Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру кезіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін қысқаша жадынама
Қазақстан Республикасының «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы» 10.03.2004ж. № 533 Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әр көлік құралы иесі әрбір жеке ауыспалы егіс алқабындағы өз жеке мүліктік мүдделерін тиісінше сақтандыру шартын жасау (бұдан әрі-Шарт) жолымен сақтандыруға міндетті.
1. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері бойынша жасалатын шарт тұқым себу аяқталғаннан кейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 175-бабымен сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді.
2. Сақтанушының сақтандырушыға біле тұра сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы өтірік мәліметтер беруі сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан бас тартуға негіздеме болуы мүмкін екенін назарда ұстау қажет.
Сонымен қатар сақтанушы сақтандырушыдан міндетті сақтандыру шарттарын, қолданыс мерзімі ішіндегі міндетті сақтандыру шарты бойынша өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге құқылы.
3. Сақтанушы шарт жасау кезінде сақтандыру сомасын есептеу үшін мынадай нормативтік зиян түрлерінің бірін таңдап алуға құқылы:
-
ғылыми негізделген агротехнологияны;
-
ықшамдалған агротехнологияны;
-
ғылыми негізделген немесе ықшамдалған агротехнологиялық (жанар-жағар материалдар, тұқым, жалақы) зиянның үш түрі бойынша.
4. Сақтандырушыға Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлықақыларын төлеу қажет. Сақтандыру сыйлықақыларын төлемеу немесе уақтылы төлемеу, сақтанушының басқа міндеттемелерін орындамау Шарттың қолданылмауына әкеп соқтыруы мүмкін.
5. Сақтандыру жағдайының пайда болуына әкеліп соғатын жағымсыз табиғат құбылыстары пайда болған кезде мыналарды жасау қажет:
- сақтандыру жағдайының пайда болуына әкеліп соғатын қолайсыз табиғат құбылыстары фактісі пайда болған кезде 5 жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру ұйымына хабарлауы (ауызша, жазбаша) керек. Ауызша нысандағы хабарламаны 72 сағат ішінде жазбаша растау. Егер сақтанушы дәлелді себептермен аталған іс-қимылдарды орындауы мүмкін болмаған жағдайда, онда бұл оны құжаттамалық жағынан растауы тиіс.
Сақтандырушының сақтандыру жағдайының пайда болуын уақтылы білгендігі не сақтандырушыда бұл туралы мәліметтер болмауы туралы сақтандырушының хабарландырылмағандығы дәлелденбеген жағдайда сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттеріне ықпал етпейтіндігі туралы мәліметтердің болмауы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіздеме болуы мүмкін;
- сақтандыру жағдайынан келетін зиянды азайту жөнінде шаралар қолдану. Аталған шараларды сақтанушының қасақана қабылдамауы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіздеме болуы мүмкін;
- қолайсыз табиғат құбылыстары пайда болған аумақты қарауы үшін агенттің, сақтандырушының және бағалаушының өкілдерімен қамтамасыз ету;
- олардың астық жинау кезеңі аяқталғанға дейін егін егу және көшеттерді отырғызудың жай-күйін қадағалауына кедергі келтірмеу;
- жергілікті аудандық (қалалық) атқарушы органға қолайсыз табиғат құбылыстарына душар болған алқаптарды белгілеу жөніндегі комиссияны құру туралы өтінішті уақтылы беру:
* қысқа мерзім ішінде - жағдай пайда болған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
* ұзақ мерзім ішінде - жағдай пайда болғаннан бастап 10 жұмыс күні ішінде;
Өтініш берудің аталған мерзімдерінің бұзылуы сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезіндегі бас тартуға негіздеме болуы мүмкін.
6. Сақтандыру төлемі туралы талап ету сақтандырушыға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда ұсынылады:
-
шарт көшірмесі;
-
алқаптарды орналастыру қартасының көшірмесі (схемасы);
-
қолайсыз табиғат құбылыстары фактісін растайтын табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы гидрометеорологиялық қызмет немесе уәкілетті мемлекеттік органдарының анықтамалары;
- қолайсыз табиғат құбылыстарының ықпалына душар болған алқаптарды белгілеу жөніндегі комиссияны құру туралы жергілікті атқарушы органға сақтанушының берген өтінішінің, өтініш қабылданды деген белгісі бар көшірмесі;
- еккен егін ішінара жарамсыз болып қалған жағдайдағы кірісті бағалау туралы алқаптардың ішінара жарамсыздығы кезіндегі кірісті бағалау туралы бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) есебі болмаған кездегі тізбесі шартпен белгіленген нақты кіріс алынғандығын растайтын құжаттар;
Сақтандырушының қосымша басқа құжаттарды талап етуіне жол берілмейді.
7. Сақтандыру жағдайы бойынша құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсетіп, анықтама беруі міндетті.
8. Сақтандырушы сақтанушыға қатысты мыналарды жасауға:
-
сақтанушыны өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру ережелерімен таныстыруға;
- қолайсыз табиғат құбылыстары пайда болған кезде сақтанушының өтініші бойынша жергілікті аудандық (қалалық) атқарушы орган құрған комиссия құрамына қолайсыз табиғат құбылыстарына душар болған алқаптарды белгілеу жөнінде зерттеу жасау үшін өз өкілін жолдауға міндетті.
-
ол шақырып отырған бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) қызметін төлеуді;
-
сақтанушы душар болған зиян туралы жасалған қорытындының бағасымен таныстыруды;
-
сақтанушының зиянының пайда болуына байланысты сақтандыру жағдайының тууы кезінде сақтанушы жасаған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша сақтандыру төлемін осы Заңмен және міндетті сақтандыру шартымен белгіленген мөлшермен, тәртіппен және мерзімде жасауды;
-
сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуді міндеттенеді.
9. Сақтандыру төлемі былайша жасалады:
- астық ішінара жарамсыз болған жағдайда - астық жинау аяқталған күннен бастап 1-ден кем емес, 3 айдан кешіктірмей;
- астық толық жарамсыз болған жағдайда – комиссия сақтанушыға сақтандыру төлемін толық көлемде 10 күн ішінде жүзеге асыру.
10. Сақтандыру төлемін уақытында жүзеге асырмаған жағдайда сақтандырушы пайда алушыға ҚРАК 353-бабында белгіленген тәртіппен тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
11. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімді барлық көзделген қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде хабардар етеді. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату үшін мынадай негіздемелер көзделген:
- сақтанушының сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы біле тұра өтірік мәліметтер беруі туралы хабарлама;
- Сақтандырушының сақтандыру жағдайының пайда болуын уақтылы білгендігі не сақтандырушыда бұл туралы мәліметтер болмауы туралы сақтандырушының хабарландырылмағандығы дәлелденбеген жағдайда сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттеріне ықпал етпейтіндігі туралы мәліметтердің болмауы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіздеме болуы мүмкін;
- сақтанушының сақтандыру жағдайының зиянын кеміту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;
- жергілікті аудандық (қалалық) атқарушы органға комиссияны құру туралы өтінішті мерзімін бұзып (осы жадынаманың 5-тармағының 7-абзацы) беру;
- сақтанушының қасақана сақтандыру жағдайының пайда болуына бағытталған іс-қимылдары.
12. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру мәселесі бойынша және басқа да даулы мәселелер бойынша сақтанушы сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне өтініш беруге немесе сотқа орналасқан мекен-жайы бойынша жауап берушінің үстінен шағым беруге құқылы.