Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Бегенов Мәди Қайбыұлы
1916 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел поселкесінде дүниеге келген. Мәди орта мектепті толық бітірмегенмен, комсомол қатарына өткен. Ол жұмыс істеуді ерте бастайды. 1942-жылдың желтоқсанында Қызыл әскерге шақырылады. Днепрден өту үстінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен 1944 жылы 19 наурыз күні Бегенов Мәди Қайбыұлына Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Мәди Қайбыұлы әскерге шақырылғаннан кейін 203 Запорож атқыштар дивизиясының 619 атқыштар полкының атқыштар ротасының бөлімше командирі болып тағайындалады. Күздің ауыр бұлттары Днепр жағалауларына төніп тұр. Шығыстан соққан салқын жел, Днепрден ары қарай қуғысы келген сияқты оларды жерге жаншуда. Совет әскерлері көп ұлтты Украин жерін фашист басқыншыларынан азат етіп, Батысқа қарай тоқтаусыз жүріп бара жатты. Днепрдің сол жағалауында біздің Отанымыздың Қызыл Туы желбіреп тұрды. Ең алғашқылырдың бірі болып ақ шашты Днепрге 619-атқыштар полкының атқыштар ротасы да таяп қалды.

Осы ротаның құрамында сержант М.К. Бегеновтің де бөлімшесі болды. Бөлімше жасырын түрде 1943 жылдың 25 қазаны күні Днепрден соғысып өтіп, гитлершілдерге соққы беріп, оң жағалауға шығуы тиіс болатын. Жерге қою қараңғылық түсті. Қолда бар заттардан жауынгерлер сал жасап, бұйрық берілісімен, Бегенов өз бөлімшесімен жағалаудан жүзіп кетті. Батырдың марапаттау қағазында Днепрден соғыспен өту кезінде, 1943 жылдың 25 қазанында Новый Кичкас (Запорожье) ауданында гитлершілердің бірнеше шабуылы кезінде жаудың станоктық пулеметінің орналасқан жерін анықтады деп жазылған. Осылайша Мәди мәліметті командирге бере отырып, артиллерияның оқ ату нысанасын белгілеп береді. Осының нәтижесінде атыс орны жойылады. Бөлімшенің келесі шабуылында Бегенов фашист окоптарына бірінші болып ұмтылады. Жекпе-жек шайқаста Мәди жаудың 7 жауынгері мен унтер офицерін өлтіреді. Осы әрекетімен ол өз взводының алға жылжуына жағдай жасайды. Келесі шабуылда Бегенов өз взводын ерте отырып, жаудың екінші окобын шабуылдап, жауды қашуға мәжбүр етеді. Бегеновтің жауынгерлері траншеяларды басып алып, барлық ротаның алға жылжуын қамтамасыз етті. Жауынгерлік тапсырма ойдағыдай орындалды. 1944 жылдың тамыз айында М.Қ. Бегенов із-түзсіз жоғалып кетті.


Мақала кітаптан алынған.
Достанбаев Т.Ш. Жамбылдық жарық жұлдыздар (Жамбылдық Кеңес Одағының батырлары) [Мәтін]: әдістемелік құрал / Т.Ш. Достанбаев. – Тараз: «Тараз университеті» баспасы, 2007.-76б.

Бегенов Мәди Қайбыұлы

Совет әскерлері көп ұлтты Украин жерін фашист басқыншыларынан азат етіп, Батысқа қарай тоқтаусыз жүріп бара жатты. Днепрдің сол жағалауында біздің Отанымыздың Қызыл Туы желбіреп тұ

16.58kb.

25 12 2014
1 стр.


Бесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысының хаттамас ы

Атысқандар: Ғ. Рысбеков, Б. Сүлейменов, М. Дүйсебеков, Б. Адырбеков, А. Мәди, А. Ибрагимов, Х. Азимов, Е. Тәңірбергенов, С. Таженов, С. Арыстанов

63.7kb.

17 12 2014
1 стр.


Бесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысының хаттамас ы

Атысқандар: Ғ. Рысбеков, Б. Ирсметов, Ж. Сүлейменова, М. Ибраим, Б. Адырбеков, А. Мәди, Ғ. Сәрсенбаев, Е. Ахметов, Е. Таңірбергенов, С. Арыстанов, С. Тәженов

32.57kb.

15 10 2014
1 стр.