Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сақтанушыға ерікті сақтандыру бойынша жадынама

Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия негiзiнде сақтандырудың лицензияда көрсетiлген тиiстi сыныптары шегiнде жүзеге асырылады. 

"Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi: 

1)"өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметпен бiрiктiруге; 

2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды. 

"Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметпен бiрiктiре алмайды. 

Сақтандыру ұйымы, өзiнде сақтандырудың тиiстi сыныптары көрсетiлген және Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңында белгiленген сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөнiндегi шектеулер ескерiлген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екi және одан көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы. 

Ерікті сақтандыру – тараптардың қалауы бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру.

Ерікті сақтандырудың түрлері, талаптары және тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.



Сақтандыру сыйлықақысы және оны төлеу тәртібі

Сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға оның сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;

Сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақыларына меншік құқығымен ие болады.

Сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері, тәртібі және төлеу мерзімдері сақтандыру шартымен белгіленеді.

Тараптар сақтандыру шарты бойынша төлеуге жатқызылған сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін анықтаған кезде сақтандыру объектісін және сақтандыру тәуекелін ескере отырып сақтандыру сомасының бірлігінен алынатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерлемесін анықтайтын сақтандырушы әзірлеген сақтандыру тарифтерін пайдалануы мүмкін.

Шартпен сақтандыру сыйлықақысын мерзімдік сақтандыру жарналары түрінде мерзімін ұзартып төлеу көзделуі мүмкін.

Егер сақтандыру жағдайы мерзімі өткен белгілі бір сақтандыру жарнасын төлегенге дейін басталса, сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтаған кезде мерзімі өткен сақтандыру жарнасы сомасын есепке алуға құқылы.

Сақтандыру төлемі

Сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде не жинақтау сақтандыру шартында белгіленген мерзімі басталған кезде сақтандырушының сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

Сақтандыру төлемі бір жолғы төлеммен жүзеге асырылады және сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау тәртібі шартпен белгіленеді.

Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімі шартпен белгіленеді.

Мүліктіқ сақтандыру және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайы басталу нәтижесінде сақтанушыға нақты келтірілген зиян мөлшерінен аспауға тиіс.

Мүліктік сақтандыру шартының талаптары бойынша сақтандыру төлемі сақтандыру төлемінің сомасы шегінде зиянды заттай өтеумен ауыстыру көзделуі мүмкін.

Сақтандыру төлемін уақтылы төлемегені үшін сақтандырушы, егер міндетті сақтандыру туралы заңнамалық кесімдерде немесе шартта бұдан жоғары жауапкершілік мөлшері көзделмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнің 353 бабына сәйкес жауапты болады. 

Сақтандыру жағдайы басталғанда сақтанушының іс-әрекеттері

Сақтанушы, оған сақтандыру жағдайы басталғаны туралы мәлім болғанда сақтандырушыны немесе оның өкілін сақтандыру жағдайы басталғаны туралы шұғыл түрде хабарлауға міндетті. Егер шартта хабар беру мерзімі және (немесе) тәсілі анықталса, ол шартта белгіленген мерзімде және тәсілмен орындалуы тиіс.

Егер сақтанушы сақтандырылмаған жағдайда, онда бұл міндет сақтандырылушыға жүктеледі.

Пайда алушы бұны сақтанушы немесе сақтандырылушы орындағанына немесе орындамағанына қарамастан барлық жағдайларда сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге құқылы.

Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгендiгi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқылы.

Сақтандырушыны сақтандыру төлемінен босату негіздемелері

Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы:

1) сақтанушының, сақтандырылушының және (немесе) пайда алушының қажетті қорғаныс жағдайында және аса қажетті жағдайында жасалғаннан басқа, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң;

2) сақтанушының, сақтандырылушының және (немесе) пайда алушының заңнамалық кесімдерде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерiнiң салдарынан болса сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.

Сақтандырушы, егер міндетті сақтандыру шартымен басқасы көзделмесе, сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады. Бірақ жағдай мыналардың әсерінен туындаса:


  1. ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк уланудың;

  2. соғыс қимылдарының;

  3. азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң.

Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн мыналар да негіздеме болуы мүмкін:

  1. Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы қасақана жалған мәліметтер бергені;

2)сақтандыру жағдайы басталған кезде шығындарды азайту бойынша шараларды қасақана қолданбауы;

3) сақтанушының шығынды келтіруге кінәлі тұлғадан мүліктік сақтандыру бойынша тиісті өтемін алуы;

4) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi;

5)сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау;

6) сақтандыру жағдайдың басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығынан бас тарту, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығы ауысу үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тарту. Егер сақтандыру өтемі төленген болса сақтандырушы оны толық немесе ішінара қайтаруға талап қоюға құқылы;

7) Заңнамалық кесімдерде көзделген басқа жағдайлар.


Егер сақтандыру жағдайы жауапкершілігі сақтандыру объектісі болып табылатын тұлғаның кінәсінен болса сақтандырушы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылмайды.

Сақтанушыға ерікті сақтандыру бойынша жадынама

Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы

54.97kb.

09 10 2014
1 стр.


Міндетті және ерікті сақтандыру шарттарын жасаған кезде қаржылық қызметті тұтынушылар үшін қысқаша жадынама

Азақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі Кодекс) 806-бабының 1 және 6-тармақтарына сәйкес ерікті сақтандыру – тараптардың еркіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру

34.91kb.

04 09 2014
1 стр.


Өмірді сақтандыру «Өмірді сақтандыру»

«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды енгізеді

151.95kb.

06 10 2014
1 стр.


Ж. №08-02-3/2831 Барлық сақтандыру ұйымдарына тізім бойынша

Агенттік сақтандыру ұйымдарының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағандығы ту

26.92kb.

09 10 2014
1 стр.


Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру кезіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін қысқаша жадынама Қазақстан Республикасының «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы»

Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әр көлік құралы иесі әрбір жеке ауыспалы егіс алқабындағы өз жеке мүліктік мүдделерін тиісінше сақтандыру шартын жасау (бұдан әрі-Шарт) жолымен сақт

53.05kb.

04 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы

Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар

28.67kb.

09 10 2014
1 стр.


Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (2011 жылғы 01. 02. жағдай бойынша)

«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» сақтандыру компаниясы» Kaspi Bank" Акционерлік қоғамынның Еншілес компаниясы" АҚ

125.28kb.

12 10 2014
1 стр.


«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын

Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы №325 бұйрығына

48.68kb.

09 10 2014
1 стр.