22.07.08 ж.
№ 08-02-3/2831 Барлық сақтандыру
ұйымдарына
тізім бойынша
_______________________
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) сақтандыру ұйымдарының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағандығы туралы азаматтардың сансыз шағымдарын талдау нәтижесі жөнінде мыналарды хабарлайды.
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабының 1-тармағында сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандыру төлемі туралы өтінішке қоса беретін құжаттарының жеткілікті тізімі көзделген.
Сақтандыру төлмін жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшін басқа құжаттардың ішінде мыналар қажет:
- бағалау жүргізуге арналған өтініш;
- келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау жөнiнде тәуелсiз сарапшы жасаған құжаттар (Агенттік тіркеген), олар болған кезде.
Сондықтан, жоғарыда аталған құжаттардың бірінің жоқ болуы, құжаттардың толық пакетін бермегендігі туралы куәландыратын болады.
Осындай жағдайда сақтандырушы Заңның 25-бабының 3-тармағына сәйкес мүдделі тұлғаларды (жазбаша үш жұмыс күні ішінде), жетіспейтін құжаттарды беру туралы хабардар етуге міндетті.
Дегенмен сақтандырушылар іс-тәжірибеде құжаттардың толық емес пакетін берген жағдайда сақтанушыларды (сақтандырылушыларды) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаларды жоғарыда аталған Заңның нормасына сәйкес талап етілетін құжаттардың толық тізімін беру қажеттілігі туралы хабардар етпейді.
Бұдан басқа, сақтандырушы бағалау жүргізуге тиісті өтініші болмаған жағдайда тәуелсіз сарапшыда өз бетінше зиян мөлшерін бағалауын ұйымдастырған жағдай болған.
Заңның 22-быбының 5-2-тармағына сәйкес сақтандырушы сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері берген тек бағалау жүргізуге арналған өтініш пен сақтандыру жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың негізінде өз есебінен тәуелсіз сарапшыда мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды жүргізе алады.
Осы факт Заңның 22-бабының 5-1-тармағына сәйкес сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері сақтандырушыдан мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға кеткен шығындарды төлеуін талап етумен өз бетінше тәуелсіз сарапшының қызметін пайдалану құқығын іске асырады.
Осылайша, тиісті өтінішсіз зиян мөлшерін бағалауды ұйымдастыру, яғни мүдделі тұлға ерік білдірмеген кезде заңсыз болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сақтандыру ұйымдары өз қызметінде сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнама актілерін қатаң басшылыққа алуы қажет және мынадай бағыттар бойынша жұмысты күшейтсін:
1) қол жетімді түсінікті нысанда сақтанушыға (сақтандырылушыға), жәбірленушіге (пайда алушыға), олардың өкілдеріне сақтандыру ұйымы арқылы бағалау жүргізуге өтініш беру не оны дербес тәуелсіз сарапшыда жүргізу арқылы зиян мөлшерін бағалаудың міндетті болуы туралы ақпаратты жеткізсін;
2) мүдделі бөлімшелерге жетіспейтін құжаттарды беру туралы үш жұмыс күн ішінде хабарласын.
Төрайымның міндетін атқарушы М.Б. Байсынов
Орынд. Ғ.А. Керімбаева (тел. 2788-074)