Перейти на главную страницу
20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш
1. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш беру өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Өтiнiшке тiзбесi осы Заңмен белгiленетiн құжаттар қоса тiркеледi.
2. Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдап алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi.
3. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды және әлеуметтiк төлемдер тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындаудан бас тартылған жағдайда ол бас тарту себептерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлап, табыс етiлген құжаттарды Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi.
4. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның табыс етiлген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол табыс етiлген құжаттарды сараптамаға жiберiп, оларды беруге негiз болған құжаттардың бар-жоғын тексере алады. Бұл peттe, әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдаудың кешiктiрiлуi және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабардар етiлуге тиiс.
5. Кейiнгi өтiнiштер берiлген кезде әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде төлем тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және төлем тағайындаудан бас тарту себептерi мен шағымдану тәртiбiн көрсете отырып, ол туралы Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
6. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.
Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық:
еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда - әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган ол үшiн Қорға әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеген күннен бастап;
асыраушысынан айрылған жағдайда - қайтыс болуы туралы куәлiкте көрсетiлген қайтыс болған күннен бастап, не азаматты хабарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап;
жұмысынан айрылған жағдайда - ол үшiн Қорға әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жұмыссыз ретiнде тiркелу үшiн өтiнiш жасаған күнiнен бастап;
жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайда - еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетiлген, жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс берiлген күннен бастап;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайда - еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетiлген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берiлген күннен бастап;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда - баланың тууы туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап туындайды.
Бұл орайда, жұмысынан айрылуына, жүктiлiгiне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылуына байланысты Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiнгi он екi айдан аспайтын мерзiмнен бастап тағайындалады.
7. Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне өтiнiш берiлген күн Қордан әлеуметтiк төлемдер тағайындауға өтiнiш берiлген күн деп есептеледi.
8. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми ставкасынан аспайтындай мөлшерде индекстелуге тиiс.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда
1. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайдағы әлеуметтiк төлем өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш берген уақытта жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан, тағайындалады.
2. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);
3) еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн куәландыруды жүргiзу мен белгiлеу туралы мәлiметтер қоса тiркеледi.
3. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн куәландыру, белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды . Құжаттарды ресiмдеу мерзiмi өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан аспауға тиiс.
4. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем Қордан әлеуметтiк төлемдер алуға құқық туындаған күннен бастап, еңбек ету қабiлетiнен айрылды деп белгiленген барлық кезеңге тағайындалады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген жағдайда әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айрылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган Орталыққа және оның құрылымдық бөлiмшелерiне әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
Қайта куәландырылушы еңбек етуге қабiлеттi деп танылған жағдайда, әлеуметтiк төлемдi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оны еңбек етуге қабiлеттi деп шешiм шығарған күннен бастап әлеуметтiк төлем тоқтатылады. Бұл ретте уәкiлеттi орган Орталыққа және оның құрылымдық бөлiмшелерiне шығарылған шешiм туралы үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
5. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшiндегi табыстың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ең төмен жалақының сексен процентiн шегергендегi орташа айлық мөлшерiн табысты алмастырудың, еңбек ету қабiлетiнен айрылу мен қатысу стажының тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
6. Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен кезде еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайында берiлетiн әлеуметтiк төлемдер тоқтатылады.
22-бап. Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк
1. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушысының мына отбасы мүшелерi асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындалуына және алуға құқылы:
1) он сегiз жасқа толмаған және, егер олар он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi. Бұл ретте аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнiң еңбек етуге қабiлеттi ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер осы тармақшада аталған адамдар орта бiлiм беру ұйымдарында, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтiк төлем оқу орнын бiтiргенге дейiн берiледi;
2) жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының бiреуi немесе жұбайы, не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi, егер ол қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларын, аға-iнiлерiн, апа-сiңлiлерiн немесе немерелерiн күтiп-бағумен айналысатын болса.
2. Өздерi үшiн мiндеттi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген ата-ананың - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес айрылып қалған әрбiр ата-ана үшiн асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленедi.
3. Бала кезiнен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.
4. Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
3) асыраушысының қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттық шешiмi;
4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшiрмесi (неке туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәлiктер);
5) отбасы мүшелерiнiң оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы оқу орнынан алынған анықтама (оқу жылының басында жыл сайын жаңартылады);
6) қорғаншылық туралы құжат (қажет болған жағдайларда);
7) мүгедектiк тобын куәландыруды жүргiзу және белгiлеу туралы мәлiметтер (он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi бала кезiнен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда) қоса тiркеледi.
5. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.
6. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлем үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.
Әлеуметтiк төлемнiң үлесiн бөлу әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.
7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi санының өзгергенi және тиiсiнше әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiмдi әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi. Бұл peттe әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейедi немесе азаяды.
8. Асыраушысынан айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшiндегi табыстың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ең төмен жалақының сексен процентi шегерiлген орташа айлық мөлшерi табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу стажының тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Асыраушысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлем алу құқығы сақталатын кезең бойына ай сайын төленiп тұрады.
9. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушы қайтыс болғанға дейiн асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауындағы бiр адам болса - 0,4, асырауында екi адам болса - 0,5, асырауында үш адам болса - 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса - 0,8 болады.
23-бап. Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем
1. Жұмысынан айрылған жағдайда берiлетiн әлеуметтiк төлем жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға адам жұмыссыз ретiнде тiркеуге өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
2. Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi бойынша мәлiметтер (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);
3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы қоса тiркеледi.
3. Жұмысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшiндегi табыстың орташа айлық мөлшерiн тиiсiнше табысты алмастыру коэффициенттерiне және қатысу стажының коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.
4. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген жағдайда, оның жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдердi күнтiзбелiк есептеумен алғанда:
5. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдер алып тұрса, бiрақ жұмысқа орналасуына байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдер алу құқығынан айрылған жағдайда, кезектi әлеуметтiк төлемдер жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлем алған әрбiр айы үшiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мұндай қатысушысы үшiн он екi ай шегерудi негiзге ала отырып тағайындалады.
23-1-бап. Жүктiлiгiне және босануына, жаңа туған баланы
1. Жүктiлiгiне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң Қордан әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. Жүктiлiгiне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлемдi тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);
3) еңбекке жарамсыздық парағы;
4) салық төлеушiнiң куәлiгi;
5) әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiгi;
6) жұмыс орнынан әлеуметтiк қатердiң басталуы алдындағы соңғы күнтiзбелiк он екi айдағы табысы туралы белгiленген үлгiдегi анықтама қоса берiледi.
3. Жүктiлiгiне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген еңбекке жарамсыздық парағында көрсетiлген барлық кезеңге тағайындалады.
4. Жүктiлiгi және босануы бойынша төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк қатердiң басталуы алдындағы соңғы күнтiзбелiк он екi айда алынған орташа айлық табысты 4,2 коэффициентiне, ал босануы қиын болған немесе екi және одан да көп бала туған жағдайда 4,7 коэффициентiне көбейту жолымен айқындалады.
Ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдердiң жүктiлiгi және босануы бойынша төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерiн анықтаған кезде - 5,7 коэффициентi, ал босануы қиын болған немесе екi және одан да көп бала туған жағдайда 6,2 коэффициентi қолданылады.
Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған кезде төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерiн анықтаған кезде 1,9 коэффициентi қолданылады.
Кiрiстiң орташа айлық мөлшерi, әлеуметтiк қатер жағдайы басталған ай үшiн Қорға әлеуметтiк аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екi айда әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген кiрiстер сомасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтiк аударымдар он екi айға жетпейтiн мерзiмге аударылған болса, табыстың орташа айлық мөлшерi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген табыс сомасын Қорға әлеуметтiк аударымдар түскен айдың санына бөлу жолымен анықталады.
Егер әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен артық болса, онда табыс ретiнде - қаралып отырған кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүргiзiлген табыс алынады.
Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
23-2-бап. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне
1. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң Қордан әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем екi және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.
3. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдi тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң анықтамасы);
3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi, сондай-ақ оларды салыстыру үшiн түпнұсқалары;
4) салық төлеушiнiң куәлiгi;
5) әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiк;
6) отбасы құрамы туралы мәлiметтер қоса берiледi.
4. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем баланың тууы туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзiмге дейiн тағайындалады.
Бiр жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған айға қоса төленедi.
5. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту жолымен айқындалады.
24-бап. Әлеуметтiк төлемнiң мөлшерiн есептеу, қайта
Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретіндегі мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгi
25 12 2014
3 стр.
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат. "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 5 мамыр n 107
09 10 2014
3 стр.
Агенттік сақтандыру ұйымдарының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағандығы ту
09 10 2014
1 стр.
Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының
09 10 2014
1 стр.
Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әр көлік құралы иесі әрбір жеке ауыспалы егіс алқабындағы өз жеке мүліктік мүдделерін тиісінше сақтандыру шартын жасау (бұдан әрі-Шарт) жолымен сақт
04 09 2014
1 стр.
Асында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы»
26 09 2014
12 стр.
Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар
09 10 2014
1 стр.
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
04 09 2014
1 стр.