Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 405 Заңы
Қолданушылар назарына!
МАЗМҰНЫ
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты осы Заңда көзделген қатынастарды реттейдi.
3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк
1. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;
2) асыраушысынан айрылған жағдай;
3) жұмысынан айрылған жағдай;
4) жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;
5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;
6) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдай.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;
2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;
3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;
4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;
5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;
6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;
7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.
6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы
Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгiленген шарттармен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.
7-бап. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуын қамтамасыз ету
1. Мемлекет Қордағы әлеуметтiк аударымдардың сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепiлдiк бередi.
2. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуы:
1) Қордың қызметiн, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу арқылы реттеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;
3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде есепке алу;
4) Қордың өз қаражаты мен активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу;
5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгiзу;
6) жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;
8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдар
Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiс.
9-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi
1. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды;
2) еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлейдi;
3) құжаттардың дұрыстығын тексередi;
4) әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдау және беру жөнiндегi талаптарды белгiлейдi.
2. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешiм жөнiнде өтiнiш берушiге Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы жазбаша түрде хабарлауға;
2) әлеуметтiк төлемдердiң уақтылы және толық тағайындалуы мен олардың алынуын бақылауды қамтамасыз етуге;
3) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және алу мәселелерi жөнiнде қажеттi түсiнiктемелер беруге мiндеттi.
Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
10-бап. Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң
1. Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға беру үшiн құжаттарды қабылдау мен олардың жиынтықтылығын тексерудi жүзеге асыруға;
2) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қорға Орталықтың шотына ақша аудару туралы сұрау салуға;
3) осы Заңда көзделген қызметтердi көрсеткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қаражат алуға құқығы бар.
РҚАО-ның ескертпесi!
2) әлеуметтiк төлемдерден жүргiзiлген ұстап қалу туралы алушыларды хабардар етуге;
3) артық төленген сомаларды Орталық арқылы қайтару қажет болған жағдайда бұл туралы алушыға хабарлауға;
4) Қорға жасалған аударымдардың мөлшерi мен мерзiмiне қарамастан, мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдарға қызмет көрсетудiң тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
5) банктiк үш күн iшiнде әлеуметтiк аударымдарды Қорға аударуға;
6) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды жасауға және оларды әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы Заңда көзделген мерзiмде беруге;
7) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын уақтылы қамтамасыз етуге;
8) артық төленген әлеуметтiк аударым сомаларын осы қаражат Қордан Орталықтың шотына аударылған кезден бастап банктiк үш күн iшiнде төлеушiлерге аударуды жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
10) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға және Қорға қажеттi есептiлiктi табыс етуге;
11) әлеуметтiк төлемдердi алу мәселелерi бойынша қажеттi түсiндiрме беруге мiндеттi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшiне енедi), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
10-1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру саласындағы
1. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi мемлекеттiк монополияға жататын қызметтiң мынадай түрлерiн:
11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган :
1) Қордың қаржы тұрақтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
2) өздерiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн Қордың қаржылық және өзге де есептiлiгiнiң тiзбесiн, нысанын, мерзiмiн айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қордың басшы қызметкерлерi үшiн бiлiктiлiк талаптарын айқындайды, оларды тағайындауға келiсiм бередi;
4) Қор қызметi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өздерiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер алуға құқылы;
5) Қор қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен инспекциялауға құқылы.
12-бап. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген
1. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының:
1) осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде Орталық пен оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiш беруге;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, осы Заңда көзделген тәртiппен Қордан әлеуметтiк төлемдердi алуға;
3) төлеушiден, Орталықтан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң және аудару мен есептелуiнiң толықтығы және уақтылы болуы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау мен алу тәртiбi туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;
4) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен өзге де мемлекеттiк органдардың, Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң, Қордың осы Заңда белгiленген әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты iс-әрекеттерiне шағымдануға құқығы бар.
2. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы және алушы:
1) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етуге;
2) алынып тасталды
3) қате төленген сомаларды қайтарып алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта куәландырудан өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмдерiн сақтауға мiндеттi.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Төлеушiнiң:
1) қате төленген әлеуметтiк аударым сомаларын қайтарып алуға;
2) аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан сұратуға және тегiн алуға;
3) осы Заңға сәйкес басқа да құқықтарын iске асыруға құқығы бар.
2. Төлеушi:
1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемiнде төлеуге;
2) Қорға төленетiн әлеуметтiк аударымдар мөлшерiн есептеу мен қайта есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеген жағдайда өсiмпұл есептеудi дербес жүзеге асыруға;
3) есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша салық органдарына есептер беруге мiндеттi.
2-тарау. Әлеуметтiк аударымдар
14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi
1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төленуге тиiстi әлеуметтiк аударымдар мынадай мөлшерде белгiленедi:
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 1,5 процент;
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 2 процент;
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 3 процент;
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 4 процент;
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 5 процент.
2. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi:
15-бап. Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тәртiппен жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерiнiң, арнаулы мемлекеттiк органдардың және iшкi iстер органдарының, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiн қоса отырып жүргiзiледi.
2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргiзiледi.
Бұл ретте айлық табыс әлеуметтiк аударымдарды eceптеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.
2-1. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкiлдiктерi әлеуметтiк аударымдарды төлеушiлер ретiнде қаралуы мүмкiн.
3. Әлеуметтiк аударымдарды есептеудiң және аударудың тәртiбi мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртiбi
1. Егер Осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталықтың банк шоты арқылы жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлейдi.
2. алынып тасталды.
2-1. Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi, патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер әлеуметтiк аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде төлейдi.
3. Әлеуметтiк аударымдар қолма-қол нысансыз жүзеге асырылатын төлеу күнi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан әлеуметтiк аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күн болып, қолма-қол нысанда жүзеге асырылатын төлеу күнi төлеушiнiң банкке әлеуметтiк аударымдарды енгiзген кезiнен бастап есептеледi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
17-бап. Мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды уақтылы
1. Уақтылы аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомаларын салық органдары өндiрiп алады немесе оларды төлеушi мерзiмi өткен әр күн үшiн (Қорға төлеген күндi қоса) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса Қордың шотына аударуға тиiс.
2. Әлеуметтiк аударымдар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, салық органдары жиналып қалған берешек шегiндегi ақшаны төлеушiнiң банк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен төлеушiге хабарлама жiберiле отырып, салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Төлеушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмдерде салық органына табыс етуге мiндеттi. V095558
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шоттарына ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.
Төлеушiнiң банк шоттарында ұлттық валютада ақшасы болмаған жағдайда мiндеттi әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi өндiрiп алу салық органдары ұлттық валютада қойған инкассалық өкiмдердiң негiзiнде төлеушiнiң банк шоттарындағы шетел валютасымен жүргiзiледi.
2-1. Салық органдарының өкiмдерi бойынша, егер төлеушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмде ұсынбаса, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төлеушiлердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешектерiн аударуға қатысты нұсқауларды орындауға мiндеттi.
3. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк аударымдар сомаларын Қордың шотына осы сомалар төлеушiнiң банктiк шотынан есептен шығарылған күнi аударуға мiндеттi.
4. Төлеушiнiң банк шоттары болмаған немесе төлеушiнiң банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен төлеушiнiң касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады .
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау
Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнeн кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, орналасқан жерi бойынша салық органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есептi табыс етедi.
Есептiң нысанын және оны жасау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
19-бап. Артық төленген әлеуметтiк аударымдарды қайтару
Төлеушi артық төлеген әлеуметтiк аударымдар сомасы кейiннен оны Орталық төлеушiнiң банктiк шотына банктiк үш күн iшiнде аударуы үшiн төлеушiнiң өтiнiшi Қорға келiп түскен күннен бастап банктiк он күн iшiнде Орталықтың банктiк шотына аударылуға тиiс.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретіндегі мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгi
25 12 2014
3 стр.
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат. "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 5 мамыр n 107
09 10 2014
3 стр.
Агенттік сақтандыру ұйымдарының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағандығы ту
09 10 2014
1 стр.
Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының
09 10 2014
1 стр.
Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әр көлік құралы иесі әрбір жеке ауыспалы егіс алқабындағы өз жеке мүліктік мүдделерін тиісінше сақтандыру шартын жасау (бұдан әрі-Шарт) жолымен сақт
04 09 2014
1 стр.
Асында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы»
26 09 2014
12 стр.
Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар
09 10 2014
1 стр.
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
04 09 2014
1 стр.