Перейти на главную страницу
(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. Ленинград. 1989. бойынша, 168 б.)
№
|
Метеостанция
|
І
|
ІІІ
|
V
|
VII
|
IX
|
XI
|
Жыл
дық |
Темпера тураның жылдық ауытқуы |
1 |
Тасты |
-10,7 |
0,5 |
19,4 |
27,3 |
-17,6 |
-0,6 |
9,0 |
38 |
2 |
Ащысай |
-3,1 |
2,7 |
17,0 |
25,6 |
17,7 |
2,9 |
10,5 |
28,5 |
3 |
Түркістан |
-5,8 |
5,3 |
20,6 |
28,3 |
19,7 |
3,1 |
12,0 |
34,1 |
Жазда Қаратау жотасы, Орта Азияның (Қарақұм, Қызылқұм) шөлдері үстінде континенттік субтропиктік ауа массалардың ықпалында болады. Олар өте құрғақ, шаңды, және ыстық. Мұндай ауа массаларының ықпалы жоғары температураларға алып келеді, мысалы, Тасты метеостанциясында - +27,3ºС, ал Түркістанда - +28,3ºС. Жотаның өзінде жоғары биіктіктер болуына байланысты температуралар төмендеу, Ащысай - +25,6ºС.
Қаратау таулы климатпен сипатталады, оның негізгі ерекшелігі жауын – шашын мөлшерінің 400 мм дейін көбеюі (№ 2 кесте).
(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. 1989, бойынша, 56 б.)
№ |
Метеостанция |
І |
ІІ |
ІІІ |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
жыл |
1 |
Тасты |
13 |
15 |
21 |
28 |
15 |
11 |
7 |
4 |
2 |
14 |
12 |
19 |
161 |
2 |
Ащысай |
75 |
68 |
82 |
75 |
46 |
15 |
9 |
5 |
7 |
37 |
52 |
69 |
540 |
3 |
Түркістан |
28 |
23 |
34 |
28 |
18 |
8 |
3 |
2 |
3 |
10 |
19 |
30 |
206 |
Жауын-шашыннң максимумы қысқы маусымда байқалады. Жауын – шашын режимінің басты ерекшелігі қар жамылғысының салыстырмалы үлкен қалыңдығы 30 см-ден 80 см-ге дейін, ал, ұзақтылығы 80 күнге дейін. Қаратауда таулы климат болуына байланысты жауын-шашын мөлшері биіктеген сайын көбейеді. Тау алды жазықтықтарда жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм шамасында, беткей бойынша көтерілген сайын – 400 – 600 мм-ге көбейеді, ал жотаның оңтүстік-шығыс бөлігінде 800 мм дейін.
Маусымдардың қарсыластылығы өте айқын байқалады: жаз және күздің басы өте құрғақ; күздің аяғында сіркіреме жаңбырлар басым болады; қысы суық қарың қар қабатымен және қатты желдермен; көмтем кезінде фронттық жауын-шашын жаңбыр түрінде болады.
Географиялық кешен қалыптасуында өсіп-өну (вегетациялық) кезеңіндегі жауын-шашын жиынтығы, белсенді температуралар жиынтығы т.с.с. климаттық көрсеткіштер маңызды роль атқарады. Қүзгі-қысқы-көктемгі кезеңнің кейбір климаттық көрсеткіштері № 3 кестеде көрсетілген.
№ 3 кесте. Күзгі-қысқы-көктемгі кезеңінің климаттық көрсеткіштері.
(Агроклиматические ресурсы Чимкентской области Казахской ССР. Ленинград. 1979. бойынша, 263 б)
Станция |
Кезеңнің ұзақтылығы (күн есебімен) |
Суық ұру (қатқақ) күндерінің саны |
Жылымық күндерінің саны | ||||
Көктем |
Күз | ||||||
Көктем |
Күз |
Топырақ бетінде |
ауада |
Топырақ бетінде |
ауада | ||
0 - 15ºС |
15 - 0ºС | ||||||
Тасты |
43 |
51 |
21 |
17 |
30 |
26 |
47 |
Шолаққорған |
54 |
54 |
31 |
22 |
34 |
24 |
53 |
Ащысай |
61 |
69 |
34 |
18 |
33 |
17 |
54 |
Түлкібас |
70 |
76 |
44 |
29 |
37 |
20 |
36 |
Кесте бойынша Қаратау жотасында өсіп-өну кезеңі салыстырмалы 180 – 200 күн аралығында, ал белсенді температуралардың жиынтығы (тәулік бойы орташа температурасы +10ºС жоғары температураларыдың жиынтығы) 3700 - 4200º шегінде тербеліп отыр. Мұндай жауын-шашын мөлшерінде және термикалық жағдайда дала және ылғалды дала географиялық кешендері қалыптасуына мұмкіндік береді.
Қаратау жотасы жауын-шашын мөлшері аз және таулы мұздықтар жоқ болуының себебінен су ресурстарына бай емес болып келеді. Өзендердің барлығ аралас қоректенеді. Солтүстік-батыста еріген қар суынан, ал оңтүстік-шығыста - жер асты суларымен қоректену басым болады. Ең ірі өзендер Қаратаудың орталық және оңтүстік-шығысында орналасқан, себебі осы жерде жауын-шашынның мөлшері көп. Қаратау жоталарынан бастауын алатын өзендерге: Арыстанды, Бөген, Боралдай, Байылдыр, Бесарық, Ермексу, Жиделі, Көкқиясай, Қарашық, Шаян және Иқансу өзендері жатады. Бұл өзендердің әрқайсысы қысқаша тоқталып өтейік.
Билікөл Қаратаудың солтүстік жотасындағы тау аралығындағы ойыста жатыр. Көлдің солтүстік жағының ені 2 км дейін тарылып, осы жерден көл екіге бөлінеді, одан әрі көлдің оңтүстік бөлігінің арнасы кеңейе түседі. Көл орналасқан ойыс аса терең емес, түбі жазық, таза, жағалауы лайлы. Лайлы түсі сұр, қалыңдығы 0,5 м жетеді. Оңтүстік жағалауын бойлап қамыс өскен. Шығанақтарда су балдыры - хара, шолаң өседі, олар қамыс арасында да бар.
Көлдің жағалаулары ашық, батпақты, жазық тек солтүстік және батыс жағалауларының кей жерлері биік тік жарлауыты болып келеді. Оңтүстік жағалауы тасты, қалған бөлігі - құмайт топырақты, құмды.
Су жиналатын алабының оңтүстік және батыс жағы таулы, басқа жақтарының жер бедері бұйратты. Билікөлдің оңтүстігі солтүстік-батысқа қарай Қаратау( 1610,3 м), ал оңтүстік-шығысын Үлкен Буырылтау (843,4 м) сілемдері алып жатыр. Көлдің солтүстік-батысына қарай Бултын, Жетімшоқы, Кебекқашқан таулары орналасқан. Көл алабында бетеге, ақ жусан, кей жерлерде сарсазан, т.б. өседі. Су жиналатын алабы мал жайылымына пайдаланылады.
Билікөлге шығысында Ассы өзені құяды . Ол осы өзен суымен және қар, жауын-шашын суларымен толығады. Сәуірдің аяғынан бастап өзен суы көлге құймайды, өйткені оның суы жер суландыруға пайдаланылады. Көлдің орташа тереңдігі 2,1 м ( ең терең жері 4,5м). Көлге 182 млн. текше метр су жиналады. Суы 0,2-1,5 м тереңдікте мөлдір болып жатады. Түсі - қоңыр-сары. Су деңгейі наурыз, сәуір айларында көтеріліп, қыркүйекте төмендейді. Су деңгейінің жылдық орташа өзгеруі 3 м, көпжылдық өзгеруі 5 м.
Билікөлдің суы тұщы (тұздың мөлшері бір литріде 0,86 гр), кермектігі орташа сілтілі, көл суының минералдылығы мамыр - маусым айыларында қырқүйек - қазан айларымен салыстырғанда 2 есе төмендейді. Химиялық құрамы жағынан көл суы сульфат класына, натрий тобына жатады. Суда микроэлементтер аз кездеседі, ал иод, бром, барий, мыс, марганец және кобальт мүлдем жоқ.
Көл фитопланктондарға өте бай. Көл суының гүлденуі тасқабықты қыл аяқтылардың әсерінен болады. Зоопланктондардан ашамұрттылар, шаяндар, ескек аяқтылар, коловраткалар кездеседі. Көлдің бентосы негізінен қанаттылар, инеліктер, құрты ручейниктер және поденоктар, сүліктер, су кандаласы, су қоңыздары және т.б.
Билікөлде елең, қара балық, табан балық, маринка, шабақ балық, сазан, сұр талма балық және серке бар. Ауланатын балықтың көбі сазан. Көлді қаз, жылқышы, үйрек, шағала, көкқұтан, ондатр мекендейді.
Қызылкөл ағынсыз, тау аралағындағы ойыста орналасқан. Оның тереңдігі 10 м астам, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр . Солтүстік шығыс жағында кішкене арал бар, ол су деңгейі кішкене көтерілген кезде су астында қалады. Көлдің орталық бөлігінің түбі қатты, ал жағалау жағы сазды, лайының қалыңдығы 0,3 м.
Солтүстік және солтүстік-облыс жағалаулары тік жарлауытты, оның биіктігі кей жерлерінде 20 м жетеді. Көл жағалауына бетеге, ақ жусан, кей жерлерінде мия мен сарсазан, қарағай, сексеуіл өседі.
Қызылкөл қар, жауын-шашын және өзен суымен қорланады. Көлге оңтүстік-шығыстан Үшбас өзені құяды. Суы аз жылдары өзен құрғап кетеді.Көлдің орташа тереңдігі 3,7 м(ең терең жері 8,5). Көлге 89 млн. м³ су жиналады. Суы 0, 5-2 м тереңдікке дейін мөлдір, түсі жасыл. Көл деңгейі сәуір айында көтеріліп, қазан айында төмендейді.
Қызылкөлдің минералдануы және химиялық құрамы әр түрлі. Мысалы, шығыс жағындағы суда бір литрінде 4,8 г, ал батысында 4,5 г. Жалпы суы аздап ащы, өте кермек, сілтілі. Химиялық құрамы жағынан суы сульфат класына натрий тобына жатады.
Көлде микроэлементтер өте аз кездеседі, ал бром, мыс, марганец, қорғасын және кобальт мүлде жоқ. Көктем және жаз айларында көл суы мал суаруға пайдаланады.
Жасыл көк жасыл балдырлар өседі. Көлдің жасыл планктонын кловраткалар, сабақ мұртты шаяндар, ескек аяқтылар мен қабыршақты шаяндар мекендейді.
Көл жағалауының әр жерінде қамыс қопасы көрінеді. Қызылкөлдің зообентосына әсіресе инеліктің құрттары және хирономит басым. Көлде елең, маринка және сазан балығы бар. Көлдің ең терең жері 6,3 м. Суының жалпы тұздылығы бір литрде 18,7 г келеді, химиялық құрамы жағынан хлорид класына жатады.
Көлде үйрек, жылқышы және т.б. суда және сазды жерде тіршілік ететін құстар бар.
Жер асты сулары. Қаратаудың солтүтік-шығыс беткейдегі тау алды жазықтықтарда жер асты суларының ресурстары жоғарғы бор және палеоген жастағы құмдармен байланысты, аз бөлігі төрттік жастағы қиыршықтастармен. Бұл ауданның ғасырлар бойы жиналған тұщы және аз тұздалған жер асты суының қоры 227 млрд м³. Бірақ ауданы бойынша тең емес таралған, ең көп Созақ және Көкпансор ойыстарында, мұнда 1км² ауданда шамамен 10 – 20 млн м³ жер асты суы бар.
Жоғарғы бор шөгінділеріндегі артезиан сулары Қаратаудың терең жер асты ағымы есебінен қоректенеді, мұмкін Талас және Қырғыз Алатауының жер асты ағымы қосылады. Қоректену жиілігі 167 млн м³/жылына. Палеоген шөгінділерінің артезиан сулары да таудан тектоникалық жарықтар зоналары бойынша терең ағым арқылы қоректенеді. Мұндағы табиғи ағым 116 млн м³/жылына.
Төрттік аллювиалды-пролювиалды шөгінділердің еспе сулары атмосфералық жауын-шашынның және уақытша беткі су ағыстардың сіңу арқылы қалыптасады. Еспе суларының жылдық қайталану ресурстарының көрсеткіші 261 млн м³/жылына.
ІІ.5 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары
Қаратау тауларының топырағы ашық және сұр топырақ 800 - 1200 м биіктікте кездеседі. Одан жоғары 1200-2100 м биіктікте таудың қаштан және қара топырақтары кездеседі, олардың өсімдік және жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Бұл жерлерде өзен шатқалдарында ағаш-бұталы селдірторғай кездеседі. Тау беткейлері табиғи жайылым және шабындық суғармалы жерлерден тұрады.
Біздің облысымыздағы негізгі тау жүйелеріне Батыс Тәңіртау мен Қаратау жатады. Таулы жер бедерлерінің өсімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік тұқымдастарының түрлері мынадай:
- әр түрлі шөптесін ірі астық тұқымдастардан тұратын;
- ксерофильді сирек ормандар мен бұта-шіліктер (бадалдар );
- жапырақты, жемісті ормандар;
- су бойындағы бұталар мен ормандар ( тоғайлар);
- әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулы шалғындар т. б.
Бұл экожүйелердің көпшілігі жазық жерлерде кездеспейді. Қаратауда ксерофильді сирек ормандар мен бұталар шоғырланған. Бұл бірлестіктер терең сайлар мен адам аяғы баспаған, өзіндік микроклиматы бар жерлерде сақталған. Сонымен қатар Қаратау ағып жатқан өзен-сулардың бойында бұталар мен ормандар немесе тоғайлар кездеседі. Тау өзендерінің бойында бірқатар сирек, реликт түрлер кездеседі. Боралдай мен Ақсу өзендерінің бойында соғды шағаның ормандары бар. Қаратаудың кейбір жерлерінде жабайы жүзім сақталған. Қаратаудағы кішкене «арша аралдары» бұл түрдің бұрын көп тарағанын көрсетеді. Таулық далалар Қаратау белдемдерінде кең тараған. Негізгі фитоценоз түзушілер - қау мен боз және бетеге. Тау беткейлерімен жоғары көтерілген сайын бетегелі–бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі. Қаратаудың далалық формациялық құрамы мен құрылымындағы өзіндік ерекшелік жартылай саванналық, фриганоидты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталардың –тобылғы, балқаш қарағаны, тобылғыгүлдің болуы. Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратауда кең тараған. Ал Қаратаудағы «Қызыл кітапқа» кірген өсімдіктерге: Қаратау лепидолофасы, тасжапырақты лепидолофа, мыңжылқы көбенқұйрығы және т. б. жатады .
Тек Қаратау да кездесетін эндемик өсімдіктерге: Қаратау кекіресі, қаратау маралтамыры жатады. Оларға жеке-жеке тоқталайық. Қаратау кекіресі – бұршақ тұқымдасы, кекіре көп жылдық шөптесін өсімдік, тек Қаратауда ғана 8- 15 см, тамыры жуандау келген, жер астындағы тамырлары шашақталған, жер үстіндегілерінің сабақтары қысқа, ұзындығы 5-12 см, сыртын ақ түк жапқан. Гүлсидамы ақ, қара түкті. Тұқымынан көбейеді. Мамыр - маусымда гүлдеп, шілдеде жеміс піседі. Қаратау кекіресі – сирек кездесетін эндемик өсімдік. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген .
Қаратау қауы – астық тұқымдасы, қау тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Батыс Тянь-Шань мен Қаратаудың, Іле-Шу тауларының тасты, тастақты беткейлерінде өседі. Биіктігі 20-30 см, сабағы жалаң тек буын асты ғана түктенген. Жапырақтары жіңішке қылша сияқты бұралған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілдеде жемістер піседі. Жемісі - дәнек. Қаратау қауы –жемістенуі алдында жақсы мал азықтық шөп. Қаратау қауы – сирек кездесетін өсімдік, жылдан - жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Қаратау маралтамыры – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қаратаудың тау жоталары және Мыңжылқы сайының тастақты, қорымтасты жерлері мен жартастардың жарықшақ сызаттарында өседі. Теңіз деңгейінен 1300 – 1500 м биіктіктегі таудың ұсақ тасты беткейлерінде кездеседі. Биіктігі 5 – 10 см дей. Тамысабағы өте жуан. Киіздей қалың әрі жұмсақ түктер қаптаған сабағында жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қалың түкті болғандықтан бозғылт түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістері піседі. Жемісі – сарғыш, оның ұзындығы 6 мм, ені 1,5 – 2 мм. Қаратау маралтамыры – сәндік өсімдік. Өте сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» еңгізілген.
Қаратау жотасында сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында құрылған қорықтар бар. Солардың бірі – Қаратау қыратының оңтүстік-шығысында Берқара ботаникалық қорықшасы. Онда шалғынды-далалы белдеуде, теректі-шетенді сирек тоғайда кездесетін өсімдіктер мен қатар жергілікті берқара терегі қорғалады.
Сонымен қатар Қаратау қыратының солтүстік-батыс бөлігін қамтитын Қаратау қорығы құрылған. Онда жергілікті жердің өсімдіктерінің 100 жуық түрі ирандық және жерорта теңіздік флора, таулы-далалы және таулы-шалғынды ландшафтты фауна алып жатыр. Олардың ішінде сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жергілікті жердің бірнеше түрлі фаунасы мен флорасы бар, оған жататындар:
14 12 2014
4 стр.
Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу тақырыбындағы дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып табылады
17 12 2014
3 стр.
ОҢТҮстік қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама
16 12 2014
4 стр.
Бітіруші өз алдына жұмыс істеуге дағдыланған әр дипломдық жұмыста шешуде зерттеу әдістемесін игерген. Кітапханатану саласындағы көкейкесті мәселелерді шешу үшін арнайы және анықтам
25 12 2014
4 стр.
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
25 12 2014
4 стр.
Жұмыстағы басты мәліметтер
17 12 2014
4 стр.
Еңбекті қорғау
15 10 2014
3 стр.
Жапонияға бүкіл әлемнің қызығушылығы да едәуір зор болды екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты
18 12 2014
4 стр.