Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



Қазақстан Республикасы

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының

2012 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 287 бұйрығына 1-қосымша

Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебінің қызметін ұйымдастырудың тәртібі туралы қағидалар



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар қосымша білім беру ұйымы ретінде балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінің (бұдан әрі - БЖСМ) қызметін айқындайды.

2. БЖСМ меншік түріне және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан оқушылардың дене шыңықтыру-сауықтыру және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын іске асырады.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) бұқаралық-спорттық iс-шаралардың күнтiзбесi - дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтiзбелiк жылға жоспарлауы мен өткiзуiн регламенттейтiн ресми құжат;

2) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) нормативтік талаптар (тестілер) – оқушылардың спорт түрлерінен белгілі бір спорттық жаттығуларды орындауын есепке ала отырып оқушыларға қойылатын бақылау-ауыстыру талаптары, оларды орындау тиісті топқа ауысу үшін негізгі шарт болып табылады;

4) спорт түрi - бiлiктiлiк деңгейi, жаттығу ортасы, пайдаланылатын құрал-сайман мен жабдық, жарыс ережесi айрықша белгiлерi болып табылатын дене шынықтырудың құрамдас бөлiгi;

5) спорттан жаттықтырушы-оқытушы – техникалық кәсiптік немесе жоғары кәсіптік бiлiмi бар және оқыту қызметімен тікелей айналысатын жеке тұлға;

6) спорттық резерв – жасөспірімдердің және жастардың жарыстарына қатысатын спортшылар;

7) спорттан аға жаттықтырушы-оқытушы – спорт түрлері бойынша жаттықтырушылыр құрамына жалпы басшылықты іске асыратын және оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;

8) ұлттық спорт түрлерi – жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

9) халықаралық спорттық жарыстар - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрiнен сайыстар;

10) оқушы – БЖСМ-да спорт түрімен шұғылданатын адам.



4. БЖСМ негізгі мақсаты:

1) балалар мен жасөспiрiмдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;

2) балалардың белгілі бір спорт түрінен қабілетін анықтау;

3) физакалық, моральдік-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

5. БЖСМ негізгі мiндеттерi:

1) жаттығушылардың теория, әдістеме, спорт түрлерінің ережелерінен, тазалық және физиология саласында, қауіпсіздік техникасынан негізгі білім алуын қамтамасыз ету;

2) спорттық шеберлігінің деңгейін көтеру;

3) жаттығушылардың жас тобына сәйкес тандаған спорт түрінен нормативтік талаптарын (тестер) орындауын қамтамасыз ету;

4) спорт түрлерi бойынша республиканың, облыстың, қаланың, ауданның құрама командаларына үміткерлерді дайындау;

5) БЖСМ жаттығушыларының спорттық іс-шараларға дайындалуын және қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

2. БЖСМ қызметін ұйымдастыру
6. БЖСМ-де спорттағы зұлымдыққа табынушылық және зорлықты насихаттауға, адамның қадір-қасиетін кемсітуге, тыйым салынған препараттар мен ынталандырғыштарды пайдалануға жол берілмейді.

7. Оқу топтарын қалыптастыру спортпен шұғылдануға медициналық жағынан терiстеу айғақтары жоқ 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспiрiмдер санынан ата-анасының өтініші бойынша медициналық қорытындысы болған жағдайда (тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек анықтамасы немесе дайындық кезеңіне қарамастан, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің анықтамасы) жүзеге асырылады.

8. БЖСМ жұмысының негiзгi нысандары:

1) оқу-жаттығу жиындары (жеке және топтық);

2) оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;

3) спорттық жарыстарға қатысу;

4) спорттық-сауықтыру лагерьлерiндегi оқу-жаттығу үдерiсi;

5) медициналық қалпына келтiру iс-шаралары;

6) теориялық сабақтар;

7) оқушылардың нұсқаушылық және төрешiлiк практикасы.

9. Оқушылар физикалық дайындығы дәреженің негізінде топтарға алынады.

10. БЖСМ қызметін күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырады. Спорттық-сауықтыру топтарын қоспағанда, оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.

11. БЖСМ-де спорт түрi бойынша спорттық жетiлдiрудiң кемiнде екi тобы болса, бөлімге «спорт түрі бойынша мамандандырылған бөлімше» мәртебесi берiледі.

3. БЖСМ оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру
12. БЖСМ-нің контингентінде ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оқушылардың тұрақты және ауыспалы құрамы болады.

13. БЖСМ-нiң алғашқы даярлық топтарына қабылданатын балалардың жасы осы Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған.

14. БЖСМ-дегі оқу-жаттығу жұмысының режимі осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған.

15. Оқушыларды қабылдау, оқу жылдары бойынша ауыстыру, бітіртіп шығару және оқудан шығарып жіберу БЖСМ директорының бұйрығымен рәсiмделедi.

16. БЖСМ-нiң алғашқы даярлық топтарына қабылдау жыл сайын 25 қыркүйекке дейiн жүзеге асырылады. Оқушылар топтан шығып қалған жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы топты бiр ай мерзiм iшiнде толықтырады.

17. Топтарды қалыптастыру шарттары және қабылдауға қойылатын талаптар:

1) спорттық-сауықтыру топтарына спортпен шұғылдануға ниетті 6-дан 15 жасқа дейінгі барлық балалар, сондай-ақ, алғашқы даярлық тобына қабылдауға қойылатын талаптарды орындамаған, медициналық қарсы қөрсетілімі болмаған (тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек анықтамасы) балалар алынады;

2) алғашқы даярлық топтарына 1-қосымшада спорт түрі бойынша белгіленген ең аз жасқа сәйкес спортпен шұғылдануға ниетті және дене тәрбиесі даярлығы бойынша нормативтік талаптардан (тестілерден) өткен, медициналық қарсы көрсетілім болмаған (тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек анықтамасы) балалар алынады;

3) оқу-жаттығу топтарына бастапқы даярлық топтарында кемінде бір оқу жылында дайындықтан өткен және жалпы физикалық және арнайы дайындық бойынша нормативтік талаптарды (тестілерді) орындаған, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің рұқсаты бар балалар алынады;

4) спорттық жетілдіру топтарына оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар алынады:

спорттың ойын түрлерінен, коньки спортынан, жеңіл атлетикадан, спорттық гимнастикадан – 1-спорттық разряд;

шығыс жекпе-жегінің олимпиадалық емес түрлерінен – «Қазақстан Республикасының спорт шебері», және спорттық жетілдіру тобының жалпы санынан кемінде 30% «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар спортшылар;

спорттың басқа түрлерінен – «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер»;

5) жоғары спорт шеберлігі топтарына спорттық жетілдіру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындағын спортшылар алынады:

спорттың ойын түрлерінен, коньки спортынан, жеңіл атлетикадан, спорттық гимнастикадан – «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер»;

шығыс жекпе-жегінің олимпиадалық емес түрлерінен – «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», және жоғары спорт шеберлігі тобының жалпы санынан кемінде 50% «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар спортшылар;

спорттың басқа түрлерінен – «Қазақстан Республикасының спорт шебері».

18. Тиісті дайындық жылдарында нормативтік талаптарды (тестілерді) орындамаған оқушылар келесі оқу жылына көшірілмейді.

19. Келесі оқу жылына ауысуға бекітілген жасқа жетпеген оқушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, БЖСМ директорының бұйрығымен, оң медициналық қорытынды болған жағдайда, уақытынан ерте ауыстырылады.

20. Келесі оқу жылына немесе даярлық кезеңіне ауысуға арналған нормативтік талаптарды (тестілерді) орындамаған оқушылар БЖСМ директорының бұйрығымен аталған дайындық кезеңінде оқуды кемінде бір рет қайта жалғастырады немесе спорттық-сауықтыру кезеңіне ауыстырылады. Нормативтік талаптарды (тестілерді) кейіннен орындаған жағдайда, БЖСМ директорының бұйрығымен оқушылар спорттық-сауықтыру тобына ауыстырылған оқу жылына қайта қабылданады.

21. Оқу-жаттығу жұмыстары кезеңінде топтарды толықтыру үшін БЖСМ басшысының бұйрығымен нормативтік талаптарды (тестілерді) орындау нәтижиесіне байланысты алдыңғы оқу жылындағы оқушылар қабылданады. Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және берілген топтың толтырылуы оқудың әрбір кезеңінің соңына дейін сақталады.

22. Оқушы басқа спорттық ұйымға ауысқан жағдайда және «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi» атағын орындаған кезде, сонымен қатар оның жарыстарға қатысу қорытындылары бойынша нәтижелері БЖСМ-ге және спорттық ұйымға бірдей есептеледі және спортшының нәтижеге жеткен күнінен бастап осы тектес жарыстар өткізілгенге дейін (1, 2 немесе 4 жыл) күшінде болады.

23. Оқушылардың контингенті, оқу топтарының саның және БЖСМ-дегі оқу сағаттарының жылдық есебiн жыл сайын оқу жылының басында 1 қыркүйекте басқару органы бекiтедi.

24. БЖСМ-де оқу жылы аяқталған кезде, топтардың сандық құрамы оқу жылының басында бекітілгеннен кемінде 50%-ды құрауы тиіс.

25. Спорт түрлерi бойынша бөлiмшелердегi оқу-жаттығу сабақтары 52 аптаға есептелген спорт түрлері бойынша бағдарламаларға сәйкес, оқу-жаттығу жиындарына, жарыстарға, спорттық-сауықтыру лагерлерiне қатысу және спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтары оқушыларының демалысы кезiндегі жеке жоспарлары есепке алына отырып, өткізіледі.

26. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру оқу-жаттығу және спорттық iс-шараларды өткiзудi, спорттық-сауықтыру лагерлерін ұйымдастыруды, медициналық қызмет көрсетудi, оқу-жаттығу және спорттық іс-шараларға іссапарға жіберуді, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, фармакологиялық және қалпына келтіру жабдықтарымен, спорттық құрал-сайманмен және жабдықтармен қамтамасыз етудi қамтиды.

27. Осы Қағидалар негізінде БЖСМ спорт түрлерінің ерекшелігін, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуін есепке ала отырып, басқару органымен келісім бойынша БЖСМ директоры бекітетін жұмыс жоспарын әзірлейді.

28. БЖСМ облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға жiберiлген командалар мен оқушыларды дайындау үшiн оқу-жаттығу жұмысына арналған қаржы шегiнде ұзақтығы 18 күнге дейiн республикалық және ұзақтығы 24 күнтізбелік күнге дейiн халықаралық жарыстарға оқу-жаттығу жиындарын өткiзеді.

29. Бір сабақтың ұзақтығы:

спорттық-сауықтыру топтарында және алғашқы даярлық топтарында - екi-үш академиялық сағаттан;

оқу жаттығу топтарында – кемiнде аптасына төрт рет сабақ өту кезiнде үш-төрт академиялық сағаттан;

аптасына жүктемесi 20 және одан да көп сағатты құрайтын топтарда - аптасына – төрт академиялық сағатқа, ал күнiне екi рет жаттығу сабағы кезiнде - үш академиялық сағатқа дейiн;

спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарында - төрт академиялық сағатқа дейін болады.

30. Қазiргi бессайыстан сабақтарға қаражат бөлудi есептеу кезінде, оқу сағаттары 2,5 есеге көбейтiлді, спорттық және көркем гимнастика, конькиде мәнерлеп сырғанау, суға секiру, акробатика, үйлесiмдi жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлоннан, шаңғы қоссайысы, жеңiл атлетика көпсайысы, полиатлоннан сабақтарға қаражат бөлудi есептеу кезінде оқу сағаттары - оқу бағдарламасына енетiн спорт түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысы есепке алына отырып, 2 есеге көбейтiледi.

31. Оқу сабақтарының сағаттар санын көбейту топпен жұмыс істеуге негiзгi жаттықтырушы-оқытушы және спорттың шектес түрлерi бойынша жаттықтырушы-оқытушыларды бiрден алған жағдайда жүргiзiледi.

32. Оқу-жаттығу топтарында, спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлігі топтарында сабақ өткiзу үшiн осы топтарға арнап бекiтiлген оқу-жаттығу жұмысының оқу бағдарламасындағы сағат сандарының шегiнде, барлық спорт түрлерiнен негiзгi жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, қосымша екiншi жаттықтырушы-оқытушы жұмысқа тартылады.

33. Спорттық және көркем гимнастика, акробатика, үйлесiмдi жүзу, конькиде мәнерлеп сырғанау бөлiмшелерiнде оқу-жаттығу сабақтарының жалпы санының 70%-на дейiн музыкалық сүйемелдеумен жүргiзiледі. Суға секiруде, батутта секiруде, фристайлда сүйемелдеушiлердiң мөлшерлемелерi оқу жоспары бойынша хореографияға бөлiнген жалпы сағат саны есебiнен көзделедi.

34. Топтар бойынша спорт түрлерін бөлу:

1) бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, ат спорты, жеңiл атлетика көпсайысы, сырықпен секiру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секiру, шаңғымен серiппе тақтайдан секiру, теннис, шана спорты, үйлесiмдi жүзу, шыңға өрмелеу, садақ ату, нысана көздеу, стенд ату, қазiргi көпсайыс, мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, тас жол), су шаңғысы спорты, автомобиль, мотоцикл, су моторлы, су асты, ұшақ, тiкұшақ, желкерме, планер, дельта планер спорт түрлерi, спорттық жүрiс, марафон, триатлон, полиатлон және қолданбалы спорт түрлерi;

2) екінші топ: спорттың командалық ойын түрлерi;

3) үшінші топ: спорттың барлық қалған түрлерi;

4) төртінші топ; ұлттық ат спорты түрлерi (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу) қыран құстармен аң аулау-саят, есу слалом;

5) көкпар.

35 Бірінші топқа енгізілген спорт түрлерiнде негiзгi жаттықтырушы-оқытушыдан басқа шектес спорт түрлерiнiң жаттықтырушы-оқытушылары, сондай-ақ хореографтар, сүйемелдеушiлер жұмысқа шақырылады.

4. Басқару және кадрлық камтамасыз ету
36. Спорт түрлерінен бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесі құрылады. Жаттықтырушылар кеңестерінде бөлімшенің аға жаттықтырушы-оқытушыларының басшылық етуімен кемінде айына 1 рет оқұу-жаттығу, тәрбие жұмысы, спортшыларды даярлауды жеке жоспарлау, жарыстарға қатысу мәселелері қаралады.

37. Спорт түрлерi бойынша бөлiмшелерде егер олардың әрқайсысының басшылығымен толық жүктемемен кемiнде 3 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс iстейтiн болса, онда БЖСМ директорының бұйрығымен жетекшi жаттықтырушы-оқытушылар арасынан бөлiмшенiң аға жаттықтырушы-оқытушылары тағайындалады. Бұл ретте екi қосымша жұмыс iстеушi бiр штаттық жаттықтырушы-оқытушы болып есептеледi. Аға жаттықтырушы-оқытушылар бөлiмшеге түгелдей басшылық жасау үшiн де, оқу кезеңдерi, жасөспiрiмдер мен қыздардың құрамы бойынша да тағайындалады.

38. БЖСМ директоры және оның қызметкерлері арасында өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек келісімшарты бойынша жүзеге асырады.

5. Құжаттама, есеп беру тәртібі және есептілік
39. БЖСМ-нің мынадай құжаттамасы болуы қажет:

1) қосымша білім берудіңнің оқу бағдарламасы;

2) өткен жылғы жұмысты талдау, директор бекiткен мектептiң ұйымдық, оқу, спорттық-бұқаралық, тәрбиелiк, әдiстемелiк, қаржы-шаруашылық жұмысы, бiлiктiлiктi арттыру, медициналық қамтамасыз ету, ата-аналармен жұмыс, жалпы бiлiм беретiн мектептермен және кәсiптiк-техникалық училищелермен өзара іс-қимыл бөлімдерінен тұратын жылдық жұмыс жоспары;

3) жарыстардың, қабылдау, бақылау және шығару нормативтік талаптарын (тестілерін) орындау хаттамалары, олардың жалпы және арнаулы физикалық, техникалық даярлау бойынша орындалуын талдау және сынақтан өту кестелері;

4) спорттық жетiлдiру мен жоғары спорт шеберлiгi топтарының әрбiр оқушысына арналған жеке жоспарлар;

5) БЖСМ картасы, БЖСМ-дағы спортшылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың жеке карталары осы Қағидаларға 3,4 және 5-қосымшаларға сәйкес;

6) оқу-сабақтарының кестесi;

7) спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың оқу жұмысының (үлгілік) есеп журналы;

8) БЖСМ оқушыларының жасы, оқу жылының басындағы спорттық дайындығы және шұғылдану өтiлi көрсетiлiп, директордың бұйрығымен бекiтiлген бөлiмшелер мен оқу топтары бойынша мектеп оқушыларының тiзiмi;

9) басқару органы бекiткен жаттықтырушы-оқытушылар құрамының тарифтік тiзiмi;

10) педагогикалық және жаттықтырушылар кеңесiнiң хаттамалары;

11) кiріс және шығыс құжаттамасының папкалары;

12) мектеп оқушыларының жеке iс қағаздары, бұйрық кiтаптары, еңбек кiтапшаларын, сенiмхаттар мен басқа да құжаттарды беру кітабы;

13) 5-ФК статистикалық нысаны бойынша есептер;

14) Спорт түрлері бойынша бағдарламалар, қазіргі ғылыми-әдістемелік талаптарға сәйкес әзірленген спортшыларды жеке дайындау жоспарлары;

15) жаттықтырушы-оқытушылардың оқу жұмысын есепке алу журналдары болады.

40. БЖСМ қызметкерлерінің штаттық кестесін БЖСМ-де жүргiзiлетiн спорт түрлерiн және спорт ғимараттарының санаттарын ескере отырып, басқару органының басшысы бекiтедi.

41. БЖСМ басқару органымен келісім бойынша басшы бекітетін оқушының эмблемасын, билетiн белгiлейдi.

Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінің қызметін

ұйымдастырудың тәртібі туралы қағидаларға 1-қосымша



БЖСМ алғашқы даярлық топтарына қабылданатын балалардың жасы


Жасы

(жыл)


Спорт түрлері



4-5
6-8

7-9


8-10
9-11

10-12


11-13
12-14

13-14



Мәнерлеп сырғанау
Спорттық гимнастика (қыздар), көркем гимнастика, теннис

Акробатика, су шаңғысы спорты, спорттық гимнастика (ұлдар), үстел теннисi, жүзу, суға секiру, батутта секiру, үйлесiмдi жүзу, ушу, фристайл, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ

Бадминтон, баскетбол, қалашық спорты, спорттық бағдарлау, футбол, спорттық туризм

Бейсбол, биатлон, су добы, волейбол, қол добы, коньки спорты, жеңiл атлетика, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, желкен спорты, шаңғымен тақтай серiппеден секiру, регби, көгалдағы хоккей, допты хоккей, шайбалы хоккей, шорт-трек, ұлттық ат спорты түрлерi, ұлттық спорт түрлері


Сомдалу, бильярд спорты, бокс, велоспорт, еркiн күрес, кiр тасы спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, каратэ-до, кекусинкай, кикбоксинг, грек-рим күресi, самбо, шаңғы спорты, шыңға өрмелеу, қазiргi көпсайыс, нысана көздеу, таэквандо, триатлон, ауыр
атлетика (жасөспірімдер), семсерлесу, ат спорты, еспе слалом
Садақ ату
Стенд ату
Ауыр атлетика (қыздар)

Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінің қызметін

ұйымдастырудың тәртібі туралы қағидаларға 2-қосымша

Оқу-жаттығу жұмысының режимi



Кезеңнің атауы

Оқу жылы


Аптасына сағат саны

Топтарының толықтығы

Спорт түрлері бойынша топтары (адам)

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

8

Жоғары спорт шеберлігі

Барлық кезеңде

32 (36)

3

6

4

2

4


Спорттық жетілдіру




1 жыл

2 жыл


2 жылдан жоғары

24

26

28



5

4

4



6

6

6



6

5

5



3

3

3


4

4



4

Оқу-жаттығу



1 жыл

2 жыл


3 жыл

3 жылдан жоғары



12

14

18



20

8

8

6



6

12

12

12



12

10

10

8



8

5

4

4



3

6

6

5



5

Алғашқы даярлық

1 жыл

1 жылдан жоғары



8

10


14

12


18

16


14

12


8

6


8

6


Спорттық-сауықтыру



Барлық кезеңде

6

16

20

18

12

-

Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінің қызметін

ұйымдастырудың тәртібі туралы қағидаларға 3-қосымша
Нысан

БЖСМ КАРТАСЫ

Мекен-жайы ___________________________ Басқару органы ________________________

Спорт түрі _____________________ ашылған жылы ___________________________

I. Жинақтау

Даярлау

кезеңдері





Оқу жылы



Топтары мен оқушылардың саны

20__ж.

20__ж.

20__г.

20__г.

Топ

оқушы

Топ

оқушы

Топ

оқушы

Топ

оқушы

Алғашқы даярлау

1

2


 


 


 


 


 


 


 


 


Оқу-жаттығу



1

2

3



4

5


 

 

 

 

 

 

 

 

Спорттық жетілдіру

1

2

3



 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары спорт шеберлігі

Барлық кезең



 

 

 

 

 

 

 

 

БАРЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 



II. Оқушылардың сапалық құрамы (біліктілігі)

Оқушылардың жасы

ЖСШҚ


СШ


СШК


1 с.р.


 

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20_

20_

20_

20_

20_

22 және одан жоғары

21


20

19


18 және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



III. Спорт резервін даярлау

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары

20__ж.

20__ж.

20__ж.

20__ж.

Негізгі құрам

Жастар құрамы

Жасөспірімдер құрамы


 

 

 

 


IV. Жаңадан даярланды

Біліктілігі

20__ж.

20__ж.

20__ж.

20__ж.

ЖДСШ

СШ


 


 


 


 




V. Жарыстарға қатысқан оқушылар саны

Құрамы


Иеленген

орны




Халықаралық

Республикалық

Облыстық

20_

20_

20_

20_

20_

20_

20_

20_

200_

20_

20_

20_

Жасөспірімдер

Жастар



10-ғы 1-3 орын


10-ғы 1-3 орын








































VI. Жүлделі жеке және командалық орындар

Жарыс деңгейі

20__ж.

20___ж.

20___ж.

20__ж.

Халықаралық

 

 

 

 

Республикалық

 

 

 

 

Облыстық

 

 

 

 

Директор ______________________

Оқу бөлімі бойынша директордың орынбасары _________________________

Аға жаттықтырушы ________________

Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінің қызметін

ұйымдастырудың тәртібі туралы қағидаларға 4-қосымша
Нысан
Жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы

БЖСМ _______________________ бөлімдер ____________________

Басқару органы спорт түрі

__________________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы _________ білімі ______________ _____________ бітірді

Педагогикалық жұмыс өтілі __________ жыл

соның ішінде осы мектепте_______________________________________________

қай жылдан бастап

Спорттық атағы ___________________ Құрметті атағы ____________________




Біліктілігін арттыру


Жыл



ДШИ атауы, қайта даярлау


Қайта даярлаудың ұзақтығы


№ ___ құжат берілді


Жаттықтырушы-оқытушының біліктілігі


Жыл



№ ___ бұйрықпен санат беру

Жыл



№ ____ бұйрықпен қайтадан санат беру

 

 

 

 



Жаттықтырушы-оқытушылардың тәрбиеленушілері-ресми халықаралық жарыстарға қатысушылар


Жыл



Спортшының

Т.А.Ә.


Туған жылы

Жарыстардың атауы

Бағдарламаның түрі

Иеленген орны

 

 

 

 

 

 



Жұмыс көрсеткіштері


Көрсеткіштері

Оқу жылдары

20__ж.

20__ж.

20__ж.

20__ж.

20 __ж.

20 __ж.

20__ж.

20__ж.

Тариф бойынша апталық жүктемесі
Топтарының саны және ондағы оқушылардың саны:

Алғашқы даярлық

1 жылға

2 жылға


Оқу-жаттығу

1 жылға


2 жылға

3 жылға


4 жылға

5 жылға


Спорттық жетілдіру:

1 жылға


2 жылға

3 жылға


Жоғары спорт шеберлігі:

(кезең бойы)

Құрама командаларға даярланды:

негізгі


жастар

жасөспірімдер

Жарыстардың жүлдегерлері

(адам):


халықаралық

республикалық

Спорттық шеберлікті арттыруға берілді даярлау кезеңдеріне:

ОЖТ-ға


СШЖТ-ға

ЖСШ-ға


шеберлер командаларына

ОРМБЖМ


СДБАМИ

ЖСШМ
ОРМБЖМ жаттығушылары арасынан оқуға түсті:

- ДШИ-ға

ДШТ-ға


Пед. жоғары

оқу орындарының

д/т факультетіне

 

 

 

 

 

 

 

 


Оқу бөлімі бойынша директордың орынбасары ___________________________________

қолы және толтырған күні

Директор ________________________________

қолы және толтырған күні

Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінің қызметін

ұйымдастырудың тәртібі туралы қағидаларға 5-қосымша

Нысан

Спортшының жеке карточкасы

Т.А.Ә. ____________________ Туған жылы, айы, қүні _________ Спорт түрі ________

Спортпен шұғылдана бастаған жылы, айы ____________ БЖСМ __________________

Спорт қоғамы _____________________ Қала ____________________________




Топтар

Оқу жылы

Тексерілген күні

Дене жетілуі

Дәрігердің қорытындысы

бойы

салмағы

Табаның ұзындығы


Саусақтарды жұму күші

өкпенің өмірлк көлемі

Ең көп от. тегін пайдалану

Мл/мин


Ең көп от. тегін пайдалану

Мл

/мин/кг



БЖСМ-ға қабылданған кездегі бастапқы мәлімет-

тер:


Алғашқы даярлық

1

2






























Оқу-жаттығу

1

2

3



4

5





























Спорттық жетілдіру


1

2

3






























Жоғары спорт шеберлігі


Кезең бойы






























Топтар

Оқу жылы

Жалпы дене дайындығы

Арнайы даярлық

Үздік спорттық көрсеткіш

Бәсекелестік жаттығу қызметі

30 м7ге жүгіру

Жүріру 6 мин

Жүгіру

10 сек


Айналма жүгіру 3*10 м

Орнында турып ұзындыққа секіру

Тартылу е

Допты отырып лақтыру 2 кг

Абалақовша жоғарыға секіру

Жарыстар саны

Сөре саны

Жаттығу күндерінің саны

Бастапқы мәліметтер:

Алғашқы даярлық


1

2










































Оқу-жаттығу

1

2

3



4

5









































Спорттық н жетілдіру

1

2

3










































Жоғары спорт шеберлігі

Кезең бойы







































Келесі даярлық кезеңіне өту және БЖСМ бітіру туралы белгілер:

ОЖТ-ға ________________________________

СШЖТ-ға _________________________________

ЖСШТ-ға ________________________________

бітіруші ________________________________

Жаттықтырушы- оқытушы ________________________________

Аға жаттықтырушы- оқытушы________________________



Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебінің қызметін ұйымдастырудың тәртібі туралы қағидалар

Осы Қағидалар қосымша білім беру ұйымы ретінде балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінің (бұдан әрі бжсм) қызметін айқындайды

350.05kb.

16 12 2014
1 стр.


Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы қағидалар

Осы Қағидалар қосымша білім беру ұйымы ретінде олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің (бұдан әрі ормбжм) қызметін айқындайды

350.82kb.

16 12 2014
1 стр.


Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы

Жасөспiрiмдер үйлерiнде бағып-күтiлуiне, тәрбиеленуiне, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiн

220.38kb.

25 12 2014
1 стр.


Өткізудің тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы

Заңына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру ме

24.94kb.

25 12 2014
1 стр.


«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»
20.7kb.

12 09 2014
1 стр.


Жалпы ережелер «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»

Республикалық бірыңҒай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ЖҰмысы туралы

101.25kb.

25 12 2014
1 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студентердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы

Тақырыбы: Сіреспе: күту мен мейірбике ісін ұйымдастырудың негіздері. Құтыру: күту мен мейірбике ісін ұйымдастырудың негіздері

25.94kb.

12 10 2014
1 стр.


Хабарлама 2013 жылы Қазақтың спорт және туризм академиясы «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша V республикалық студенттік олимпиада өткізеді

Импиадаға қатысушыға Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі мен спорт мамандарын даярлайтын барлық жоо-ы жіберіледі

29.52kb.

18 12 2014
1 стр.