Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының

2009жылғы «6» тамыздағы1125 бұйрығымен бекітілген



Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер

1. Осы бастауыш, негізгі орта және жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрi - Бағдарлама), «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң), «Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (бұдан әрi - Ереже), Бiлiм және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi нұсқаулыққа (бұдан әрi - Нұсқаулық) және басқа да білім беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзiрленген.

2. Бағдарлама меншік түрі мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) мемлекеттік аттестаттаудан (бұдан әрі - аттестаттау) және өзіндік бағалаудан өткізу кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге және аттестаттау барысында қажет құжаттардың тізбесін анықтауға арналған.

3. Білім беру ұйымдарын аттестаттау барысында білім беру ұйымдарының тиісті деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындауы анықталады.



2. Дайындық жұмысы
4. Білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізу алдында дайындық жұмысы жүргізіледі, оны білім саласындағы жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) өткізеді.

Білім беру ұйымдарын аттестаттау аттестаттаудың өткізу кестесіне (бұдан әрі - Кесте) сәйкес жүргізіледі. Кесте күнтізбелік жылға бекітіледі және аттестаттауды өткізуге дейін үш ай бұрын білім беру ұйымдарына жеткізіледі.

5. Дайындық жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:

1) алдағы күнтізбелік жылға білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізу кестесін әзірлеу;

2) кестеге кіргізілген білім беру ұйымдарының өзіндік бағалау қорытындысы бойынша материалдарын сараптау;

3) аттестаттау комиссиясының құрамын құру (бұдан әрі - Комиссия) бұл құрамға білім беру ұйымдарының ресми ұсыныстары бойынша құрылған «Сарапшылар жөнiндегi деректер базасындағы» өкілдер, мұғалімдердің біліктілігін арттырудың қалалық институттарының, білім жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларларының біліктілігін арттырудың Республикалық институтының өкілдері кіреді.

Комиссия құрамына еңбегі сіңген ардагер педагогтер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіруі мүмкін.

Комиссия төрағасы болып Уәкілеттік орган өкілі тағайындалады.

4) комиссия құрамы мен аттестаттаудың нақты мерзімін белгілейтін білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізу туралы бұйрықтың (бұдан әрі - Бұйрық) дайындалуы мен шығарылуы.

5) Бұйрық аттестаттау басталғанға дейін он күннен кем емес мезгіл ішінде атестаттатталатын білім беру ұйымына хабарланады.





  1. Аттестаттауды өткізу тәртібі

6. Комиссия өз қызметінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, сонымен қатар білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін және білім сапасын бақылауға байланысты басқа да құжаттарды басшылыққа алады.

7. Білім беру ұйымдарын аттестаттау мынадай тәртіп бойынша өткізіледі:

Комиссия төрағасы:

1) комиссия мүшелерін таныстырады және аттестаттауды жүргізу рәсімімен таныстырады;

2) комиссия мүшелеріне білім беру ұйымдары қызметінің бағыттарын тексеру бойынша нақты тапсырмаларды бөліп береді;

3) комиссия мүшелерін Бағдарламамен, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және басқада құжаттармен қамтамасыз етеді;

4) жалпы жоспарлауды іске асырады және Комиссия жұмысына басшылық жасайды;

Комиссия мүшелері:



  1. мемлекеттік аттестаттаудан өту сұрақтары бойынша білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;

2) білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасының сәйкестігін тексереді (оқу корпустарының, зертханалардың, сыныптардың, оқу- тәжірибелік шеберханалардың, спорт алаңдары мен ойын бөлмелерінің және т.б.), әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерінің (медициналық пункт, асхана), кітапханалардың, компьютерлік сыныптардың қойылатын талаптарға сай екендігін анықтайды,

  1. білім беру ұйымының қызмет бағыттарын бағалауды жүргізеді;

  2. сабақтарға қатысады, оқушылармен, ұстаздармен және ата-аналармен әңгімелесуді жүргізеді;

  3. бітіретін сыныптағы білім алушылардың білімін бақылау кесінділерін өткізеді;

  4. ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, қызметкерлер арасында ішінара сауалнама өткізеді;

6) бақылау жұмысының нәтижесін сараптауды, сауалнаманы өңдеуді және сауалнаманың нәтижесін сараптауды жүргізеді.
4. Оқушылардың біліміне бақылау кесіндісін

ұйымдастыру және өткізу
1. Жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында аттестаттау барысында, Комиссия бітіруші сыныптың білім алушыларының арасында бақылау кесіндісін өткізеді (ашық және жабық түрдегі тестілік сұрақтар, басқа да ауызша, жазбаша, ойын түрдегі бақылау тапсырмалары).

2. Оқушылардың біліміне бақылау кесінділері білім сатысы бойынша бақылау жұмыстарының бірыңғай деректер базасының негізінде өткізіледі.

3. Бақылау кесінділері нәтижесі сыныптар, білім сатылары бойынша ведомость және интегралдық құжат “бітіретін сыныптар оқушыларының білімдерін тексеру мақсатында өткізілген бақылау кесіндісінің қорытындысы” түрінде беріледі.

4. Оқушылардың білімін бақылау кесінділерін комиссия мүшелері өткізеді.

5. Жұмыстарды тексеру және бақылау кесінділерінің нәтижесін өңдеу барысында міндетті түрде Комиссия төрағасы (немесе төрағаның орынбасары) және аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымының өкілі қатысуы қажет.

6. Білім беру ұйымы қызметінің әр бағытын тексеру және оның көрсеткіштерін мұқият сараптау негізінде “Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау нәтижесінің қорытындысын” (бұдан әрі - Қорытынды) Комиссия төрағасы және Комиссия мүшелері 2 данада жасайды.

7. Қорытындыны Комиссия төрағасы мен Комиссия мүшелері қол қою арқылы бекітіп, білім беру ұйымының бірінші басшысына таныстырып, қолын қоюы үшін ұсынылады.

Бір данасы білім беру ұйымының бірінші басшысына беріледі.

8. Қорытындыға мынадай кесте түрінде көрсетілген Қосымша қоса тіркеледі:

Ш – 1 Білім беру ұйымы қызметінің негізгі көрсеткіштері

Ш – 2 Білім алушылар контингентінің құрылымы

Ш – 3 ӘБП туралы мәлімет

Ш – 4 Бітіруші сыныптағы тестілеудің (кесіндінің) қорытындысы

Ш – 5 Оқу пәндері бойынша инновациялық бағдарламалар

Ш – 6 Білім беру үдерісін ұйымдастыру мен жүргізу барысында қолданатын ғимараттар мен бөлмелер туралы мәліметтер

Ш – 7 Білім беру үдерісінің арнайы және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі туралы мәлімет.

Қорытындыда көрсетілген мәліметтерді растайтын құрылтайшылық құжаттардың, лицензияның, басқа да құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі.
5. “Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау нәтижесі бойынша қорытындының” құрылымы және мазмұны
5.1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
Бұл бөлімде білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес екендігі туралы нақты мәлімет беріледі.

Ш – 1, Ш – 2 қосымша кестелерде көрсетілген көрсеткіштер тізіміне сәйкес білім беру ұйымының қызметіне сипаттама беріледі.

Бөлімде білім беру ұйымының тарихы, құрылу мерзімі, құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер, білім беру ұйымы қызметінің қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарлауы және басқару әдістері, формалары, жүйесін жетілдіру туралы ақпарат көрсетіледі.

Комиссияға келесі материалдар ұсынылады:



Құрылтайшы құжаттары, білім беру ұйымының ішкі тәртібін белгілейтін құжаттар, өкімдік құжаттар, соның ішінде:

  1. заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өтуі немесе қайта өтуі туралы куәлігі (білім беру ұйымының толық атауы, ашылу жылы, заңды мекен-жайы, электронды мекен-жайы, телефон, факс);

  2. статистикалық карта;

  3. білім беру ұйымының жарғысы;

  4. білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясы (нөмірі, лицензия беру мерзімі) және оған қосымшасы;

  5. білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін жеке меншік немесе шаруашылықты жүргізуге құқығы немесе оперативтік басқару бойынша материалдық, материалдық емес активтерді растайтын құжаттар;

  6. білім беру үдерісіне байланысты ғимаратты қолдануға рұқсат етілген СЭС, МӨС мекемелерінің қорытындысы;

  7. медициналық қызметпен және тамақтандырумен қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар;

  8. білім беру ұйымының құрылымы және құрылымдық бқлімшелері туралы ережелер;

  9. соңғы 3 оқу жылындағы сабақ кестесі;

  10. іс номенклатурасы;

  11. мұғалімдер мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары мен штаттық кестесі;

  12. оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша ішкі өкімдік құжаттар, регламенттер;

  13. жұмыс жоспарлары мен педагогикалық кеңес отырыстарының, оқу-әдістемелік бірлестіктердің, пәндік комиссияның, ғылыми-әдістемелік кеңестің, сынып жетекшілері кеңесінің, оқушылар кеңесінің және де басқа бөлімшелердің хаттамалары; басқа да жоспарлау құжаттары;

  14. оқушыларды тіркейтін алфавиттік кітап, соңғы 3 оқу жылындағы оқушылар контингенті бойынша мәлімет, соның ішінде мемлекеттік тілде білім алушылардың саны (ақысыз, ақылы негізінде);

  15. оқушыларды жалпыға бірдей оқумен қамту туралы мәлімет;

  16. оқушылардың ауысуы, қабылдануы, мектепке қайта алынуы туралы құжаттар;

  17. оқушылардың жеке істері, соңғы 3 оқу жылындағы бұйрықтар;

  18. соңғы 3 оқу жылындағы статистикалық есеп формалары;

  19. қатаң есептілік құжаттарын беру және оларды есепке алу туралы ақпарат ( аттестаттар бланкісін есепке алу мен беру кітабы, кіріс және шығыс бланктерін есепке алу кітабы);

  20. басқа да құжаттар.



5.2. Кадр құрамы
Бұл тарауда Ш–1- қосымшасына сәйкес, соңғы үш оқу жылындағы мәліметтер келтіріліп, мыналарға талдау жасалады:

  1. кадрлардың сапалық және сандық құрамы;

  2. біліктілігін арттыру;

  3. кадрларды іріктеу және жұмысқа орналастыру;

  4. жас мамандармен жұмыс;

  5. мемлекеттік тілде сабақ беретін мұғалімдер саны;

  6. базалық білімі жоқ мұғалімдер саны;

  7. еңбек тәртібі;

  8. педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған шығармашылық топтардың, педагогикалық шеберханалардың болуы;

  9. педагогикалық кадрлардың ғылыми- зерттеу жұмысы;

  10. педагогикалық тәжірибені жинақтау жұмысы.

Кадрларды іріктеу және орналастыру, оларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің тиімділігіне талдау жасалады.

Кадрлардың соңғы үш жылдағы ауысуына, жұмыстан шығу себептері туралы ақпаратқа, қызметтік марапаттар мен сөгістерге, моральдық және материалдық ынталандыру шараларына сараптама жасалады. Білім беру ұйымына орындауды ұйымдастыру, бақылау және тексеруді жетілдіру, еңбек және орындаушылық тәртібін қолдау, моральдық-психологиялық ахуалдың оң екендігі туралы мінездеме беріледі.

Сараптаудың негізінде педагогикалық құрамға қойылатын сандық және сапалық параметрлердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттар талаптарына сәйкестігі бойынша түпкілікті қорытынды жасалады.

Комиссияға соңғы үш жылда жасалған жұмыс бойынша мәліметтер беріледі:



  1. бұйрық кітаптары;

  2. мектептің педагогикалық кеңесінің хаттамалары;

  3. педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарынан өтуін есепке алу журналы мен іс-шара жоспары;

  4. мұғалімдер мен қызметкерлердің жеке істері, жеке еңбек шарттары, контрактілер;

  5. Жас маман мектебінің (ЖММ) жұмыс жоспары, жас мамандардың сабақтарына қатысуды есепке алу журналы;

  6. білім беру ұйымының даму бағдарламасы;

  7. алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені игеріп, енгізу (АҚПТ), АҚПТ-ны жинақтап, қорыту материалдары;

  8. мұғалімдердің өзіндік білімдерін көтеруі туралы мәлімет;

  9. басқа да мәліметтер.



5.3. Білім алушылардың контингенті
Бұл тарауда Ш–1, Ш-2 қосымшасына сәйкес толық мәлімет беріледі:

  1. білім беру ұйымы бойынша оқушылардың жалпы саны;

  2. оқушылардың жеке істерін жүргізу;

  3. сыныптар бойынша соңғы үш жылдың сабақ үлгерімі;

  4. сынып жетекшілері;

  5. республикалық, халықаралық сайыстарға қатысушылар мен жеңімпаздар туралы мәлімет.


5.4. Оқу-әдістемелік жұмыс
Бұл тарауда соңғы үш жылдағы оқу - әдістемелік жұмысқа талдау жасалып, ұсыныстар мен қорытындылар жасалады:

  1. оқу-әдістемелік құжаттардың бар болуы: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, типтік және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары;

  2. оқу-тәрбиелік үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуінің жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұнына, оқушының максималды сабақ жүктемесінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі;

  3. оқу-тәрбиелік үдерістің нәтижелілігі (бұдан әрі - ОТҮ) жылдық салыстыру бойынша;

  4. мұғалімдердің оқу жүктемесін жоспарлауы, сабақ кестесінің тұрақтылығы және оның орындалуы;

  5. оқушылар арасында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу;

  6. оқу бағдарламаларының сапасына, оқушылардың оқу қызметі түрлері бойынша нұсқаулықтар мен әдістемелік әзірлемелерге; күнтізбелік, әр сабақ бойынша жоспарлар;

  7. жазбаша, бақылау, тәжірибелік, зертханалық жұмыстарды орындау нормалары;

  8. күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлегенде білім беру мазмұнын іріктеу принципінің орындалуы;

  9. комиссия мүшелері қатысқан сабақтың сапасы;

  10. секциялар, әдістемелік семинарларды ұйымдастыру;

  11. жұмысты уақытылы жоспарлау және жоспарланған жұмысты орындау, сабақты өткізу деңгейі мен сапасы; орындайтын жұмыс пен сабақ жүктемесінің мұғалімдердің біліктілігіне сәйкестігі;

  12. оқу жоспарының әр пәні бойынша оқу сағаттарының көлемдік орындалу пайызы;

  13. оқушылардың танымдық қызметін белсендіретін жаңа әдіс- тәсілдер мен жаңа педагогикалық технологияларды енгізу;

  14. ОТҮ мазмұны мен нәтижесі бойынша мониторингтің сапасы;

  15. дайындық тобын ұйымдастыру мен оның қызметі және оқушылардың жеке дайындығын күшейту;

  16. оқу үдерісі мен оқу-әдістемелік жұмысты мемлекеттік және басқа да ұлттың тілінде ұйымдастыру;

  17. оқушылардың білім сапасының аралық, ағымдағы (тоқсанның аяқталуы бойынша) және қорытынды (жылдық) бақылауды ұйымдастырудың сапасы;

  18. оқушылардың үлгерімі, тоқсандық қорытындысы (сынып және тілдік қатынас бойынша), мектеп бітірушілердің дайындық деңгейі;

  19. қорытынды бақылау жұмысы мен мектепті бітіру емтихандарының сапасы;

  20. білім алушылардың олимпиадаларда, сайыстарда, оқу жоспары пәндері және мектеп қызметі бейіні бойынша өтетін фестивальдарында жүлдері орындарға ие болуы;

  21. педагогикалық ұжым мен ұстаздардың сайыстарда, фестивальдарда, көріністерде, педагогикалық қызмет бағыты бойынша көрмелерде алған жетістіктері;

  22. білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын іске асыру;

  23. оқушыларды оқытумен қамту (жалпыға бірдей оқу);

  24. колледждер мен жоғарғы оқу орындарына түскен (түспеген) мектеп бітірушілерінің саны;

  25. қатаң есептілік құжаттарын сақтау және беру.

Комиссияға келесі құжаттар ұсынылады:

  1. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу жоспары мен бағдарламаларды, педагогикалық кеңес бекіткен күнтізбелік- тақырыптық жоспарлар;

  2. оқу үдерісінің кестесі мен сабақ кестесі;

  3. әдістемелік секцияның жұмыс жоспары және іске асыру түрлері;

  4. жалпы жұмыстың және секциялардың жоспары; жылдық есептер, барлық құрылымдық бөлімшелер отырыстарының хаттамалары, сағат есептері, мұғалімдердің әр сабақ бойынша жоспарлары, оқу сабақтарының журналдары, сабақты алмастыру журналы, өзара сабаққа қатысу журналдары, қосымша сабақ және консультация беру журналдары;

  5. емтихан ведомостары, емтихан билеттері/тестілері, қорытынды бақылау жұмыстарының тақырыптары, бақылау нәтижесі бойынша есеп;

  6. белгіленген талаптарға сәйкес оқушылардың жинақталған жеке істері;

  7. оқу мекемесінің статистикалық есептеріне сәйкестелген мектеп бойынша бұйрықтар;

  8. соңғы үш жыл ішінде аттестаттарды беруді есепке алу кітабы, алфавиттік кітап;

  9. мектеп бітірушілерінің, соның ішінде колледждерге және жоғарғы оқу орындарына түскен (түспеген), есепке алу картотекасы, журналы;

  10. басқа да материалдар.


5.5. Оқу- тәрбиелік жұмыс

Бұл тарауда келесі мәліметтер келтіріледі:



  1. білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

  2. тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері; педагогикалық кеңесте, Алдын алу кеңесінде, Сынып жетекшілер кеңесінде, ата-аналар комитеті отырысында тәрбие жұмысының мәселелерін қарау, тәрбие жұмысының нәтижесін қарастыру;

  3. мектептің өзін-өзі басқару жұмысының бар болуы және тиімділігі;

  4. Сынып жетекшілер кеңесінің жұмысының бар болуы және тиімділігі;

  5. оқушылардың өзіндік, зертханалық жұмыспен айналысу жағдайы және оның қорытындысы;

  6. оқушылардың оқу және оқудан тыс қызметінде өз мүмкіндіктерін іске асыру жағдайлары (факультатив жұмысы, үйірме жұмысы, спорттық секциялар, көркем өнер үйірмесі, пікірталас клубтары, студиялар, басқа да салалар)

  7. республикалық, жергілікті оқушылар ұйымдарының қызметіне оқушылардың қатысуы; олимпиадаларды, жобаларды, сайыстарды, акцияларды, фестивалдарды, спорттық сайыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу;

  8. оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру (оқушылардың денсаулығы және олардың әртүрлі спорттық- сауықтыру қызмет түрлерімен қамтылуы, валеологиялық қызмет жұмысы);

  9. оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен нәтижелігі бойынша мониторинг өткізудің сапасы;

  10. патриоттық тәрбиелеу және білім беру ұйымының кеңістік-пәндік ортасын ұйымдастыру (мемлекеттік нышандар, тақырыптық стендтер, плакаттар т.б.);

  11. оқушылар арасында өткізілетін психологиялық жұмыс; психологиялық қызметтің әдістемелік қамтамасыз етілуі; психологиялық қызметтің оқу-тәрбиелік үдеріспен қарым-қатынасы.

Комиссияға мынадай құжаттар ұсынылады:

  1. алдына алу кеңесі, сынып жетекшілер кеңесі, сынып жетекшілері туралы ережелер;

  2. жалпы білім беру ұйымы және оның бөлімшелері бойынша тәрбиелік жұмыстың есептері мен жоспарлары; құрылымдық бөлімдер отырыстарының хаттамалары; құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, ЖИТС-тің, діни экстремизмдің, терроризмнің алдын алу іс шараларының тізімі;

  3. Сынып жетекшілер кеңесінің, психологиялық кабинеттің (қызметтің), қоғамдардың, үйірмелердің, секциялардың жұмыс жоспарлары;

  4. өткізілген іс шаралардың бағдарламалары және олардың тәрбиелік бағыты;

  5. басқа да материалдар.


5.6. Оқу-материалдық активтер

Бұл тарауда мынадай көрсеткіштер:



  1. бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдардың пайдалы оқу, жеке меншік және жалға алған аумақтарының санитарлық нормаға, өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;

  2. жалпы аумақ, соның ішінде бір оқушыға есептегендегі оқу аумағы;

  3. оқу-зертханалық кабинеттердің, оқу-кәсіптік шеберханалардың және басқа да арнайы бөлмелердің қазіргі заман талабына сәйкес жабдықтармен жабдықталуы;

  4. білім алушыларды спорттық жабдықтармен, медициналық қызметпен және қоғамдық тамақтандырумен қамтамасыз етілуі;

  5. қосымша білім беру құрылымдары (мектеп мұражайы, өндірістік шеберхана, қысқы саябақ, видеотека, медиатека, мектеп кафесі, мектеп радиосы, теледидар, театр);

Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:

1) жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттар: жалға алу шарты, жедел басқару және т.б.;

2) ғимарат пен құрылыстарды пайдалануға арналған СЭС-тің, МӨҚ-нің, ТЖ- дың анықтамалар/ қорытындылар;

3) оқу-зертханалық кабинеттердің, оқу - өндірістік шеберханалардың, спортзалдардың, медициналық қызмет көрсету және тамақтандыру және басқа да арнайы ғимараттардың құралдармен жабдықталу тізбелері;

4) басқа да құжаттар.

5.7. Оқу зертханалары

Бұл тарауда мынадай мәліметтер көрсетіледі:



  1. зертханалар мен оқу пәндері бойынша кабинеттер (физика, химия т.б.) және олардың қазіргі талабтарға сәйкестігі;

  2. мультимедиялық сыныптардың бар болуы;

  3. соңғы үш жылдағы зертханалық жабдықтарды сатып алу динамикасы.



5.8. Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қорлар

Бұл тарауда мынадай ақпарат көрсетіледі:



  1. компьютерлік техниканың саны және қолдану тиімділігі, Интернет желісіне қосылуы;

  2. компьютерлік базаны жаңарту мен бағдарламамен қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жылға арналған қаражат көлемі, кітапхана қоры, ақпараттық деректер базасының болуы;

  3. негізгі әдебиеттер қорының олардың ескіру дәрежесін ескергендегі сапасы;

  4. қосымша әдебиеттер қорының сапасы (ресми, анықтама- библиографиялық, мерзімді басылымдар);

  5. кітапхананың негізгі кітап қоры, қорлардың құрылымы (оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер, соның ішінде мемлекеттік тілде, ғылыми, көркемдік және мерзімдік басылым, оқушылардың оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілуі);

  6. каталогтардың сапасы, компьютерленген анықтама- библиографиялық катологтардың болуы;

  7. кітапхана қызметкерлері штатының толық болуы, олардың базалық білімдерінің лауазымдарына сәйкес болуы, олардың біліктілігін арттыруы, мемлекеттік тілді білуі.

Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:

  1. компьютерлік техниканың саны мен сапасы туралы мәлімет, локалдық жүйе және INTERNET жүйесіне қосылған компьютерлер саны;

  2. кітапхананың инвентарлық (түгендеу) кітабы;

  3. тақырыптық-типологиялық жинақтау жоспары және кітаппен қамтамасыз ету картотекасы (жүйелі, алфавиттік, мақалалар мен журналдар картотекасы, электрондық каталог), ақпараттық қамтамасыз етудің WEB – технологиясы, қашықтан оқыту жүйесі;

  4. кітапхана туралы жалпы мәлімет: оқу залының жалпы ауданы (егер бар болса), оқырмандарға қызмет көрсету сапасы;

  5. кітап қорын толықтыруға арналған жыл сайынғы шығыс сметасы;

  6. кітапхана штаты, қызметкерлердің базалық білімі, олардың біліктілігін арттыру курстары туралы мәлімет, жоспар;

  7. басқа да материалдар.


5.9. Білім алушылардың білімін бағалау

Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау барысында бітіруші сыныпта білім алушылардың білімдерін тексеру мақсатында бақылау кесінділері жүргізіледі.

Бақылау кесінділерінің қорытындысы бойынша бақылау жұмысының қорытындысы көрсетілген ведомость толтырылады.

Бұл бөлімде мынадай мәселелерге талдау жасалады:

- білім алушылардың білім сапасын ішкі бақылауды ұйымдастыру, оның нәтижесі мен тиімділігі;

- білім алушылардың білімін тексеру мақсатында алынатын білімін бақылау кесінділерінің түрлері мен бейнелері.

Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:

1) білім сапасын ішкі бақылау бейнелерін жүргізу бойынша есептік және жоспарлау құжаттары;

2) тест тапсырмалары, емтихан материалдары.
5.10. Сауалнама қорытындысы

Бұл бөлімде оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар арасында жүргізілген сауалнаманың деректері беріледі. Сауалнама үлгілерін уәкілетті орган анықтайды.

Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында кезеңдеп жүргізілген сауалнаманың қорытындысы талданады.

Комиссияға мынадай материалдар ұсынылады:



  1. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, қызметкерлер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша материалдар;

  2. Сауалнамаға қатысқандардың ұсыныстарын іске асыру барысындағы іс шаралар тізімі.


5.11.Кемшіліктер мен ескертулер
Бұл бөлімде білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер тармақтар бойынша келтіріледі.


    1. Қорытындылар мен ұсыныстар

1. Бұл бөлімде аттестаттау комиссиясы анықтаған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар келтіріледі.

Аттестаттау комиссиясы уәкілеттік органға білім беру ұйымын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы ұсыныс жасайды.

2. Комиссия білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі бойынша аттестаттаудың қорытындысын жасайды.

3. Педагогикалық кеңесті аттестаттау қорытындысымен таныстыру. Комиссия қабылдаған шешім педагогикалық кеңесте талқылауға жатпайды.

4. Аттестаттау нәтижесі бойынша қорытынды уәкілетті органға ұсынылады.

5. Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша уәкілетті органның бұйрық жобасын дайындау мен келісу.

6. Бұйрықты білім беру ұйымының назарына ұсыну.

7. Бұйрықтың орындалу барысын бақылау.
________________________________________________________________

Ш – 1- қосымша

Білім беру ұйымы қызметінің негізгі көрсеткіштері


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы, құрылған жылы, ұйымдық-құқықтық нысаны, толтырылған мерзімі)






Көрсеткіштер


Өлшем бірліктері

20____

20____оқу жылы

20____

20____оқу жылы

20____

20____оқу жылы

1

2

3

4

5

6

1.

Жалпы мәліметтер














1.1.

Оқушылар контингенті, барлығы:

саны










1.2.

Жалпы контингент ішінен, оқушылардың оқу нысаны бойынша саны:

  • күндізгі

  • кешкі

  • дистанциондық (дербес бағдарлама бойынша)

саны


саны

саны











1.3.

Мемлекеттік тілде оқитын оқушылар

саны











1.4.

Орыс тілінде оқитын оқушылар

саны










1.5.

ҚР халықтарының басқа тілінде оқитын оқушылар

саны











1.6.

Мектепті үздік бітірген, оқушылар саны, барлығы

Олардың ішінен

4-сынып оқушылары

9-сынып оқушылары

11-сынып оқушылары

саны
саны

саны

саны











1.7.

Олимпиада жүлдегерлерінің саны, барлығы:

  • қалалық

  • облыстық

  • республикалық

  • халықаралық

саны


саны

саны


саны

саны











1.8.

Ғылыми жоба сайыстарының жүлдегерлері, барлығы:

  • қалалық

  • облыстық

  • республикалық

- халықаралық

саны


саны

саны


саны

саны











2.

Педагогикалық құрам













2.1.

Штаттық мұғалімдер құрамы, барлығы:

Білімдері:



  • жоғары

  • аяқталмаған жоғары

  • мамандырылған орта

  • жалпы орта

Санаттары:

  • жоғарғы

  • бірінші

  • екінші

  • наградалары мен атақтары

Базалық білімі жоқ мұғалімдер құрамы

Жоғары, бірінші, екінші санатты ұстаздардың орта жасы

Біліктілігін арттыру курсынан өткен ұстаздар саны

саны
саны %

саны %

саны %


саны %
саны %

саны %


саны %

саны %
саны %


жасы

саны %











3.

Оқу, ғылыми әдістемелік жұмыс













3.1.


Аттестаттаудың қорытынды нәтижесі

Бастауыш мектепте:

Математикадан

Қазақ тілінен

Орыс тілінен



%

%



%

%











3.2.

Негізгі мектепте


Математикадан

Қазақ тілінен

Орыс тілінен

Басқа да пәндерден


%

%



%

%











3.3.

Орта мектепте


Математикадан

Қазақ тіліне

Орыс тіліне

Басқа да пәндерден


%

%



%

%











3.4

Екінші жылға қалған оқушылар саны

Соның ішінде:

Бастауыш сыныпта

Негізгі мектепте

Орта мектепте

Жыл бойына мектептен шығарылғандардың саны

саны %
саны %

саны %

саны %


саны %










3.5.
















3.6.

Оқушылардың бақылау кесіндісінің қорытындысы бойынша алған оң нәтижелі бағалары:

4 сыныптарда

9 сыныптарда

11 сыныптарда



%

%



%










3.7.

Бітірушілер саны

Білім мекемелеріне түскен түлектер, саны:

жоғарға оқу орындарын

орта кәсіптік

басты кәсіптік


саны
саны %

саны %


саны %

саны %











3.8.

Педагогикалық ұжым шығарған оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік әзірлемелер, мақалалар саны, барлығы:

  • бір мұғалім есебінен:

  • сонымен қатар мемлекеттік тілде













4.

Материалдық және әлеуметтік база













4.1.

1оқушыға алған есеп бойынша пайдалы оқу көлемі

шаршы метр










4.2.
















4.3

Жаңа заманға сай дербес компьютерлер саны:

Соның ішінде, Internet желісіне қосылғандар:


саны
саны












4.4

Кітапхана қорын кітаптармен толықтыруға бөлінген қаражат көлемі

мың теңге












4.5.

Оқушылар мен мұғалімдерге көмек көрсетуге бөлінген қаражат көлемі

мың теңге












4.6.

Оқушылардың демалысы мен медициналық қызмет көрсетуіне бөлінген қаржы көлемі

мың теңге












4.8.

Мұғалімдердің орта есеппен алынған жалақысы:

Соның ішінде, қызметкерлердің:


мың теңге

мың теңге











5.

Білім сапасы













5.1.

Аралық аттестаттау (тоқсандық) қорытындысы бойынша оқушылардың алған бағалары:

  • “үздік”

  • “үздік, жақсы”

саны%

саны%











5.2.

Мұғалімдер өткізген ашық сабақтардың саны

саны










5.3.

Оқушылардан алынған сауалнама қорытындысы бойынша өткізілген іс шаралар

саны










М.О. Білім беру ұйымының

басшысы __________ ___________

қолы Аты, тегі

«______» _________________ 200___ жыл
Ш – 2- қосымша
Білім алушылар контингентінің құрылымы


Контингент құрылымы

Бастауыш мектеп

Негізгі

мектеп

Орта мектеп

Жалпы мектеп бойынша

Білім алушылардың саны













Сыныптардың жалпы саны/ білім алушылардың саны













- жалпы білім беретін













-жоғары деңгейдегі (гимназиялық, лицейлік, академиялық және де басқалар)













- түзетулік












Ескерту: Кестеде бөлшек түрінде көрсетіледі: алымында - жалпы саны, бөлімінде - орта есеппен алынған сыныптардың толықтыруы көрсетіледі.


М.О. Білім беру ұйымының

басшысы __________ ___________

қолы Аты, тегі
«______» _________________ 200___ жыл

Ш – 3- қосымша

ӘБП туралы мәлімет




Тегі, аты,

әкесінің аты



Лауазымы

Туған жылы

Базалық білімі

Жалпы жұмыс өтілі

Мектептегі жұмыс өтілі






Директор



















Директордың орынбасары



















Директордың орынбасары



















Тағы басқалар












































































Ш – 4- қосымша

Мектепті аяқтайтын сыныптардың тестілеу (срез) қорытындысы




Сынып

Журналда көрсетілген

оқушылардың тізімі



Нақты қатысқан

оқушылар саны



Баға саны

“5”


Баға саны

“4”


Баға саны

“3”


Баға саны

“2”


Орташа

ұпайы


Оң нәтижелі

бағалардың

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының төрағасы: _________________ Тегі, аты, әкесінің аты
Тестілеу орталығының төрағасы _________________ Тегі, аты, әкесінің аты

«______» _________________ 200___ жыл




Ш – 5- қосымша

Оқу пәндері бойынша инновациялық бағдарламалар.



Төменде білім беру ұйымының оқу жоспарына кіргізілген оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларының тізімін көрсету

  • эстетикалық

цикл бойынша _____________________________________________

- жалпы мәдени

цикл бойынша ______________________________________________
- басқада ___________________________________________________
Инновациялық (типтік емес) оқу бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін ұстаздар

Бағдарламалар

Оқу пәндері

Курстың атауы

Мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты, біліктілігі, санаты
Авторлық










Эксперименттік










Түзетілген












Ш – 6- қосымша
Білім беру үдерісін ұйымдастыру мен жүргізу барысында қолданылатын ғимараттар мен орын-жайлар туралы мәліметтер

_________________________________________________________________

білім беру ұйымының атауы






Ғимараттың және бөлек орналасқан құрлыстың нақты мекен-жайы

Ғимарат және құрылыстардың түрі мен

(оқу- зертханалық, әкімшілік және т.б.), саны, олардың жалпы көлемі (шаршы метр)



Пайдалану,

ие болу


нысандары

(жеке меншік,

жедел

басқару, жалға алу)



Меншіктік және жалға беру ұйымның атауы

Деректемелер мен құқылылық құжаттардың мерзімі

СЭС, өртке қарсы қызмет құжаттарының деректеме-лері

1

2

3

4

5

6

7



































































Барлығы (шаршы метр)















М.О. Білім беру ұйымының

басшысы __________ ___________

қолы Аты, тегі


«______» _________________ 200___ жыл

Ш – 7- қосымша
Білім үдерісінің арнайы және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі туралы мәлімет

__________________________________________________________________

білім беру ұйымының атауы




Оқу жоспарына сәкес пәндер атауы

Арнайы сыныптар, аудиториялар, кабинеттер, зертханалар мен шеберханалардың атауы

Мөлік үлгісі, пайдалану

(жеке меншік,басқарма, жалға беру т.б.)



1

2

3

4

























М.О. Білім беру ұйымының

басшысы __________ ___________



қолы Аты, тегі
«______» _________________ 200___ жыл





Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар

Р бғм білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының

323.73kb.

13 10 2014
1 стр.


«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары

410.81kb.

14 12 2014
4 стр.


«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары

427.34kb.

13 10 2014
4 стр.


Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды

264.51kb.

25 09 2014
1 стр.


Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі

Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта

114kb.

16 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «31» тамыздағы

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қаб

80.28kb.

13 10 2014
1 стр.


Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»

«Тарих», «Қоғамдық білім негіздері», «Адам және Қоғам» пәндері 2010ж. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, оқулықта

88.84kb.

25 12 2014
1 стр.


Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Жалпы ережелер

Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12 тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұ

193.1kb.

25 12 2014
1 стр.