Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қарағанды облысының аумағында "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қазандағы N 52/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қарашада N 1989 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қолайсыз сыртқы әсерден "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемені ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі – ұлттық парк) мемлекеттік мекемесінің шекарасының аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, жалпы аумағы 9691 гектар, ені екі шақырым қорғау аймағы;
      қосымшаға сәйкес ұлттық парктің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі;
      ұлттық парктің шекарасы конфигурациясына ұқсас қорғау аймағының шекарасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтуғановқа жүктелсін.
      3. Қарағанды облысы әкімдігінің "Қарағанды облысының аумағында "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысы әкімі                     Ә. Құсайынов

Қарағанды облысы әкімдігінің
2012 жылғы 17 қазандағы
N 52/01 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
"Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"
мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында
табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі

      1. Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" (бұдан әрі – ұлттық парк) мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін жер пайдаланушылардың ұлттық шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат беріледі.


      2. Ұлттық парктың қорғау аймағында жол берілмейді:
      1) жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;
      2) ұлттық парктың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;
      3) жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін зәрлі улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізуге;
      4) атмосфераға және ашық су көздері мен жер рельефіне ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
      5) пайдалы қазбалар өндіруге;
      6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
      7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
      8) парктың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);
      9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге;
      10) ұлттық парктың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.
      3. Ұлттық парктың қорғау аймағының аумағында Парктың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынандай әр түрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) орман шаруашылығы қызметі;
      2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық сан алуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
      3) туристік және рекреациялық қызмет;
      4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
      7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;
      8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;
      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
      10) жер учаскілерінде туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, ұлттық парк қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.
      4. Ұлттық парктың қорғау аймағында осы қосымшаның 3-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскілерге, сондай-ақ ұлттық парктың қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

38.34kb.

25 12 2014
1 стр.


Баянауыл ауданының әкімі Е. Әйткеновтың ауданның 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінің тезистері

Аудан аумағында көлемі 50,5 мың гектарды алып жатқан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан

158.27kb.

17 12 2014
1 стр.


Қарағанды облысының аумағында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Арағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қарашадағы n 56/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қарашада n 1988 тіркелді

38.53kb.

25 12 2014
1 стр.


Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктерінің жексенбілік мектептерінде ұлттық (туған) және мемлекеттік тілдерді оқытуды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
78.94kb.

14 10 2014
1 стр.


Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктерінің жексенбілік мектептерінде ұлттық (ана тілі) және мемлекеттік тілдерді оқытуды ұйымдастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімінің
57.12kb.

15 10 2014
1 стр.


Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктерінің жексенбілік мектептерінде ұлттық (туған) және мемлекеттік тілдерді оқытуды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді

Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктерінің жексенбілік мектептерінде ұлттық (туған) және мемлекеттік тілдерді оқытуды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сат

84.14kb.

25 12 2014
1 стр.


«Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы»

Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

225.08kb.

25 12 2014
1 стр.


Аудан әкімдігінің 2011 жылғы наурыздағы № қаулысына 2 қосымша

«Ертіс-Орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты мемлекеттік мекемесінің ғимараты Ленин көшесі, 60

32.36kb.

15 12 2014
1 стр.