Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы
№43 ХАТТАМА
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-нің ОҚО бойынша Филиалының Кентау қалалық бөлімінде орналасқан ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізу қызметін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу.
17-30 сағат
10 желтоқсан 2012 жыл Шымкент қаласы.
1.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Филиалы мемлекеттік сатып алу бөлімі, Шымкент қаласы, Мәделі-қожа көшесі, нөмірсіз ғимарат, №201 қызметтік бөлмесінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ОҚО бойынша Филиалының Кентау қалалық бөлімінде орналасқан ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізу қызметін бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізді.
2. Сатып алуға бөлінген сома 11 880 000 (он бір миллион сегіз жүз сексен мың) теңге.
3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме: ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 32 бабының 2-тармағына сәйкес, Филиал директорының 2012 жылғы 10-желтоқсандағы №199 Бұйрығына сәйкес, ОҚО-ның «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Филиалының Кентау қалалық бөлімінде орналасқан ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізу қызметін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу туралы шешім қабылданды.
4. Өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі: «Ақ-Бура-Ж» ЖШС-нің директоры С.Н. Муталиев «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабымен көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
5. Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осындай шарттың бағасы: «Ақ-Бура-Ж» ЖШС-нің директоры С.Н. Муталиев, ОҚО, Шымкент қаласы, Қайтпас 1 ықшам ауданы,Б.Момышұлы көшесі, № 43 үй. Шарттың бағасы 11 880 000 (он бір миллион сегіз жүз сексен мың) теңге.
6. Сарапшыларды тарту, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат: Ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға сарапшылар тартылмаған.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ОҚО бойынша Филиалының Кентау қалалық бөлімінде орналасқан ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізу қызметін бір көзден алу тәсілімен өнім беруші «Ақ-Бура-Ж» ЖШС-нің директоры С.Н. Муталиевтен (шарттың бағасы 11 880 000 теңге) сатып алынсын.
2) Тапсырыс беруші - Шымкент қаласы, Мәделі-қожа көшесі, нөмірсіз ғимаратта орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ОҚО бойынша Филиалы С.Н. Муталиевпен 2012 жылғы 21-желтоқсанға дейінгі мерзімде жұмысты толығымен аяқатауға мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасасын.
3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Оңтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік сатып алу маманы осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жіберсін.
Тапсырыс беруші:
Филиал директоры міндетін атқарушы Б.Т.Адисаев
Мемлекеттік сатып алу бойынша маманы Г.С.Сабекова