Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы № 325 бұйрығына

14-қосымша


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына 52-қосымша
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 6981202, индексі 11-ТБ-ӨС, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» (коды 6981202, индексі 11-ТБ-ӨС, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабы 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен әзірленген және ведомстволық статистикалық байқаудың «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың (коды 6981202, индексі 11-ТБ-ӨС, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.

2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:

1) резиденттер:

азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасынан тыс аумақта бір жылдан кем уақытша тұратын азаматтар. Шет елде мемлекеттік қызмет, білім алу және емдеу мақсатында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары олардың басқа елдердің аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер болып табылады;

халықаралық ұйымдарды, шетелдік елшіліктерді, консулдықтарды және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақстандық елшіліктер, консулдықтар және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың осы тармақшасының үшінші абзацында және
2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

2) резидент еместер:

азаматтығына қарамастан шет елде бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан кем тұратын шетелдік азаматтар. Мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген шет мемлекеттердің азаматтары олардың республика аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резидент еместер болып табылады;

Қазақстан Республикасының елшіліктерін, консулдықтарын және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерін қоспағанда, басқа мемлекеттердің аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық ұйымдар, шетелдік елшіліктер, консулдықтар және басқа да шетелдік дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацында және осы тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың басқа мемлекеттер аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

3) резидент еместерді тікелей сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдаумен байланысты туындайтын қызмет және онымен байланысты қатынастар;

4) резидент еместерді қайта сақтандыру (кіріс қайта сақтандыруы) – жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру тәуекелдерінің бөлігін қабылдаумен байланысты туындайтын қызмет және онымен байланысты қатынастар;

5) резидент еместердің қайта сақтандыруы (шығыс қайта сақтандыруы) – жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру тәуекелдерінің бөлігін қайта сақтандыруға берумен байланысты туындайтын қызмет және онымен байланысты қатынастар;

6) ірі сақтандыру төлемдері – бөлек жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтері сомасының 25 пайызынан асатын, сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі болып табылатын активтерді шегергендегі төлемдер.

3. Осы статистикалық нысанда сұратылатын ақпарат Қазақстан Республикасы сыртқы секторының статистикасын қалыптастыруға арналған. Осы статистикалық нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы төлем балансының операцияларына жататын ақпарат, сондай-ақ елдің халықаралық инвестициялық позициясы және сыртқы борышы үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының резервтері бойынша қалдықтар жинақталады.

4. 4-бөлімде резидент емес сақтандыру - брокеріне немесе резидент емес сақтандыру -агентіне алынған қызметтері үшін төленген комиссия көрсетіледі.

Осындай қызметтерге сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша делдалдық қызмет, консультациялық қызмет, құндық бағалау және шығындарды реттеу қызметтері, құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша әкімшілік қызметтер, сақтандыру төлемдеріне қатысты реттеу және мониторинг жүргізу қызметтері, сақтандыру қызметімен байланысты басқа қосалқы қызметтер жатады.

5. Барлық сомалар үтірден кейін нақты бір белгіге дейін мың АҚШ долларында көрсетіледі.

Теңгеде көрсетілген сомалар АҚШ долларына аударылады. Өзге шетел валюталарында көрсетілген сомалар алдымен теңгеге, содан кейін АҚШ долларына аударылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында, айырбастау үшін валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады. Бұл ретте, операцияларды айырбастау үшін операцияларды жүзеге асыру күніне тиісті бағамдар, кірістер және комиссиялар үшін – есепті кезеңдегі орташа есеппен алынған бағамдар, тоқсанның басындағы және соңындағы қалдықтар үшін – тиісті күннің бағамы қолданылады.

6. Барлық операциялар әріптес елдер бойынша бөлініп көрсетіледі (сақтанушылар, қайта сақтанушылар, қайта сақтандырушылар, брокерлер, агенттер). Елдердің атауы 1-4 бөлімдердің 2 - 10 бағандарында көрсетіледі. Егер респонденттің әріптес елдерінің саны нысанның бөлімдеріндегі бағандардың санынан асатын болса, жетпейтін бағандар қосылады

7. Есепті кезеңнің басындағы сақтандыру резервтері бойынша қалдықтар олардың өткен кезеңнің соңындағы қалдықтарына тең.

8. Арифметикалық-логикалық бақылау:

21520 жол = өткен кезеңдегі есептің 21530 жолы әр баған үшін

21620 жол = өткен кезеңдегі есептің 21630 жолы әр баған үшін

21720 жол = өткен кезеңдегі есептің 21730 жолы әр баған үшін

22520 жол = өткен кезеңдегі есептің 22530 жолы әр баған үшін

22620 жол = өткен кезеңдегі есептің 22630 жолы әр баған үшін

22720 жол = өткен кезеңдегі есептің 22730 жолы әр баған үшін



22400 жол = 22440 жол + 22450 жол әр баған үшін

23400 жол = 23440 жол + 23450 жол әр баған үшін.

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын

Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы №325 бұйрығына

48.68kb.

09 10 2014
1 стр.


«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын

Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы №325 бұйрығына

60.3kb.

09 10 2014
1 стр.


«Резидент еместерден алынған (резидент еместерге ұсынылған) байланыс қызметі туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7371202, индексі 6-тб, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық

Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы №325 бұйрығына

34.97kb.

25 12 2014
1 стр.


«Резидент еместерден алынған (резидент еместерге ұсынылған) көлік қызметтері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7331202, индексі 2-тб, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық

Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы №325 бұйрығына 2-қосымша

39.84kb.

11 10 2014
1 стр.


Сақтанушыға ерікті сақтандыру бойынша жадынама

Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы

54.97kb.

09 10 2014
1 стр.


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

51.77kb.

04 09 2014
1 стр.


Өмірді сақтандыру «Өмірді сақтандыру»

«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды енгізеді

151.95kb.

06 10 2014
1 стр.


«Резидент еместерден алынған (резидент еместерге ұсынылған) темір жол көлігі қызметтері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7341202, индексі 3-тб, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық

Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы №325 бұйрығына

35.05kb.

11 10 2014
1 стр.