Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143 Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент - акцияларының (үлестерiнiң) жүз процентi агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған оның еншiлес ұйымына тиесiлi және мемлекеттiк астық ресурстарын басқару жөнiндегi өкiлеттiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) азық-түлiктiк астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық
3) алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен;
3-1) ақша резервi - мемлекеттiк астық ресурстарын өткiзуден түскен таза кiрiс есебiнен қалыптастырылатын және агенттiң iшкi нарықты реттеу үшiн мемлекеттiк астық ресурстарын сатып алу бағасынан төмен бағамен пайдалану кезiнде туындаған залалдарын өтеу үшiн пайдаланылатын (өткiзуге жұмсалатын шығыстары ескерiле отырып) агенттiң басқаруында болатын ақша резервi;
4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын дәндi, дәндi-бұршақ және майлы дақылдардың өнiмдерi;
5) астық иесi - астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға;
6) астық қабылдау кәсiпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншiк құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар заңды тұлға;
7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) - астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат;
7-1) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызмет – астық қабылдау кәсiпорындары астық сақтау бойынша жүзеге асыратын қызмет;
9) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;
10) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;
11) астық қолхатын ұстаушы - астық иесi, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат;
12) астық өндiру - астық өсiруге бағытталған агротехникалық iс-шаралар кешенi;
13) астық рыногына қатысушылар - астықты өндiруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткiзуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар;
14) астықтың өмiрлiк циклi - астықты өндiру, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;
17) астықтың сапасы - астықтың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкес келуiн айқындайтын тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;
18) астықтың сапасына сараптама жасау - көлiк құралын (қойманы) зерттеудi, сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткiзудi, сапа паспортын ресiмдеудi қамтитын астық сапасының нақты көрсеткiштерiн белгiлеу мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
21) жұмылдыру дайындығы - мемлекеттiк органдардың алуан түрлi дағдарысты жағдайларда ел халқын астық ресурстарымен қамтамасыз ету қабiлетi;
22) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде астықты кепiлге ұстаушы болып табылатын тұлға;
23) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған астық иесi, қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
24) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн жаңарту - оның бiр бөлiгiн сату және жаңа егiннiң астығы есебiнен мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiнiң белгiленген көлемiн және қажеттi сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егiннiң астығын сатып алу;
25) мемлекеттiк астық ресурстары - азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшiн жасалған мемлекеттiк астық запастары;
26) мемлекеттiк астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттiк астық ресурстарын бiр астық қабылдау кәсiпорнынан басқасына тасу;
28) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрi сорттылық және себу сапаларына қарай бөлiнетiн астық
29) уәкiлеттi орган - астық рыногы саласындағы мемлекеттiк саясатты iскe асыруды, оған қатысушылардың қызметiн үйлестiру мен реттеудi, сондай-ақ мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттiк басқарудың
Астық рыногын мемлекеттiк басқару мен реттеудiң мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн, техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
2) астық бағасының демпингiне жол бермеу;
3) астық өткiзу рыногын кеңейту;
4) астық сапасын қамтамасыз ету;
5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау;
6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетiлдiру;
7) жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстары көлемiнiң шегiнде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында азықтың ықтимал тапшылығын жою;
8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру;
9) астықтың қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердiң алдын алу болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4-бап. Астық рыногын мемлекеттiк реттеу нысандары
Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттiк реттеу:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
1-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;
2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөнiндегi аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау;
3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу;
4) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензиялық бақылау;
4-1) астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналысы мен өтелуi жөнiндегi ережелердiң сақталуын бақылау;
4-2) астықты экспортқа өткiзу жөнiндегi қызметтi бақылау;
5) мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру және олардың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау арқылы;
7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қаржыландыру;
10) заң актiлерiнде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасының астық рыногы мен астық индустриясын дамыту стратегиясы - астық бағдарламасын әзiрлеп, iске асырады;
2) астық өндiрудi мемлекеттiк қолдау бағдарламасын бекiтедi, инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдай қалыптастырады және астық рыногын дамыту мен оның тұрақтылығын қолдау жөнiнде өзге де шаралар қолданады;
2-1) агенттi айқындайды;
3) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, қалыптастырылу, сақталу, жаңартылу, ауыстырылу және пайдаланылу ережелерiн бекiтедi;
4) астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келiсiмдер жасасады;
5) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгi нысанын бекiтедi;
6) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
6-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7) астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң жеке қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды жеке есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң ережелерi мен стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi;
7-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуi мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн белгiлейдi;
8) алынып тасталды;
9) астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қатысты техникалық регламенттердi бекiтедi;
10) астық экспорттаушылардың мемлекеттiк астық ресурстарына экспортталатын көлемге проценттiк қатынаспен есептелетiн астық жеткiзуiнiң мөлшерiн айқындайды;
11) астықты қайта өңдеу ұйымдары iшкi нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға iшiнара өтеу тәртiбiн бекiтедi;
12) сатып алу бағасын белгiлейдi;
13) мынадай қағидаларды:
астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу;
астықтың сақталуы;
астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелуi;
астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды жүргiзу;
электрондық астық қолхаттары жүйесiн пайдалану қағидаларын бекiтедi;
14) астық сапасын сараптау тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды бекiтедi;
15) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.10.13 N 488, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар кiредi:
1) астық нарығы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру, оған қатысушылардың қызметiн үйлестiру және реттеу;
1-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу;
2-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
2-2) астық экспорттаушылардың мемлекеттiк астық ресурстарына астықты жеткiзу жөнiндегi мiндеттi сақтауын бақылау;
3) астық қабылдау кәсiпорындарының: уәкiлеттi органның облыстық аумақтық бөлiмшелерiнiң бастықтары бекiткен графиктер негiзiнде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтiнiштерi негiзiнде жоспардан тыс тексеру түрiнде - астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу; астықтың сақталуы; астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелуi ережелерiн сақтауын бақылау;
3-1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
3-2) Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулының нысандарын бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;
5) астық нарығының мониторингiн жүзеге асыру;
6) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылау;
7) астық сапасының сараптамасы бойынша аккредиттелген зертханалардың қызметiн астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртiбiн сақтауы тұрғысынан бақылау;
8) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негiздер болған кезде астық қабылдау кәсiпорнынан астықты көлiктiң кез келген түрiмен тиеп-жөнелтуге тыйым салу;
9) ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарының лизингiн ұйымдастыру, селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәндi дақылдар өсiру технологиясы, топырақ құнарлылығын сақтау, өсiмдiктер қорғау және 1 карантинi жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу;
10) астық сапасын сараптау тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзiрлеу;
11) астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қатысты техникалық регламенттердi әзiрлеу;
12) мынадай қағидаларды:
астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу;
астықтың сақталуы;
астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелуi;
астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды жүргiзу;
электрондық астық қолхаттары жүйесiн пайдалану қағидаларын әзiрлеу;
12-1) мыналарды:
астық нарығына мониторинг жүргiзу қағидаларын;
астық қабылдау кәсiпорындары есептiлiгiнiң үлгiлiк нысандарын;
мемлекеттiк астық инспекторлары туралы ереженi әзiрлеу және бекiту;
13) алынып тасталды - ҚР 2007.07.26 N 313 Заңымен;
14) астық өндiрушiлердi қорғау үшiн демпингке қарсы шаралар қолдану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
15) астық қолхаты жазылатын бланкiлерге, оларды шығару, алу, сақтау және жою тәртiбiне талаптар, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгiлерiне талаптар әзiрлеу;
16) астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу және астық қолхаттары тiзiлiмi мәлiметтерiне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн инспекциялау (тексеру);
17) осы Заңның 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес астық қабылдау кәсiпорнына уақытша басқаруды енгiзу туралы, сондай-ақ уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдау;
18) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруды бақылау;
19) мемлекеттiк астық ресурстарын тиеп жiберуге және тасымалдауға (орнын ауыстыруға) бақылау;
20) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
1. Облыстың жергiлiктi атқарушы органының құзыретiне:
6-2-бап. Агенттiң функциялары
Агент мынадай:
1) мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, жаңарту, ауыстыру және пайдалану;
2) ақша резервiн қалыптастыру;
3) облыстың жергiлiктi атқарушы органының сұратуы бойынша мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi мiндетiн орындаған отандық астық өндiрушiлердiң тiзбесiн ұсыну;
4) мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау үшiн белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындарын таңдау;
5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге мемлекеттiк тұқым ресурстарынан және мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарынан тұқымдық және жемдiк астық несиелерiн беру функцияларын жүзеге асырады.
Ескерту. 6-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
6-3-бап. Астық нарығы саласындағы мемлекеттiк
Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi
14 12 2014
4 стр.
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., n 13-14, 175-құжат; "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 26 маусым n 129
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар n 20-21; "ресми газет" 2007 ж., наурыз, n 9
25 12 2014
3 стр.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағ
12 10 2014
1 стр.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңт
15 10 2014
1 стр.
Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шарала
12 10 2014
1 стр.
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., n 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 26 маусым n 156-159
11 10 2014
13 стр.
Заңының 7 бабының 5 тармағына және 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыс
15 10 2014
1 стр.