Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Салық комитеті

Қостанай облысы бойынша

Салық департаментінің бастығы

міндетін уақытша атқарушы

«30» маусым 2008 ж. № 121

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі Салық комитетінің

Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің

Қарабалық ауданы бойынша Салық басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қостанай облысы бойынша Салық департаменті Қарабалық ауданы бойынша Салық басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің толықтығын, міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық міндетемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру аясында, өз құзыреті шегінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің өндірілуі және айналымы саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға өкілеттендірілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің аймақтық бөлімшелері болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма бастықтарының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғалардың бұйрықтарымен ресімделетін жеке қолданылатын құқықтық актілер шығарады.

6. Департаменттің құрылымы мен штат санағының лимитін Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бекіткен штат санағының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы бекітеді.

7. Басқарманың заңды мекен-жайы: 110900 Казақстан Республикасы, Костанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Ленин көшесі, 1 уй, СТН 390700001861

8. Басқарманың толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша салық департаменті Қарабалық ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

10. Басқарманы қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың қызметі болып табылатын міндеттерін орындау шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
12. Басқарма Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша салық департаментінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін көздейтін заңнамалардың сақталуын бақылау;

жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын көздейтін заңнамалардың сақталуын бақылау;

нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өз құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасынан үлестерінің, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне дивидендтердің, жалға алу төлемақысынан, республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдерді, капиталмен жүргізілген операциялардан түсімдерді қоспағанда) бақылау және талдау;

ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының тиісті бөлімдері жүзеге асыратын бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттеріне сәйкес салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету;

аумақтық салық басқармаларының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының тиісті басқармалары (бөлімдері) жүзеге асыратын бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттерін сақтауын бақылау;

салық төлеушілерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылар мен айыппұлдардың есептелген және қоса есептелген сомаларын есепке алу;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылар мен айыппұлдардың төленген сомаларын есепке алу;

бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы болжауға қатысу;

өз құзыреті шегінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттендірілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

салық салу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

өз құзыреті шегінде өтініш берушінің тексеріс жүргізу жолымен этил спиртін, алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін өндіру бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтер көрсету;

нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүзеге асыру;

халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау, мәмілелер бағасының тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағадан ауытқуы мәселесі бойынша тексеру, мәмілелер бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелердің мониторингін жүргізу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарау;

салық заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеті;

этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің және жекелеген мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылау бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеті;

салық бақылауын жүзеге асыру;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылау;

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарының сақталуына, есепке алынуына және берілуіне бақылау;

өз құзыреті шеңберінде мұнай өнімдері рыногының субъектілерінің Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ бюджетке акциздердің толық және уақытылы түсуіне бақылау;

мемлекеттік меншікке айналдырылған мүліктерді еспке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақтылы берілуіне, сондай-ақ ол сатылған жағдайда бюджэетке ақшаның толық және уақытылы түсуіне бақылау;

өз құзыреті шегінде этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы, темекі бұйымдарының өндірісі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында қызметтің жүзеге асырылуы кезінде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;

халықаралық шарттарды әкімшілендіру және салық салу мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің құзыретті органдары арасындағы келісімдермен көзделген жағдайларда ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттердің резидент еместерінің қызметін әкімшілендіру;

сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын резиденттердің мәмілелерінің мониторингін жүргізу және оларды әкімшілендіру;

өңірлік мониторингке кіретін салық төлеуші бойынша мониторинг;

салық берешегін мәжбүри өндіріп алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы мәселелерін салық төлеушілерге түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

ведомстволық бақылауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген өзге де қызметтер.

13. Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде Басқарма:

өз құзыреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы бойынша түсіндіруге және түсініктер беруге;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінде белгіленген тәртіпте салық бақылауын жүзеге асыруға;

заңда белгіленген тәртіпте Басқарманың функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарға сұрау салуға және алуға;

Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, бухгалтерлік құжаттамаларына, сметаларына, ақшасының бар, жоқтығына, құнды қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауына байланысты өзге де құжаттарға тексеру жүргізуге;

салық төлеушіден уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу (ұстап қалу және аудару) жөніндегі құжаттарды, оларды толтырылуы бойынша түсініктерді, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін (ұстап қалу және аудару) растайтын құжаттарды, сондай-ақ резидент салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан еншілес компанияларының қаржылық есептіліктерін қоса алғанда, оның шоғырландырылған қаржы есептілігін көрсетуді талап етуге;

Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалған тәртіпте салық тексеруін жүзеге асыру барысында салық төлеушіден салықтық құқық бұзушылықтары істелгенін куәландыратын құжаттарды алып қоюға;

кірістер алу үшін пайдаланылатын салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді тексеруге, олардың орналасқан жеріне қарамастан, салық төлеушінің мүлкіне (тұрғын үйден басқа) түгендеу жүргізуге;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген жағдайларда салық төлеушінің салық міндеттемелерін жанама әдіспен анықтауға;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша салық төлеушіден заңнамада белгіленген тәртіпте электронды құжат түрінде ақпарат алуға;

заңды және жеке тұлғаларға тексеруді жүзеге асыруға, таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылауды жүзеге асыруға;

коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға қатысты:

салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеушіге - заңды тұлға мен дара кәсіпкерге;

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен әрекетсіз заңды тұлғаға;

заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген тұлғаға және оның зайыбына (жұбайына) қатысты;

басқа мемлекеттік ұйымдардың мамандарын салық тексерулеріне тартуға;

сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаның мойындауы туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар салық төлеуші акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздерде заңды тұлғаны тарату туралы талап-арыз беруге;

уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша тексеру жүргізуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерінің орындалу мерзімін өзгерту туралы шешімдер қабылдауға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімдерін өзгерту жөнінде шешім қабылдауға тәртіптік шаралар қолдануға;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолдануға;

қоғамның салық мәдениетін және салық заңнамаларының мәселелері жөнінде ақпараттылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге;

кадрлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізуге құқықтары бар;

Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

3. Басқарма мүлкі
14. Басқарма оқшауланған мүлкін жедел басқаруға құқылы.

Басқармаға бекітілген мүлік республика меншігіне жатады, оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны Қостанай облысы бойынша Департамент теңгермесінде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.

15. Басқарма оған бекітілген мүлікті өздігінше иеліктен айыруға немесе өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
4. Басқарма қызметін ұйымдастыру
16. Басқарма тікелей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға қатысты емес.

17. Басқарманы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің Бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасының қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бастық басқарады.

Басқарма Бастығының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша салық департаментінің Бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бір (екі, үш) орынбасары бар.

18. Басқарма Бастығы Басқарма жұмыстарын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауап береді.

19. Басқарма Бастығы:

өзінің орынбасарларының міндеттері мен уәкілеттігін және бөлімшелерін айқындайды;

заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне, Басқарма бастығының орынбасарларына, тәртіптік жаза қолданады;

заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін, іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;

Басқарманың құқықтық актілеріне қол қояды;

Қостанай облысы бойынша Салық департаментіне берілетін есептіліктің дұрыстығына жеке жауап береді;

Басқарманы барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда таныстырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Басқарма бастығы жоқ болған уақытта оның міндетін орынбасары атқарады.



5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.--

«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті

Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша салық департаменті

118.58kb.

17 12 2014
1 стр.


«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті

Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша салық департаменті

120.17kb.

25 12 2014
1 стр.


«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы

Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық департаменті туралы

138.74kb.

09 10 2014
1 стр.


«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті

Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнің Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады

128.85kb.

25 12 2014
1 стр.


«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті

Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнің Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады

134.97kb.

25 12 2014
1 стр.


Бекітемін қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті

Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің аймақтық бөлімшелері болып табылады

116.73kb.

25 12 2014
1 стр.


«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті

Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің

242.57kb.

17 12 2014
1 стр.


«бекітемін» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті

Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнің Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады

127.47kb.

25 12 2014
1 стр.