Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының көптеген банктері мен компаниялары пластикалық карталарды пайдалану арқылы ақшасыз есеп айырысу жүйесін ендіріп жатыр. Негізінен іске асып жатқан жобалар танымал on-line технологиясын тірек етіп, магнитті жолақты пластикалық карточкаларды пайдаланады. Сонымен қатар, қолма-қолсыз есеп айырысуларды пайдалана отырып, карталарды қайта өңдеу жобалары да, аз мөлшерде іске асуда.

Банк қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін жүзеге асыру барысында көптеген тәуекелдермен, оның ішінде несие тәуекелімен ұштасады.

Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметінің тұрақтандыруын қамтамасыз ететін және несиелік қызметтегі жоғалтуларды жою мақсатында банктік қор қалытастырылады [30.]

Банктер шығындарды жабу үшін жалпы Резервтік қор құрады.

Банктің резервтік қоры жарғылық қор көлемінде қалыптасады, таза пайда есебінен толықтырылады және жүргізілген операциялардағы шығындарды жабу үшін арналады. Банктің шығын есебінен күмәнді және үмітсіз міндеттемелерге қор қалыптасады, ал бөлінбеген таза пайда есебінен банктік активтер бойынша қор қалыптасады.

Активтер мен шартты міндеттемелердің қоры – нақты активтің құнын жоғалту, ал шартты міндеттемелер жағдайында банктің өз міндеттемелерін орындау барысындағы жоғалтулар болып табылады.

Резервтік қорға аударымдардың көлемі банкпен жүргізілетін несиелік саясатына және несие портфелінің құрылымына байланысты болады. Аударымдар көлемі қарыздың абсолютті сомасына пайыз түрінде дифференциацияланған.

Қордың жалпы көлемі ссудалық қарыздың сомасына байланысты, реттеу мерзіміндегі валюталық курстың өзгеру нәтижесінде негізгі қарыз сомасының өзгеру есебінен және тәуекелдер топтарынан реттелуі қажет.

Банктің жарлығында қарастырылатын қорға аударымдардың жылдық көлемі таза пайданың 25 % - нан кем болмауы керек [31, 25 б.]

Банктің резервтік қордың қалыптастыруының дұрыстығы аудиторлық фирмамен расталады.

Резервтік қордың көлемі банк басқармасының уәкілетті органдарының шешімімен келесі жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін:



    • есептік жылдың аяғындағы банктің шығындарын жабу.

    • Банктің жарғылық капиталын көбейту.

    • Келер жылдың табыс есебінен қалыптасатын банктің басқа да қорларын толтыру.

Қатысушылардың жалпы отырысында сәйкес келетін аударымдарды бекіткеннен кейін ғана банк жоғарыда көрсетілген мақсаттарға резервтік қорды жұмсай алады.

Банктің резервтік қорын қалыптастыру және олардың қаражаттарын қолдану банктік тәуекелдерді жабу үшін бағытталады.

Жиынтық несиелік тәукелге байланысты резервтер банктің шығындарына жатқызылатын аударымдар есебінен қалыптасады және клиенттің несиенің негізгі қарызын өтемеуін жабу үшін қолданылады. Банк өз шығындарын қысқарту мақсатында несиелік тәуекелдердің төмендету шараларын іске асырады. Несие тәуекелінің деңгейіне байланысты олар бойынша резервтер көлемі бекітілуімен несие классификациясы жүзеге асырылады.

Қарыз алушының қолма-қолсыз есеп айырысу жағдайын, сонымен қатар әкімшілік – шаруашылық қызметтермен байланысты тәуекелдердің және міндеттемелерінің орындау перспективаларының талдау қорытындысы бойынша банк стандартты активтер мен шартты міндеттемелерге провизияларды 2 % көлемінде қалыптастырады.

Несие тәуекеліне байланысты жоғалтуларға резервтер:


  • әрбір несие түріне;

  • есептік айдың соңғы жұмыс күнінде қалыптасады.

Резервтің жалпы көлемі банкке несиелік қарыздың сомасынан, оның ішінде реттеу мерзіміндегі теңге курсының өзгеру нәтижесінде жалпы қарыздың өзгеруі, тәуекел топтары ай сайын нақтылануы тиіс. Жоғалтулар бойынша резервтер қарыз алушылармен несиелік қарызды өтемеуін жабу үшін қолданылады [32, 48б.]

Банктің уәкілетті органдарының шешімі бойынша резерв есебінен үмітсіз қарыз оның балансынан алынады, ал оның жетіспеушілігі есептік жылдың шығындарына жатқызылады.

Ірі несиелерге және қамтамасыз етілмеген қолма-қолсыз есеп айырысу қатысты уәкілетті органдардың шешімі соттық, нотариалды органдардың процесуалды құжаттарымен расталуы қажет, ол қарыз алушының қаражат есебінен қарызды жабу мүмкін емес екендігін куәландырылады.

Қарыз алушының төлемқабілетінің жоқ болмауының салдарынан оның балансынан қолма-қолсыз қарызды алу берілген қарыздың өтелуі болып табылмайды. Баланстан алынған қарыздар баланстан тыс 5 жыл көрсетіледі. Олар қарыз алушының мүліктік жағдайының өзгеру жағдайын, соттық шешімдердің бас тартуын қадағалайды. Есептелген пайыздар бойынша және негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен қарызды бекітетін қарыз алушының шотынан хаттамаларды банк жиі (тоқсан сайын 1 реттен кем емес) жібереді.

Егер қарыз алушының несиелік қарызы бекітілген тәртіпте құралған қордың есебінен алу үшін үмітсіз деп есептелінсе, онда берілген қор шығындалады.

Қадағалау процесінде Орталық банк пен оның шекаралық мекемелері банкке несиелік қарызды қайта бағалау туралы талаптарды көрсетуге құқылы, егер ол банктің несие портфелінің сапасын бағалаудағы қорытындыдан шықса. Қайта бағалау нәтижесінде банкке резервтерді есептеу туралы және сонымен қатар қалыптасқан резервтер сомасын азайту туралы талаптар көрсетілуі мүмкін.

1995 жылдың 31 тамызындағы № 2444 «Банктер және банктік қызметтер туралы» Заңының 43 бабына сәйкес банктер банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды жабу мақсатында күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы резервтік қорды қалыптастыруы керек.

Резервтік капитал жай акциялар бойынша дивиденттерді төлеуге дейінгі банктің таза пайдасы есебінен құралады. Резервтік капиталдың резервтік көлемі Ұлттық банкпен бекітіледі

Жүргізілеген операциялардың көлемі мен сипаттамасына байланысты өзінің қызметінің қолайлылығы мен қадағалау деңгейін қамтамасыз ету мақсатында банктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық банкпен бекітілген шарттарына сәйкес күмәнді және үмітсіз міндеттемелерді ерекшелеу арқылы берілген қолма-қолсыз есеп айырысулардың классификациясын және оған қарсы резервтерді құруы қажет [33.]

Банкпен бекітілген төлемеу тәуекелін азайту үшін несие көлемін қадағалау мақсатында Ұлттық банктің резервтік талаптарының механизмдері қолданылады:



  • резервтік міндеттемелердің нормативі банк алдындағы қолма-қолсыз есеп айырысу міндеттемелерді қоспағанда міндеттемелердің жалпы сомасынан пайыз ретінде есептелінеді және 40 % көлемінен аспауы тиіс.

  • Ерекше жағдайда Ұлттық банк қолма-қолсыз есеп айырысу міндеттемелерін өсірудегі резервтік талаптарды кіргізуге құқылы.

  • Минималды міндетті міндеттемелердің нормативін бұзғанда Ұлттық банкпен Қазақстан Республикасының заңнамасының көлеміне сәйкес айыппұл тағайындалады.

  • Минималды міндетті міндеттемелердің өзгеруі шешім қабылдағаннан күннен кейін 1 айдан кем емес күнде іске асырылады.

Банктің қызметі тоқтаған кезде Ұлттық банк бір жетінің ішінде қорланған қаражаттарды қайтарып береді.

Мұндай компаниялардың қатарына Қазкоммерцбанк жатады. Олар өздерінің алдына on-line мен of-line екі жүйенің кең танымал болған жетістіктерін біріктіріп, құрама пластикалық карталарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Мұндай картаның бойында теле магнитті жолақ (кәдімгі магнит жолақты пластикалық карта сияқты бол келеді) пен сақтау микропроцессорлы болады (Смарт карта сияқты). Магнит жолақты смарт карталар магнит жолақты карапайым пластикалық карталар мен Смарт карталарға қарағанда технология жағынан дамыған болып есептеледі: алаяқтықтан сапалы да күшті корғануды қамтамасыз етеді. Немесе қажет болған жағдайда, авторландыру орталығымен on-line байланыс жүйесін, сонымен қатар, кең тараған мультивалюттық және де электронды портмоне сияқты функционалды үлгілерін іске асыру.

Отандық және шетелдік карталық жүйені оқып-біліп, Қазақстан Республикасы аймағында оны қолданып шарттарын енгізе отырып, Қазкоммерцбанктің мамандары магнит жолақты Смарт-картаны пайдалану негізінде өзіндік карточкалық жүйені құрудың маңыздылығына келіп тоқтады. Бұған байланысты, іске асайын деп жатқан жүйенің отандық дамыған жүйелердің (Union Card, STB Card және т.б.) бірімен бірігіп кетуін де қамтамасыз ету қажет.

Алға қойылған мақсаттың шешімі жаңа технологиялар мен Union Card компаниясының қаржылық бағдарламасын қолдануда болып тұр. Қазіргі таңда Смарт-карталарды VIZA/ EUROPAY стандарты бойынша жасауда жетілдіруде. Осы компаниямен бірігіп, Қазкоммерцбанктің басқарушы құрылым бөлімшелері мен Union Card жүйесінде де, сонымен қатар, VIZA International жүйесінде де қолданыла беретін, көп функционалды, мультивалютты карталарды ендіру жүзеге асуда. Жүйеде қолма-қолсыз қол ақшаны VIZA карточкаларымен беру қарастырылып, болашақта Union-PLUS, Union-Electron, Euro Card / Master Card карталарын қайта өңдеу жоспарланып отыр.

Қазкоммерцбанктің пластикалық карталарды қолданып, ақшасыз есеп айырысу жобасы бірнеше кезеңмен жүзеге асады.

Бірінші кезеңде техникалық шешімді өңдеп, Ақмола облысы бойынша тәжірибелі аймақ құрады. Онда қаланың коммуналды және сауда кұрылымын толығымен автоматтандыруды ойлап отыр. Сонымен қатар, 30 000-нан астам карталар мен жүз электронды сауда терминалдарын енгізеді.

Екінші кезең, осы уақытқа дейін он жеті филиалы бар Қазкоммерцбанктегі бөлімшелерін жергілікті жағдайларын назарға ала отырып, барлық географиялық аймақтарға техникалық шешімдерді қарастыра келе көбейту. Ең бастысы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қайта құрылымдауы мен жаңа банк технологиялары баяу жүріп жатқан оңтүстік және солтүстік аймақтары деп қарастырылып отыр.

Жүйе авторландырудың басты орталығы мен солтүстік пен оңтүстік аймақтары бойынша басшылық құрылым Алматыда болады деп жоспарлауда. Мұндай жағдайда карталардың автономдық авторландыру мүмкіндігін сақтап қалады.

Ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізе отырып, келесі проблемалар шешіледі деп күтілуде: төлемеушілік жойылады, жалақының кешіктірілуі, қолма-қолсыз қол ақша айналымы және тағы басқалары.

Пластикалық карталарды енгізе отырып, ақшасыз есеп айырысу жүйесі банк үшін де (қосымша қаражат көлемі), картаның иесі үшін де (мәселен, пайыздарды есептеу) пайдалы екені анық. Ақшасыз есеп делдалдары үшін (мәселен қызметтід қайсыбір түрін ұсынған дүкен немесе фирма үшін) жаңа клиенттердің назарын аударуда тиімді болып келеді. Инкассация проблемасын шешеді, яғни, күзетшіден ақша үнемдейді. Белгілі болғандай, мұндай жағдай сатылатын тауардың бағасын төмендетіп, клиенттің сатып алатын қабілеті арта түседі.

Қазкоммерцбанк сонымен қатар, басқа жүйенің де, соның ішінде VIZA, Euro Card / Master Card-тың пластикалық карталары үшін де ақша шығаруды ойластырып отыр.

Осылайша, Қазақстан Рсспубликасында электронды есеп айырысудың банктік жүйесін құру процесі басталды. Алайда, әзірше электронды есеп айырысудың ұлттық жүйесін құру туралы ой болған жоқ. Қазір тек бір банктің айналасында ғана есеп айырысу ғаламдық жүйесін кұру туралы ғана ойластырылды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының басқа да коммерциялық банктері үшін аталған жүйеде есеп айырысу оңайға соқпады.

Магнит жолақты пластикалық карталардың басты кемшіліктері бәріне де белгілі. Магнитті карталарды магнит жолақтардан бар деректерді көшіріп алу арқылы қолдан жасауға болады. Жоғалған, ұрланған және де қолдан жасалған карталарды алаяқтар оңай пайдалана алады. Көптеген шетелдік зерттеулер оған дәлел бола алады. Мәселен, Нельсонның мәлімдемесі бойынша, магнитті карталарға байланысты жоғалған қаржы көлемі сол жылы 3.8 млрд. долларды құраған. Оның ішінде 2,6 млрд. доллар қарыз адамдардың есебінен, яғни, банкрот пен есебін төлемен адамдар: 864 млн. - ұрланған, жоғалған, қолдан жасалған карталардың есебінен және 310 млн - сатушының алаяқтығынан. Францияда бірнеше жыл бұрын карточканы дұрыс пайдаланбаудың кесірінен келген шығын жылына 100 000 000 долларды құраған.

Ұрланған немесе заңсыз жасалған карточканы қолданудың алдын алу мақсатында есеп айырысуды күрделендіретін бірнеше шараларды қолдануға тура келеді.

Ең кең тарағаны - сауда-саттық орындарға «жаңа тізімді» тарату, оларда ұрланған немесе жоғалған карточкалардың тізімі жазылады. Мұндай әдістердің оң нәтижесін бере қоймайды. Себебі, тізім кешегі немесе бір апта бұрынғы болуы мүмкін. Ал карточка алаяқтығы көбінесе, ұрланғаннан кейін, бір-екі сағаттың ішінде болады. Сонымен қатар, авторландыру, яғни, дауыспен тексеру, карточканың төлеу қабілеті жайын телефон арқылы білуге болады. Мұндай жағдайда сатушы авторландыру орталығымен хабарласуы қажет. Әрбір телефон соғуға бірнеше уақытын жоғалуы мүмкін. Ал бұл сынды орталықты ұстап, ақнарттарды үнемі жаңартып тұру үшін көп қаражат қажет болады. «on-line» тәртібінде де авторландыру бар. Мұндай жағдайда магнитті карточкамен сату пунктінде орындалған әрбір операция туралы модемді байланыс арқылы авторландыру орталығына жетіп отырады. Мұндай байланысты үнемі ұстап тұру үшін ірі сауда орталығы бірнеше байланыс желісін бос ұстауы қажет. Ал авторландыру орталықтың бір уақытта жүздеген телефон қоңырауын қабылдайтын электронды жүйесі жұмыс істеп тұру керек. Мұндай қиындықтар жоғарғы сапалы коммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасында бұл мәселе үлкен қиындықтар тудырып отыр.

Жоғарыда аталған барлық проблемалар «ақылды» яғни электронды микросхемалы смарт-карт карточкаларын пайдаланудағы барлық мәселелерді шешуге көмектеседі. Оны 1974 жылы француз инженері Ролан Морено ойлап тауып, қазіргі таңда көптеген елдерде кеңінен тарады. Алайда Қазақстан Республикасында әлі де аз тараған. Мұнда отандық компьютерлік баспасөзде микросхемалы карточкалардың барлығын да көрсету үшін «микропроцессорлық карточка» деген термин қолданылады. Негізінен картада тек қана есте сақтау микросхемасы болуы мүмкін. Сондықтан да біз шетелде қалыптасқан «Integrated Circuit card» терминін немесе смарт карточка деген сөзді қолданатын боламыз.

Қазақстан Респубдикасында смарт-картты бірінші рет 1992 жылы баспасөзде қолдана бастады. Содан бері смарт-технологияны колдану жағы біраз жетістіктерге қол жеткізді. 1993 жылы бірнеше банктер мен компаниялар өздерінің жеке карталары туралы сөз қозғай бастады. Ал 1994 жылы сол жобалардың кейбіреулері жүзеге аса бастады. Қазіргі айналымдағы кейбір карточкалардың оны қолданатын нарыққа қарағанда өте аздығына келіспеуге болмайды. Алайда, бірінші қадам - қашан да өте маңызды болып саналады.

Смарт-карталар алғаш рет дайындалып жатқанда, олардың сенімділігіне көп көңіл бөлінді. Смарт-карточкалардың сенімділігі мен ондағы ақпараттарды қорғау үшін қаншама шаралар қабылданды.

Біріншіден, олардың жасаудағы күрделі процесс көшіріп алуға немесе қолдан жасаудың алдын алады.

Екіншіден, Карточкаларды шығаруда оның әрбір микросхемасына код енгізіледі. Осы кодтың арқасында ақпаратты көшіріп алу мүмкін емес. Оны тек карта шығарушылар ғана істей алады. Өндіруші смарт-карточкалардың бір партиясын белгілі бір ұйымның мекен-жайына жіберіп жатып, кодтарын белек жібереді. Барлық партия жоғалған күннің өзінде карталар пайдалануға жарамсыз болып табылады.

Карточкаларды тапсырып жатқанда, оған бірнеше пароль да енгізіледі. Мәселен, әр адамның тек өзіне ғана белгілі PIN-коды (Personal Identification Number). Смарт-карталарды басқа біреу заңсыз қолданбақ болған жағдайда, карточкалар уақытша немесе мүлдем жұмыс істеуін тоқтатады. Мәселен, жеке нөмір үш рет қате терілсе, карта бірден өшіп қалады. Картаның қайтадан жұмыс істеуі үшін, оны шығарған жеріне қайтадан өткізу қажет. Ал егер, карта жоғалып, немесе біреу ұрлап алса, оның иесі бірден банкке хабар беруі керек. Банк оны жарамсыз карточкалардың тізіміне енгізіп қояды. Жоғалған немесе ұрланған картаны пайдаланбақ болған кез-келген адам сол заматта белгілі болады.

ISO 10202 халықаралық стандарт негізгі жайды реттеп отырғанына қарамастан, көптеген қаржылық жобалар үшін қаржьшық ақпаратты сақтау үшін одан да күштірек, одан да сенімдірек, жоғарғы деңгейлі әдіс қажет болады. Бұл жағдайда қаржы жүйесіндегі қауіпсіздік мәселері смарт-карта базасында тек картадағы деректерді сақтауға ғана тіреліп қоймайды, сонымен қатар, оны басқа да жағдайларда қолдануды көздеп отыр. Мәселен, сауда орындарында және де төлем жүйесінде жүргізілген операцпялар туралы ақпаратты өңдеу орталығында және тағы басқалар.

Бұған байланысты, мәселен, Smart City жобасында қандай қосымша шешімдердің болуы мүмкін?

Мәскеудің АйТи және Американың Product Technologies Inc.(РТІ) корпорациясы Gemplus (Франция) мен Verifone (АҚШ) бизнес-серіктесімен тығыз байланыста шығарған Smart City микропроцессорлық карталары негізіндегі ақшасыз есеп айырысу жүйесінде ашық, көп акша шығару жүйесін ұсынады. Жобамен тең құқылы банктер кейін де жаңа эмитент карточкаларды қоса алады. Жобаны «Клиент-серсер» архитектурасында іске асырған. Ол деректер базасында сақталған ақпаратқа тез енуге мүмкіндік береді. Төлем жүйесінде жүргізілген операциялар туралы ақпаратты өндеу орталығында өте қуатты UNIX-сервер қондырғысы орнатылады. Төлем жүйесінде жүргізілген операциялар туралы ақпаратты өңдеу орталығының жұмысшы орыны да MS Windows ортасында жүзеге асқан. Жобаның жан-жақтылығы картаны пайдалану аймағын кеңейте алады. Мәселен, ғимаратқа кіруге рұқсат қағазы мен компьютерлік желі, сонымен қатар, қажетті деректің сақталуы. Жобаның негізгі ерекшеліктерінің бірі басқа да кейбір жобалар сияқты қауіпсіздік деңгейі өте жоғары болып келеді.

Smart City жүйесіндегі деректердің кауіпсіздік деңгейін күшейтуге арналған негізгі технологиялык шешімдерді қарастырайық.

Смарт-картада сақталған деректерді қорғау басқа жүйелерге қарағанда өте жоғары болып келеді. Smart City жобасындағы қауіпсіздік жүйесінің тым жоғарылығы негізінен француз фирмасының микропроцессорлық карталарын пайдалануына байланысты болып келеді. Оны арнайы қаржылық жағдайда қолдану үшін жасаған.



PCOS (Purse Card Operating System) картасы қарапайым стандарттағы смарт-карталар сияқты болып келеді, оларға қарағанда бірнеше артық мүмкіндіктері де бар. Кәдімгі карталарды пайдаланғаннан кейін қалған қаражатты сауда жасалған пункт есептеп береді әрбір шаруашылық мәміле сайын картадан есеп алынып, картаның жаңа балансын кайтадан есептеп, содан кейін ғана картаға жазылады. Ал PCOS картасы бойынша есептен шығару мен ақша аудару өзінің микропроцессоры арқылы жүзеге асады. Оның деректерді қорғауға үлкен көмегі тиеді. Картаға ақша аудару немесе одан ақша алу кезінде түрлі парольдар қолданылады. Және де мұндай карталарда қаржылық деректер бірнеше файлдарда сақталады. Олардың әр қайсысына ену үшін құпия кодтар мен карта иесінің жеке коды болады. Мұндай қауіпсіздік жағы көп валюталы қаржылық қосымшалар үшін өте тиімді болып келеді.

Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру

Негізінен іске асып жатқан жобалар танымал on-line технологиясын тірек етіп, магнитті жолақты пластикалық карточкаларды пайдаланады. Сонымен қатар, қолма-қолсыз есеп айырысуларды п

127.07kb.

14 12 2014
1 стр.


Қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың теориялық негізі

Төлем жүйесін реформалау қолма қолсыз есеп айрысуларды тиімді және қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты б

1110.58kb.

25 12 2014
7 стр.


Қолма-қол ақшамен операциялардың және есеп айырысу операцияларының есебі. Орындаған: Агадилова Айгерім iii-курс 32 топ студенті

Нарық талабын орындай алмаған банктер таратылды. Ал қалыпты қызмет атқарушы банктер тұрақты ресурстық базасын қалыптастырып, тартылған қаржыларды орналастырып, нарықтық экономиканы

460.3kb.

25 12 2014
3 стр.


43 класс тамақ Өнімдері мен сусындарды қамтамасыз ету бойынша қызметтер; уақытша тұруды қамтамасыз ету
35.01kb.

24 09 2014
1 стр.


Тапсырыс берушінің толық атауы (ұйымдастырушы)

Сахновка және Марьяновка селоларында елді мекенді кенттердегі және поселке ішінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қолдануды қамтамасыз ету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын

119.87kb.

12 10 2014
1 стр.


Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті баға ұсыныстары сұранысы арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша хаттама

Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті баға ұсыныстары сұранысы арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бо

40.92kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті қызметін қамтамасыз ету бойынша тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама

Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті қызметін қамтамасыз ету бойынша тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға жіберу турал

82.75kb.

05 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі орталық аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімінің

Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі орталық аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конвер

85.38kb.

25 12 2014
1 стр.