Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 12страница 13
Қазақстан Республикасының Жер кодексi

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексi


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 26 маусым N 156-159

Мазмұны


       Ескерту. Кодекстiң орыс тiлiндегi мәтiнiне өзгерiстер енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiн өзгермейдi - ҚР 2007.07.06 N 276 Заңымен.
      Ескерту. бүкiл мәтiн бойынша "мемлекеттiк қажеттiктер" деген сөздер "мемлекет мұқтажы" деген сөздермен, "шаруа (фермер) қожалығын", "Шаруа (фермер) қожалығын", "шаруа (фермер) қожалығы", "шаруа (фермер) қожалығының" деген сөздер тиiсiнше "шаруа немесе фермер қожалығын", "Шаруа немесе фермер қожалығын", "шаруа немесе фермер қожалығы", "шаруа немесе фермер қожалығының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.07.06 N 279 Заңымен.
      Ескерту. бүкiл мәтiн бойынша "құқықты куәландыратын құжаттарды", "құқықты куәландыратын құжаттар", "құқықты куәландыратын құжат", "құқықты куәландыратын құжатқа", "құқықты куәландыратын құжатта", "құқықты куәландыратын құжаттағы" деген сөздер тиiсiнше "сәйкестендiру құжаттарын", "сәйкестендiру құжаттары", "сәйкестендiру құжаты", "сәйкестендiру құжатына", "сәйкестендiру құжатында", "сәйкестендiру құжатындағы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.07.26 N 311 Заңымен.

I бөлiм. Негiзгi ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры

      1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:

      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

      2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;

      3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;

      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

      5) орман қорының жерi;

      6) су қорының жерi;

      7) босалқы жер.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi:

      1) орманды дала;

      2) дала;

      3) қуаң дала;

      4) шөлейттi;

      5) шөлдi;

      6) тау етегi-шөлдi-далалық

      7) субтропикалық шөлдi;

      8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi;

      9) орта азиялық таулы;

      10) оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар.

      2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан
             басқасына ауыстыру

      Жердi осы Кодекстiң 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жердi оның нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты бiр санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою жөнiндегi өз құзыретi шегiнде жүргiзедi. P080734


      Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.06 N 279 Заңдарымен.

      3-бап. Жерге меншiк

      Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.

      4-бап. Жер заңдарының принциптерi

      Қазақстан Республикасының жер заңдары:

      1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;

      2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;

      3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;

      4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

      5) жердi нысаналы пайдалану;

      6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;

      7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

      8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;

      9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

      10) жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi.

      5-бап. Жер заңдарының мiндеттерi

      Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.

      6-бап. Жер заңдары

      1. Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi. K070212, Z060175

      3. Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи pecуpc ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс.

      4. Егер Қазақстан Республикасының жер, экология , орман , су заңдарында жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ,   ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай-ақ олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

      5. Жеке және заңды тұлғалардың заңдарда белгiленген құқықтарын мемлекеттiк органдардың актiлерiмен шектеуге болмайды.

      6. Егер осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады.

      7. Басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумағында жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындайды.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.01.09 N 213 Заңымен.

      7-бап. Халықаралық шарттар

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң актiсiн шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар жер қатынастарына тiкелей қолданылады.

      8-бап. Жердi аймақтарға бөлу

      1. Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимiн белгiлей отырып айқындау.

      2. Жердi аймақтарға бөлудi облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейiнде ұйымдастыруды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады. Жердi аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиiстi өкiлдi органдары бекiтедi.


      Жердiң нысаналы мақсатының жiктемесi жердi аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негiзiнде әзiрленедi және оны облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.

      3. Алып тасталды - ҚР 2006.01.10. N 116 Заңымен.

      4. Жердi аймақтарға бөлу кезiнде белгiленген, аумақты пайдаланудың нысаналы режимi жер құқығы қатынастарының субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.

      5. Жердi аймақтарға бөлу жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiледi және бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.


      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер

      1. Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусiз жер пайдаланудағы жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.

      2. Мемлекет уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) берген жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады.


      Жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын есептеу және бюджеттiң кiрiсiне төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
      Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттерге жер учаскесi жалға берiлген кезде жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының мөлшерi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда айқындалады.

      3. Жер учаскелерiн мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке беру өтеулi негiзде, өзiнiң жер учаскелерiн беру жөнiндегi құзыретi шегiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң шешiмi бойынша ақысы бiрден төленiп нe төлеу мерзiмiн ұзартып сату арқылы жүргiзiледi, бұған:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына - тұрғын үй-жайлардың меншiк иелерiне кондоминиум объектiлерiндегi мiнсiз үлесi ретiнде;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағына сәйкес өзiндiк қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшiн;

      2-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға;

      2-2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын отандық өнеркәсiп орындарына;

      3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда, жер учаскесi меншiкке өтеусiз негiзде берiлетiн жағдайлар қосылмайды.
      Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын өтеулi түрде беру (сату) (бұдан әрi - жер учаскелерi үшiн төлемақы) немесе уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын өтеулi түрде бepу (сату) төлемақысы (бұдан әрi - жалдау құқығын сату төлемақысы) жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн қолдану арқылы шығарылатын кадастрлық (бағалау) құны негiзiнде есептеледi.

      4. Мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатқаннан түсетiн қаражат Ұлттық қорға аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пайдаланылады.

      5. Өзiндiк қосалқы шаруашылық, бағбандық жүргiзу, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, осы Кодексте жер учаскелерiн ақылы түрде беру көзделген өзге де мақсаттар үшiн өтеусiз берiлген жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер учаскесiнiң меншiк иесi жер учаскесiнiң өзгерген нысаналы мақсаты үшiн Қазақстан Республикасының заңында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең болатын соманы бюджеттiң кiрiсiне төлеуге мiндеттi.
      Елдi мекеннiң аумағы шегiндегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты, мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылған жерлердi қоспағанда, ауыл және орман шаруашылығын жүргiзумен
байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн өзгертiлген жағдайда, аталған жер учаскесiнiң меншiк иесi жер учаскесiнiң өзгерген нысаналы мақсаты үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаскенiң бұрын
мемлекеттен сатып алынған бағасы арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеуге мiндеттi.

      6. Мемлекеттiк заттай гранттар түрiндегi жер учаскелерi мен жер пайдалану құқығы инвестициялық жобаның атқарылуын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына осы Кодекске және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес берiледi.


      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiн заттай грант ретiнде беру туралы шешiмi оның жер учаскелерiн беру жөнiндегi құзыретi шегiнде инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде қабылданады.

      7. Меншiк иесi жер учаскесiн сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттiк емес жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесiн кейiнгi жер пайдаланушыларға жалға берген кезде, жер учаскелерi үшiн төлемақының мөлшерi, мерзiмдерi мен нысаны Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес сатып алу-сату немесе мүлiк жалдау шарттарымен айқындалады.

      8. Жер учаскесi ұлттық компания мәртебесi бар әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларға жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны бойынша есептелетiн баға бойынша жарғылық капиталының (меншiгiнiң) төлемiне берiлуi мүмкiн.
      Бұл ретте жер учаскесiн ұлттық компания мәртебесiне ие әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялардың меншiгiне ресiмдеу жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.05.04 N 48, 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 162, 2007.07.06 N 279, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      10-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық


               ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық
               (бағалау) құны

      1. Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi кемiнде жылына бiр рет белгiлейдi. Бұл ретте жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен төмен белгiленбейдi.


      Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнына қарай сараланып белгiленедi.

      2. Нақты жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар мемлекеттiң жеке меншiкке немесе жалға өтеулi негiзде беретiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемiтетiн) коэффициенттерiн қолдана отырып белгiлейдi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жер учаскелерiн беру жөнiндегi құзыретi шегiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органы бекiтетiн жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актiсiмен ресiмдейдi.


      Астана қаласының, республикалық маңызы бар қалалардың, облыс орталықтарының маңындағы аймақта және курортты аймақта орналасқан елдi мекендерде (кенттер мен ауылдық елдi мекендерде) жеке меншiкке берiлетiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары екi есе арттырылады.

      3. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiкке өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн тегiн берудiң белгiленген нормаларынан артық берiлетiн қосымша жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құны бағаланатын учаскелерге неғұрлым жақын орналасқан ауылдық елдi мекендердiң жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына негiзделе отырып айқындалады.

      4. Елдi мекендердiң шегiнен тыс орналасқан, азаматтарға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға құрылыс жүргiзу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерi салынған жер учаскелерi бойынша, осы баптың 4-1-тармағында көрсетiлген жерлердi қоспағанда, үйлердiң (құрылыстардың, ғимараттардың) пайдаланылу мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, оларды кадастрлық (бағалау) құны облыстық маңызы бар қалаларда аталған мақсаттар үшiн берiлген (берiлетiн) жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларының он процентi мөлшерiне негiзделе отырып айқындалады.

      4-1. Елдi мекендердiң шегiнен тыс орналасқан, осы Кодекстiң 97-бабына сәйкес ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуi үшiн қажеттi үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салынған, шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлген (берiлетiн) жер учаскелерi бойынша, оларға қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, кадастрлық (бағалау) құны жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы мақсаты үшiн жеке меншiкке берген кезде оларға төлемақының базалық ставкаларының мөлшерiне негiзделе отырып айқындалады.

      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында аталған жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезiнде, осы Кодекстiң 11-бабының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес осы учаскелердiң қызмет көрсету саласы орталықтарынан қашықтығына байланысты түзету коэффициенттерi қолданылады
       Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.06 N 279, 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық


               ставкаларына түзету коэффициенттерi

      1. Түзету коэффициенттерi мен аудандық маңызы бар қалалардағы, кенттер мен ауылдық елдi мекендердегi аймақтардың шекаралары ауданның жергiлiктi атқарушы органының ұсынысы бойынша аудандық өкiлдi органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) өкiлдi органның шешiмiмен бекiтiледi.


      Бұл ретте арттыратын немесе кемiтетiн коэффициенттердiң шектi (ең жоғары) мөлшерi екi еседен аспауға тиiс.

      2. Мемлекет ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн беретiн жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезiнде жер учаскесiнiң сапалық жай-күйiне, орналасуына, сумен қамтамасыз етiлуiне, қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығына байланысты түзету (арттыратын немесе кемiтетiн) коэффициенттерi қолданылады.

      3. Алқаптардың түрi мен топырақтардың үлгiсi бойынша жер учаскесiнiң сапалық жай-күйi жер-кадастр карталары, топырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация және басқа зерттеу материалдары негiзiнде анықталады:

      1) егiстiк құрамында пайдаланылатын жер учаскесiнiң құнын белгiлеу үшiн оның мелиорациялық жай-күйi мен жер бетiнiң еңiстiгiне қарай мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:


      жердiң мелиорациялық жай-күйi:
      жақсы (топырағы тұзды емес және сортаң емес, тассыз, эрозияға ұшырамаған; жер асты суларының тереңдiгi: тұщы су - 3 метрден астам, минералды су - 6 метрден астам) - 1,2;
      қанағаттанарлық (топырағы аздап тұзды, сортаңдау, тасы аз, аздап эрозияға ұшыраған; минералдануы төмен жер асты суларының тереңдiгi 3-6 м) - 0,9;
      қанағаттанғысыз (топырағы орташа және аса тұзданған, орташа және аса сортаң, тастақ, орташа және күштi эрозияға ұшыраған; 1 г/л астам минералданған жер асты суларының тереңдiгi 3 метрден кем) - 0,6;
      жер бетiнiң еңiстiгi:
      1 градусқа дейiн - 1; 1-ден 3 градусқа дейiн - 0,98; 3-тен 5 градусқа дейiн - 0,96; 5-тен 7 градусқа дейiн - 0,93; 7 градустан астам - 0,86;

      2) табиғи жем-шөп алқаптары (шабындық, жайылым) құрамында пайдаланылатын жер учаскелерiнiң құнын айқындау үшiн учаскенiң сапалық жай-күйi мен жер бетiнiң еңiстiгiне қарай мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:


      жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар:
      көп жылдық шөп егiлiп, түбегейлi жақсартылған - 1,2;
      өсiмдiк жамылғысының түр-құрамын өзгертпей, беткi қабаты жақсартылған - 1,1;
      шабындық жердiң жай-күйi:
      жақсы (ластанбаған, бұта-шiлiк баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсiмдiктердiң белгiлерi жақсы байқалатын жер учаскесi) - 1,2;
      қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шiлiк басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiне дейiнгi алаңынан көрiнедi) - 0,9;
      қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шiлiк басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiнен астам алаңынан байқалады) - 0,7;
      жер қабатының еңiстiгi:
      3 градусқа дейiн - 1; 3,1-ден - 6 градусқа дейiн - 0,95; 6,1-ден - 10 градусқа дейiн - 0,9; 10,1-ден - 20 градусқа дейiн - 0,85; 20 градустан астам - 0,5;
      жайылымдық жердiң жай-күйi:
      жақсы (ластанбаған, бұта-шiлiк (азыққа жарамайтын бұталар) баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсiмдiктердiң белгiлерi жақсы байқалатын жер учаскесi) - 1,2;
      қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шiлiк (азыққа жарамайтын бұталар) басқан, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiне дейiнгi алаңынан көрiнедi) - 0,9;
      қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шiлiк (азыққа жарамайтын бұталар) басқан, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiнен астам алаңынан байқалады) - 0,6;
      жер қабатының еңiстiгi:
      12 градусқа дейiн - 1; 13-тен - 20 градусқа дейiн - 0,8; 20 градустан жоғары - 0,6.

      4. Жер учаскелерiнiң құнын анықтау үшiн жер учаскесiнiң суландырылуына, оның шаруашылық орталығына қарағанда орналасқан жерiне, қызмет көрсету саласының орталықтарынан қашықтығына байланысты мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

      1) жер учаскесiнiң суландырылуы (сумен қамтамасыз етiлуi):
      суландырылған - 1,2; суландырылмаған - 0,8;

      2) жер учаскесiнiң шаруашылық орталығына қатысты орналасуы, километрмен:


      беске дейiн - 1,2; 5-тен 10-ға дейiн - 1; 10-нан 20-ға дейiн - 0,9; 20-дан 30-ға дейiн - 0,8; 30-дан астам - 0,7;

      3) жер учаскесiнiң қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы, жолдардың сапасына байланысты:


___________________________________________________________________
    Қашықтығы,  |    Тас   |    Қиыршық тас     |   Жай жолдар
       км       |   жолдар |  төселген жолдар   |
___________________________________________________________________
  20-ға дейiн         1,4           1,1               0,7
  21 - 40             1,2           0,9               0,6
  41 - 60             1,0           0,7               0,5
  61 - 80             0,8           0,5
  81 - 100            0,6
  100-ден астам       0,5
___________________________________________________________________

      5. Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын арттыратын немесе кемiтетiн бiрнеше факторлар болған кезде коэффициенттер көбейтiледi.


      Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге арналған жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын арттырудың немесе кемiтудiң жалпы мөлшерi осы Кодекстiң 10-бабының 1-тармағына сәйкес белгiленген төлемақының базалық ставкаларының елу процентiнен аспауға тиiс.
       Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      12-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) алып қою - мемлекеттiк органдардың жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда тоқтатуға бағытталған iс-әрекетi;
      2) арнайы жер қоры - ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiнiң және шартты жер үлестерiнiң иелерi мен жер
пайдаланушылар бас тартқан жердiң есебiнен құралатын резервтегi жер;
      3) аффилиирленген тұлға - мемлекеттiк емес заңды тұлғаға қатысты еншiлес болып табылатын немесе тәуелдi акционерлiк қоғам деп танылатын ұйым;
      4) бастапқы жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығын осы Кодекстiң 32-бабында көзделген тәртiппен тiкелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру тәртiбiмен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар;
      5) бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi - құқықтық, сәйкестендiру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын, мемлекеттiк жер кадастры құрамындағы жер учаскелерiн есепке алудың қорытынды құжаты;
      6) жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығы - жер учаскесiнiң меншiк иесi мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе өтеусiз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайтын, субъектiнiң жер
учаскесiн иелену және пайдалану құқығы;
      7) жер - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi;
      8) жерге билiк ету құқығы - мемлекеттiң Қазақстан Республикасы аумағындағы жердiң заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етiлген құқығы, сондай-ақ жердiң жеке меншiк иесiнiң өз жер учаскесiне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым
салынбаған мәмiлелер жасасуға құқығы;
      9) жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы құқықтық актiлерi;
      10) жердi жалдау төлемақысы - уақытша өтеулi жер пайдалану төлемақысы;
      11) жер иелену құқығы - жердi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етiлген мүмкiндiгi;
      12) жер кадастры - жер туралы мәлiметтер жүйесi, мемлекеттiк кадастрлардың құрамдас бөлiгi;
      13) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық
бөлiмшесi (бұдан әрi - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органы);
      14) жер қатынастарының объектiсi - Қазақстан Республикасы аумағының шегiндегi бүкiл жер, онда орналасқанына және олардың жекелеген субъектiлерге бекiтiлiп берiлуiнiң құқықтық негiздерiне қарамастан жекелеген жер учаскелерi, сондай-ақ жер учаскелерi мен
жер үлестерiне құқықтар;
      15) жер құқығы қатынастары - жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар;
      16) жер құқығы қатынастарының субъектiлерi - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрi осы құқық қатынасында мiндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер;
      17) жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн өтеулi және (немесе) өтеусiз негiзде шектеусiз мерзiмге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы;
      18) жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн қанағаттандыру үшiн шаруашылық және өзге де қызмет процесiнде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер;
      19) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
- жер қатынастары саласындағы реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - орталық уәкiлеттi орган);
      20) жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатының жiктемесi - аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес учаске аумағын және онда орналасқан үйлер мен ғимараттардың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатының (пайдаланылуының) үлгiсi мен түрi бойынша жер учаскелерiн мақсатты пайдалану түрлерiн топтастыру;
      21) жер учаскесi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйық шекара iшiнде бөлiнген жер бөлiгi;
      22) жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемақысы - уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен берiлген мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесi үшiн бiржолғы төлем;
      23) жер учаскесiне жеке меншiк құқығы - азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың өздерiне тиесiлi жер учаскесiн осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы;
      24) жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат - осылардың негiзiнде жер учаскесiне құқықтар туындайтын, өзгертiлетiн немесе тоқтатылатын заңдық фактiлердiң (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның iшiнде шарттар, соттардың шешiмдерi, атқарушы органдардың құқықтық актiлерi, мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк, меншiк құқығымен жер учаскесiне иеленген немесе уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттiк емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезiндегi табыстау актiсi немесе бөлу балансы;
      25) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргiзу мақсатында қажеттi, жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларын қамтитын құжат;
      26) жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салу - мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң кепiл шартына негiзделген не Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiндегi әдiсi, осыған орай кредитордың (кепiл ұстаушының) борышкер кепiлмен
қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiлге салынған жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құнынан осы жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығы тиесiлi тұлғаның (кепiл берушiнiң) басқа кредиторлары алдында қайтарым алуға басым құқығы
болады, бұған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген алып қою жағдайлары қосылмайды;
      27) жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу - жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесiн иелену, сондай-ақ мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi шешiмiнсiз иелену;
      28) жер үлесi - жер учаскесiне құқықтар мен мiндеттерге басқа тұлғалармен бiрге қатысудың осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда бөлiп шығарылуы мүмкiн сан жағынан айқындалған үлесi;
      29) иммиграциялық жер қоры - оралмандарға беру үшiн резервке қалдырылған және арнайы жер қоры құрамына кiретiн жер учаскелерi;
      30) кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесiн немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейi туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңiмен нақтыланатын жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық
ставкалары және оларға түзету коэффициенттерi негiзiнде айқындалатын жер учаскесiнiң есептеу құны;
      31) кейiнгi жер пайдаланушылар - өзiнiң бастапқы жер пайдаланушы мәртебесiн сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейiнгi жер пайдалану туралы шарт негiзiнде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар;
      32) кондоминиум - жылжымайтын мүлiкке меншiктiң (өзге де құқықтың) ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дербес) меншiгiнде (өзге де құқықта) болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек
меншiкке жатпайтын бөлiктерi, оның iшiнде жер учаскесi де оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен (өзге де ортақ құқықпен) тиесiлi болады және бөлек (дербес) меншiгiндегi (өзге де құқықтағы) жылжымайтын мүлiк бөлiктерiне құқықтардан ажыратылмайды;
      33) мемлекеттiк жер пайдаланушылар - мемлекеттiк республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар;
      34) мемлекеттiк заттай гранттар - Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн осы Кодексте және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiле отырып, кейiннен меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз берiлетiн жер учаскелерi;
      35) мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар - азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;
      36) меншiк құқығының объектiлерi - мемлекеттiк және жеке меншiктегi жер;
      37) өзiндiк қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесiнде өз қажеттерiн қанағаттандыруға арналған қызмет түрi;
      38) сервитут - бөтен жер учаскелерiн шектеулi нысаналы пайдалану, оның iшiнде жаяу өту, көлiкпен өту, қажеттi коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық шаруашылығы және
өзге де мұқтаждар үшiн пайдалану құқығы;
      39) топырақ қабаты - жердiң құрғақ үстiңгi қабаты, тек өзiне тән құрылымы, құрамы мен қасиеттерi бар ерекше табиғи түзiлiм;
      40) төлемақының базалық ставкасы - мемлекет жер учаскесiне жеке меншiк құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер учаскесiнiң нормативтiк бағасы;
      41) тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығының мерзiмi шектеусiз сипатта болатын тұлғалар;
      42) уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар;
      43) ұлттық жер пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, соның iшiнде шетелдiк қатысушысы бар кәсiпорындар;
      44) шартты жер үлесi - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерiнiң, мемлекеттiк емес болып қайта құрылған мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерiнiң, сондай-ақ осы Кодексте аталған өзге де тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған үлесi, оған сәйкес аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамында бұдан бұрын болған жер учаскелерiне құқықтар беру жүзеге асырылады немесе осы Кодексте көзделген өзге де құқықтар iске асырылады;
      45) шетелдiк жер пайдаланушылар - шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекет заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар (шетелдiк заңды тұлғалар), шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 279, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.26 N 311, 2010.03.19 № 258-IV, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

следующая страница>


Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан"

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., n 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 26 маусым n 156-159

1994.77kb.

11 10 2014
13 стр.


Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат. "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 5 мамыр n 107

371.21kb.

09 10 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., n 13-14, 175-құжат; "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 26 маусым n 129

280.2kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 14, 104-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 17 шiлде, n 203-204 (24779)

104.67kb.

18 12 2014
1 стр.


Астық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы n 143 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат. "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 23 қаңтар n 14

Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi

629.2kb.

14 12 2014
4 стр.


Өсiмдiктер карантинi туралы

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат; "Егемен Қазақстан" 1999 жылғы 19 ақпан n 35

306.67kb.

14 12 2014
1 стр.


Бал ара шаруашылығы туралы

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., n 5, 5-құжат."Егемен Қазақстан" 2002 жылғы 16 наурыз n 58-59

104.43kb.

16 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар n 20-21; "ресми газет" 2007 ж., наурыз, n 9

598.15kb.

25 12 2014
3 стр.