Бесінші шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының
XIII сессия
ШЕШІМ № 13/2-V
2012 жылғы 21 желтоқсан Өскемен қаласы
Өскемен қаласының
2013-2015 жылдарға арналған
бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2781 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қаланың 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға, соның ішінде 2013 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 21 981 106 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдер – 10 797 706 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 66 156 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 212 000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 9 905 244 мың теңге;
2) шығындар – 23 162 542 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру – 0;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 0;
5) бюджет тапшылығы – - 1 181 436 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 1 181 436 мың теңге.
2. Өскемен қаласының 2013 жылға арналған бюджетінде облыстық бюджеттен Өскемен қаласының бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар – 0. Өскемен қаласының бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік қайтарып алулардың көлемі – 0.
3. 2013 жылға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органдарының резерві 9 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
4. 2013 жылға Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2781 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес кірістерді бөлу нормативтері есепке алынсын:
1) төлем көзінен салынатын, кірістерден ұсталатын жеке табыс салығы
– 21,7 %, төлем көзінен салынбайтын - 100%;
2) төлем көзінен салынатын, шетел азаматтарының кірістерінен ұсталатын жеке табыс салығы – 21,7 %; төлем көзінен салынбайтын - 100%;
3) әлеуметтік салық – 21,7 %.
5. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет салаларының азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 25 % жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін жергілікті өкілді органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайды.
6. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына, Шығыс қазақстан облыстық мәслихатының «Азаматтардың кейбiр санаттарына төленетiн әлеуметтiк көмектiң мөлшерi туралы» 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2515 нөмірімен тіркелген) шешiмiнің 1 тармағына сәйкес Өскемен қаласының 2013 жылға арналған бюджетінде ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, ұйымдарының мамандарына есептеуден 7 200 теңге есеппен отын сатып алуға қаражат қарастырылсын.
7. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 тармақшасына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Өскемен қаласының 2013 жылға арналған бюджетінде 2013 жылғы 1 маусымнан 31 тамыз аралығындағы жаз кезеңін алып тастағанда, күндізгі оқу түрінде оқитын университеттер студенттеріне және колледждер, кәсіптік лицейлер мен кәсіптік мектептер оқушыларына қоғамдық көлікте (такси мен трамвайдан басқа) жеңілдікпен жол жүру үшін жол жүру билеттерінің кұнын 1 500 теңге есебінен өтеуге қаражат қарастырылсын.
8. 4 қосымшаға сай Өскемен қаласының 2013 жылға арналған бюджетінің орындалу үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.
9. 5 қосымшаға сай Меновной ауылдық округі әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
10. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Кикина
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 28 желтоқсандағы 2789 нөмірімен тіркелген.