аудандық бөлімшесі |
Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 [email protected] |
8-71651 3-11-23 |
Р Үкіметінің 2012. 17. 08. №1059 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда
25 12 2014
8 стр.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызме
13 10 2014
8 стр.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет
17 12 2014
10 стр.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi. Тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттiк қызме
14 12 2014
8 стр.
Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен 2007 жылғы 1-12 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне және Бала еңбегіне қарсы күрес күніне арналған Бала
14 12 2014
1 стр.
Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба
16 12 2014
7 стр.
Кiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу мемлекеттік қызмет стандартына
12 10 2014
6 стр.
Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші мемлекеттік қызмет алу үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі
13 10 2014
7 стр.