Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
(қаржы полициясының) 2011-2015 жылдарға арналған
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
Астана, 2010 жыл
1-тарау. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігінің (қаржы полициясының) миссиясы мен пайымы
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік)
миссиясы қоғамдық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық және ел экономикасындағы қылмыстылық деңгейін төмендету болып табылады.
Агенттіктің пайымы - мемлекеттік аппараттың жүйелі сыбайлас жемқорлықтан арылуы, азаматтардың, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерінің экономикалық құқық бұзушылықтардан сенімді қорғалуы.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
қызметінің тиісті салаларының ағымдағы ахуалына және даму үрдістерін талдау
-
Стратегиялық бағыт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бұл бағыт кездейсоқ таңдалмаған және ол - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бірі болып табылатын еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарынан, оның «көлеңкелі» экономика саласындағы қылмыстарды ашуынан және сақтандырудан туындайды.
2.1.1 Реттеуші саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі өлшемдері
Қаржы полициясы органдары қызметінің негізгі бағыты заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметі, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметiн, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметi болып табылады.
2009 жылдың қорытындысы бойынша қаржы полициясы органдары барлығы 10 293 қылмыс тіркеді, оның ішінде былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 11%-ға өсті (3 006-дан 3 336-ға дейін), сондай-ақ сотқа жіберілген қылмыстық істердің саны 8%-ға өсті (7 350-ден 7 929-ға дейін). Көлеңкелі экономиканың ең қауіпті бөлігі - бұл заңсыз сектор, оның қоғам мен экономикаға әсері заңды құрылымдар мен салалар арқылы әрекет етіп, ол өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа ықпал етеді. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды ашу 20,5%-ға өсті (2 564 -тен 3 087-ге дейін). Экономикалық қылмыстар бойынша істердің сотқа жіберілуі 13%-ға ұлғайды (4 305-тен 4 869-ға дейін). Мынадай фактілер бойынша анықталған қылмыстар: заңсыз жолмен табылған ақша қаражатын немесе өзге мүліктерді заңдастыру 2,6 есеге (40-тан 104-ке дейін), акциз алымының маркаларын қолдан жасау және пайдалану 2,3 есеге (29-дан 67-ге дейін), заңсыз банкроттық (35-тен 54-ке дейін), өкілеттікті теріс пайдалану (57-ден 88-ге дейін), жалған кәсіпкерлік (360-тан 560-қа дейін), кредитті заңсыз алу және оны мақсатсыз пайдалану (83-тен 121-ге дейін) - әрқайсысы 1,5 есеге, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс 57%-ға (14-тен 22-ге дейін), заңсыз кәсіпкерлік 41,5%-ға (461-ден 652-ге дейін), салықтық қылмыстар 30,5%-ға (691-ден 903-ке дейін), сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иелену немесе ірі мөлшерде ысырап ету 27,5%-ға (333-тен 424-ке дейін) және экономикалық контрабанда 8%-ға (145-тен 157-ге дейін) өскені тіркелді.
Тәжірибе көрсеткендей қаржы полициясы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысындағы тиімді буын болып табылады. Қазіргі кезеңде экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес елдің құқық қорғау және бақылаушы органдарының аса маңызды міндеті болып табылады. Алайда, бұл қылмыстарға тек қылмыстық-құқықтық және әкімшілік шаралармен ғана қарсы тұру мүмкін емес. Сондықтан өзара байланысқан экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, насихаттық және басқа да міндеттер кешенін іске асыру қызметтің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
2.1.2 Негізгі проблемаларды талдау
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құруды, инвестиция тарту процесін тежеп, демократиялық мемлекеттің қоғамдық және саяси институттарына теріс әсер етеді, елдің болашағына елеулі қатер төндіреді.
Қылмыскердің өздері мен пиғылдарын аша отырып, оларды анықтау, қылмыстардың жолын кесу шараларын қолдануға және қылмыскерлерді қылмыс жасаған орында ұстай білуге жұмыс істеуді Мемлекет басшысы 2008 жылғы 25 қаңтарда Бас прокуратурада өткізілген құқық қорғау органдары басшыларының кеңесінде атап өткен.
Осылайша, 2009 жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау көрсеткіші 1 413-тен 1 486-ға өсті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істердің сотқа жіберілуі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға (1 109-тен 1 282-ге) өсті. Парақорлық фактілері 39%-ға (307-ден 426-ға), оның ішінде пара алу – 24,5%-ке (158-ден 197-ге), пара беру - 54%-ға (139-дан 214-ке) көбірек анықталды. Сонымен қатар, сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иемдену және ысырап етумен байланысты жемқорлық көріністері 5%-ға (351-ден 368-ге) көбірек ашылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі бес басым бағыт: мемлекеттік сатып алу, жер пайдалану саласындағы, салық қызметі, кеден және жол полициясы органдарындағы тіркелген қылмыстардың саны 34%-ға (493-тен 662-ге) өсті. Анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жалпы санынан бұл қылмыстардың үлесі 44,5%-ын құрайды.
Аталған көрсеткіштер қаржы полициясы органдары жұмысының жанданғанын, тергеуге дейінгі және тергеуалды тексерістер жүргізу сапасының артқандығын айғақтайды. Сонымен қатар аталған мән-жай лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауы соңғы жылдары жүйелі сипатқа ие болуына байланысты болып отыр.
Қылмыстың алдын алу, атап айтқанда экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға алғышарттар тудыратын себептер мен жағдайларды жою мақсатында Агенттік өз беделін және азаматтық қоғамның қаржы полициясы органдарының қызметіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ жұртшылықтың сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне жеккөру сезімін туғызуға жағдай жасау жұмыстарын жандандырды.
2.1.3 Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресті қамтамасыз ету кешенді сипатқа ие, себебі ол, әлеуметтік өмірдің көптеген құбылыстары мен көріністеріне байланысты. Сыртқы факторлар еліміздің экономикасы өзінің дамуы барысында түрлі өзгерістерге ұшырауына байланысты (қаржылық дағдарыс және т.б.).
Бұл мәселені шешуге ықпал ететін сыртқы факторлардың әр түрлілігі арасында, өзекті мемлекеттің экономикалық дамуы, әлеуметтік-саяси жағдай, жұртшылықтың құқықтық санасының деңгейі ең өзекті маңызға ие. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде жұртшылықтың құқықтық түсінігін арттыру мәселесі бойынша өкілді және атқарушы билік органдарымен, бақылау және басқа да құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ қоғамдық құралымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру қажет.
Ішкі факторларға: қылмыстық көріністің әрбір фактісіне уақтылы және жедел ден қою жөніндегі жұмыстың сапасын арттыру және әдістерін жетілдіру; ғылым мен тәжірибенің жаңаша жетістіктерін, құқық бұзушылықтарды анықтау мен жоюдың озық әдістері мен тәсілдерін енгізу жатады.
Бұдан басқа, ішкі факторлар мемлекеттік қаражатты ұрлау фактілерін ашу және жолын кесу әдістерінің, сонымен қатар экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жасалу нәтижесінде келтірілетін шығынды өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың тұрақты жетілдірілуімен сипатталады.
Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру Агенттікпен еліміздің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында айқындалған міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатын болады («Қазақстан – 2030: өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Оларды жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық жоспарлар, 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспары), соның ішінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және 2005-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының Гендерлік теңдік стратегиясының талаптарын сақтау.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер,
нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелерінің көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1-мақсаты. Қоғамның және мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту және көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту
Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 001, 004, 005, 007, 003, 018
Нысаналы индикаторлар
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
2009
(есеп)
|
2010
(жоспар)
|
Жоспарлы кезеңде
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1. Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексін көтеру
|
«Транспаренси интернэшнл» рейтингі
көрсеткіштері
|
Рейтингтегі Қазақстан-ның ұстанымы
|
120
|
105
|
120
|
133
|
118
|
103
|
88
|
2. Заңсыз төлемдер мен паралар
|
БЭФ Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштері
|
Рейтингтегі Қазақстанның ұстанымы
|
93
|
99
|
64
|
62
|
60
|
58
|
56
|
3. Бюджет қаражатын заңсыз жұмсау
|
БЭФ Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштері
|
Рейтингтегі Қазақстанның ұстанымы
|
97
|
98
|
74
|
72
|
70
|
68
|
66
|
4. Екінші деңгейдегі банктерде қолма-қол ақшаға айналдырылған ақша қаражатының көлемін азайту
|
ҚР Ұлттық Банкінің мәліметі
|
|
-
|
10
|
10
|
10
|
15
|
40
|
45
|
Нысаналы индикаторларға жету жолдары, құралдары мен әдістері
|
Мақсат 1.1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен сақтандыру және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
2009
(есеп)
|
2010
(жоспар)
|
Жоспарлы кезеңде
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
1. Бюджет қаражатымен (немесе мемлекеттік тапсырыстар бойынша) жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субъектілерінің салық жүктемесін көбейту (500 млн.теңгеден жоғары сомаға)
|
ҚМ Салық комитетінің мәліметі
|
-
|
4,9
|
5,9
|
5,5
|
6,1
|
6,6
|
7,2
|
7,7
|
2. Ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын азайту
|
Ұлттық Банктің мәліметі
|
%
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
15
|
22
|
3. ҚР ҚК 192 –б., 192-1 –б. бойынша қолма-қол ұстаған кезде осы санаттағы тіркелген қылмыстардың жалпы санынан анықталған қылмыстардың үлесі
|
Ведомстволық есептеме мәліметі (ішкі есеп)
|
%
|
3,3
|
5,5
|
7,0
|
9,4
|
11,8
|
14,2
|
16,6
|
4. Өндірістегі қылмыстардың жалпы санына аяқталған қылмыстық істердің үлесі
|
Статистикалық есептеме мәліметі
|
%
|
57,2
|
67,2
|
68
|
60
|
61
|
62
|
63
|
5.Анықталған экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша келтірілген залалдың өтелген үлесі
|
Статистикалық есептеме мәліметі
|
%
|
72,9
|
50,7
|
38
|
51
|
52
|
53
|
54
|
6. Соттың ақтау негіздері бойынша қысқартылған қылмыстық істердің үлес салмағы
|
Статистикалық есептеме мәліметі
|
%
|
2,5
|
2
|
1,8
|
1,5
|
1,4
|
1,3
|
1,2
|
7. Қаржы полициясының органдары қылмыстық жауаптылыққа тартқан адамдардың сотта ақталу деректерінің саны
|
Статистикалық есептеме мәліметі
|
бірлік
|
9
|
13
|
14
|
13
|
12
|
11
|
10
|
8. Интеграцияланған дерек қорларын пайдаланатын аумақтық қаржы полициясы органдары бөлімшелерінің үлес салмағы
|
Ішкі есеп
|
%
|
90
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне жетуге бағытталған іс-шаралар
|
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
1. Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарға қарсы тұру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның ішінде шенеуніктердің аса ірі көлемді шығыстарын декларациялау, мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімін жетілдіру, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС бюджеттен өндіру, жалған кәсіпкерліктің жолын кесу, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын шектеу бөлігінде
|
-
|
Х
|
Х
|
-
|
-
|
2. Халықаралық қарым-қатынасты кеңейту және нығайту, оның ішінде конвенцияларды ратификациялау және халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға өзгерістер енгізу
|
-
|
Х
|
-
|
-
|
-
|
4. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесті құру мен мәжілістерін тұрақты түрде өткізу және оның бұдан кейін іс-қимылыс қамтамасыз ету
|
-
|
Х
|
-
|
-
|
-
|
5. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды дер кезінде алдын алу, жолын кесу және профилактикасы үшін ЭСЖКА-да Ахуалдық орталық құру және дамыту
|
-
|
-
|
Х
|
Х
|
Х
|
6. Жедел-тергеу қызметтерінің ақпараттық – талдаумалық қамтамасыз етілуінің сапасын арттыру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
7. Құқық қорғау органдарының кәсіби мәдениетінің деңгейін арттыру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау бойынша ауқымды акцияларды, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен бірлескен іс-шараларды, «тікелей желілер», бизнес-орта өкілдерініңкөпшілігін тартумен «дөңгелек үстелдерді» өткізу, сондай-ақ қаржы полициясы органдарының іс-қимылының нәтижесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
9. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды қорғауды қамтамасыз ету
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
10. Жұмыс жасамайтын ұйымдар мен банкрот болған кәсіпорындардың құрылтайшылары және басшылары болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға ЭСЖКА, СК және ӘМ автоматтандырылған дерек қорларын енгізу туралы мәселені қарастыру
|
-
|
-
|
Х
|
-
|
-
|
11. Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша жедел-іздестіру шараларының кешенін өткізу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
12. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің әрекетіне, оның ішінде шаруашылық субъектілердің қызметіне негізсіз қол сұғушылық бөлігінде азаматтардан келіп түскен арыздар бойынша тексерістер жүргізу
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
13. Қаржы полициясы органдары қызметінің өзекті бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді және әзірлемелерді ұйымдастыру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
следующая страница>