Перейти на главную страницу
Uэмп =31
Критерийдің шеткі мәндерін эмпирикалық мәнмен салыстырсақ, n1=6, n2=8 үшін критикалық мәндер:
Uкрит = 10 (р < 0,05); 6 (р<0,01)
Uкрит < Uэмп
Розенцвейг әдістемесінен алынған қорытынды таблица бойынша агрессивтілік белгілерінің екі шкаласын көрсетуге болады:
1.Реакция түрі бойынша кедергілі-доминанттылық белгісінің реакция бағыттылығы бойынша сыртты айыптаумен түйісуі;
2.Реакция түрі бойынша өзіндік қорғаныс белгісінің реакция бағыттылығы бойынша сыртты айыптаумен түйісуі.
№
| Аты-жөні |
Кедергілі-доминанттылық белгісінің сыртты айыптауымен түйісуі |
Өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптауымен түйісуі |
1 2 3 4 5 6 |
А.Р. В.Б.
А.А. Х.Ф.
К.Б. Х.С.
|
2 3 4 2 3 2 |
1 2 2 3 3 3 |
№
| Аты-жөні |
Кедергілі-доминанттылық белгісінің сыртты айыптауымен түйісуі |
Өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптауымен түйісуі |
1 2 3 4 5 6 7 8
|
Ф.В. Бар.
Г.С. Мас.
К.А. Айн.
Ков. Кал.
|
2 3 2 1 3 1 2 1
|
4 4 3 2 4 2 2 2
|
Енді алынған нәтижелерді көрнекі түрде салыстырмалы көрсету үшін графикалық бейнеде бейнелеу тиімді.
Ол үшін әр шкала бойынша екі топтың ортақ нәтижелерін шығарып аламыз:
1. Эксперименттік топ. Кедергілі-доминанттылық белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласы: Жалпы балл – 16, зерттелінушілер саны – 6.
16 / 6 = 2,66
Өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласы: Жалпы балл – 14, зерттелінушілер саны – 6.
14 / 6 = 2,33
2. Салыстырмалық топ. Кедергілі-доминанттылық белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласы: Жалпы балл – 15, зерттелінушілер саны – 8.
15 / 8 = 1,9
Өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласы: Жалпы балл – 14, зерттелінушілер саны – 6.
23 / 8 = 2,9
Алынған нәтижелерді гистограммада бейнелейміз:
Гистограмма 6 - Кедергілі-доминанттылық белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласының екі топ арасындағы салыстырмалы көрсеткіші
Гистограмма 7 - Өзіндік қорғаныс белгісінің сыртты айыптаумен түйісу шкаласының екі топ арасындағы салыстырмалы көрсеткіші
Енді Розенцвейг әдістемесінен алынатын нәтижелерін болжамды дәлелдеу үшін психологияда қолданылатын математикалық тәсілдерге саламыз, яғни статистикалық гипотеза негізінде есептейміз.
Зерттеу болжамын дәлелдеу үшін Манна-Уитни әдісін қолданамыз. Манна-Уитни әдісін таңдау тобында аз адам болғанда қолдану тиімді.
Манна-Уитни критерийін мына формула бойынша есептейді: (1)
U = (n1n2) + nх (nх+1) / 2 – Tx (1)
Осы формула негізінде кедергілі-доминанттық пен сыртты айыптаудың түйісуі шкаласын есептейміз. Мұндағы:
Н0 гипотеза: Екі топ мәліметтерінің арасында агрессивтілікті анықтайтын мәнді айырма жоқ.
Н1 гипотеза: Екі топ мәліметтерінң арасында агрессивтілікті анықтайтын мәнді айырма бар.
Кесте 8 - Кедергілі-доминанттық пен сыртты айыптау түйісу шкаласының Манна-Уитни әдісі үшін көрсеткіші
Эксперимент-тік топ |
Көрсет-кіші |
Сәйкес ранг
|
Салыстыр-малы топ |
Көрсет-кіш |
Сәйкес ранг |
1. А.Р. 2. В.Б.
3. А.А. 4. Х.Ф.
5. К.Б. 6. Х.С.
|
2 3 4 2 3 2 |
8,5 3,5
1 8,5
3,5 8,5
жалпы: 33,5 |
1. Ф.В. 2. Бар.
3. Г.С. 4. Мас.
5. К.А. 6. Айн
7. Ков. 8. Кал
|
2 3 2 1 3 1 2 1
|
8,5 3,5
8,5 13 3,5 13 8,5
13 жалпы: 71,5 |
Тх = 71,5 – салыстырмалы топ рангілері жоғары болғандықтан, жоғарыда көрсетілген формула бойынша U мәнін есептейміз:
Uэмп =12,5
Енді критерийдің шеткі мәндерін эмпирикалық мәнмен салыстырайық, n1=6, n2=8 үшін критикалық мәндер:
Uкрит = 10 (р < 0,05); 6 (р<0,01)
Uкрит < Uэмп
Біздің алып отырған эмпирикалық мәніміз критикалық мәндерден жоғары, сондықтан альтернативті гипотезаны шеттетіп, нөлдік гипотезаны қабылдаймыз.
Демек, эксперименттік топ пен салыстырмалы топ арасындағы агрессивтілікте айырмашылық жоқ.
Н0 гипотеза: Екі топ мәліметтерінің арасында агрессивтілікті анықтайтын мәнді айырма жоқ.
Н1 гипотеза: Екі топ мәліметтерінң арасында агрессивтілікті анықтайтын мәнді айырма бар.
Кесте 9 - Өзіндік қорғаныс пен сыртты айыптау түйісу шкаласының Манна-Уитни әдісі үшін көрсеткіші
Эксперимент-тік топ |
Көрсет-кіші |
Сәйкес ранг
|
Салыстыр-малы топ |
Көрсет-кіш |
Сәйкес ранг |
1. А.Р. 2. В.Б.
3. А.А. 4. Х.Ф.
5. К.Б. 6. Х.С.
|
1 2 2 3 3 3 |
14 10,5
10,5 5,5
5,5 5,5
жалпы: 51,5
|
1. Ф.В. 2. Бар.
3. Г.С. 4. Мас.
5. К.А. 6. Айн
7. Ков. 8. Кал
|
4 4 3 2 4 2 2 2
|
2 2 5,5 10,5 2 10,5 10,5 10,5
жалпы: 53,5 |
Ары қарай критерийдің шеткі мәндерін эмпирикалық мәнмен салыстырайық, n1=6, n2=8 үшін критикалық мәндер:
Uкрит < Uэмп
Бұл шкала бойынша да эксперименттік топ пен салыстырмалы топтың арасындағы агрессивтілікте айырмашылық жоқ.
“Автопортрет” әдістемесі жалпы тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған болғандықтан, терроршы тұлғасының ерекшеліктерін білу ниетінде таңдап алынған болатын. Сонымен қатар, осы әдіс арқылы тұлға агрессивтілігінің кейбір қырларын да байқауға болады.
Әдіске қатысқан екі топтың нәтижелерін салыстырғанда да зерттеуге қойылған болжам жоққа шығарылды деп айтуға болады. Ол үшін әр топтан шыққан нәтижелерді жеке-жеке талдауымыз керек. Негізгі тұлғалық ерекшеліктер ретінде келесі 15 қасиет таңдап алынды.
Олар мына кестеде бейнеленді.
Тұлғалық ерекшеліктер |
Кездесу жиілігі (%) | |
Эксперименттік топ, 6 адам |
Салыстырмалы топ, 8 адам | |
ортада анфас күйінде белгілеу)
|
3 (50)
1 (16)
2 (33)
0 (0) 1 (16) 1 (16)
1 (16) 2 (33) 3 (50) |
4 (50)
3 (37)
3 (37)
1 (12) 0 (0) 4 (50)
2 (25) 1 (12) 3 (37) |
Алынған нәтижелер негізінде қоғамға залалын тигізетін қасиеттерді іріктеп алып, екі топ арасындағы айырмашылықты анықтаймыз. Ол қасиеттерге мыналарды жатқызуға болады:
1.Эгоцентризм;
2.Әлеуметтік және интеллектуалды қалыптаспағандық;
3.Агрессивтілік;
4.Депрессивтілік;
5.Тұрақсыздық, негізсіздік.
Енді аталған қасиеттердің екі топ арасындағы пайыздық көрсеткішіне көз салатын болсақ:
Эксперименттік топ Салыстырмалы топ
1. 50 50
2. 16 37
4. 0 12
Сондықтан, “Автопортрет” проективті әдістемесі арқылы да терроршыларды қарапайым қылмыскерлерден ерекшелейтін ерекше бір тұлғалық қасиеттерді анықтадық деп айту да қиын.
Зерттеудің болжамына сай, “терроршылардың агрессивтілігі қарапайым қылмыскерлерден жоғары бола ма?” деген сұраққа жауап іздеу ниетінде жоғарыдағы үш әдістеме таңдап алынған болатын. Екі әдістеме тікелей агрессивтіліктің көрсеткішін анықтауға ыңғайланып таңдалған болса, “Автопортрет” әдістемесі тұлғалық ерекшеліктерді анықтауға бағдарланды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алдымызға қойылған болжам анықталған жоқ, яғни оның растығына көз жеткізе алмадық. Сонда да зерттеу нәтижесінде алынған көрсеткіштерді ақтық нәтиже деп қабылдау ерте сияқты:
- біріншіден, зерттеуге эксперименттік топ мүшелері ретінде тек 6 адам ғана таңдап алынды (ЛА 155/14 мекемесінде ҚР ҚК 233 бабының 1 және 2 тармағы бойынша айыпталған азаматтар саны осыншама ғана), тәжірбиеге сүйенсек, таңдау тобында адамдар саны аз болған сайын, зерттеу нәтижесінің сенімділігі де төмендейді;
- екіншіден, эксперименттік топ мүшелерінің барлығы өзбек ұлтының азаматтары, “Хизб-ут-Таһрир” партиясының мүшелері, яғни діни адамдар, сондықтан да оларға эксперимент жүргізгенде, олардан зерттеу әдістері батыстық бағытта жасалған, мұсылмандарға дайындалған нұсқасы болса деген ұсыныс түсті. Бұл да зерттеудің ақтық нәтижесіне ықпалын тигізуі мүмкін;
- үшіншіден, екі әдістеме бойынша математикалық әдіс ретінде Манна-Уитни формуласы ғана таңдап алынды. Мұның себебі, таңдау тобында адамдар аз болғанда бейімделген әдіс – осы Манна-Уитни әдісі ғана. Сондықтан зерттеудің жұмыс және нөлдік гипотезаларының шығуы рсы әдіске негізделді.
Терроризм – бұрмаланған сана мен ереше логиканың мысалы. Терроризмнің шешендік, орыстық, палестиндік, ауғандық нұсқаларында өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, дегенмен оның сипаты біреу ғана. Терроршы әрекетінен қалыпты адамға тән логика іздеудің мәнділігі жоқ. Қалай айтқанда да, барлығы мына екі факторға келіп тіреледі: қаржы табу және адамдарға зорлық-зомбылық көрсету.
Бұл дипломдық жобаның мақсаты ретінде терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін, соның ішінде агрессивтілігі мәселесін қарастыру таңдап алынды. Зерттеу жүргізгенге дейінгі ой теория жүзінде терроршылардың агрессивтілігі жоғары болады дегенге келген болатын. Бірақ зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, терроршылардың агрессивтілігі қарапайым қылмыскердің агрессивтілігі деңгейінен жоғары деудің ешқандай негіздемелері жоқ. Сондықтан да болар, терроризмге қарсы күресте олардың осындай айқын белгілерінің болмауы – жағдайды ушықтыра түседі. Айқындылықтың болмауы – терроршылардың басты психологиялық құралдары іспеттес.
Зерттеудің нәтижесіне бірнеше факторлар әсер еткендіктен, зерттеудің болжамының жоққа шығуын ақырғы нәтиже деп қабылдау да ертерек болар. Зерттелінушілер санының аз болуы (осы жерде терроршылар мен қылмыскерлерге зерттеу жүргізуге рұқсат берген Алматы қаласы және Алматы облысы ҚАЖ Комитетінің төрағасы, юстиция полковнигі Н. Сәбитов пен ЛА 155/14 мекемесінің төрағасы, юстиция полковнигі Р. Ахметовтың қосқан үлестерін айту орынды болар деп ойлаймын), терроршылардың мұсылман ұлтының өкілдері, діни адамдардың болуынан әдістердің кейбір кемшін тұстарының қалыптасуы зерттеуге өз әсерін де тигізгендей.
Терроризмнің психологиялық астарлары – өте күрделі мәселе. Зерттеуге терроршылардың қатысуы Қазақстан Республикасынан бұл құбылыстың ауылы алыс деген ойдың рас еместігін дәлелдейді. Сондықтан да, терроризмге қарсы күресте психологиялық зерттеулердің де көмегі зор болатындықтан, елімізде бұл мәселе дұрыстап қолға алынса деген идея ұшқын береді.
Қазір ЖОО-ның “психология” бөлімдерінде “экстремизм психологиясы” атты арнайы курс оқытылады, осы курста тек экстремизмнің психологиялық мәселелері қарастырылады. Терроризмнің психологиялық алғышарттарын қарастыратын осындай арнайы бағдарламалар сабақ жоспарына енгізілсе деген ұсыныс та туындайды.
Дегенмен, терроризм психологиясы – психологияның жаңадан қалыптасқан бір нұсқасы. Әлемдік әдебиеттерде терроризмді психологиялық тұрғыда нақты суреттейтін еңбек шыға қойған жоқ деп те айтуға болады. Бұл мәселемен көп жағдайда саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер айналысатындықтан, олар терроризм құбылысын психологиялық жағынан суреттейміз десе де, өздерінің мамандықтарына қарай мазмұнда бағдар жасайды. Сол себепті алдағы жылдары терроризм психологиясы жаңа мазмұнды әдебиеттермен толығып, адамзаттың басты жауы атанған құбылысты зерттеуге қолғабысын тигізеді деп ойлаймын. Және бұл қатарға қазақстандық психологтар да өзіндік үлес қосады деген үміт туындайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Волженкин. СПб., 1998 г.- С. 46-51
Террордан терроризмге дейін. Терроризм психологиясының негізгі ұғымдары
18 12 2014
5 стр.
Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері» деп аталады. Құрылысы бойынша бітіру жұмысы 60 бетті құрайды. Ү
17 12 2014
5 стр.
Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі Агенттік) миссиясы қоғамдық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық
17 12 2014
4 стр.
Жббом” мм барысында 6-7 қазан күндері “Болашақ спортты-жастарда” көңілді сайыстар өткізілді. Сайыстың міндеті мен мақсаттары
09 10 2014
1 стр.
«Жарқын болашақ» ІV қазақ тілі олимпиадасы өткізілді. Сайысқа №1,3,4,5,6,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,20,21,22,24,27,28 және экономикалық лицей оқушылары қатысты
25 12 2014
1 стр.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін мемлекеттік және шет тілдерін білудің
15 10 2014
1 стр.
Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы: қазіргі жағдай мәселесі
16 12 2014
6 стр.
Дипломант жазған дипломдық жұмысы «Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері» институтының шығармашылық жұмысы болып табылады
25 12 2014
3 стр.