Перейти на главную страницу
Мамандығы: 520630 – Аймақтану
Ғылыми жетекші:
Алматы, 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І тарау. Лаңкестік Еуропалық қауіпсіздіктің қаупі ретінде
Саяси - қоғамдық өмірдің өзгеше құбылысы ретінде лаңкестік өзінің ұзақ тарихына ие, білімсіз лаңкестіктің тәжірибесі мен қайнар көзін түсіну қиын болып табылады. Көптеген қазіргі лаңкестік ұйымдардың, топтардың және жеке адамдардың әрекеттерінің себептері “жоғарғы идеалдардан” өте – мөте алыс болады. “Халықаралық лаңкестік ” - лаңкестік әрекеттердің жәй ғана қазіргі формасы емес. Бұл – террор ортасындағы сапалы жаңа құбылыс. Осылайша, аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік шараларын жүргізу мәселелеріндегі ЕО-ның өте өсіп отырған рөлі ЕО-қа қатысты Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының белсенді болуы айқындайды.
Осыған байланысты Қазақстанның лаңкестік мәселесіне қатысты позициясына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев “Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында” былай деген: халықаралық лаңкестікпен кұрес ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі алғышартты бағыты болып табылады, сондай-ақ, лаңкестікпен ешқандай мемлекет жалғыз, жеке күресе алмайды, өйткені, қазіргі кездегі лаңкестіктің шегі жоқ, демек, әлемнің барлық мемлекеттері күш – қуаттарын біріктіру қажет, өйткені лаңкестіктің қауіп – қатері саяси – экономикалық дамуына тәуелсіз әлемнің әр елінде бар.[1]
2005 жылдың 18 ақпанындағы Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына деген Жолдауында айтылған: Қазақстан, сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, соның ішінде, лаңкестік де діни экстремизммен де күресуде белсенді қадамдар жасауды жалғастырады.[2]
2006 жылғы 1 наурызындағы Қазақстан халқына деген өз Жолдауында да Мемлекет Басшысы лаңкестікпен күрес жөнінде Қазақстанның бағытын тағы да қолдады: “Лаңкестікпен, ұйымдастырылған қылмыспен, заңсыз түрде қаруларды таралуымен, есірткі сатумен және тағы басқа қауіп-қатерлермен күресуде халықаралық бірлестіктің нығаюы мен күшеюі тиісті халықаралық шарттар мен келісімдерді өңдеу мен жүзеге асыруда Қазақстанның белсенді қатысуын шамалайды. Антилаңкестік инициативалар мен іс-шараларды НАТО мен бірге, сондай-ақ ҰҚКҰ (Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Ұйымы) және ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) шеңберінде бірге оқытуды жүргізуде қатыса отырып, осы заманғы бұл шақыруға қарсы тұру үшін біз Орталық Азиялық аймақ мемлекеттерінің бірлестіктерін нығайтуымыз қажет”.[3]
Лаңкестік әрекеттерінің алғашқы объектілері мемлекеттік қайраткерлер немесе мекемелер, ал екінші объектілері – мемлекеттік қызмет саласында тұтасымен болатын қоғамдық қатынастар болғандықтан, лаңкестік заң формалары мен саяси – идеологиялық мазмұнынан тәуелсіз бола әр мемлекеттік биліктерге потенциалды қауіп – қатерді әкеледі. Осылайша Еуропалық Одақ жеке елдерінің қылмыстық заңдары және халықаралық құқық лаңкестікті ең қауіпті қылмыстардың тобына жатқызуы кездейсоқ емес.
Еуропалық Одақтағы лаңкестік мәселесін оқып зерттеу үшін шетелдік, ресейлік және отандық зерттеушілердің еңбектері талданды.
Адамзаттың жаңа дәуірінің үш мың жылдық аралығындағы лаңкестік мәселесі А.И. Гушердің [4] еңбегінде және Глобализация және исламдық лаңкестіктің қаупі жайлы жұмысында Б. Берсібаев [5] лаңкестіктің пайда болған тарихын және психологиялық мәнін қарастырады, сондай – ақ, берілген мәселені глобалистика арқылы қарастырады.
Қазіргі лаңкестіктің түрлері және олармен күресу әдістері Д.Е. Дулатованың [6], Өткен және қазіргі кездегі лаңкестік: ЕО антилаңкестік жоспарлар көлемінде топтастыру тәсілдерін К.И. Исаев [7] өз еңбегінде ашуда. Сондай-ақ берілген тақырыпты әлемде лаңкестік мәселесінің шиеленіскен және күшейген жағдайында зерттейді және қазіргі уақытта лаңкестікпен күресу бағыттарын ұсынады.
Глобализация және ұлттық мүдделер туралы Л. Клепацкий [8], Лаңкестік - халықаралық қауіпсіздіктің негізгі қаупі ретінде Е. Шакуро [9] және лаңкестік глобализациясы және оның салдары жөнінде Е. Сатановский [10] өз еңбектерінде глобализацияның нәтижесі ретінде халықаралық лаңкестікті қарастырады және террормен күресуде әлемдік ынтымақтастықтың шараларын баяндайды.
Халықаралық лаңкестікпен күресінің әскери – саяси аспектілері Д.Т. Жакенов [11], Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыздандырудың геосаяси аспектілері Г. Түсіпбаева [12], Халықаралық лаңкестікпен күресіндегі халықаралық ынтымақтастық А. Кожихов [13] лаңкестікпен күресінің саяси – құқықтық, әскери және геосаяси аспектілерін, сондай – ақ террорға қарсы әртүрлі елдердің әскери шараларын және тағы да баса анықтайды.
Қазақстандық авторлардың еңбектері де белгілі бір қызығушылық тұдырады: Лаңкестіктің интернациолизациясы және қауіпсіздіктің жаңа парадигмасы Р.Н. Амербековтың [14], Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі: жаңа ұғымы, жаңа қаупі М.С. Ашимбаевтың [15], Қазіргі әлемді реттейтін жағдайында “жаңа” қауіп – қатерлер тұралы мәселеге А.М. Амребаевтың [16], Лаңкестіктің жаратылысы туралы М.М. Тажиннің [17] еңбектері лаңкестік мәселесі және олармен күресу әдістеріне тиянақты көзқарастарды береді.
Қазіргі таңда халықаралық лаңкестіктің тақырыптамасы жан – жақты зерттелген және ғылыми – аналитикалық құрылысында әлі де қарастырылуда. Мысалы, Қазақстанда дәл осындай зерттеулермен ҚР Президент қарауындағы стратегиялық зерттеу Қазақстан институтында ҚР СІМ анализі және сыртқы саясат орталығында жүргізеді [18].
Сонымен бірге, мына келесі авторлардың Еуропа Одағында лаңкестікке қарсы әрекет мәселелеріне арналған еңбектерді атап өтпеуге болмайды. Еуропа Одағында лаңкестікпен күрестің құқықтық механизмдері: толық жетілдіру тенденциялары И.Л. Трунов [19], Лаңкестік және Еуропада мемлекет аралық қатынастар Е.Г. Ляхов [20], Францияда лаңкестікпен күресу туралы заңдар – жеке адам құқығын мемлекет тарапынан қорғау кепілі А.А. Меньших [21], Терактарды болдырмау үшін еуропалық жүйе И.В. Кормушкина [22], Халықаралық қарым – қатынастарда лаңкестік мәселесі – құқықтық және саяси аспектілер С.А. Ланцов [23] және т.б.
Лаңкестікпен күресу жөніндегі тақырыптар қазіргі кезде халықаралық қарым – қатынастарда ең үлкен маңыздылыққа ие болып отыр, сондықтан да осы берілген тақырыптар бойынша көптеген әр түрлі ғылыми жұмыстарды айқындауға болады.
- Лаңкестіктің классификациясын, қайнар көзін және анықтамасын зерттеу және талдау.
- Еуропалық Одақ елдерінде лаңкестік қарсы әрекеттерінің бар тәсілдеріне талдау жүргізу және баяндау.
- Лаңкестікпен күресуде Еуропалық Одақ мүше - мемлекеттерінің ынтымақтастығын және оның еуропалық тәжірибесін анықтау.
- Еуропалық Одақта лаңкестікке қарсы күресінің қазіргі келісім – құқықтық негізін талдау және жұмыс бойынша негізгі қорытындылар шығару.
Зерттеудің деректік негізі. Диплом жұмысында қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін кең деректер көзі қолданылды:
Мерзімді басылым материалдарында қауіпсіздік қаупі контекстінде қауіпсіздік проблемасын баяндайтын фактілер көрсетілген. Бұлар қазіргі кезеңдегі болып жатқан тұтас көріністі көрсетуге мүмкіндік береді.
Берілген жұмыстың жазылуының негізгі ғылыми әдістері Еуропалық Одақта лаңкестікке қарсы күрестерді анықтаудағы тарихи принципі және жүйелі тәсілі болады. Сондай – ақ, құжаттық басылымдарды анықтау барысында салыстырмалы әдіс пен анализ қолданылды. Осы берілген зерттеудің негізгі әдістерінің бірі халықаралық лаңкестік тақырыбы бойынша баспасөз материалдарын анықтау болып табылады, өйткені, дәл осы әдіс әлемде болып жатқан нақты оқиғаларды көрсетеді.
«Халықаралық лаңкестіктің» - бұл лаңкестік қызметтің қазіргі формаларының бірі ғана емес. Бұл – террор шеңберіндегі айтарлықтай жаңа құбылыс.
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «ХХІ ғасырдағы Қазақстан» еңбегінде қазіргі әлемнің шарттарында мемлекеттік саясаттың приоритетті бағыты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен лаңкестік және діни экстремизм сияқты сыртқы қауіптерді алдын алу болып табылады деп айқындайды [24].
2004 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында Қазақстан лаңкестік пен діни экстремизмді қоса, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, белсенді қадамдарды іске асырылуы жалғастырылады деп айтылады [25].
Ерте заманнан бастап, әр тарихи кезеңдерде лаңкестік актілер орын алған (Римдік Сенаттағы Цезарьдың өлтірілуі, Якобиндік қайраткер Мараттың өлтірілуі және 1789 жылдан кейінгі Франциядағы якобиндік диктатура кезеңіндегі террор, орыс патшалары Павел І, Александр ІІ, жанұясымен бірге Николай ІІ, мемлекеттік қайраткер П.А.Столыпиннің өлтірілуі, Қазан революциясы жылдарындағы қызыл және ақ террор, анархисттер терроры және т.б.). Кім де кім оны қолданса да, (жеке тұлғалар, түрлі ұйымдар, мемлекеттер), террор төтенше жағдайлардағы саяси мақсаттарға жету құралдарының бірі болып табылды және үздіксіз емес, керісінше мезгіл-мезгіл сипатқа ие болды.
Қазіргі «постиндустриалды» қоғамда террор жеке тұлғалар немесе сондай тұлғалардың бірлестіктерімен қолданғанға дейін ( Италиядағы «Қызыл бригадалар», Жапониядағы «Қызыл гвардия» және т.б.) сөздің жай мағынасындағы террор болып қала берді. Әйтсе де, сондай жағдайлар көздеген саяси мақсаттарды өзгертпеді (жекелеген елдердегі мемлекеттік және қоғамдық негіздердің тұрақсыздығы) [26].
Лаңкестік қызметтегі сынды өзгеріс оған мемлекеттердің қосылуынан және оның мемлекеттік саясат жүргізудің тәсіліне айналуынан басталады. Мемлекеттің күш-құралдары мен мүмкіндіктердің көмегімен террор лаңкестікке айналады. Ғаламдық саясат құралы ретінде оның қолданылуы «халықаралық лаңкестіктің» пайда болуы сияқты өзіндік нәтижеге ие. Бұрын экстремисттік топтардың басылуы үшін арнайы қызмет пен полициялық құрылымдардың мүмкіндіктері жеткілікті болғаны мәлім. Адамзат баласы нағыз ұлтшылдықтың фашисттік формаға қарағанда, тоталитаризм оның либералдық форма алдында болып шықты [27].
Қазіргі кездегі лаңкестік іс-әрекет кең өріспен, анық көрсетілген мемлекеттік шекаралардың жоқтығымен, халықаралық лаңкестік орталықтар және ұйымдармен байланыс пен келіскен әрекеттердің бар болуымен; басшылық және оперативтік топтан, барлау мен контрразведка бөлімшелерінен, жауынгерлік топтар пананы материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуден тұратын қатаң ұйымдастыру құрылымымен, қатаң жасырын әрекет пен кадрлардың дәл таңдалуымен, құқық қорғаушы және мемлекеттік органдарда агентураның бар болуымен, бәсекелесетін тіпті үкіметтік әскерлер бөлімшелерінің жабдықталуынан асып түсетін жақсы техникалық құралдармен, жасырын паналардың оқу базалары мен полигондардың тармақталған жүйесінің бар болуымен сипатталады.
Лаңкестік ұйымдар жалпы идеологиялық-конфессионалдық, әскери, сауда және басқа негізде өзара тығыз байланыс орнатты. Лаңкестік топтар, әсіресе, олардың басшылары көптеген жағдайда қару-жарақ алу, бірін-бірі жасыру, олармен масштабты кең операциялар жүргізуде функциялар мен міндеттерді бөлу (мысалы, Ауғанстан мен Ливандағы) мәселелерінде бірлесіп тығыз әрекеттер жасайды. Халықаралық лаңкестік бірлестік күш пен қаражатты шебер арттыру, пайдалануды жасырын каналдар арқылы көптеген қару-жарақтар мен боевиктерді жеткізуді үйренгенін ескерту жөн [28].
Лаңкестік қоғамдық саяси тұрақсыздығының ең тиімді тәсілін көрсететіні күмәнсіз (салынған, бөлінген ресурстар/ алынған нәтиже критериі бойынша). Әскери интервенция, көтеріліс, азаматтық соғыстың басталуы, бұқаралық бассыздық, тәртіпсіздік, жаппай ереуіл және сондай сияқты тұрақсыздық тәсілдері айтарлықтай ресурстарды қажет етеді және тұрақсыздықты қолдайтын, мүдделі күштердің кең бұқаралық қолдауын болжайды. Лаңкестік актілер кампанияларының дамуын қолдау үшін лаңкестік істерін барлық нағыз радикалдар мен шағын ұйымдастыру-техникалық ресурстарын мойындайтын кішігірім топтардың қоғамның біршама санаулы тобының қолдауы жеткілікті. Лаңкестік билікті түсіреді және мемлекеттің саяси жүйесін бұзады. Заңгерлер лаңкестік қимылдарды «Конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарына» жатқызады.
Лаңкестік – бұл қандай да бір шешім қабылдауға тікелей немесе жанама түрде ықпал ету мақсатында халықты немесе әлеуметтік топтарды қорқытуға бағытталған көпшілік алдында жасалатын жалпы қауіпті қимылдар.
Лаңкестік жаппай барлық жерде болатын құбылыстарға жатпайды. Бұл тактиканың қолданылуы қоғамның әлеуметтік-мәдени және саяси сипаттамаларының жиынтығын болжайды. Егер бұл сипаттамалар жоқ болса, онда лаңкестік тактикасы жүзеге асырылмайды.
Бүгінгі күнде лаңкестік – бұл тек жеке, дара диверсанттар, самолеттер ұрлап айдап әкететіндер немесе камикадзе өлтірушілері де емес. Қазіргі лаңкестік – бұл құралдандыру масштабына сәйкес күшті құрылымдар. Ауғанстан, Тәжікстан, Косово, Шешен және олардың күшті жақтаушылары мен донорлар мысалдары қазіргі лаңкестіктің диверсанттық-лаңкестік соғыстарды жүргізуге, масштабты әскери дауларға қатысуға қабілетті екенін көрсетеді. Лаңкестік дамыған «еңбек рыногы» (жалданушылар мен т.б.) және капитал салынуымен (қару-жарақтың жеткізілуі, есірткі саудасы және т.б.) ғаламдық масштабтағы аса пайдалы бизнеске айналды [29].
Қазіргі лаңкестіктің маңызды ерекшелігі оның жақсы ұйымдасқан және құрылымдық сипаты болып табылады. Лаңкестік ұйымдар бірыңғай басқару органын, бөлімшелерді жоспарлайтын басқару жүйесін құрады. Кеңестер мен ең ірі топтар басшыларының кездесуі, әр түрлі ұлттық тиісілігі бар ұйымдар қызметінің үйлестігі белгіленді. Аса моральдық – психологиялық әсер мен қоғамның жаңғырығын жасау үшін ақпараттық – насихаттық қамтамасыз етуі жөнге салынды. Даулы аудандарда, мысалы, даулайтын жақтардың ірі радикалды мұсылман ұйымдары болып табылатын жерлерде жақтаушылар, белсенді функционерлер мен боевиктердің дайындығы мен іріктеуі жөніндегі жұмыстары мақсатталып пайдаланылады.
Бүгінгі таңда ислам әлемі саяси күрес құралы лаңкестіктің күшті базасы ретіндегі маңызды генераторларының бірі болып табылатыны әлі де аяғына дейін қарастырылып болмаған. Саяси, әлеуметтік, моральдық шығындарға тап болатын көптеген мұсылмандық мемлекеттердің өздері де лаңкестікті ноқталауға мүдделі болғандықтан, лаңкестікті түпкілікті зерттеп және зерттеу нәтижелерінде ислам әлемі арасындағы түсінушілікті табу қажет екені белгілі.
Бұл құбылыстың көптеген себептері мен қозғаушы күштері бұрыннан мәлім еді. Қазіргі ғаламдық адамзат жағдайы әлемдегі әлеуметтік-экономикалық өркениет аралық қарама-қайшылықтары және дамыған Солтүстік пен дамудан артта қалған Оңтүстік арасындағы қарсы тұрушылықтың өсуімен шиеленіседі.
«Алтын миллиард» елдері әлемдік бірлестіктің басқа бөліктеріне өз көзқарастарын зорлап міндеттеп, өздерінің жолына түсуін қаласа да, әрдайым қарама-қарсы нәтижеге ие болуда.
Қазіргі таңда әлемнің маргинализациясын бақылауымызға болады және бұған шарасыз жауап ретінде маргиналдық экстремизмнің және халақаралық лаңкестіктің күшеюі, алдамшылармен қүрес болып табылады. Сонымен қатар, бұл үрдістер «алтын миллиард» мемлекеттер территориясында, яғни батыстағы демократия елдерінде де өтуде. Дәл батыс елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және т.б.), соның ішінде, мұсылмандық экстремисттік және лаңкестік ұйымдар мен топтардың ғаламдық ниеттері мен мүмкіндіктері, идеология жағынан радикалдық [30].
Әлем уақытша тұрақсыздық, белгісіздік пен төменгі қауіпсіздік кезеңіне аяқ басты. Әлемдегі болып жатқан үрдістерге деген мемлекеттік, аймақтық және халықаралық бақылау механизмдері шектелуде. Өз жеке мүдделеріне жету үшін тұрақсыздық пен бақылаудың жарым жартылай жоғалту факторын пайдаланғысы келетін күштер олардың орнын басқысы келеді.
Бүгін әлемнің әр аймақтарында өз мақсаттарына жетудің басты құралы ретіндегі террор методтарын өз қаруына алған әр бағыттағы саяси және ұлттық радикалдармен қару мен жарылғыш заттардың жасырын қоймаларының тармақталған орталықтары қалыптасқан және әбден жетілген. Лаңкестік ұйымдардың қорғаны ретінде фирмалар, компаниялар, банктер мен фондтар жүйесі құрылды және жұмыс істеуде. Лаңкестердің басшылары агентураны алу, қоғам өмірінің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларын бақылау мен олардың қызметтеріне ықпал жасау мақсатында мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдарға енуі жөніндегі жұмыстарын жетілдіруде.
Қазіргі лаңкестіктің ерекше өзгешеліктері лаңкестік іс-әрекеттерді жоспарлау, нақты операцияларды дайындау мен өткізу, қандай да бір акцияға қатысатын орындаушылар мен жеке топтар арасындағы келіскен әрекеттерді ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін халықаралық және аймақтық басқару органдарының қалыптасуы; ықпал мен билік үшін сәтті күрес мақсатында қоғамда үкіметке қарсы көңілдердің пайда болуы; қоғамдық және мемлекеттік, саяси, экономикалық құрылымдарға ену; әлемнің әр аймақтарында боевиктерді дайындау мен операцияларды қамтамасыз ету жөніндегі тармақталған орталықтар мен базалардың құрылуы, әр елдер аймақтарда оқ-дәрі мен қару-жарақтардың жасырын қоймаларының салынуы; лаңкестерді жасыру, олардың көздеген операцияларының жан – жақты қамтамасыз етілуі ретінде пайдаланатын фирмалар, компаниялар, банктер, фондтар жүйелерінің құрылуы; есірткі бизнесі мен қару-жарақ саудасымен лаңкестіктің тұтасып кетуіне байланысты лаңкестер қолында қаржының шоғырлануы; бірқатар мемлекеттермен ұсынылатын саяси пана, тұру, жұмыс істеуге құқықтың пайдалануы; өз ықпалын тарату үшін даулы жағдайларды пайдалану болып табылады. Соңғы онжылдықтарда жасалынатын лаңкестік актілер өсуде және аса күрделі болуда [31].
Халықаралық лаңкестік жүйесінің қалыптасуы ғаламдану үрдістерімен байланысты. Нығайту мен бірігу үрдістері бүкіл елде жұмыс істейтін әр құрылыстарда өткізіледі. Ұйымдасқан қылмыс бүкіл әлемді қамтиды (ұйымдасқан қылмыстың функционалдық саласы – есірткі, қару-жарақ саудасы, өлтірушілік және заң тыйым салатын қызметтер). Қазіргі көлеңке құрылымдарының ерекшелігі олардың мемлекетпен тұтасуының тереңдеуі. Мемлекеттік құрылымдарға қылмыс арнайы қызметтер мен коррупция арқылы өтеді. Коррупция қылмыстық ұйымдарды жеке шенеуніктермен жетілдіреді және мемлекетті қылмыстық қызметке қояды. Бұндай тұтасуда – қылмыстың күші мен тірегі. Халықаралық лаңкестік – халықаралық заңды бұзатын бірлестіктің элементі. Заңды бұзатын бірлестік сияқты халықаралық лаңкестік те мемлекеттің жетілдіруімен күшті. Лаңкестер мен мемлекеттің одағы коррупциямен емес, керісінше лаңкестердің мемлекеттер-спонсорлары басқарушы режимдердің саналы саяси таңдауымен қамтамасыз етіледі.
Лаңкестік қазіргі әлем қақтығысатын ең қауіпті құбылыстардың бірі болып есептеледі. Дамыған мемлекеттер де, өз реформа кезеңін жеңіп, дамып жатқан елдер де бұл құбылыспен манасуына тура келеді.
Қазіргі уақыттың шындығы лаңкестік пен экстремизм көптеген елдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, үлкен саяси, экономикалық, тіпті адамзаттық шығынға ұшырататын ақиқат болып табылады. Лаңкестік құрбаны кез келген ел мен кез келген адам бола алады. Сонымен қатар, ақпарат таралуының шексіз еркіндігі нәтижесінде лаңкестік актілердің халыққа деген психологиялық әсері күшеюде.
Халықаралық лаңкестік өзінің мазмұны мен жүзеге асыруының негізгі формалары бойынша лаңкестік сияқты өте күрделі әлеуметтік-саяси құбылысты құрайды. Оның қоғам үшін қаупініңі куәлігі ретінде жекелеген мемлекеттердің лаңкестерге қарсы әрекет жасайтын нәтижелі жүйені құруының табанды және көбінесе сәтсіз тәсілдері бола алады.
Халықаралық бірлестіктің күшейген интеграциясы, ақпараттық, экономикалық және қаржы байланыстарының дамуы, миграциялық ағымдар мен шекара өтудегі бақылаудың әлсіреуі салдарынан лаңкестікке жаңа формалар мен мүмкіндіктер ашылады. Соңғы уақытта ұлттық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылауда бірінші орынға халақаралық лаңкестік тақырыбы шығады.
Классикалық лаңкестік адам өлімдерінде емес, қоғамдық резонанста мүдделі болды; лаңкестіктің жаңа формасы лаңкестік іс-әрекеттерді мақсатқа жетудің, соғыстың құралы ретінде қарастырылады. Бұл ақиқат Ресейдегі шешен боевиктерінің іс-әректтерімен, Таяу Шығыс пен Орта Азиядағы лаңкестік белсенділікпен расталады. Лаңкестік бүгін бұқаралық сипатқа ие. Лаңкестік методтарды жер бетіндегі көптеген экстремисттік ұйымдар тәжірибелейді және бұл лаңкестіктің халықаралық құбылыс ретінде айтуына болады.
Лаңкестіктің өсуі мен сапалы өзгерістері көз алдында: экстремисттік ұйымдардың саны өсуде, оның географиясы кеңеюде, құрылысы да күрделеніп, оның методтары жетілдіруде. Үкімет лаңкестерге деген қатынаста қандай позицияны ұстану керек сұрағы әлі де ашық. Әлемдік тәжірибеде екі тәсіл қалыптасты. Бірінші тәсіл Израильге тән, өйткені олардың саясаты бойынша қандай жағдай болмасын, тіпті егер аманаттардың өліміне алып келсе де, лаңкестерді жоюды ескереді. Екіншісі, менің ойымша, ақылға салынған тәсіл болғандықтан, мүмкін болатын шығындарды азайту мақсатында лаңкестер талап ететін кейбір принципиалдық емес шарттардың орындалуын ғана болжайды.
Көптеген батыс мемлекеттерінің саясаты келесі принциптерге негізделеді: лаңкестерге ешбір кемшіліктер жасамау, лаңкестікті қолдайтын елдерге ықпал көрсету, сондай-ақ лаңкестерді жазалау үшін қолда бар әскери күш пен қаржыны барынша қолдану, басқа мемлекеттерге көмек беру.
Лаңкестіктің ресми анықтамасы жоқ болса да, террор мен лаңкестіктің жүзге жуық анықтамасы бар, бірақ олардың әрқайсысын толықтыру қажет. «Террор» зорлық-зомбылық арқылы қарсылыстарды қорқыту, тіпті жою ретінде анықталады, ал лаңкестік – бұл террордың тәжірибесі. Лаңкестердің іс-әрекеттері әрдайым өліммен байланыспайды, бірақ әрдайым қауіп пен мәжбүрлеуді жобалайды.
Лаңкестіктің субъективті көзқарасының сипаттамасы – бұл жауыз ниетпен қастықпен жасалынатын қылмыс; бұл заң бұзушы күштердің талаптарына жауап беретін шешімді қабылдауда үкіметті (қоғам мен мемлекет) мәжбүрлеу мақсатында жеке тұлға немесе оның жеке меншігіне қатысты зорлық-зомбылықтың немесе сондай акциялар мүмкіндігінің алдын ала ойлап дайындалған заңға қайшы қолданысы [32].
Лаңкестік жоқ жерден шықпайды. Оның пайда болуы үшін сәйкесінше сыртқы жағдайлар қажет. Ғаламдану үрдісінде қазіргі әлем экстремизмнің өсуіне объективті себептер туғызады. Көпшіліктің қайыршылық күйі, жер шарының кейбір аймақтарындағы табиғи гесаяси қарсы тұрушылықты қосқанда, бай мен кедей елдерге бөлінуі ұлтшылдықтың өсуіне және меншігін өзгерту тілегіне әкеліп соғады. Бұл контекстіде лаңкестік метод ретінде шығады. Сол метод арқылы кез келген экстремист қойылған міндеттерді шешіп, өз мақсаттарына жетуді армандайды.
Лаңкестік трансұлттық қылмыстардың қатарына жатады. Бұл оның түсіндіріліп, анықтамасын шығару үшін біркелкі амалды, ең бастысы келісілген бағалар мен лаңкестікпен күресуде іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін бірыңғай халықаралық-құқықтық түсініктерді шығаруды талап етеді. Әлемдік бірлестік лаңкестік қаупінің төмендеуі үшін біршама іс жасағанын айту жөн [33]. Халықаралық-құқықтық негіз жасалды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, қол жеткізген нәтижелер жеткіліксіз.
Лаңкестікпен күресу объективті және субъективті сипаттағы бірқатар себептермен күрделенеді. Объективтілерге Лаңкестер жоспарларының құпия түрде ұстауын, ауқатты адамдар жағынан олардың іс-әрекеттерінің қолдауын және көптеген қаржыландыру көздерімен күресу мүмкіндігінің жоқтығын жатқызуға болады. Субъективтілерге ірі геосаяси ойыншылардың мүдделері лаңкестер іс-әрекеттеріне сай болған кезде, яғни саяси сипаттағы себептер жатады.
Сәтті антилаңкестік стратегияның шарттарына жататындар: іс-әрекеттердің алдын ала ескертетін сипаты; белсенділік; міндеттер, заңдылықтар мен ресурстар қамтамасыз етілуінің сәйкес келуі; алдын ала сақтандыру, бұлтартпау, ілтипатқа алу мен салдарларды жеңілдету мәселелері бойынша жағдайлардың шешілуіне байланысты антилаңкестік іс-әрекеттердің түрлі модельдерінің бар болуы; халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттік масштабтағы іс-әрекеттерде, сонымен қатар, аймақтық және жергілікті деңгейдегі органдар міндеттерінің нақты бөлінуі негізінде ведомстволар күшінің бірігу аспектісіндегі бірліктің қамтамасыз етілуі, лаңкестіктің жаңа формалары мен жаңа шарттарын есепке алғанда, оған қарсы тұратын халықаралық келісім шарттар базалары мен келісімдердің жетілдірілуі.
Лаңкестікпен күресудегі сәттілікке бүкіл әлем бірлестігінің мүдделі жақтарының бірлескен күштері арқылы ғана жетуге болады. Бұған ынтымақтастық, ақпарат және тәжірибемен алмасу, бірлескен құрылымдардың құрылуы, бірыңғай дайындық пен ғылыми конференциялардың лаңкестікпен күресуде мамандар отырысының өткізілуі мақсатында ведомстволар, арнайы бөлімшелер басшылары мен лаңкестікке қарсы әрекеттерді шешетін эксперттердің екі жақты және көп жақты тұрақты негізгі кездесулер көмектесе алар еді.
11 қыркүйектегі оқиға әлемдік бірлестіктің лаңкестік ұйымдар қызметіне деген реакциясын тездеткен катализатор ретінде болды. Жасалған жұмыстың нәтижесі бірқатар шарттардың айқындалуы болды. Олардың орындалуы әлемдік антилаңкестік саясатының тұрарлық жалғасы бола алар еді. Бұл шарттар өткен жүзжылдықта бірталай шешілмеген мәселелер, соның ішінде, лаңкестік ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласына қалғанынан тұрады. Бұл мәселелерді шешу нәтижесі әлемдік бірлестігінің даму жолы мен басқа қиындықтар шешілуінің сәттілігіне байланысты [34].
Лаңкестік Еуропалық қауіпсіздіктің қаупі ретінде Лаңкестіктің қауіпсіздік қаупі ретіндегі анықтамасы: тарихы, мәні, түрлері
15 10 2014
5 стр.
Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері
25 12 2014
5 стр.
Гүлденген қалаларды қиратып, елді қулдыққа салды. Қатерлі булт Афина қала – мемлекетінің басына да төнді. Сондықтан Афина бас болып, бостандық пен тәуелсіздікті қорғау үшін грек қа
17 12 2014
4 стр.
16 12 2014
3 стр.
Елеусизова Дана Саркенқызының дипломдық жұмысының тақырыбы «хх ғасырдың екінші жарытысындағы Қытай». Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер шізімінен
16 12 2014
3 стр.
Тарау Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану
25 12 2014
4 стр.
Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу тақырыбындағы дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып табылады
17 12 2014
3 стр.
Ауылшаруашылық машиналарының ЖҰмыс қҰралын диффузиялық Қатыру тәсілімен қалпына келтіру технологиясы
25 12 2014
1 стр.