Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар КСРО – дағы экономиканы либералды реформалау шеңберінде ХХ ғ. 80- ші жылдарының соңында (1988 ж) басталды. Алайда олар КСРО – ның құлауына байланысты 1991 жылы үзіліп қалды.
Менің ойымша, шаруашылық қызметтерін либералдандыру, еңбек ұжымдарына жалға беру арқылы кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру, басқару жүйесін және жалпы одақтық бағдарлама шеңберінде материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуді орталықтандыру сол кезеңнің өзінде республикаралық шаруашылық байланыстарды бұзуды, КСРО халықшаруашылығының коперативтік салаларындағы әр түрлі өндірістік технологиялық байланыстар арасындағы келісімдік – құқықтық қатынастарды бұзды.
Жалпы одақтық реформалар өндірістің құлдырауына, өндірістік – техникалық мақсаттағы өнімдер мен тұтыну тауарларының дефецитінің ушығуына, инфляцияның өсуіне және ақша – кредиттік жүйенің дағдарысына алып келді де, бұл жағдай барлық одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның да эконмикасында көрініс тапты.
КСРО мемлекеттік ститистикалық комитетінің мәліметіне қарағанда, 1990 жыл 1989 жылмен салыстырғанда бүкіл ел бойынша жалпы қоғамдық табыс екі пайызды (ұлттық табыс 3,6 пайызды) өнеркәсіптік өндіріс – 1,1 пайыз, ауылшаруашылық өнімі – 2,8 пайыз (44,40-б.) төмендеген. Қазақстанда да жағдай сондай болды, оның ішінде ұлттық табыс 1990 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға кеміді.
1-кесте
1989-1991 жж Қазақстан республикасындағы әлеуметтік экономикалық негізгі көрсеткіштерінің индексі ( алдыңғы жылдармен салыстырғанда пайыздық түрде)
|
1989 |
1990 |
1991 |
Өндірілген ұлттық кіріс |
99,9 |
99,1 |
89,7 |
Өнеркәсіп өнімдері |
102,5 |
99,2 |
99,1 |
Ауыл шаруашылық өнімдері |
92,7 |
106,8 |
77,4 |
Капиталдың салынуы |
104,0 |
97,0 |
105,0 |
Егеменді Қазақстан Республикасындағы эконмикалық қайта – құрулар 1992 жылдан басталды. Олар кезең – кезеңімен жүргізілді.
Реформалардың алғашқы кезеңі – 1992-1993 жж қамтыды, яғни Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған уаықттан бастап өз валютасын енгізгенге дейінгі аралықта. Осы жылдардағы елдің экономикасы Ресей федерациясындағы экономикалық және саяси өзгерістерге толық тәуелді болды. Реформалар өзінің жартылайлығымен, шешімдер мен әрекеттердің қарама – қайшылылығымен, ақша – кредиттік және бюджеттік саясаттың жүйесіздімен сипатталынды. [19,17-б.]
Бұл кезеңдегі Қазақстанның экономикалық дамуының өзгешілігі 1990 – 1991 жж құрылымдық дағдарыстан жүйелі әлеуметтік – экономикалық дағдарысқа өтуінен болып табылады. Осы жағдайды бірқатар авторлар тарнформациялық деп әділ атаған еді. (44, 46-б.) Ол өзінің бұрын соңды болмаған дәрежедегі тереңдігімен және қамту көлемінің кеңдігімен ерекшеленді.
Көрсеткіштер |
1992 |
1993 |
1994 |
Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) |
-5,3 |
-14,0 |
-24,8 |
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі |
-14.0 |
-27,0 |
-47,0 |
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдері (барлық категориядағы шаруашылықтар) |
29,0 |
20,0 |
-5,0 |
Негізгі капиталға салынған капитал (қаржыландырудың барлық қорларына) |
-47,0 |
68,0 |
-73,0 |
Тұтыну бағаларының индексі |
-16,1 |
284 |
5615 |
Бөлшектік тауарайналым (өткізудің барлық каналдары) |
-33,0 |
-44,0 |
-72,0 |
Экспорт |
-65,0 |
-67,0 |
-67,0 |
Импорт |
-66,0 |
-72,0 |
-74,0 |
Энерготасымалдаушылардың бағасы нақты белгіленіп қойылған уаықтта, 1992 жылдың қаңтарында басталған бағаларды либеризациялау процессі 1994 жылдың соңына дейін созылды да, бұл жағдай эконмиканың барлық салаларында, әсіресе сыртқы экономикалық қатынастарда реформаларды жүзеге асыруға кедергі болды.
Бағаның еркін қалыптасуына мүмкіндік бермей сыртқы сауданы либерализациялау республикадан сыртқа аса маңызды шикізат түрлерін, көбіне республикалық тұтынуға зиянын тигізе отырып, шығаруына жағдай жасады. Себебі әлемдік бағалар ішкі белгіленген бағадан 2-3 есеге жоғары еді. Нәтижесінде барлық бұрынғы мемлекеттік – серіктер Қазақстандық «стратегиялық» тауарлардың жолына ішкі барьерлер (квоталар, лицензиялар, кедендік тарифтер) қоя бастады. Оған қарамастан шетке ондай тауарларды шығару өсе берді, ал валюталық түсімдер шетелдік банклерде қалып қойды.
Қазақстанда, экспорттық шектеу көбіне тарифтік емес сипатта жүрді. Елдің сыртқы сауда саясатында іс жүзінде импорттық пошлиналар болмады. Орталықтық – экспорттық жүйеден рынокқа өту кезеңінде экспорттық - импорттық және төлемдік операцияларды дұрыс бақылау жалға қойылмай отырған уақытта, аса қажетті іс – шара болып табылатын – лицензиялау және квоталау жүйелі қолданылды.
Бұл кезеңде сыртқы сауда операциялары гиперинфляция және республикаралық қамысздандыру саласы бойынша есеп айрылысу жүйесі жұмыс істемей тұрған уақыт жағдайында жүргізілді. Бартерлік операциялар кеңінен қолданылды, мұнда көбіне олар эквиваленттік емес айырбас сипатында болды.
Басқа түрлі өнімдердің (қызмет) бағасы еркін болып тұрған және рубльдің бағасы үнемі төмендеп отырған жағдайға энерготасымалдаушылардың бағасын либериалдандыру мәселесінің шешілмеуі, электр энегергиясын, мұнайды өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында осы өнімдердің бағасын үнемі өсіріп отыру (жылына 3-4 рет) қажеттілігін туындатты. Бұл өз кезеңінде тұтынушылардың өз тауарлары мен қызмет түрлерінің бағаларын көтеруге алып келді.
Ең соңында, энерготасымалдаушылардың баға өсімінің, жаңа шыңы туындады да, ол спираль тәрізді баға реакциясын соңынан ертті. Мұнда «бағаларды теңестіру» процессі үздіксіз жүрді де, ол Қазақстан экономикасын бұрын болып көрмеген инфляция қарқынына душар етті. Бұл жағдайды төмендегі кестеден байқау қиын емес.
3-кесте
|
1991 |
1992 |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
Тұтыну бағалары |
247 |
3060 |
2265 |
1258 |
160 |
128 |
111 |
Өнеркәсіп өнімдеріне өндірушілердің бағасы |
312 |
3916 |
1423 |
2023 |
140 |
118 |
111 |
1993 ж қаңтарында шұғыл антидағдарыстық іс – шаралар және әлеуметтік – эконмикалық реформаларды тереңдету жайындағы бағдарлама бекітілді. Бағдарламаның негізгі міндеті рыноктық инфрақұрылымды және қоғамдық, ұдайы өндірістің барлық салаларында бәсекелестік ортаны қалыптастыру деп жарияланды.
Бағдарлама, барлығынан бұрын, мемлекет меншігіннен алу және жекешелендіру концепциясына қатысты түзетулер енгізді. Қазақстан Республикасы үкіметі кәсіпорындарды, газ кендері мен стратегиялық маңызды салаларды тездетіп сату үлкен қателік деп тапты, сондықтан да жекешелендіру бағдарламасына стихиялы түрде емес, мемлекет тарапынан қатал бақылау орнату арқылы жүргізу ұсынылды.
Қазақстанның экономикалық саясаты осы кезеңде мынадай принциптермен жүргізілді.
1) Өндірістің бәсекелестік рыноктық өзіндік реттеу мен мемлекет тарапынан экономикалық дамудың негізгі параметрлік макроэкономикалық реттеу синтезіне негізделген әлеуметтік – нысаналық аралас экономика құру;
2) Ұлттық кәсіпкерліктің барлық түрлеріне,оның ішінде әсіресе, материалдық табыс өндіретін, қызмет көрсету, транспорт және бөлшек сауда салаларындағы жеке меншік түріне қолдау көрсету;
3) Өндірістің құрылымдық қайта құрылуына негізделген «жылдам экономикалық даму стратегиясын» жүзеге асыру; отын – энергетикалық және металлургиялық комплекстерге бірінші кезектілік жүйесін, азық – түлік және халық тұтыну тауарлары рыноктарын дамыту, тұрғын үй мәселесін шешу;
4) Мемелекетаралық байланыстарды – бірінші кезекте ТМД елдерімен, Батыспен, Қиыр Шығыс мемлекеттерімен және Түрік – Азиалық әлем елдерімен қатынаста, экономикалық – саяси серіктес таңдауда пргматизм ұстанымын сақтау. (22,31-б.)
Қазақстанда сапалы экономикалық қайта құрулардың жаңа кезеңі 1993 жылы қарашада ұлттық валюта – теңгенің енгізілуімен, жүйелі қайта құрулар және тұрақты кредиттер бағдарламасы шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарының кең көлемде көмегін тартумен басталды.
Бұл кезең өзіндік макроэкономикалық саясаттың жүргізілуімен, салық салу, бюджеттік және банктық жүйелерде, сыртқы экономикалық әрекеттестікте, оның ішінде шетел капиталын және кедендік істерді тартуда нормативтік құқықтық база құрумен, рыноктарды және нарықтық инфрақұрылымдарды дамытумен сипатталады.
Алайда, 1994 жылдың орта тұсына дейін Қазақстан үкіметі қабылдаған бағытты іске асыруда орынсыздық және шегіністік көрсетті. Бірінші кезекте бұл бүкіл 1994 жыл бойына созылған бағаларды либералдандыру процессіне қатысты болды.
Әрі қарай либералдандыру және сыртқы экономикалық байланыстардағы сапалылықты өсіру мақсатында Қазақстан Үкіметі мынадай шешім қабылдады:
1994 жылы шілдеде кезекті антидағыдарыстық бағдарлама қабылданды, оның басты мақсаты 1995 жылдың соңына қарай макроэкономикалық тұрақтандыру және жүйелі институтционалдық қайта құрулар жасау болып табылды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру бұрынғыға қарағанда дәйектірек және мақсаттырақ жүргізілді (әсіресе ақша – кредиттік және бюджеттік саясатты қатал жүргізуге байланысты).
Дәл осы кезеңде, Қазақстанның ұлттық Банкі (ҚҰБ) ақша саясатын жүзеге асыруда, басты назарын, инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін ақша массасын сандық көлемде басқаруға, сондай – ақ өндірістің әрі қарай дамуы үшін айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге шоғырландырды. Қайта қаржыландыру мөлшері инфляцияның іс жүзіндегі қарқынына байланысты анықталынды, ал мемлекеттік қүнды қағаздар мөлшері аукциондарда белгіленді. Кредиттік ресурстарды орналастыруда аукциондар арқылы жүргізілді. Екінші дәрежедегі банкілерге резервтік талаптарды белгілеу де реттеу икемдірек жүргізілді.
1995 жылдың ортасынан бастап Қазақстанның ақша – кредиттік саясаты аспапатары дамыған елдерге тән тағы бір дәстүрлі шарамен – ҚҰБ жеке өзінің құнды қағаздар портфельін қалыптастыруды бастағанда ашық рыноктаға операциялармен толықтырылды. Осы мақсатта арнайы құнды қағаздарын ҚҰБ ноталарын шығару жүргізілді. Олардың шығару көлемі мақсатты ақшалай агрегаттардың мөлшеріне қарай белгіленді. Сондай – ақ тенгенің айырбас бағамының тербелуін болдырмау мақсатында валюталық рыноктағы интервенция сияқты рыноктық экономика үшін дәстүрлі реттегіш те іске қосылды. 1996 жылдан бастап екінші дәрежедегі банктерді кредиттеу саясаты да біршама өзгерді, оның көлемі қысқартылды, ал аталмыш операциялардың негізгі бағыты банктық жүйенің өтімділігін қолдау болып танылды. Жеңілдетілген кредиттерді беру және ҚҰБ – не кредит алу үшін тікелей жауаптыларды қарастыру тоқтатылды. Кредиттерді орналастыру аукциондар, банктераралық рынок арқылы, сондай – ақ ломбардтық негізде жүзеге асырылды.
Барлық салалардағы өндірістің төмендеуінен, шаруашылықтағы субъекттердің салықтарды төлеуден жасырынуынан, инфляцияның жоғары дәрежеде жүруінен, бюджеттің табыстық бөлігінің күрт төмендеуіне байланысты туындайтын аса қолайсыз экономикалық жағдайға бейімделе отырып, бюджеттік саясат өте қажетті әлеуметтік – эконмикалық іс – шараларды қардыландыруға және экономиканың маңызды функционалдық жүйелерінің қызметін (энергетика, отын және коммуникалды шаруашылықты) қамсыздандыруға бейімделуі қажет болды. Нәтижесінде осы жылдары бюджет инвестициялық, инновациялық, құрылымдық және әлеуметтік сияқты маңызды функцияларын біршама жоғалтты.
1994 жылдан бастап бюджеттік дефециттің бір бөлігін инфляцияланбаған көздер – сыртқы займдар және мелекеттік құнды қағаздарды шығару арқылы жабу жүзеге асырылды. Соған сәйкес осы мақсат үшін ҚҰБ кредиттік ресурстарын қолдану қысқартылды.
Бюджеттік дефецитті кредиттеудің қысқартылуымен бірге, Ұлттық Банктің ақша массасының өсуін ұстап тұруы және кредиттік ресурстардың бағасын реттеуде жүзеге асырылды. Егер 1993 ж қайта қаржылау мөлшері инфляцияның қарқынан төмен қалып қойып отырса, 1994 жылдан бастап ол позитивтік дәрежеде қолдау тауып отырды. Осылайша 1993 жылдан 1997 жылға дейін ол 300 пайыздан 18,5 пайызға дейін кеміді. (28, 58- б.)
Бұл кезеңде салық саясаты да белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшрады. Салықтар мелекеттік бюджетті толықтырудың фискалды әдісі ғана емес, сондай – ақ инвестициялық - өндірістік әрекеттерді ынталандыру құралы сияқты қарала бастады. Бір жағынан бұл өзгерістер осы уақытша жүріп жатқан индивидуалды жоба бойынша ірі кәсіпорындарды жекешелендірумен байланысты болды. Онда инвесторларға үлкен көлемде салықтық жеңілдіктер берілді.
1995 жылдың шілдесінде республикада кедендік жүйені реттеуді қалыптастыратын жаңа Кедендік кодекс қабылданды. Осы жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясымен, Белоруссиямен, Қырғызстанмен (Тәжікстанның кейінрек қосылуымен) кедендік одақ туралы келісім – шарт жасалынды.
1996 жылдың басында республикада «1996-1998 жж реформаларды тереңдету бойынша Үкімет жұмысының бағдарламасы» қабылданды, оның басты мақсаты макроэкономикалық тұрақтану және құрылымдық – институтционалдық қайта құрулар салаларында 1994-1995 жж қол жеткізген табыстарын бекіту, өндірістің құлдырауын тоқтату, содан соң экономикалық өсім мен тұрғындардың өмір сүру дәрежесін жақсартуды қамтамасыз ету болып табылды.
Қарастырылып отырған кезеңде мынадай аса маңызды құжаттар әзірленіп, қабылданды: 1996-1998ж банктық секторды әрі қарай реформалаудың бағдарламасы; шаруашылықтағы субъекттердің әлеуметтік объекттерін кезең – кезеңімен біртіндеп жергілікті бюджетке беру бағдарламасы; құнды қағаздар рыногы және сақтандыру рыногын дамыту; тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді өсіру; ұсақ және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету;
Антиинфляциялық қатал саясат жүргізудің нәтижесінде қаржы тұрақтылығындағы алғашқы жетістікке , тұтыну бағасы индексін 1992 ж 3061 пайыз деп, 1997 ж 111 пайызға дейін жеткізуге ( 3 –кесте) тенгенің валюталық бағамын тұрақтандыруға, бюджеттің дефецитін азайтуға (1997 – 3,7 пайыз ЖІӨ - нің) (45, 39-б), өндірістің экспортқа бейімделген салаларындағы өндірісті тұрақтандыруға және біршама жандандыруға қол жеткізілді .(4 –кесте).
Өнеркәсіп салалары |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
Жалпы өнеркәсіп |
-14,,8 |
-28,1 |
-8,2 |
0,3 |
4,0 |
Электроэнергетика |
-4,4 |
-15,2 |
-1,6 |
-10,3 |
-14,2 |
Отын энергиясы |
-14,8 |
-14,0 |
-12,3 |
2,2 |
0,5 |
Қара металлургия |
-24,4 |
-29,5 |
11,7 |
-17,5 |
25,2 |
Түсті металлургия |
-7,8 |
-22,8 |
3,8 |
3,6 |
13,8 |
Химиялық, мұнайхимиялық |
-44,6 |
-41,1 |
3,6 |
-27,0 |
-29,9 |
Машина жасау және металлөңдеу |
-14,7 |
-37,1 |
-27,8 |
-9,2 |
-29,9 |
Өнеркәсіп құрылысы материалдары |
26,8 |
-57,1 |
-31,8 |
-33,6 |
-19,3 |
Жеңіл өнеркәсіп |
-11,7 |
-44,3 |
-58,8 |
19,8 |
-18,8 |
Тамақ өнеркәсібі |
-13,7 |
-26,1 |
-20,7 |
35,1 |
0,3 |
Ормандық, ағашөңдейтін және целлюлоз-қағаз өндірісі |
-8,7 |
-44,9 |
-40,7 |
-10,1 |
-27,4 |
Реформалардың екінші кезеңінің басты нәтижесі принципиалды жаңа экономикалық ахуал болды, оның нәтижесінде әкімшілік – командалық экономиканы рыноктық экономикаға трансформациялау процессі өзгертілген сипатқа ие болды. Негізгі жүйелік қайта құрулардың арасында мыналарды бөліп қарауға болады:
Өндірістің құлдырауы және әлеуметтік мәселелерден бөлек республикада мынадай проблемалар болды: біріншіден, айналымдағы қаржыларын тауысқан және қажетті кредиттік ресурстарды алуға мүмкіндігі жоқ кәсіпорындардың қаржылық жағдайының нашарлығынан төлемдік дағдарыс. Екіншіден, инвестициялық саладағы проблемалар қиындай түсті. Инвестицияның қысқару көлемі эконмиканың басқа да салаларындағы құлдырау параметрінен асып түсті. Тек 1993-1995жж өзінде капитал салу жартыдан да көп қысқарды: 6068 млн нан 2961 млн тенгеге дейін [сонда].
Маңызды проблемалардың болуына қарамастан Қазақстанның эконмикасын реформалаудың екінші кезеңінде, жүзеге асырлыған институтционалдық қайта құрулардың жағымды макроэконмикалық тенденциялардың тұрақтануы және қалыптасудың негізін қалады. Бұл жағдайлар 1998-2002жж республиканың экономикалық дамуының үшінші кезеңінде көрініс тапты.
14 12 2014
6 стр.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Ауыр металдардың өсімдіктерде жиналуы және олардың дамуына әсері»
25 12 2014
4 стр.
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
25 12 2014
4 стр.
Елеусизова Дана Саркенқызының дипломдық жұмысының тақырыбы «хх ғасырдың екінші жарытысындағы Қытай». Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер шізімінен
16 12 2014
3 стр.
Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу тақырыбындағы дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып табылады
17 12 2014
3 стр.
25 12 2014
3 стр.
Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi
14 12 2014
4 стр.
Азақстан республикасы зейнетақы және әлеуметтік салымдарын есепке алудың АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызуды негіздеу 6
14 12 2014
8 стр.