Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3

Функционалдық өзара әрекет ету сызбасы

Павлодар облысы әкімдігінің


2012 жылғы 13 желтоқсандағы
N 349/12 қаулысымен  
бекітілді        

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) білім беру ұйымдары көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" N 127 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      4. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрі – Тұтынушы) көрсетіледі.
      5. Білім беру ұйымының білім беру ұйымына қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымының интернет-ресурстарында орналастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған.


      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі тұтынушылар қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бір жұмыс күнін құрайды:
      1) өтініш берілген күні (тіркеу кезінде) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күту уақыты – 30 минут;
      2) өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін тұтынушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесін (білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу мерзімі – 3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық білім алушылар үшін ортақ болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер
(өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

      10. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды білім беру ұйымына ұсынады.


      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тапсырылған жағдайда, білім беру ұйымы тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтердің көрсетумен қажетті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат береді.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне:
      1) білім беру ұйымының маманы;
      2) білім беру ұйымының басшылығы.
      13. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - бірліктер) әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету және бірліктер үрдісінде әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      15. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауап береді.



2012 жылғы 13 желтоқсандағы N 349/12   
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 
берудің жалпы білім беретін бағдарламалары 
бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды 
қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік  
қызмет көрсету регламентіне       
1-қосымша                  
 

Әрекетінің сипаттамасы

N

Әрекеттің N(жұмыс барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

1.

Жауапты тұлға

Білім беру ұйымының маманы

Білім беру ұйымының басшылығы

Білім беру ұйымының маманы

Білім беру ұйымының басшылығы

Білім беру ұйымының маманы

2.

Әрекеттің (үрдістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қоса беріліп отырған құжаттары бар өтінішті қабылдау және тіркеу

Жауапты орындаушыны анықтау

Білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрықтың жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап дайындауы

Білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапқа қол қою

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру

3.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Құжаттарды алғандығы туралы қолхат беру

Бұрыштама

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы бұйрықтың немесе дәлелді жазбаша жауаптың жобасы

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы бұйрық немесе дәлелді жазбаша жауап

Шығыс құжаттардың журналында тіркеу

4.

Орындалу мерзімі

30 минуттан аспайды

30 минуттан аспайды

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесін (білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу мерзімі – 3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық білім алушылар үшін ортақ болып табылады.

2012 жылғы 13 желтоқсандағы N 349/12   
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 
берудің жалпы білім беретін бағдарламалары 
бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды 
қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік  
қызмет көрсету регламентіне       
2-қосымша                  

Өзара функционалдық әрекет ету сызбасы

Павлодар облысы әкімдігінің


2012 жылғы 13 желтоқсандағы
N 349/12 қаулысымен  
бекітілді        

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына
денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды
үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды
қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы N 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы (түзеу) бiлiм беру ұйымдарының қызметiн ұйымдастыру туралы ережелеріне,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 974 Бұйрығымен бекітілген стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтiп жатқан мүгедек балалар үшiн оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртiбi туралы ережелерiне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
      4. Аталған қызмет денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) ұсынылады.
      5. Білім беру ұйымының жеке тегін үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымының интернет-ресурстарында орналастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ке дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жедел рәсімдеу қарастырылмаған.


      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      мемлекеттік қызметті алушы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер
(өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

      9. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды білім беру ұйымына ұсынады.


      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тапсырылған жағдайда, білім беру ұйымы тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерді көрсетумен қажетті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат береді.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне:
      1) білім беру ұйымының маманы;
      2) білім беру ұйымының басшылығы.
      13. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр құрылымдық-функционалдық бірліктер әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету және құрылымдық функционалдық бірліктер үрдісінде әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      15. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.



2012 жылғы 13 желтоқсандағы N 349/12      
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім  
беру ұйымдарына денсаулығына байланысты    
ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде
жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды
қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша                  

Әрекетінің сипаттамасы бірліктердің әрекеттерінің сипаттамасы

N

Әрекеттің N (жұмыс барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

1

Жауапты тұлға

Білім беру ұйымының маманы

Білім беру ұйымының басшылығы

Білім беру ұйымының маманы

Білім беру ұйымының басшылығы

Білім беру ұйымының маманы

2

Әрекеттің (үрдістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қоса беріліп отырған құжаттары бар өтінішті қабылдау

Жауапты орындаушыны анықтау

Ұсынылған құжаттардың толымдығын тексеру және үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрықтың жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жазбаша дайындау

Білім беру ұйымының үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрыққа немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапқа қол қою

Шығыс құжаттардың журналында тіркеу

3

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық- өкімдік шешім)

Құжаттарды алғандығы туралы қолхат

Бұрыштама

Қызмет көрсетуден бас тарту туралы бұйрықтың немесе дәлелді жауаптың жобасы

Қызмет көрсетуден бас тарту туралы бұйрық немесе дәлелді жауап

Қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру

4

Орындалу мерзімі

1 күндік жұмыс күні

1 күндік жұмыс күні

1 күндік жұмыс күні

2012 жылғы 13 желтоқсандағы N 349/12 
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
беру ұйымдарына денсаулығына байланысты
ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды
үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін
құжаттарды қабылдау" мемлекеттік  
қызмет көрсету регламентіне     
2-қосымша             

Функционалдық өзара әрекет ету сызбасы

<предыдущая страница


Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №41/07 қаулысы «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы»

Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын

200.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы n 349/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда n 3359 тіркелді

825.78kb.

25 12 2014
3 стр.


Қызмет регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»

«Туризм саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қаулы етеді

97.49kb.

25 12 2014
1 стр.


Қызмет регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»

«Туризм саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қаулы етеді

95.59kb.

17 12 2014
1 стр.


Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»

«Туризм саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қаулы етеді

468.04kb.

11 10 2014
3 стр.


Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»

«Туризм саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қаулы етеді

300.98kb.

09 10 2014
1 стр.


Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»

«Туризм саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қаулы етеді

463.55kb.

11 10 2014
3 стр.


Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

586.13kb.

16 12 2014
5 стр.