Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.09.2012 18:07:24
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 90 Қаулысы

 

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5469 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының



Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

90 қаулысымен бекітілген



 

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының

құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану

қағидалары

 

Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң) 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін белгілейді.

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган Заңның 53-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалар уәкілетті органның оған мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік он күннің ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдерін, іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.

3. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын қарайды және іс-шаралар жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаға, немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаға өз қорытындысын береді.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға белгілі мерзімдерде нақты іс-шараларды орындау туралы нұсқау жібереді.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалар іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде іс-шаралардың орындалуы туралы есепті уәкілетті органға береді.



Егер іс-шаралар жоспарын орындаудың белгіленген мерзімі бір айдан асып кеткен жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалар оның кезең-кезеңімен орындалуы туралы уәкілетті органға ай сайын хабарлайды.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаның уәкілетті органның талаптарын орындау мерзімінің басталуы олардың жазбаша хабарламаны алған күн болып саналады.



 

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

51.77kb.

04 09 2014
1 стр.


Сақтанушыға ерікті сақтандыру бойынша жадынама

Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы

54.97kb.

09 10 2014
1 стр.


«Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік қызметтер стандарты

Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті

167.89kb.

05 09 2014
1 стр.


ҚРӘМ №5114 28. 01. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен

Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қа

605.63kb.

07 10 2014
4 стр.


«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын

Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы №325 бұйрығына

48.68kb.

09 10 2014
1 стр.


«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын

Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы №325 бұйрығына

60.3kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы

Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар

28.67kb.

09 10 2014
1 стр.


2002 ж. 3 маусымдағы №211 қаулысы «Сақтандыру қызметi туралы»

Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының

252.7kb.

09 10 2014
1 стр.