Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

6 маусым 2012 жыл

Бейжің қаласы

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Қытайдың экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойды
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 2012 жылдың 6 маусымында Бейжің қаласында Қытайдың Экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойылғандығы туралы хабарлайды. Несие көлемі 1 130 408 642 АҚШ долларын құрайды. Несие 13,5 жыл мерзімге беріледі. Бас келісімге Экспорттық-импорттық банк тарапынан ұжымдық банкинг департаменті бас менеджерінің орынбасары Ли Вен, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС тарапынан Бас директор Талғат Байтазиев қол қойды.
Шараға ҚР Мұнай және газ Министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ»АҚ, «Sinopec” (ҚХР) корпорациясының басшылар қатысты.

Мұнайды ауқымды өңдеу жобасы мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асуда және Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады. Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (қарамай, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген. Кешен құрылысы басқа қондырғылардан шыққан қалдықтарды, яғни, қара түсті мұнай өнімдерін өңдеуге мүмкіндік беретін қазіргі таңдағы ең озық технологиялар негізінде жүргізілмек.



-Жаңа кешен Еуро-5 талаптарына сәйкес келетін жоғарыоктанды бензин, авиациялық және дизель отынының өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мұнай өңдеу тереңдігі 85 пайызға жетеді. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды тереңдетіп өңдейтін кешеннің жобасы өнімнің, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыру, бағалы мұнай шикізатын тиімді пайдалануға бағытталуымен маңызды. Қытайдың экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойылуы – жобаны іс жүзінде жүзеге асырудағы алғашқы қадам, - деді «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры Талғат Байтазиев.

2011 жылдың 29 желтоқсан күні «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен құрамына қытайлық «Sinopec Engineering”, жапондық «Marubeni Corporation» компаниялары және «КазСтройСервис» ҰМҚК АҚ кіретін Консорциуммен арада Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының «түбегейлі тапсыру» Шартына қол қойылды.



Жобаның құны - ҚҚС бірге 1 миллиард 679 миллион 892 мың 520 АҚШ долларына тең. Жүзеге асу мерзімі – 41 ай.

Анықтама:

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:

99,5% үлестің иесі «ҚазМунайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.

«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.  

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.

Баспасөз хабарламасы 6 маусым 2012 жыл Бейжің қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жшс қытайдың экспорттық-импорттық банкімен (exim) мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойды

19.42kb.

18 12 2014
1 стр.


Баспасөз хабарламасы 17 тамыз 2012 жыл Астана қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жшс 2012 жылдың 17 тамызында Астана қаласында Қазақстанның Даму Банкімен арада Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойыл

22.41kb.

15 10 2014
1 стр.


Баспасөз релизі 21 қараша 2012 жыл Атырау қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жшс ішкі байланыс және ақпарат қызметі зауыттың бас директоры қызметіне Қайрденов Арман Құрметұлының тағайындалғандығы туралы хабарлайды

30.8kb.

25 12 2014
1 стр.


Баспасөз хабарламасы 21 маусым 2011 жыл Атырау қаласы «атырау мұнай өҢдеу зауытындағы мұнайды тереңдетіп өҢдеу кешені қҰрылысының Қоршаған ортағА Әсерін бағалау»

«атырау мұнай өҢдеу зауытындағы мұнайды тереңдетіп өҢдеу кешені қҰрылысының Қоршаған ортағА Әсерін бағалау» жобасы бойынша қОҒамдық тыңдау

27.13kb.

25 12 2014
1 стр.


Баспасөз хабарламасы 11 сәуір 2013 жыл

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жшс сыртқы байланыс және ақпарат қызметі мұнай компаниялары және бақ өкілдерінің қатысуымен «Экономиканың мұнай секторына әйелдердің қатысуы» тақырыбынд

25.78kb.

25 12 2014
1 стр.


Баспасөз хабарламасы 21 маусым 2010 жыл Атырау қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен жобасының қазақстандық мазмұны»

«Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен жобасының қазақстандық мазмұны» конференциясының басты мақсаты – қазақстандық ірі машина жасаушы компания

27.83kb.

25 12 2014
1 стр.


Баспасөз хабарламасы 20 маусым 2012 жыл

«Атырау МӨЗ» жшс-інің қалыпты технологиялық түзімде жұмыс жасап тұрған элоу-авт-3 бастапқы мұнай өңдеу қондырғысының н-1Б сорғысында өрт шықты

11.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Баспасөз релизі 17 ақпан 2012 жыл Атырау қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»

«АМӨЗ» жшс еңбек ресурстары басқармасының бастығы Ә.Ә. Жайлашева, Атырау облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы М. Абдрахимов, Балыкшы кенті Мүгедектер спорт клубының директоры Б.

18.22kb.

17 12 2014
1 стр.